10-тарау. Газгольдер және реципиенттер
219. АБӨ газгольдерлері және реципиенттердің құрылымы мен орналасуы жобаға және осы Талаптарға сәйкес болады.
220. Тұрақты қысымның ылғалды және құрғақ болат газгольдерлері АБӨ үшін газголдердің толтыру деңгейін толтырудың ең төменгі, ең көп алды және ең көп және тиісінше 10, 20, 80 және 90 % толық толу деңгейі бойынша дабыл берумен, қашықтан көрсеткіштермен жабдықталады.
221. Газгольдердi толтырудың ең төменгi деңгейіне жеткен кезде газгольдер қосылған компрессорлардың (газ үрлегiштер) автоматты ажыратуы жүргізіледі. Бұдан басқа газгольдерлер вакуумдаудан қорғаулармен жабдықталады.
Газгольдердi толтырудың ең көп деңгейiне жеткен кезде атмосфераға газды тастау құрылғысының автоматты ашылуы ескерiледi.
222. Газгольдерлердiң ағызу бактарының сумен жапқыштары үнемi сулармен толтырылады.
223. Ғимарат тыс орналасқан болат газгольдерлер мен реципиенттердің сыртқы бетi ашық түске боялады.
Тұрақты қысымның ылғалды газгольдерлерiнiң iшкi бетi таттануға шыдамды бояулармен боялады.
224. Бiр жапқыш құрылғымен ажыратылатын жеке реципин-ыдыста немесе реципиент ыдыстардың тобында атмосфераға газдың тастауына арналған арматура ескерiледi.
225. Жұмыс қысымы 1,6 МПа артық 200 м3 артық сыйымдылықтағы реципиенттер үшін оларды цехаралық оттек тасымалдағыштарға қосу орындарында қашықтан басқарылатын сөндіру жапқыштары орнатылады.
226. Ғимараттардан тыс орналасқан реципиенттердің биiктiгі кемiнде 1,2 м қоршаулары болады.
Газгольдерлердiң сыртқы беттерiне және реципиенттердің қоршалған аумақтарына кірер жерде газгольдерде немесе реципиентте сақталған газдың атауы жазылған жазбалар қарастырылады.
227. Газгольдерлер мен реципиенттерде сақталатын АБӨ түріне байланысты реципиенттер қоршауына өтетін немесе газгольдерлер шұңқырларына кiретін орындарда айқындауыш жазуы бар ескертетiн: «Оттек. Қауiптi!», «Азот. Қауiптi!», «Аргон. Қауiптi!» қауiпсiздiк белгiлерi бекiтiледi.
11-тарау. Сирек газдарды алу қондырғылары
1-параграф. Криптонксенонды қоспа, криптон және ксенон өндірісі
228. Криптонксенонды қоспаларды, криптонды және ксенонды алу бойынша криптонксенонды концентратты өңдеу немесе тазалау бойынша техникалық жабдықтарды орнату, орналастыру және пайдалануда жоба, осы Талаптар және технологиялық регламент талаптары сақталады.
229. Криптонксенонды қоспалар мен криптонды (газгольдерлер, толтыратындар, баллондар қоймасы және басқа) өңдеу және сақтау бойынша техникалық құрылғылар орналастын өндірістік үй-жайлар тұрақты әрекеттегі сору-тарту желдету жүйесімен жабдықталады.
Техникалық құрылымдардың желдеткіштің сөндірілген жүйесiмен жұмыс істеуіне рұқсат берiлмейдi.
230. Техникалық құрылғыларға қашықтан басқару қарастырылады (криптоноксенонды қоспалар мен басқалардың). Жергiлiктi басқаруға жабдықпен және басқару қалқаны аралығында қорғайтын перде болған жағдайда, қоршау жабдық айналасында одан 1 м қашықтықта рұқсат етiледi.
231. Криптонксенонды қоспалы және криптонды қоспалары бар баллондар толтырылғаннан кейін толтырылатын жерде немесе қоймада кемінде 14 тәулік ұсталады.
Бұл үй-жайларға баллондарды криптонксенонды қоспамен және криптонмен толтыру процесіне қатысы жоқ тұлғалардың кіруіне рұқсат берілмейді.
Баллондарды толтыру процесінде және оларды ұстау кезеңінде бұл үй-жайларда баллондарды толтырумен және оларды ұстау орындарына тасымалдаумен байланысты операцияларды орындауға ғана рұқсат етiледi.
Баллондарды тасымалдау арбаларда немесе басқа көлiктерде жүргізіледі.
Газды талдауға алуда толық баллондарды өлшеу және басқа да операциялар баллондарды ұстағаннан кейін жүргізіледі.
232. Криптонксенонды концентрат пен криптонксенонды қоспаны түсіру криптонды концентрат газгольдерінде жүргізіледі.
233. Криптонксенонды концентратты, криптон мен ксенон қоспасын өңдеу бойынша коммуникация мен техникалық құрылғылар қосылысының герметикалығын тексеру монтаждаудан кейін тығыздыққа тексеру кезінде және қосылыстарды бөлшектеумен байланысты әр жөндеуден кейін орындалады. Жүйеде қысымның құлдырау тығыздығына сынау кезінде қалыптыға тең бастапқы қысымда 4 сағатқа дейін 0,01 МПа аспайды.
Пайдалану процесінде аптасына кемінде бір рет қосылыстардың герметикалығына технологиялық регламентке сәйкес тексеру жүргізіледі.
2-параграф. Аргон өндірісі
234. Жаңа АБҚ аргон өндірісін жобалау кезінде таза аргонды алудың сутегісіз технологиясы қалыпты (құрылымды қалып) ректификационды колонналарды және басқа техникалық құрылғыларды қолданумен пайдалананылады
235. Аргон алу қондырғыларының және каталитикалық гидридтеу әдiсiмен шикі аргонды оттегіден тазарту қондырғысының құрылғысы, орналасуы және пайдалану жобаға, осы Талаптардың талаптарына және технологиялық регламентке сәйкес келедi.
236. Каталитикалық гидридтеу әдiсiмен шикі аргонды оттегіден тазарту қондырғысының реакторлары ғимараттан тыс орналастырылады. Қисынды жағдайларда реакторды жеке үй-жайда орналастыруға рұқсат берiледi.
237. Шикі аргонды оттегіден тазарту қондырғысы реакторда температура рұқсат берілгеннен артқан жағдайда, тазалануға түсетін аргонда нормаланғаннан үлкен оттегі болған кезде сутегіні беруді тоқтататын бұғаттаумен жабдықталады.
238. Шикі аргонды оттегіден тазарту технологиялық процесінде реакторға түсетiн шикi аргонда оттектiң болуын автоматты өлшеу жүйесi ескерiледi.
239. Қондырғыны іске қосу кезінде реактордың араласу түйiніне кірер жерде аргондағы оттектiң көлемдi бөлігі 8 % жоғарылауына рұқсат берiледi. Бұл ретте берiлетiн сутегiнiң шығыны түсетiн аргонның шығынынан 2,5 % аспайды.
240. Азоттан тазартуға ауа бөлгiш қондырғыға түсетін техникалық аргондағы сутегiнiң көлемдi бөлігі 2,5 % аспайды.
241. Шикі аргонды оттегіден тазалау қондырғысы және сутегі беру алдында сутегi коммуникациясы тоқтағаннан кейiн оттектің 4 % аспайтын көлемді бөлігімен шикі аргонмен немесе азотпен үрленеді.
Үрлеудi аяқтау үрлеу газының құрамын талдаумен анықталады. Бұл ретте (іске қосу алдында) үрлеу газындағы оттектiң көлемдi бөлігi 4 % аспайды, ал (тоқтағаннан кейiн) сутегi – болмайды.
242. Шикі аргонды оттегіден тазарту қондырғылары мен сутегі коммуникацияларында кез келген жөндеу жұмыстары мен қызмет көрсетуге сутегінің қондырғыға түсуін болдырмайтын сенімді сөндірілуі мен осы тараудың 241-тармағына сәйкес газбен, кейін ауамен үрлеуден кейін рұқсат беріледі. Үрлеу аяқталғаннан кейiн үрлеу газында сутегiнiң болуына рұқсат берiлмейдi.
Каталитикалық гидридтеу реакторларын жаруға оның 40 °С температураға дейiн сууынан кейiн рұқсат берiледi.
12-тарау. Ауаны бөлудiң газ сияқты өнiмдерiнiң технологиялық құбырлары
243. АБӨ өндірісінде ауа, оттек, азот, аргонның және басқа да инертті газдар құбырларының құрылымы, монтажы және пайдалану жобаға, осы Талаптарға, құрылыс нормалары мен ережелерге сәйкес келедi.
Оттекті компрессорларды жаттықтыру үшiн қолданылатын ауа мен азот құбырларына оттек құбырларына қойылатын талаптар қойылады.
244. Сыйымдылығы оған қосылған ыдыстармен бірге 200 м3 асатын жұмыс қысымы 1,6 МПа артық қышқыл құбырлары, реципиенттен құбырға оның бүтіндігі бұзылған кезде қышқылдың түсуін тоқтататын автоматты жұмыс iстейтiн қорғаныс жүйесiмен жабдықталады.
245. Барлық құбырларға МСТ 14202 ескерiлген айыру бояуы мен жазу салынады.
246. Көмiртектi немесе аз қоспалы болаттан жасалған, 1,6 МПа артық қысыммен жұмыс істейтін қышқыл құбырларда қышқыл жолы бойынша сүзгiлер орнатады:
реттегіш арматура алдында;
құбырларының ұзындығы 250 м артық бекіту арматурасы алдында.
Бекіту арматурасы тек оттектiң ағыны жоқ болған кезде ғана ашылып-жабылса сүзгiлер орнатылмайды.
Сүзгiш элементтер 0,2 х 0,2 мм өлшемдi ұяшықты жез торлардан, ал сүзгi мен арматура аралығында сүзгi мен құбырдың корпусы таттануға тұрақты болаттан немесе қорғасын негізді құймалардан дайындалады.
247. Осы талаптардың 173 және 246-тармақтарында көрcетiлген сүзгiлер пайдалануға қосылғаннан кейiн: алғашқы - 10 тәулiктен кейiн, ал одан әрі - әрбiр 6 ай сайын, оның кедергiсi көбейген кезде технологиялық регламентпен анықталғаннан жоғары мәнде қаралады және тексеріледі.
Құбырда сүзгiге дейiн және кейiн ажырататын арматура орнатылады. Сүзгiге кiрер алдында арматураны ашу немесе жабу тек сүзгiден кейiн жабық арматура кезінде жүргізіледі.
Сүзгiнi тексеру тек ажыратылған құбырда наряд-рұқсат бойынша орындалады.
248. Технологиялық құбырларды арматурамен қашықтан басқару келесi жағдайларда ескерiледi:
арматураны автоматты реттеу немесе басқару жүйесіне қосқан кезде;
оттек және азот құбырының ғимаратқа кірерде және ғимараттан шығарда 5000 м3/с артық шығын кезінде;
реттеудiң резервтi желілерін қосу үшiн;
АБӨ жабдықтаудың резервтi көздері үшiн;
қауiпсiздiк шарттары бойынша арматурамен қашықтан басқару қажеттілігі кезінде;
қысымы 1,6 МПа артық және диаметрi 100 мм және артық оттек құбырларында.
249. Басқару қалқандары үй-жайларында (қысымнан тәуелсiз) оттек арматурасын орналастыруға рұқсат берiлмейдi.
250. Егер 1,6 МПа жоғары қысымды оттек құбырына орнатылған қашықтан басқарылатын бекіту және реттегіш арматура жұмыс орындарынан 3,0 м кем қашықтықта орналасса, онда арматуралар жанған кезде қызметшiлердi қорғау үшін қорғаныс перделердi орнатылады.
Егер қорғайтын перде жергiлiктi шарттар бойынша орнатылмаса, онда қолданылатын қашықтан басқарылатын арматуралар орны бойынша басқарылатын арматураға қойылатын талаптарға жауап береді.
251. Үй-жай немесе алаң едені деңгейінен 2,2 м биіктікте (қызмет көрсетiлетiн бөлшектің, қол жетектің жоғарғы жағы) орналасқан құбырлық арматураға қызмет көрсету үшiн тұрақты алаңдар орнатылады.
Арматураның қызмет көрсету бөлшегiнiң 1,8 м-ден 2,2 м-ге дейін белгiде орналасу биіктігінде тұрақты да және тасымал да алаңдар мен сатылар көзделеді.
252. Технологиялық құбырларды пайдалану үдерісінде арматура ұйымның техникалық жетекшi бекiткен кестеде көзделген мерзiмдерде кезеңді қаралуға, тексерілуге жатады.
253. Құбырларды қарау, тексеру, жөндеуге және сынау бойынша жұмыстар технологиялық регламентке сәйкес орындалады.
254. Құбырларды қарау айына кем дегенде бір рет жүргізіледі. Құбырларды жылытатын конденсатты бұрғыштар мен бу серіктерін қысқы уақытта тексеру күн сайын жүргізіледі.
255. Қаралатын құбырдың қабырғасының жуандығы жылына 0,4 мм артық кiшiреюi табылса келесі өлшеу мерзімі екi есеге қысқарады.
Құбыр қабырғасының қалыңдығы таттану қорысыз, есептiге дейiн кiшiрейген кезде, құбыр бөлiгi ауыстырылады. Алмастырылатын бөлiктiң ұзындығы құбыр қабырғасының қалыңдығын қосымша өлшеумен анықталады.
256. Технологиялық құбырлар берiктiкке және пневматикалық сынауға гидравликалық немесе пневматикалық сынауларға, монтаж, жөндеу және дәнекерлеу жұмыстарын (құбырды кесу, құбыр бөлігін алмастыру) пайдаланумен ауыстыру немесе құбырларды бөлшектеу, сонымен қатар бұзылуда бір жылдан артық болған құбырлардың іске қосылуынан кейін тартылады.
Оттек құбырларын гидросынау үшін қолданылатын суда майдың болуы 5,0 мг/л аспайды.
Оттек құбырларын пневмосынау және үрлеу үшін қолданылатын ауада немесе азотта майдың болуы 10,0 мг/м3 аспайды.
257. Пайдалану алдында сонымен қатар 0,6 МПа және одан жоғары қысымды оттек құбыры бір айдан артық уақыт пайдаланылмаған болса, ол іске қосылар алдында ол шығуында 40 м/с жылдамдықпен ауамен немесе азотпен үрленеді. Үрлеу ұзақтығы 2 сағаттан кем емес, үрлеу уақытының аяқталуы шығу ағыныда қоспаның болмауымен анықталады.
258. Оттек құбырларын дайындауға арналған тұрбалар монтаждау алдында ақауларын анықтауға қаралады (тұтқыш, қабыршақ, дәнекерлегiш маңғаз және басқалар). Тұрбалардың iшкi бетi майлы ластануына тексеріледi.
Құбырларды тексеру жоба ретімен анықталады.
259. Ішкi бетінің стандарт нормасымен рұқсат берілгеннен артық жоғарыда көрсетiлген ақаулары немесе майлы ластанулары (майдың iздерi) бар тұрбалар монтаждауға жіберiлмейдi.
Монтаждауға жіберілген тұрбалар тексеру және майын кетiру аяқталған соң тасымалдау кезінде құбырлардың ластануын болдырмайтын бүйір жағынан бекіткіштермен жабылады.
260. Оттек құбырларын дәнекерлеу және монтаждау аяықталған соң тұрбаның iшкi бетiнде қож, грата және металл шашырандысы, майлы заттармен ластануларды болуына рұқсат берiлмейдi.
13-тарау. Бақылау-өлшеу аспаптары, автоматтандыру және дабыл беру құралдары
261. АБӨ өндiрiсiнің және тұтыну объекттерiнiң техникалық құрылғылары автоматты және қашықтан басқару жүйелермен, технологиялық үдерiстердi бақылау, аварияға қарсы қорғау жүйелерiмен, байланыс және дабыл беру құралдарымен жобаға және осы Талаптарға сәйкес жабдықталады.
262. Оттектiң және 23 % артық оттек көлемдi бөлігімен газды қоспалар параметрлерiн өлшеу үшiн қолданылатын барлық бақылау-өлшеу аспаптары маймен ластанулардан қорғалады.
263. Тiзiмiн (цех) өндiрiс жетекшiсi бекітетiн аспаптардың көрсетулерiнің дұрыстығы кемінде үш айда бiр рет тексеріледi.
Дифманометр-деңгей өлшегіштердің көрсетулерi технологиялық журналға тексерiс нәтижесiн енгiзе отырып, кемінде айына бiр рет тексеріледi.
264. Автоматты бұғаттайтын және реттейтiн жүйелердің және дабыл беру жүйелерiнiң жұмысқа қабiлеттiлiгi ұйымның техникалық жетекшiсi бекiткен кесте бойынша, жүйенi өңдеушiнiң әдiстемелiк ұсынымына сәйкес кемінде айына бiр рет тексеріледi.
Тексерiс нәтижелерi технологиялық журналдарда белгіленеді.
265. Ақаулы немесе ажыратылған дабыл беру және қорғау жүйелерi кезінде жабдықтың жұмысына рұқсат берiлмейдi. Автоматты реттеудiң ажыратылған жүйелерiнің жұмысына егер бұл технологиялық регламентпен ескерiлсе ғана рұқсат берiледi.
266. Аппаратураны тексеру үшін дабыл беру немесе бұғаттауды ажырату технологиялық журналда тiркеледi.
267. Хроматография үй-жайында эталонды және сынау газ қоспалары бар екiден артық баллонды сақтауға рұқсат берiлмейдi. Әрбiр баллонның сыйымдылығы 40 л артық емес, қысымы 20 МПа артық емес.
268. Оттектi талдауға таңдау сызығы таттануға тұрақты болаттан немесе оттек параметріне тәуелсіз мыс құймасынан орындалады.
14-тарау. Ауаны бөлу өнiмдерiн тұтынуда
өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң қосымша талаптары
269. Тұтынушыға түсетiн ауаны бөлудiң барлық өнiмдерінің сапа сертификаты болады.
1-параграф. Ауаны бөлудiң сұйық криогендi өнiмдерi
270. Сұйық АБӨ бар техникалық құрылғылардың құрылымы мен орналасуы жобаға және осы Талаптарға сәйкес болады.
271. АБӨ тұтынушылардың өндiрiстiк үй-жайларында жиынтық сыйымдылығы 10 м3 артық емес сұйық өнімдері бар ыдыстарды егер аталған ыдыстар осы өндірістік үй-жайда ораласқан техникалық құрылғылармен технологиялық байланысты болса, орналастыруға рұқсат беріледі. Жарылыс қауіптілік және өрт қауіптіліктің А, Б, В санаттарына жататын үй-жайларда сұйық оттегісі бар ыдыстарды орналастыруға рұқсат берілмейді.
Жиынтық сыйымдылығы 10 м3 артық сұйық АБӨ бар ыдыстар жеке үй-жайларда немесе ғимараттан тыс орналасады.
272. Үй-жайда орналасқан ыдыстар толған кезде газ сияқты АБӨ лақтырылуы осы Талаптардың 89 және 90-тармақтарының талаптары сақталумен ғимараттан тыс жүргізіледі.
273. Тұтынушылар ғимаратының сыртынан орналасқан көлiк цистерналарынан сұйық өнiмдерiн тiкелей құю жүргізілетін немесе көлiк цистерналарын тiкелей толтыру жүргізілетін, газификаторлардың ыдыстары және басқа да сұйық АБӨ бар тұрақты ыдыстар ыдыстың габариттерiнен кемiнде 1,0 м қашықтықта ойықтары жоқ қабырғалардың жанында орналасады.
Әрбiр тарабына 6,0 м қашықтықтағы және ыдыс габариттерiнен 3,0 м жоғары қашықтықтағы терезе ойықтарының ашылатын элементтерi болмайды.
Құю-қотару құрылғыларының тiркеуiштерi ғимараттан 9,0 м артық қашықтықта орналасқан ыдыстарға бұл талаптар таралмайды.
274. 15 л дейiн сыйымдылықты ыдыстардан басқа сұйық АБӨ бар сақтауға немесе жұмыс істеуге қолайлы (Дьюара ыдыстары) криогендi ыдыстар сақтағыш құрылғыларымен жабдықталады.
275. Дьюара ыдысымен жарақталған әр түрлi мақсаттағы криогендi ыдыстар және техникалық құрылғыларды пайдалану, технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
276. Егер текше метрдегi үй-жайдың көлемi ыдыстағы сұйықтың көлемінен 7 еседен артық асса, табиғи желдетуі бар үй-жайларда сұйық АБӨ ашық ыдыстарында жұмыс істеуге рұқсат берiледi. Егер көрcетiлген байланыс орындалмаса, онда үй-жай ауасында оттектiң 19 кем емес және 23 % артық емес көлемдi бөлігін қамтамасыз ететiн үнемi жұмыс iстейтiн құю-сору желдеткіші ескерiледi.
Көрcетiлген үй-жайда үй-жай ауасында оттектің нормадан ауытқуы туралы жарық арқылы және дыбыстық дабыл беретін автоматты газоанализатор орнатылады. Дабыл беру кезінде қызмет көрсетушi персонал үй-жайдағы оттектi нормаға келтiруге арналған шаралар қолданады (авариялық желдету жүйесін іске қосу, үй-жайды желдету, газ және басқа бөлінулер көзін жабу және басқа) және үй-жайды тастап кетедi. Жұмыстарды жалғастыруға ауада оттектiң нормаға жеткенінен кейін рұқсат берiледi.
277. Хладагент ретiндегі сұйық азот жану және жарылысты ескерту бойынша егер ондағы оттектiң көлемдi еншiсi 30 % аспаса, арнайы шараларсыз қолданылады. 30 % артық оттек болатын сұйық азотпен жұмыс iстеу кезінде (276-тармақ) сұйық оттекпен жұмыс iстегендегі қауiпсiздiк бойынша шаралар ескерiледi.
278. Ашық ванналардағы сұйық азотпен жұмыстар келесi әдiстердің бiрімен сұйықтағы оттегiнiң болуын бақылауды орындау кезінде технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады:
сұйықтар айнасы үстiнде бу фазасында оттектiң көлемдi бөлігiне талдаулар өткiзумен. Оттектiң көлемдi бөлігi 10 % аспайды.
сұйық азоттың газификациядан кейiн талдауларын өткiзумен.
Сұйық азотпен жұмыстар үшiн тұрақты ванналарды қолдану кезінде талдаулар автоматты газоанализаторлармен үздiксiз жүргізіледі.
279. Сұйық азоты бар ванналардағы сууға тартылатын бөлшектер алдын ала майсыздандырылады және кептiрiледi.
280. Сұйық азотпен бөлшектерді суытуға арналған ванналар азотта оттектің көлемді бөлігі 30 % асқан кезде қыздырылуға жатады және кезеңді майсыздандырылады.
Сұйық азотпен бөлшектердi суытуға арналған ванналардың үстiнде жергiлiктi сорулар ескерiледi.
2-параграф. Ауаны бөлудiң газ сияқты өнiмдерi
281. Газ сияқты АБӨ тұтынушыларды қамтамасыз ету жобаға және осы Талаптарға сәйкес, тұтынушылардың өндірістік алаңдарында орналасқан ОТО, реципиент, газификаторлар, разрядты рамп немесе тiкелей АБҚ құбырлар бойынша жүргізіледі.
282. Ауаны бөлудiң газ сияқты өнiмдерiмен тұтынушыларды жабдықтауға тұтынушылардың жанында орналасқан баллондардан тiкелей рұқсат берiледi.
Ауаны бөлу өнiмдерiнiң (газоанализаторлар, хроматографтар және басқалар) шамалы мөлшерін тұрақты тұтынушылар үшiн әрбiр тұтыну орнында 20 МПа-ға дейiн қысыммен АБӨ толтырылған, сыйымдылығы 40 л екiден көп емес баллондарды орналастыруға рұқсат берiледi. Әрбiр жұп баллондардың орналасу аралығындағы қашықтық баллондарды орналастырудың әрбір деңгейінде 12,0 м кем емес.
Баллондар металл шкафтарда орналастырылады және бекiтіледi. Баллондары бар шкафтар құлыппен жабылады.
283. Баллондарды жүк көтеру құрылғыларымен және көлiк құралдарымен тасымалдау технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
284. Баллондарды тиеу және түсiру кезінде олардың лақтырылуына, соғылуына рұқсат берiлмейдi.
285. АБӨ баллондарды тұтынушыларға жеткiзу инертті газ және оттектi (қысылған және сұйық) тасымалдауға қойылатын талаптарға сәйкес iске асады.
286. Оттек бар баллонды және жанғыш газы бар баллонды жұмыс орнына арбамен тасымалдауға рұқсат берiледi.
287. Оттекті тұтыну-цехтарында жанғыш газбен толтырылған (коммуникация және техникалық құрылымдар) жүйелерге немесе жүргізіліп жатқан технологиялық үдерiспен байланысы жоқ жүйелерге оттектiң ағу мүмкiндiгi болдырылмайды.
Оттекті баллондарды рязрядтау кезінде ондағы қалдық қысым іске қосылған жүйеден жанатын газдардың ағуын болдырмайды. Баллонда қысымның 0,05 МПа төмен түсуіне рұқсат берілмейді.
288. Тұтыну объекттерінде баллондарды жөндеуді орындауға, шұраларды бұзу және жөндеудi жүргізуге рұқсат берiлмейдi.
289. Құбырлардан АБӨ кезеңді таңдау кезінде (шлангтер, жең) иілмелі құбырларды қосуға арналған ажыратылатын арматура желдетуге арналған саңылаулары бар металл шкафқа орналастырылады.
Жұмыс тоқтағаннан кейiн шкаф құлыпқа жабылады. Сигналдық ескерту жазбалары мен шкафтардың ескерту бояулары жобаға сәйкес орындалады.
290. Техникалық құрылғылар мен коммуникацияларды үрлеу кезінде АБӨ өндiрiстiк үй-жайға тастауға рұқсат берiлмейдi.
15-тарау. Электр қондырғыларға қойылатын талаптар
291. Әрбiр электр қондырғы үшiн пайдалану схемалары жасалады. Электр қосылулар схемасына енгiзiлетiн барлық өзгерiстер, жерге қосуды орнату орындарын өзгертуді кім, қашан, қандай себеппен өзгеріс енгізгенін міндетті түрде көрсетумен схемада белгiлейдi. Оған енгiзiлген электр схемалары мен өзгерiстерді ұйымның электр шаруашылықтарына жауапты тұлға бекітедi.
292. Электр қондырғыларды артық жүктеу мен қысқа тұйықталудан қорғау, қызметшiлерді электрмагнит өрiсi әсерiнен қорғау ескерiледi.
293. Электр токпен немесе электромагниттi өрiстiң әсерiмен зақымдалу қауiптілігімен байланысты жұмыстар кезінде қорғаныс құралдары қолданылады.
294. Трансформаторлар мен түрлендiргiштердің электр тогының жиiлiгінен төмендететiн тасымалданатын электр лампалардың электрлендiрiлген аспаптарында (электр саймандары), қолдану алдында сыртында тұйықталудың жоқтығы, қоректендіру өткiзгiштердiң оқшаулану жағдайы және жерлестiру өткiзгiшiнің ақаусыздығы тексеріледі.
Тасымалданатын электрлендiрiлген аспап қоймада (аспаптық) сақталады және жұмыс кезеңінде жұмыскерлерге беріліп тұрады. 42 В кернеуден жоғары электрлендiрiлген аспап жеке қорғаныс құралдары жиынтығымен беріледі.
295. Электр кабельдерге арналған тоннельдер мен каналдарда судың және майдың болуына рұқсат берiлмейдi. Тоннельдер мен каналдардың күйiне жүйелi түрде бақылау орнатылады.
296. АБӨ өндірісінің технологиялық үдерiстерiн қамтамасыз ететiн электрқабылдағыштар электрмен жабдықтау сенiмдiлiгінің II санатына жатқызылады.
Бұл электрқабылдағыштар I санатқа жататын электрқабылдағыш өндiрiсiнің технологиялық үдерiсiнің үзiлiссiздігі қамтамасыз етiлгенде I санатқа жатқызылады.
Бiр технологиялық агрегаттан тұратын АБӨ өндiрiсінiң жабдықталу резервiн ескермеуге рұқсат берiледi.
16-тарау. Өрт қауiпсiздiк және жарылыс қауiпсiздiк
297. АБӨ өндiрiсімен және тұтынумен байланысты ұйымдардағы ғимарат және имараттардың өрт қауiпсiздiгi өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары және осы Талаптарда қойылатын жобаға сәйкес келедi.
298. Жарылыс қауіпті орта түзуге қабiлеттi заттар қатысатын технологиялық үдерiстердiң жарылыс қауiпсiздiгі жарылыстың алдын алу және жарылыстан қорғау шараларын қарастырады.
299. Оттек жабдықтары жанған кезде үй-жайға оттектiң түсуi тоқтатылады және қызмет көрсетушi персонал қауiпсiз аймаққа шығарылады.
Жанған техникалық құрылғылар мен коммуникацияларды сөндiру үшiн жобада қарастырылған өрт сөндiру жүйелері және құралдар пайдаланылады.
300. Оттек компрессорлары және газификаторлар орналасқан үй-жайлар, оттек баллондарының толтыру және тұстасу қоймалары, оттекті рязрядты коллекторлар, реципиенттер, оттек-реттегіш пункттер, оттектi реттеу түйiндерi, сұйық АБӨ көлiк ыдыстарына арналған гараждар байланыс құралдарымен жабдықталады.
Байланыс құралдары (телефон аппараттары және басқалар) көрcетiлген техникалық құрылымдарды орналастыру және қызмет көрсету орындарына жақын орнатылады.
301. Ауаны бөлу цехтарында, сирек газдарды алу және тазарту бөлiмдерiнде, компрессорлық бөлiмде, газгольдер бөлмесiнде, газификация және оттектiң толтыру, сақтау бөлiмдерiнде, оттек құбырлары өтетiн және оттегiмен жұмыстар жүргізілетін орындарда есiктердiң сыртқы жағы мен оттегiмен жұмыстар жүргiзiлетiн және оттек құбырлары өтетiн орындарда тиiстi қауiпсiздiк белгiлерi бекiтiліп, шылым тартуға және ашық отты қолдануға рұқсат берiлмейдi.
302. АБӨ өндірісі үй-жайларында оттек компрессорлары, сорғылар мен сұйық оттек газификаторлары, ауаны бөлу блоктары, сұйық оттегісі бар резервуарлар, оттек баллондарының толтыру және рязрядты баллондары, оттекті бөлу пункттері орналасқан орындарда, оттекті маталы газгольдерлер үй-жайынан шығатын, эвакуациялық шығатын жерлерде сумен толтырылған ванналар орнатылады. Кабинаға адам кірген кезде су автоматты берілетін өртке қарсы жуыну кабиналарының құрылғысына рұқсат беріледі.
Оттектi тұтынуы объекттерi үй-жайларында ванналар немесе өртке қарсы душқа түсетiн кабиналарды орнату орындары осы Талаптардың 303-тармағын сақтаумен жоба бойынша анықталады.
303. Ванналар мен душқа түсетiн кабиналарға осы Талаптағы 302-тармақта аталған техникалық құрылғылардан еркін кіру қамтамасыз етiледi. Ванна және душқа түсетiн кабиналар олардан 25,0 м аспайтын қашықтағы техникалық құрылымдардың қызмет көрсету белгiлерінде орналасады. Ванна немесе кабинаның техникалық құрылғыларына екi деңгейде қызмет көрсету кезінде әр деңгейге жеке қызмет көрсету ескерiледi.
Душқа түсетiн кабиналар мен ванналардың саны жобамен анықталады.
304. Ванналар және автоматты жұмыс iстейтiн душқа түсетiн кабиналар үнемі дайын болады. Ванналар ластануы бойынша мерзiмдi ауыстырылатын таза сумен толтырылады. Душқа түсетiн кабиналарға автоматты суды жiберу құрылғылары ауысым сайын тексеріледi. Тексерiс нәтижелерi журналға жазылады.
305. Цехта оттекті сыртқа тебуші компрессорларды немесе 5 м3 асатын май багының бір реттік сыйымдылығы кезінде басқа тағайындаудағы компрессорларды орнату кезінде компрессорлардың май багынан майды авариялық құйып алу сыйымдылығы цехта орнатылған компрессор май багының барынша үлкенінен кем емес авариялық құю багына жүргізіледі.
306. Май тарату орнының жер бетiнде орналасқан кезінде майды авариялық құю ғимараттан тыс ойықтары жоқ қабырғадан кемiнде 1,0 м немесе ойықтары бар қабырғадан 5,0 м қашықтықта орналасқан тереңдетілген ыдыстарда жүзеге асырылады.
Егер май тарату орны астындағы немесе жертөле қабаттарында орналасса, майды авариялық құю май тарату орындары багында жүргізіледі.
307. Қызмет көрсетушi персоналды қорғау үшін, қызмет көрсету белгiсінде айдау қысымы 0,6 МПа және одан жоғары әрбір сыртқа тебуші оттек компрессоры қорғайтын перделермен қоршалады.
308. Тiкелей ортадан тепкiш оттек компрессорларының шектерiндегi болатын барлық май өткiзгіштер компрессор жанған кезде олардың тұтануын болдырмауға арналған жанбайтын материалдармен оқшауланады.
309. Пайдалану процесінде оттек жабдығы мен коммуникациялардың май және басқа жанатын заттармен ластануына рұқсат берiлмейдi.
Жүк көтеру және басқа техникалық құрылғылар оттек жабдығы мен коммуникацияға майдың ағуын болдырмайтын қорғаныс жабдықтарымен жабдықталады.
310. Сүртетiн материалдар қақпақтары бар таза металл жәшiктерде сақталады.
Қолданылған сүртетiн материалдар қақпағы бар металл жәшiктерге салынады және бөлмеден күнде шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |