Өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы. Дәнекерлеушілер мен дәнекерлеу өндірісі мамандарын аттестациялау


- тарау. Дәнекерлеу өңдірісі мамандарын аттестациялауды жүргізу реті



бет2/2
Дата16.06.2016
өлшемі458.48 Kb.
#139907
1   2

8 - тарау. Дәнекерлеу өңдірісі мамандарын аттестациялауды жүргізу реті
49. Дәнекерлеу өңдірісінің маманын аттестациялауға ұсынардың алдында жұмыс беруші (өтініш етуші) аттестацияланған ұйымға осы Талаптың 20 - қосымшасында көрсетілген форма бойынша өтінім жібереді.

50. Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге техникалық қадағалау мен басқару құқына және (немесе) пісірушілер мен пісіру өңдірісінің мамандарын дайындау және (немесе) аттестациялауға құқық беретін органдар жұмысына қатынасуға аттестациялауды аттестацияланған ұйымда өткізеді.

Аттестациядан өтердің алдында маман бекітілген тәртіп бойынша өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарын білу бойынша тексерістен өтеді және аттестацияланған ұйымға куәліктің нұсқасын тапсырады.

51. Аттестацияланатын пісіру өңдірісі маманының теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларының көлемі осы талаптың 4 - тарауы 13-тармағына сәйкес емтихан бағдарламалары талаптарын қанағаттандырады.

Емтихан бағдарламаларына жалпы талаптары осы Талаптың 21 - қосымшасында көрсетілген.

Аттестацияланатын емтихан алушының және (немесе) оқытушының теориялық білімі мен тәжірибелік дағдыларының көлемін аттестацияланған ұйымның емтихан комиссиясы анықтайды. Емтихан алушыларды және (немесе) оқытушыларды аттестациялауды бекітілген тәртіпте жасалатын арнайы бағдарламалар бойынша жүргізеді.

Аттестациялау бағдарламасының талаптарына осы талаптарды және дәнекерлеушілер мен дәнекерлеу өңдірісінің мамандарын аттестациялау жүйесінің басқа да нормативтік-техникалық құжаттарды білу жатады.

52. Аттестацияға келесі екі емтиханды өткізу кіреді:

жалпы;

тәжірибелік тапсырмасы бар, арнайы.



Дәнекерлеу өңдірісі бойынша арнайы (жоғарғы техникалық немесе орташа техникалық) білімі бар, мамандығы бойынша жұмыс істеп жүрген мамандар жалпы емтихан тапсырудан босатылады.

53. Полимерлі материалдардан жасалған бұйымдарды жөндеу, жасап шығару және монтаждау кезінде пісіру жұмыстарын техникалық қадағалау және басқару құқығына аттестациялау кезінде полимерлерді пісіру бойынша емтиханды барлық мамандар тапсырады.

54. Дәнекерлеу өңдірісінің мамандарын бір уақытта аттестациялауға қауіпті өңдіріс обьектілерінін 3 артық емес топтары бойынша рұқсат беріледі. Бұл ретте қауіпті өңдірістік обьектілердің әрқайсысынан бөлек арнайы емтихан өткізіледі.

55. Жалпы емтиханда пісіру өңдірісінің маманына 30-дан, ал арнайы емтиханда 20-дан кем емес еркін тандалған сұрақ және оның өңдірістік әрекет бағдарына сәйкес тәжірибелік тапсырма беріледі.

56. Емтихандар жазбаша түрде немесе компьютердің көмегімен өткізіледі. Емтихан комиссиясының шешімі бойынша аттестацияланатын аттестациядан өтушімен қосымша әңгімелесу өткізіледі.

57. Әр емтиханда қойылған сұрақтардың кем дегенде 80 % дұрыс жауап берген және қосымша әңгімелесу нәтижесін есепке алумен арнайы емтиханда тәжірибелік тапсырманы жақсы орындаған маман емтиханнан өтті деп есептеледі.

58. Барлық емтиханды жақсы тапсырған кезде маман аттестациядан өтті деп есептеледі.

Егер маман бір немесе екі емтиханнан өтпесе, оған тапсырылмаған емтихандарды 6 айдың ішінде қайта тапсыруына рұқсат беріледі, бірақ бірінші емтиханнан кейін 1 айдан ерте емес. Емтиханды қайта тапсыру күні мен шарттарын тапсырушы аттестацияланған ұйымның жетекшісімен келіседі.

Емтиханды қайта тапсыра алмаған жағдайда, маман аттестациядан өтпеген болып есептеледі. Алдында тапсырған емтихандары жойылады.

59. Дәнекерлеуді ұйымдастыру қызметінің дәнекерлеу өндірісі бойынша арнайы жоғары білімі жоқ, жетекшілеріне мына шарттарды сақтаған кезде кәсіптік дайындықтың IV мамандандырылған деңгейіне аттестация өткізуге рұқсат беріледі:

жоғары техникалық білімі болу;

ұйымның дәнекерлеу қызметі жетекшісі лауазымында еңбек өтілі 3 жылдан кем емес;

дәнекерлеу өндірісі бойынша арнайы дайындықтан 100 сағаттан кем емес көлемде өтуі туралы құжат ұсынғанда.

Полимерлік материалдардан жасалынған газбен жабдықтау жүйесінің құбыржолын монтаждау бойынша жұмыстарға басшылық жасау құқына дәнекерлеу өндірісі мамандарын аттестациялау бойынша емтихан комиссиясы жұмыстарына қатысуға үміткер тұлғалар үшін, III және IV деңгейлі мамандарды дайындау бағдарламасына дәнекерлеу өндірісі технологиясы бойынша тараулардан басқа полимер материалдардан жасалған газбен жабдықтау жүйесінің құбыржолын монтаждау да кіреді.

Дәнекерлеу ұйымының дәнекерлеу өндіріс бойынша арнайы жоғары білімі жоқ жетекшілерін кәсіптік дайындықтың IV деңгейіне аттестациялауды аттестациядан өтуші тұлға жұмыс істейтін ұйымның жетекшісінің өтінімі негізінде аттестацияланған ұйым орындайды.

60. Аттестация нәтижелерін безендіру:

1) дәнекерлеу өндірісінің әрбір аттестациядан өтуші маманына аттестация нәтижесі бойынша аттестациялық комиссия осы Талаптың 22 - қосымшасында келтірілген форма бойынша хаттама толтырады;

2) хаттамаға комиссия төрағасы мен оның мүшелері қол қойып, 2 данада дайындайды. Хаттама жетекшісі қолымен және аттестацияланған ұйым мөрімен расталады. Хаттаманың біреуі аттестацияланған ұйымда сақталады, екіншісі өтініш берушіге беріледі;

3) дәнекерлеу өндірісінің аттестациядан өткен дәнекерлеушілері осы Талаптың 23 - қосымшасында көрсетілген формадағы аттестациялық куәлік алады. III және IV деңгейлі мамандар үшін қосымша куәлікті ағылшын тілінде дайындауға рұқсат беріледі. Дәнекерлеу өндірісі маманының аттестациялық куәлік сыртының түсі – қызыл;

4) пайдалану мерзімі өткен аттестациялық куәліктің қолдану мерзімін ұзартуды белгіленген тәртіпте алғашқы аттестация жүргізген аттестацияланған ұйым жүргізеді.

Жұмыс істеу мерзімін ұзарту аттестатталушы маманның жұмыс орнының өтінімі негізінде ұйымның аттестация комиссиясының хаттамасымен жасалады. Өтінімде аттестациядан өткеннен кейінгі кезеңде куәлікте көрсетілген өндірістік қызмет саласында жұмыс істеп, бекітілген талаптан қателік жібермегені көрсетіледі. Өтініште аттестациядан өткен маманның дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуде басщылық жасаған қауіпті өндірістік объектілер атаулары көрсетіледі;

5) дәнекерлеу және дәнекерлеу өндірісі мамандарын дайындау мен аттестациядан өткізу жұмыстарына қатысуына құқық беретін маманның аттестациялық куәлігінің мерзімін ұзарту туралы өтінішті аттестацияланған ұйымға дәнекерлеу өндірісі бойынша персоналға кәсіптік дайындық жүргізетін орталыққа жолдайды. Маманның бұл ұйымда 6 айдан кем емес еңбек өтілі болады.

Өтініште маманның дәнекерлеушілер мен дәнекерлеу өндірісі мамандарын дайындау мен аттестацияларында үнемі (жылына 4 реттен кем емес) қатысқаны және жұмыс бойынша ескерту болмағаны айтылады және құжатпен расталады;

6) ұсынылған құжаттарды қарау негізінде комиссия мына шешімдердің бірін қабылдайды:

аттестациялық куәлікте көрсетілген қолдану саласында мамандарды дайындаудың аттестациялық куәлікке тиісті жазба енгізумен кәсіптік дайындықтың ІІ немесе ІІІ деңгейлі мамандандырылған мамандары үшін куәліктің қолдану мерзімін – 1,5 жылға және кәсіптік дайындықтың IV деңгейлі мамандандырылған мамандары үшін – 2,5 жылға созады;

аттестациялық куәлікте көрсетілген тарату аймағы шектеулі куәліктің нақты қызмет көрсету аумағын растайтын ұсынылған құжаттарға сәйкес жаңа аттестациялық куәлік берумен жұмыс істеу мерзімін кәсіптік дайындықтың ІІ немесе ІІІ деңгейлі мамандандырылған мамандары үшін – 1,5 жылға және кәсіптік дайындықтың IV деңгейлі мамандандырылған мамандары үшін – 2,5 жылға ұзарту;

куәлікті қолдану мерзімін ұзартудан бас тарту және маманды кезеңді аттестацияға жіберуді ұсыну;

7) куәліктің қолдану мерзімі 2 реттен кем емес емтихансыз ұзартылады;

8) арнайы емтихан тапсырумен кезеңді аттестациядан өту және тәжірибелік тапсырманы орындауды дәнекерлеу өндірісінің барлық мамандары аттестациялық куәліктің екі рет ұзартылған қызмет ету мерзімі өткеннен кейін міндетті түрде өтеді;

9) дәнекерлеу өндірісінің мамандарына екінші деңгейге кезеңдік, қосымша немесе кезектен тыс аттестация өткізуге кез келген аттестацияланған ұйымда рұқсат беріледі. Кезеңді, қосымша, кезектен тыс аттестация жүргізген жағдайда сол маманға алғашқы аттестация жүргізбеген жағдайда бұл ұйым бір ай мерзімде маманның бірінші аттестация өткен ұйымға хаттаманың көшірмесі мен алдында берілген куәлікті жолдайды (кезеңді аттестация кезінде).



9 - тарау. Аттестациядан өткен дәнекерлеушілер мен дәнекерлеу өндірісі мамандарын есепке алу
61. Аттестациядан өткен тұлғалар бекітілген формадағы аттестациялық куәлік алады.

Аттестациялық куәліктің қолдану мерзімі бірінші аттестациядан өткен дәнекерлеушілер үшін – 1 жыл, дәнекерлеу өндірісі мамандарының ІІ, ІІІ ІV деңгейлі мамандары үшін – 3 жыл.



62. Аттестацияланған ұйым аттестациядан өткен дәнекерлеушілер мен дәнекерлеу өндірісі мамандарын есепке алады және реестрі жүргізеді.
___________________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет