Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар


-тарау. Жүк көтергіш машиналарының құрылғысы және орнату



бет2/12
Дата08.06.2016
өлшемі1.82 Mb.
#123022
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

4-тарау. Жүк көтергіш машиналарының құрылғысы және орнату

1-параграф. Жүк қармауыш органдар
80. Жүктің қапталған және қалыпталған ілмектері МСТ 2105 және құрылымдық құжаттамаға сәйкес дайындалады. Қапталған және қалыпталған ілмектердің мөлшерлері мен негізгі өлшемдері жүк көтергіш машинаның ілмек түріне және жетегінің түріне байланысты МСТ 6627 және МСТ 6628 бойынша қабылданады.

Жалпы мақсаттағы жүк көтергіш машиналарда қолданылатын (жарылыс қаупі бар ортада жұмыс істеуге арналған жүк көтергіш машиналарынан басқа) МСТ 15150 бойынша У климаттық күйдегі бір мүйізді ілмектерге арналған сақтандыру құлыптары МСТ 12840 сәйкес болады.

Пластиналы жүк ілмектері МСТ 6619 бойынша жобаланады және дайындалады.

81. Арнайы қақталған және қалыпталған ілмектер құрылымдық құжаттамаға сәйкес болады.

82. Жүк көтергіштігі 3 т артық ілмектер арнайы мақсаттағы крандардың ілмектерінен басқа, тербелмелі мойын тіректерде орнатылады.

83. Жүк көтергіштігі 5 т және одан жоғары қақталған және қалыпталған ілмекті бекіту, траверстегі пластикалық ілмек айырлары сомындардың өздігінен бұралуын болдырмайды, ол үшін ол арқанды аспақпен бекітіледі. Штифтердің, шплинттердің және арқанды бұранданың көмегімен сомындарды арқандауға болмайды.

84. Крандар мен электр тальдарының жүк ілгіштері алмалы-салмалы жүк қармауыш бұйымдардың өздігінен құлауын болдырмайтын сақтандыру қалыптарымен жарақталады. Балқыған металл мен сұйық шлакты тасымалдайтын крандардың жүк ілмектерін сақтандыру құлыптарымен жарақтауға болмайды.

85. Жүк ілетін қақталған және қалыпталған ілмектерде МСТ 2105 және МСТ 12840 бойынша белгілері жазылады. Пластиналы ілмектерде белгілер МСТ 6619 сәйкес болады.

Пластиналы ілмек айырдың көмегімен траверске ілінетін жағдайда онда да ілмек сияқты дәл осындай таңбасы болады.

86. Арнайы түрдегі жүк ілмектері дайындаушы, ілмек нөмірі, жүк көтергіштігі мен ол дайындалған материал түрі көрсетілген паспортпен жарақталады.

87. Көлемді жүктер үшін арқанды грейферлер МСТ 24599 сәйкес дайындалады. Грейфердің құрылымы арандардың блок жолдарынан өздігінен шығуын және олардың ашылу мүмкіндігін болдырмайды.

Грейфердің жүк көтергіштігі жүктің осы түрін (маркасын, сұрпын) төгу үшін пайдаланбас бұрын грейфер иегері жүргізген сынақ түріндегі қармауыштан кейін материалды өлшеу арқылы анықталады.

88. Грейфер дайындаушы ұйым, нөмірі, көлемі, дербес массасы, ауытқу үшін материалдың түрі және көсіп алынған материалдың едәуір шекті массасы көрсетілген көрсеткішпен жарақталады. Зауыт көрсеткіші бүлінген жағдайда грейфер иесі оны қалпына келтіреді.

Краннан бөлек дайындалатын грейферлер көрсеткіштен басқа паспортпен жарақталады.



2-параграф. Арқандар
89. Жүк, жебелі, ванта, көтергіш, тартатын арқандар ретінде қолданылатын болат арқандарда МСТ 3241 және МСТ 18899 сәйкес дайындаушы ұйымында арқандарды сынау туралы сертификаты немесе сертификат көшірмесі болады. ИСО 2408 бойынша дайындалған арқандарды пайдалануға болмайды. Сынау туралы сертификатпен жарақталмаған арқандарды алған кезде олар көрсетілген стандарттарға сәйкес сынақтан өтеді.

Сынақтан өтпеген арқандар пайдалануға жіберілмейді.

90. Арқандарды жүк көтергіш машинасына бекіту және орналастыру олардың барабандардан немесе блоктардан құлау және құрылым элементтерімен немесе басқа полипасттар арқандарымен жанасу салдарынан үйкелу мүмкіндігін болдырмайды.

91. Жүк көтергіш машинасына бекіту кезіндегі арқан ұшындағы ілмек, дөңгелектермен, ілгіштермен және өзге де бөлшектермен жанасқан арқандардың ілмегі:

1) арқанның бос ұшы өрілген немесе қыстырғыштарды орнатылған шөмішті;

2) құрылымдық құжаттамаға сәйкес жеңіл балқыма құю немесе басқа да тәсіл арқылы сына бекітіп, болат қақталған, қалыпталған, құйылған тығынды қолдана отырып, орындалады.

Дәнекерлеу тығындарын (электр таль тығынына арқан ұшын бекітуден басқа) қолдануға болмайды. Корпустарда, тығындарда және сыналарда арқанның үйкелуі мүмкін үшкір жиектері болмайды.

92. Арқан тесіктерінің саны әрбір жібімен өру кезінде 1-кестеде көрсетілгенге сәйкес болады.


1-кесте
Өру кезінде арқанды баулармен тесу саны


Арқан диаметрі, мм

Әрбір баумен тесудің ең төменгі саны

до 15

4

от 15 до 28

5

от 28 до 60

6

Әрбір баумен соңғы тесу оның сымының жарты сымымен (аудың жарты қимасы) жүргізіледі.

Қысқыштардың саны жобалау кезінде анықталады, олар кемінде үшеу болуы қажет. Қысқыштардың орналасу адымы мен соңғы қысқыштан кейінгі арқанның бос ұшының ұзындығы арқанның кемінде алты диаметрінен кем болмауы қажет. Қысқыштың қыстырғыштары арқанның бос ұшына орнатылады.

Қысқыштарды ыстық (темір соғу) тәсілімен орнатуға болмайды.

93. Арқанды барабанға бекіту арқанды ауыстыру мүмкіндігіне жол беретін тәсілмен жүргізіледі. Қысқыш тақтайшаларды қолдану кезінде олардың саны кемінде екеу болады. Барабандағы соңғы қысқыштан бастап арқанның бос ұшына дейінгі ұзындығы арқанның екі диаметрінен кем болмайды. Арқанның бос ұшын қысқыш тақтайшаның астында және арқанның кемінде үш диаметрінен тұратын тақтайшадан бастап қашықтықта июге болмайды.

94. Балқыған немесе қызған металл немесе сұйық шлак тасымалдайтын жүк көтергіш машиналардың арқандары сәуле жылуының әсерінен және тиісті қоршауларды орнатып, металл шашырандысынан қорғалады.

95. Жүк, жебелі, ванта, көтергіш және тарту арқандары түрінде қолданылатын болат арқандарын таңдау ИСО 4308/1 және құрылымдық құжаттама бойынша, өздігінен жүретін жебелі крандар үшін ИСО 4308/2 бойынша жүргізіледі.

Арқанды жобалау кезінде, жүк көтергіш машинасына жүк орнату алдында мынадай формула бойынша есеппен тексеріледі:

Fо≥ S х Zр,

мұндағы, Fо-арқандардың бөлу күші (Н);

Zр-2 және 23 кестелер бойынша анықталатын арқанды пайдаланудың ең төменгі коэффициенті (арқанның төзімділік қорының ең төменгі коэффиценті);

S-кран паспортында көрсетілген (Н) арқан тармағының ең үлкен кермесі.

Егер сынақ туралы сертификатта арқан желісінің жиынтық айыру күші берілген болса, Fо шамасын жиынтық айыру күшін 0,83-ке көбейту арқылы анықтауға болады.

2-кесте
Арқандарды пайдаланудың ең төменгі коэффициенті, Zр




Тетікті жіткеу (режим) тобы

Жылжымалы арқандар

Жылжымайтын арқандар

ИСО 4301/1 бойынша

МСТ 25835 бойынша

Zр

М1



3,15

2,5

М2



3,35

2,5

М3



3,55

3,0

М4



4,0

3,5

М5



4,5

4,0

М6



5,6

4,5

М7



7,1

5,0

М8



9,0

5,0

3-кесте
Жебелі өздігінен жүретін крандарға арналған арқандарды

пайдаланудың ең төменгі коэффициенті Zр


ИСО 4301/1 (МСТ 27553*) бойынша кранды жіктеу (режим) тобы

Жылжымалы арқандар

Жылжымайтын арқандар

подъем груза

подъем-опускание стрелы

Телес

копқа түсіру



монтаж

пайда

лану


монтаж

Тетік

тің жіктеу (режим) тобы



Zp

Тетік

тің жіктеу (режим) тобы



Zp

Тетік

тің жіктеу (режим) тобы



Zp

Zp

А1

М3

3,55

М2

3,35

М5

3,15

3,05

3,0

2,73

А2

М4

4,0

М3

3,55

М2

3,35

3,05

3,0

2,73

А3

М5

4,5

М3

3,55

М1**

3,15

3,05

3,0

2,73

Жүк көтергіштігі 16 т дейін қоса алғандағы автомобиль крандары үшін жүксіз А3 жіктеу (режим) тобы қолданылады.

Қауіпті жағдайларда жұмыс істеген кезде (балқыған металды, шлакты, улы және жарылғыш заттарды тасымалдау) М5 төмен емес жіктеу (режим) тобын қолдануға болады. Арқандарды адамдарды көтеруге арналған шығырларға орнату кезінде Zр есебін М8 жіктеу (режим) тобына арналғандай жүргізуге болады.

96. Арқандарды дайындау үшін қолданылатын кендір және мақта мата арқандар МСТ 30055 және құрылымдық құжаттамаға сәйкес болады.

97. Кендір немесе мақта матасы арқанындағы ілмек өрімінде кемінде екі толық және екі жартылай тескіші болмайды.

98. Арқандарды дайындау үшін синтетикалық және басқа да материалдар құрылымдық құжаттамаға сәйкес қолданылады.



3-параграф. Шынжырлар
99. Жүк көтергіш машиналарында қолданылатын пластиналы шынжырлар МСТ 191 сәйкес болады. Жүк арқаны және арқандарды дайындау үшін қолданылатын дәнекерлеу және қалыпталған шынжырлар МСТ 228 және құрылымдық құжаттамаға сәйкес болады. Якорь шынжырларын тірексіз және тірекпен қолдануға болады.

100. Жүк көтергіш машиналарында қолданылатын және арқандарды дайындау үшін қолданылатын шынжырларда оларды сынау туралы дайындау сертификаты болады.

Көрсетілген сертификат болмаған жағдайда бұзылатын жүктемені анықтау үшін шынжыр үлгісін сынау және өлшемдердің стандартқа сәйкестігін тексеру жүргізіледі.

101. Крандардың тетіктерінде қолданылатын пластиналы шынжырлардың тұрақтылығы қорының коэффициенті бұзылатын жүктемеге қатынасы бойынша М1 және M2 жіктегіші (режимі) топтары үшін кемінде 3 және тетіктердің басқа жіктегіштерінің топтары үшін кемінде 5 болады.

Дәнекерлейтін жүк шынжырлары мен арқан шынжырларының төзімділік қорының коэффициенті бұзылатын жүктемеге қатысты 4-кесте бойынша қабылданады.
4-кесте
Дәнекерленген шынжырлардың төзімділік қорының ең төменгі коэффициенттері


Шынжырдың мақсаты

Тетіктің жіктеу (режим) тобы

М1.М2

МЗ-М8

Жұмсақ барабанда жұмыс істейтін жүк шынжыры

3

6

Жұлдызшада (калибрленген) жұмыс істейтін жүк шынжыры

3

8

Жүк арқандары үшін

5

5

102. Шынжырларды жаңа қосымша буындардың электр дәнекерімен немесе қосқыш буындардың көмегімен ұзартуға болады. Ұзартылғаннан кейін шынжыр оның есептік тарту күшінен 1,25 есе жүктемемен 10 минут ішінде сыналады.



4-параграф. Барабандар, блоктар және жұлдызшалар
103. Болат арқандармен оралатын барабанның, блоктардың және теңгеру блоктарының ең қысқа диаметрі мынадай формула бойынша анықталады:

D1 ≥ h1 х d,

D2 ≥ h2 х d,

D3 ≥ h3 х d,

мұндағы: d-арқан диаметрі, мм;

D1, D2, D3-барабанның, блоктың, теңгерілетін блоктың есілген арқанның орташа желісі бойынша диаметрі, мм;

h1, h2, h3,-барабанның, блоктың және теңгергіш блоктың диаметрлерін таңдау коэффициенттері (5-кесте).

h1 коэффициентін өзгертуге болады, бірақ ең үлкен және ең қысқа жағына жіктеуіш тобы бойынша Zp (2-кестені қараңыз) шамасы арқылы тиісті өтемімен ең үлкен және ең қысқа жағына дәл сондай адым санымен екі адымынан аспайды (5-кестені қараңыз).


5-кесте
Барабанның (h1), блоктың (h2)

және теңгергіш блоктың (h3) диаметрлерін таңдау коэффициенті




Тетіктерді жіктеу тобы

Диаметрлерді таңдау коэффициенті

ИСР 4301/1 бойынша

МСТ 25835 бойынша

h1

h2

h3

М1



11,2

12,5

11,2

М2




12,5

14,0

12,5

ИСР 4301/1 бойынша

МСТ 25835 бойынша

h1

h2

h3

М3



14,0

16,0

12,5

М4



16,0

18,0

14,0

М5



18,0

20,0

14,0

М6



20,0

22,4

16,0

М7



22,4

25,0

16,0

М8



25,0

28,0

18,0

104. Дәнекерлейтін калибрленген және пластиналы шынжырлар жұмыс істеу кезінде жұлдызшада бір мезгілде толық тіркемеде кемінде екі жұлдызша тісі болады.

105. Барабанның арқан сыйымдылығы барабандағы жүк қармауыш органының ең төменгі күйінде қысқыш құрылғылар астындағы орамдарды қоспағанда, арқанның немесе шынжырдың орамынан жартысынан кем емес оралады.

106. Бір қабатты арқан орамының астындағы жүк көтергіш машиналардың барабандарында білік жолымен бөлінген орлары болады. Грейферлік крандарда арқанды барабанға және арнайы крандарға бір қабатпен ораған кезде, олар жұмыс істегенде арқандар үзілуі және босауы мүмкін болса, барабандарда тереңдігі арқанның диаметрінің жартысынан кем емес ор болады немесе арқанды барабанға дұрыс орнатуды қамтамасыз ететін құрылғымен жарақталады.

Жұмсақ барабанды құрылымдық себептері бойынша барабанға көп қабатты арқанды орау қажет болса, барабанға шынжыр орау кезінде қолдануға болады.

107. Жұмсақ барабан мен арқанды көп қабатты орауға арналған орлары бар барабандарда барабанның екі жағынан реборттар болады.

Арқанның екі тармағын бір қабатты орауға арналған орлары бар барабандарды егер тармақтар барабанның жиектерінен ортасына қарай оралатын болса, рекордтармен жарақтамауға болады. Орлары бар барабанға бір тармақты арқанды орау кезінде ребордты барабандағы арқанды бекіту жағынан орнатпауға болады. Арқанның барабаннан шығып кетуін (арқан төсегішпен) болдырмайтын құрылғымен жабдықталмаған электр тальдарының барабандарын ребордасыз дайындауға болады.

Арқанға арналған барабан ребордтары оралған арқанның жоғарғы қабының үстінен оның екі диаметрінен кем емес, ал шынжырлар үшін шынжыр буының енінен кем емес болады.

108. Жүк көтергіш машинада арқанды барабанға көп қабаттап орау кезінде әр қабатты дұрыс орау қамтамасыз етіледі.

109. Жебе және жүк полиспасталарының блоктарында арқанның блок жолынан шығуын болдырмайтын құрылғы болады.

Көрсетілген құрылғы мен блок ребордасы арасындағы саңылау арқан диаметрінен 20 % аспайды.

5-параграф. Тежеуіштер
110. Машина жетегі бар жүк көтергіш машиналарының жүк көтеру және шығуын өзгерту тетіктері жетек қосылған кезде автоматты жабылатын қалыпты жабық түрдегі тежеуіштермен жарақталады.

Қол жетегі бар көтергіш тетік автоматты әсер ететін жүк тиеу тежеуішімен жарақталады.

Жүк көтеру, гидро цилиндрі бар жебелердің шығуын өзгерту және телескопқа түсіру тетіктерінде гидро жүйеде қысым төмендеген кезде жүктің немесе жебенің түсу мүмкіндігін болдырмайтын құрылғы (кері клапан) қарастырылады.

111. Тетіктерді іске қосу муфталарымен басқарылатын жүк көтеру және шығу жолын өзгерту тетігінде жүктің немесе жебенің өздігінен түсуін болдырмау мақсатында іске қосу муфтасымен бұғатталған қалыпты жабық түрде басқарылатын тежеуіштері қолданылады.

112. Бөлек электрлік жетектері бар грейферлік қос барабанды шығырларда тежеуіш әрбір жетекте орналасады.

Барабанға ықпал ететін жетекте қозғалтқыш жұмыс істемеген кезде тетікті тежеу үшін тепкіні (түймені) орнатуға болады, бұл ретте тепкіні (түймені) үзбей басқан кезде ғана тоқтатуға болады.

Электр қорғағыш іске қосылған кезде немесе желідегі ток ажыратылған кезде тежеуіш автоматты түрде қосылып, тепкі (түйме) басылады.

113. Жүк көтеру және шығу жолын өзгерту тетігі барабандармен ажырамайтын кинематикалы байланысы барп тежеуіштермен жарақталады.

Шынжырлы және арқанды электр тальдарын көтеру тетіктерінің кинематикалы шынжырларында шектеулі мезеттік муфталарды орнатуға болады.

114. Крандардың жүгі мен жебелерін көтеру тетігінің тежеуіші нормативтік құжаттама бойынша қабылданатын тежеуіш қорының коэффициентін ескере отырып, тежеуіш барысын қамтамасыз етеді, бірақ ол 1,5 кем болмауы тиіс.

Жебені көтеру тетігіндегі динамикалық жүктемені төмендету үшін біреуінің тежеу қорының коэффициенті кемінде 1,1, ал екіншісінікі кемінде 1,25 болатын екі тежеуіш орнатуға болады. Бұл ретте тежеуіш беру автоматты түрде жүргізіледі.

115. Балқыған, қызған металл мен шлак, улы немесе жарылғыш заттар тасымалдайтын жүк көтергіш машиналарының жүктерін көтеру және шығу жолын өзгерту тетіктері бір-біріне тәуелсіз қолданылатын екі тежеуішпен жабдықталады.

116. Екі тежеуіш орнату кезінде олардың бірінің тежеуішінің сенімділігін тексеру мақсатында құрылымы екіншісінің тежегішін алуға мүмкіндік береді.

117. Жетекте екі және одан астам тежеуіш болған жағдайда олардың әрқайсысының тежеуіш қоры коэффициенті кемінде 1,25 болады. Бір мезгілде іске қосылатын екі жетегі бар көтергіш тетігінде дәл сондай тежеуіш қорымен кемінде бір тежеуіш орнатылады. Әрбір жетекте екі тежеуіш қолданған жағдайда және тетікте екі және одан астам жетек болған жағдайда әрбір тежеуіштің тежеу қорының коэффициенті кемінде 1,1 болады.

118. Қос жетекті жүк шығырларында соңғысында жетектердің біреуі қатардан шыққан жағдайда жүктің өздігінен түсуін болдырмайтын өзара қатты кинематикалық байланыс болады.

119. Электр тальдарында екінші тежеуіш ретінде жүк тірегі тежеуішін пайдалануға болады. Мұндай жағдайда электр магниттік тежеуіштің тежеуіш қорының коэффициенті кемінде 1,25 болады.

Жіктеуіш (режим) тобы М1 көтеру тетіктерінде тежеуіштердің біреуін өздігінен тежейтін бергішпен ауыстыруға болады.

120. Қозғалыс тетіктеріндегі тежеуіштер мынадай:

1) машина ашық ауада жұмыс істеуге арналған;

2) үй-жайда жұмыс істеуге арналған машина еденге төселген жол бойынша қозғалған;

3) жер бетіндегі рельс жолындағы үй-жайда жұмыс істеуге арналған машина (арба) 32 м/мин (0,53 м/с) астам жылдамдықпен қозғалған жағдайларда жүк көтергіш машиналарында орнатылады.

Бұрылыс тетіктеріндегі тежеуіштер ашық ауада жұмыс істейтін барлық крандарда, үй-жайда жұмыс істейтін крандарда орнатылады, жіктегіш (режим) тобы М2 және одан жоғары болады.

121. Бұрылыс тетіктеріндегі тежеуіштер жүк көтергіш машиналарында жіктегіш (режим) тобы М2 және одан жоғары орнатылады.

122. Жүк көтергіш машиналарының қозғалыс және бұрылыс тетіктерінің тежеуіштері (автомобильдік, пневмо дөңгелекті крандардың, арнайы шассидегі крандардың, теміржол тетіктерінен, мұнаралы және порталды крандардың бұрылыс тетіктерінен басқа) жабық түрдегі қалыпты, жетек қосылған кезде автоматты ажыратылатын болады. Қозғалыс тетігі ашық түрдегі қалыпты басқарылатын тежеуішпен жабдықталған автомобиль шассиінде орнатылған крандарда, автомобиль мен пневмо дөңгелек крандарында тұрақ тежеуіш орнатылады.

Теміржол крандарының қозғалыс тетігіндегі тежеуіштер теміржолдардың жылжымалы құрамына қойылатын талаптарға сәйкес болады.

Мұнаралы, мұнаралы-жебелі бар жебе жабдығы мен порталды крандардың тетіктерінде қалыпты ашық түрде басқарылатын тежеуіштерді орнатуға болады. Мұндай жағдайда тежеуіште оны жабық күйде бекітуге арналған құрылғысы болады. Мұндай құрылғыны рычагтарда немесе тежеуішті басқару тепкілерінде орнатуға болады.

123. Қозғалыс және бұрылыс тетіктерінің тежеуіштерін басқару аппараттарымен электр қозғалтқышын ажырату кезінде егер электр сызбасында электр қозғалтқышымен тежеу мүмкіндігі қарастырылатын болса, тұйықтамайды. Мұндай жағдайда электр сызбасында контроллер нөлдік күйде болғанда қосалқы аппаратпен (түймемен) тежеуіш салу (алу) қарастырылады.

Автоматты тежеуішпен жабдықталған қозғалыс және бұрылыс тетіктерінде жоспарлы тежеуіш үшін қосымша жетекті орнатуға болады. Мұндай жағдайда басқару аппаратымен электр қозғалтқышын ажырату кезінде автоматты тұйықтауға жол берілмейді.

124. Ашық ауада жұмыс істейтін машиналарда қозғалыс және бұрылыс тетіктерінің тежеуіштері желдің жылдамдығы жоғары болғанда рұқсат етілген еңісті ескере отырып, кранның жұмыс күйі үшін МСТ 1451 бойынша машина мен оның арбасын тоқтатуды және ұстауды қамтамасыз етеді.

125. Жүк көтергіш машиналардың тетіктерінде червякті бергішті тежеуіш ретінде пайдалануға болмайды.

126. Тежеуішті тұйықтайтын жүк оның құлауын немесе өздігінен ығысуын болдырмайтындай етіп рычагқа бекітіледі. Серіппелерді пайдалану кезінде тежеуіштің тұйықталуы қысылған серіппе күшімен жүргізіледі.

127. Тежеуіш тежеуіштің шкивіне ылғал мен майдың тікелей өтуінен қорғалады.

128. Ашық ауада рельс жолдары арқылы қозғалатын крандар айдап әкетуге қарсы құрылғылармен жабдықталады.

Ашық ауада жұмыс істейтін көпір крандарын егер кранға желдің ең жоғарғы шекті жылдамдығы әсер еткен кезде МСТ 1451 бойынша кранның жұмыс істемейтін күйі үшін қозғалыс тетіктерінің тежеуіш қорының шамасы кемінде 1,2 болса, айдап әкетуге қарсы құрылғылармен жабдықтамауға болады.

129. Айдап әкетуге қарсы құрылғы ретінде рельс қармауыштарын пайдалану кезінде оның құрылымы кранды оны орналастырудың тұтас жолында бекітуге мүмкіндік береді.

130. Машина жетегі бар айдап әкетуге қарсы құрылғылар оларды қолмен іске қосу бұйымымен жабдықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет