Өнеркәсіпте суды дайындау. Фармацевтикалық мақсаттарға арналған суға қойылатын талаптарды атап көрсетіңіз


Пластикалық массалардың өндірісі мен жіктелуін сипаттаңыз (термопласттар және термореактивтер)



бет8/18
Дата21.03.2024
өлшемі46.51 Kb.
#496210
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
ОХТ СЕССИЯ РУМ 2 (копия)

2.Пластикалық массалардың өндірісі мен жіктелуін сипаттаңыз (термопласттар және термореактивтер). Пластмассалар— құрамында бұйымдарды дайындау кезінде созылғыштық немесе жоғары иілгіштік, пайдалану барысында шыны тәріздес немесе кристалдық қалпын сақтайтын полимер бар материалдар. Пластмассалар шыны тәрізді немесе кристалды, диэлектрикалық қасиеті жоғары, атмосфера әсеріне тұрақты, механикалық жағынан берік болады.Пластикалық массалар дегеніміз- табиғи және синтетикалық үлкен молекулалы қосылыстар негізінде жасалатын, жоғары температура мен қысым әсерінен әр түрлі пішінге келіп, суығаннан кейін оны сақтай алатын материалдар. Пластмассалардың құрамына мыналар кіреді:-негіз—полимерлі байланыстырғыш (шайырлар);-толтырғыштар;-катализаторлар;-пластификаторлар;-тұрақтандырғыштар;-бояғыштар және басқа қоспалар.Пластикалық массалар өндірісі көмірден, мұнайдан немесе табиғи газдан бөлінетін төмен молекулалық шикізатты полимерлеу, поликонденсациялау немесе полиқосу реакцияларына негізделген. Пластмасса металдарға қарағанда сынғыш келеді, сондықтан пластмассаларды кескіш құралдармен өңдеу кезінде жоғары кесу жылдамдығын пайдалану және беруді азайту керек.Термопластикалық пластмассалар- сызықтық полимерлер, олар жеңіл балқиды, қайта балқыту арқылы әр түрлі пішімге келтіруге болады. Термопласты полимерлер қыздырғанда қасиеттері біртіндеп, баяу өзгереді және белгілі бір температураға жеткенде тұтқыраққыш күйге ауысады. Балқыған термопласты суытқан кезде полимер алғашқы қалпына келеді және де мұндай өзгерістердің нәтижесінде полимердің химиялық табиғаты өзгермейді, сондықтан бұл процесті бірнеше рет қайталауға болады. Термопластикалы полимер болып полиэтилен, полистирол, поликапролактам сияқты полимерлер есептеледі.Термореактивті пластмассалар- торлы құрылымды полимерлер. Жеке молекулалы тізбектері арасында берік байланыстары бар, қиын балқиды, қайта қалпына келмейді. Термореактивті полимерлерге қыздырып артынша суытқанда бастапқы қалпына келмейтін полимерлер жатады. Мұндай полимерлердің тізбегінде бос функционалды топтары болады немесе қанықпаған байланыстары болады, сондықтан олар қыздырғанда макромолекулалар арасында химиялық байланыстар пайда болады да, олар торланған құрылымды полимер түзеді. Мұндай полимерлерге фенолформальдегидті, мочевинальдегидті полимерлер жатады.Серпімділігіне қарай пластмассалар үш топқа бөлінеді:-қатты;-жартылай қатты ;-жұмсақ.Пластмасса бір немесе көп компонентті болуы мүмкін. Бір компонентті құрам бір ғана полимермен ұсынылған. Көпкомпонентті пластмассалардың құрамына байланыстырғыштан басқа толтырғыштар, пластификаторлар, қатайтқыштар, бояғыштар болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет