4-параграф. Руданы байыту және оларды өңдеу үрдісін байытудың радиометрлік әдістері. Жалпы талаптар.
73. Радиоактивті және иондаушы сәулелерді (гамма және бетта сәулесі, нейтрондар, рентген түтіктерінің изотоптық көздері тағы сол сияқты) пайдаланумен байыту мен бақылаудың радиометрлік әдістері қолданылатын байыту кәсіпорындарында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 97 бұйрығымен бекіткен Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі санитарлық-гигиеналық талаптардың санитарлық ережелері мен нормалары талаптары сақталады.
74. Сәулелену көздері пайдаланылатын үрдістер мен жұмыстар және оларды қолдануға негізделген сепарация, бақылау және талдау әдістері технологиялық регламенттерге сәйкес жүргізіледі.
75. Сәулелену көздерін пайдаланатын байыту фабрикаларында рұқсат дозалардан аспайтын дәрежеге дейін сәулеленудің сомалық дозасын төмендетумен қамтамасыз етіледі.
76. Радиоактивті препараттарды салу орнынан радиоактивтік сәулелену сәйкес келетін дозиметрлік аспаптармен бақыланады.
77. Жұмыс орындарында радиация көлемінің санитарлық нормаларынан асуға жол берілмейді.
Радиоактивтік изотоптардың жұмыс орындарында болуына және онда сақтауға жол берілмейді.
Радиоактивтік изотоптармен жұмыс істеуге оқытылған тұлғаны жіберу тек уақыты өтпеген рұқсаты болса ғана жіберіледі.
4-тарау. Гравитациялық байыту (жуу, тұндыру машиналары, концентрциялық үстелдер және ауыр суспензияда рудаларды байыту бөлімшелері)
78. Ішкі жуу барабандарындағы жұмыстар, ауыр суспензиялы байыту және гравитациялық байыту аппараттарын қарау мақсатымен, шлам және қалдық материалдардан аппараттардың ішкі жоғарғы жағын тазалау және жөндеу наряд-шақтама арқылы жүргізіледі.
79. Гравитациялық байыту аппараттары жұмыс істеп тұрған кезде оның қозғалмалы және айналмалы бөлшектеріне тиісуге, подшипниктерін майлауға, аппараттан бөгде заттарды алуға жол берілмейді.
80. Жуылған рудадан және гравитациялық байыту аппараттарынан қолмен сынама алу тек осы мақсатта арнайы бөлінген орындарда жүргізіледі. Тікелей қозғалмалы механизмдерден байыту өнімдерінің сынамасын қолмен алуға жол берілмейді.
81. Реттығындарды реттеу, автореттеуіштерді жөндеу және пневматикалық жетегі бар поршенсіз тұндыру машиналарының механизмдерін қорғаныс көзілдіріктерінсіз тексеруге жол берілмейді.
82. Ротор типті реттығын құрылғыларын эксплуатациялау кезінде атмосфераға ауа шығаруға арналған терезелер металл сеткамен жабылады.
83. Шиберлік құрылғылар електерін жөндеу немесе алмастыру, тұндыру машинасының ішкі корпусын жөндеу бойынша жұмыстарды құрғату элеваторының башмагын жөндеу немесе тазарту бойынша жұмыстармен бір уақытылы жүргізуге жол берілмейді. Аталған жұмыстарды жүргізетін машиналардың корпустарында жұмыстарды жүргізген кезде элеваторлардың электр схемасы бөлшектенеді және ескерту плакаты ілінеді.
84. Ауыр суспензияларда байыту үшін қолданылатын аппараттарда суып қалған ферросилиций, басқа ауырлатқыштар және металл бөлшектерден рудаларды түйреп алуға қорғаныс көзілдірігінсіз жүргізуге жол берілмейді.
85. Аппаратқа материалды жеткізетін және байыту өнімдерін әкететін астаушалар 45 0 С артық иілген кезде руда мен пульпаның ұшып шығуынан сақтану үшін жоғарыдан жабылады.
5-тарау. Қойылту, құрғату және кептіру бөлімшесі
1-параграф. Қойылту
86. Радиалды қойылтқыштар, пирамида тәрізді және астау тәрізді тұндырғыштар, егер олардың борттарының жоғарғы ернеуі жұмыс алаңының деңгейінен 1000 мм төмен биіктікте болса қоршалады.
Үстінен жабылған пирамида тәрізді тұндырғыштар борт бойымен барлық тесіктер, жөндеу лаздары және люктер металл қақпақтармен жабылған жағдайда қоршалмайды.
87. Радиалды қойылтқыштар, пирамида тәрізді және астау тәрізді тұндырғыштардың борттарымен жүруге жол берілмейді.
88. Пульпа тығыздығын өлшеу және сынама алу кезінде ферма алаңы қоршауына өтуге және сақина тәрізді астауға тұруға жол берілмейді. Қойылтқыштардың жылжымалы фермасының жүкті шетін сақина тәрізді астаудың артына қызмет көрсету алаңдарына (өту) шығаруға жол берілмейді. Қойылтқыш жетегінің қызмет көрсету алаңдарының ылғалды және тайғанақ беттерімен жүруге жол берілмейді. Қойылтқыштың жылжымалы фермасына көтерілу қоршауы бар арнайы сатымен жүргізіледі.
Қойылтқыштың сақина тәрізді астауын тазарту тек жылжымалы жақтаудың жетегін сөндіргеннен кейін ғана жүргізіледі.
89. Құрғату електерінің ені бойынша материалдың біркелкі таратылуын қамтамасыз ететін құрылғылар конструкциясымен құрғатылатын материал ұшуына және пульпаның шашырауына жол бермейді.
90. Лабиринттерді шламнан тазарту бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде елек тоқтатылады, електің қоректендірілуі немесе басқа да елек сөндіріледі, қосу құрылғыларында «Қосуға болмайды! Адамдар жұмыс істеп жатыр!» деген жазуы бар плакат ілінеді.
2-параграф. Сүзгі аппараттары
91. Барабанды және дискілі вакуум-сүзгілер жұмысы кезінде секторларды тартуды жүргізуге жол берілмейді.
92. Жақтауларды және кектен төсемді тазарту үшін сүзгі аппараттарын эксплуатациялау кезінде арнайы күректерді қолдану қаралады.
93. Сүзгі-пресстің қысу құрылғысының жұмысы кезінде жақтауларды, тақтайларды және сүзгі салфеткаларын түзетуге жол берілмейді.
94. Сүзгі-прессті кектен босату алдында сұйық максималды жойылғанға дейін сығылған ауамен үрленеді.
Босату бойынша жұмысты кем дегенде екі адам бір уақтылы жүргізеді.
Үрлеу кезінде ерітіндінің шашырауынан сақтану үшін сүзгі-пресс матамен жабылады.
95. Вакуум-сүзгінің барабаны қосулы күйде болғанда тарту сымының үзіндісін қалпына келтіруге жол берілмейді.
96. Зиянды заттар бөлініп шығатын сүзгі аппараттарының жұмысы кезінде тарту желдеткіші үздіксіз жұмыс істейді; нутч – сүзгілер қақпақтармен жабылады.
97. Барабанды сүзгілер бар болған кезде тұнбаны шаюға арналған құрылғы шашырандыдан қызмет көрсететін қызметкерлерді қорғау үшін қоршалады.
Жылжымалы жақтаулары бар табақшалы сүзгілер тұнбаны шаю ыңғайлы болуы үшін стационар алаңдармен жабдықталады.
98. Центрифуга қақпақ ашық, діріл жоғары, жүктеме артық және қоректендіру тұрақты емес болған кезде оның жұмысын тоқтатын жалғаулармен жабдықталады.
3-параграф. Буландыру аппарттары
99. Тарту желдеткіші сөндірілген, аппарат ашық, сақтандыру көзілдіріктерінсіз және қадағалау шынылары жарамсыз болған кезде бекіту арматурасы, сақтандыру клапандары мен манометрлер жарамсыз болғанда буландыру аппаратында жұмыс істеуге жол берілмейді.
Жұмыс істеп тұрған кезде тығыздықтардың деңгейін өлшей және сынама алуды қамтамасыз ететін буландыру аппараттары осы операцияларды орындау үшін қауіпсіз жүйесімен жабдықталады немесе оларды іске асыру үшін сөндіріледі.
100. Буландыру аппараттарындағы люктер өтпелі желдетуді қамтамасыз ететіндей етіп, ал газ құбырлар сақтандыру клапандарынан сыртқа шығарылып орналастырылады.
101. Жұмыс істеп тұрған кезде буландыру аппаратын қадағалауға тек қадағалау шынысы арқылы рұқсат етіледі.
Аппараттардың пісіру жапсарларын қадағалау үшін жылымалы құрылғы қаралады.
102. Қызметкерді жіберу үшін буландыру аппаратынан магистральдарды қоректендіру (бу және ерітінді), аппараттағы қысымның атмосфералықпен теңестірілуі және ондағы температураның 400С дейін төмендеуі қаралады.
Буландыру аппаратындағы жұмыстар бақылаушы тұлғаның қатынасуымен жүргізіледі.
4-параграф. Пештер
103. Пештерді қосу және тоқтату тәртібі, форсункаларды реттеу пештерге қызмет көрсету жөніндегі технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
104. Пештерді тазарту және жөндеу кезінде 600 С-ден жоғары температура кезінде пеш ішінде адамдардың кіруіне жол берілмейді.
Пеш жанып тұрғанда пеш есіктерін ашық ұстауға, едендерді тазартуға, кекті қағуға жол берілмейді.
105. Пештен төгілген мазутқа тез арада құм себіледі және жиналады.
Сұйық отын тұтанғанда пайдалану бөшкесіндегі сұйық отын тез арада апатты бөшкеге қотарылады да, өртті сөндіру бойынша шаралар қолданылады.
6-тарау. Гидрометаллургиялық үрдістер
1-параграф. Төменгі қысымды құрал-жабдықтар
106. Реакторлар мен сілтілер белгіленген деңгейден асып кетуіне жол бермейтін олардың ерітінділермен толытырылу деңгейінің техникалық бақылау құралдарымен, дабыл бергіштермен және блокировкалармен жабдықталады.
Компоненттерді, ерітінділерді дозалау, оларды араластыру газдар бөлінуі мен қоспалардың шашырауымен тасқынды реакцияның болуына жол бермейтін автоматтандырылған тәсілмен іске асырылады.
107. Реакторлардың қосу штуцерлерін тазарту тек араластырғыш толық тоқтатылғанда, реакторда ерітінді болмағанда және қоректендіргіш құбырлы өткізгіштерді жапқан кезде ғана іске асырылады.
Реактор конструкциясына ерітіндіні апаттық қотару үшін сәйкес коммуникациялар немесе ыдыстары бар арнайы шығару жолы қаралады.
108. Реактор жұмысы кезінде оларға қақпақтар жабылады және бекітіледі
Жұмысқа қосу алдында реакторлар жалпы алмастыру және тарту желдеткіштеріне қосылады.
109. Агрессиялық ортамен жұмыс істеген кезде қызмет көрсетуші тұлға жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі және реактивтерге сәйкес жұмыс бойынша инструктаждан өтеді.
2-параграф. Жоғары қысымды құрал – жабдықтар
110. Жоғары қысымды аппараттарды жобалау, дайындау және эксплуатациялау қысыммен жұмыс істейтін сосудтар құрылғысы және қауіпсіз эксплуатациялау талапқа сәйкес іске асырылады.
111. Жоғары қысымды барлық аппараттар мүмкін болатын шамалардан (қысым, температура тағы басқалар) аппарат жұмысы режимінің ауытқу мүмкіншілігіне жол бермейтін бақылау-өлшеу аспаптарымен және сақтандыру құрылғыларымен жарақталады.
112. Жоғары қысымды аппараттардың жүктеуі және босатуы механикаландырылған. Жоғары қысымды аппараттарды қолмен босатуға тек апатты жағдайда кем дегенде екі адамның қатысуымен құбырлы өткізгіштер магистралінің сәйкес босату өнімдеріне рұқсат етіледі.
113. Атмосферасында адамдардың денсаулығына зиянды газдар, аэрозольдер және басқа да қоспалар түзілуі мүмкін барлық ғимараттар тарту желдеткішімен жабдықталады, зиянды заттардың шекті-рұқсатты концентрациясынан асып кеткендігі туралы дабыл бергіш жүйелері бар сәйкес бақылау–өлшеу аспаптарымен жарақталады. Адамдардың өзін-өзі ұстау тәртібі және олардың жеке қорғаныс құралдарын пайдалануы, оның ішінде апаттық жағдайда зиянды заттардың бөлінген жағдайда технологиялық регламентпен анықталады.
114. Жоғары қысымды аппараттардағы жұмыс технологиялық регламентке сәйкес іске асырылады. Технологиялық регламентте мыналар қаралады:
1) аппараттың қате қосылуына жол бермеу бойынша шараларды қамтамасыз етумен тоқтатуға дайындау;
2) аппарат апаттық тоқтатылған жағдайдағы қызмет көрсетуші қызметкерлердің әрекетінің тәртібі;
3) аппаратты жөндеу және қызмет көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
4) аппаратта жұмыс істеу үшін адамдарды жіберу тәртібі және олардың қауіпсіздік шаралары;
5) аппаратта орындалатын жұмыстардың қауіпсіздігі мен сапасын бақылау тәртібі;
6) аппаратты жұмысқа қосу тәртібі.
3-параграф. Мышьякті ангидрид өндірісі кезіндегі қосымша талаптар
115. Мышьякті ангидрид өндірісі кезінде барлық технологиялық операциялар жеке қорғаныс құралдарын қолданумен саңылаусыз жүйелерде іске асырылады.
7-тарау. Құрамында алтыны бар рудалар мен құмдарды өңдеу
1-параграф. Жалпы талаптар
116. Алтынды айыру кәсіпорындарында амальгамация үрдісін қолдануға жол берілмейді.
117. Улылығы жоғары реагенттер (цианидтер, тағы басқалар) қолданылатын алтынды айыру кәсіпорындарының цехтары мен бөлімшелерінің едендері, қабырғалары, төбелері және құрылыс конструкциялары тығыз, тегіс етіп жасалады және ерітінділерді сіңірмейтін және жеңіл жуылатын гидрофобты жабынды болады.
Тұтас емес қабат аралық қабырғалардың бос шеттерінде қоршаулардан басқа, биіктігі 20 см кем емес ылғалды сіңірмейтін бөгеттер бар.
118. Алтынды айыру кәсіпорындарының едендері (оның ішінде ыдыстар мен құрал-жабдықтардың асты да) дренаж арналары мен зумпфтары жағына ерітінділер мен пульпаның жиналуына жол бермейтін еңкіш болады. Алаңдар мен қабат аралық қабырғаларда орнатылған құрал-жабдықтарда, міндетті түрде, төменде орналасқан зумпфтар немесе ыдыстарға ағынмен дренаж жүйесі құрылғысы қаралады.
Сорғысы бар арналар мен зумпфтардан тұратын едендердің дренаж жүйесі барлық ағындардың жиналуын және олардың технологиялық үрдіске қайтып келуін қамтамасыз етеді.
119. Циандаудың бір ғимаратында қышқылды ортада өтетін үрдістерді, екі үрдіс те бірыңғай технологиялық тізбекті құратын үрдістен басқа, біріктіруге жол берілмейді. Мұндай жағдайда айрықша сақтандыру шаралары (барлық аппараттардың жұмысы вакуумда, жұмыс орындары ауа құрамын үздіксіз бақылау тағы басқа) қабылданады.
120. Технологиялық үрдістер қышқыл ортада жүретін бөлімшелерде айрықша дренаж жүйелері болады: қышқыл дренаж сулары шығарылар алдында бейтараптандырылады.
Бұл бөлімшелердің едендері, қабырғалары, құрылыс конструкциялары және құрал-жабдықтарында қышқылға тұрақты қабаттар болады.
121. Ауаны жергілікті сору қаралады:
1) кәсіпорынның ұсақтау бөлімшесінде – цианды ортада ұсақталатын ұсатқыштың тиеу және түсіру мойындарынан;
2) концентратты кептіру бөлімшесінде – кептіру пештерінің (барабандарының) тиеу және түсіру тесіктерінен;
3) цинк тұнбаларын кептіру бөлімшесінде – кептіру шкафтарының (пештерінің) тиеу люктерінен;
4) реагент бөлімшесінде – улы реагенттері, реагенттер қоректендіргіштер, араластырғыш және жинақтау чандары бар ыдыстарды ашу және босату камераларынан;
5) өнеркәсіптік ағындарды залалсыздандыру бөлімшесінде – залалсыздандыру аппаратурасынан;
6) сорбциялық бөлімшеде – шайыр бөлініп шығу үшін електер мен пачуктардан;
7) қайта жаңғырту бөлімшесінде – қайта жаңғырту колонкалары мен реагенттер ыдыстарынан;
8) электролиз бөлімшесінде – электролизерлерден және графиттелген ватинді жағу пештерінен.
122. Бөлініп шыққан газдарды шығару шарттары (мөлшері, орны, биіктігі тағы басқа) жобамен анықталады.
123. Жоғары концентрациялы (сутегі, көмірсутегі, цианды сутегі тағы басқа) қопарылу қаупі бар және өртену қаупі бар заттардың бөлініп шығуы мүмкін аппараттардың тартқыш желдету жүйелерін қопарылудан қауіпсіз етіп жасау қаралады.
2-параграф. Циандау бөлімшесі
124. Цианды ерітіндімен (пульпамен) қызмет көрсететін қызметкерлердің тікелей жанасуына жол бермеу және жұмыс зонасындағы улы бөлініп шығатын заттар мөлшерін азайту үшін циандау бөлімшесінің құрал-жабдықтары мен ыдыстары максималды тығыздалады немесе жергілікті сорғысы бар бөлмелермен жабдықталады.
Технологиялық үрдіс және құрал-жабдықтарды басқаруды бақылау толығымен автоматтандыру қаралады немесе дистанциондық басқарылады.
125. Циандау үрдісінің құрал-жабдықтары мен ыдыстары ерітіндінің (пульпаның) кездейсоқ төгіліп кетуі мүмкіншілігінің алдын алатын автоматты құрылғымен жарақталады және қотару құбырлы өткізгішімен жабдықталады.
126. Цианды ерітіндімен (пульпамен) немесе олардың буларымен жанасатын құрал-жабдықтар бөлшектері, құбырлы өткізгіштер, арматура және басқа да құрылғылар цианға тұрақты материалдардан жасалады, ал электр сымдары мен түсті металлдар мен олардың қорытпаларынан (мыс, мысты цинк, алюминий тағы басқа) жасалған бөлшектер цианидпен жанасудан оқшауландырылады.
127. Жабық емес және аспирацияланбайтын ыдыстар мен құрал-жабдықтардағы цианды ерітінділердегі (пульпадағы) қорғаныс қышқылының концентрациясы СаО бойынша үнемі 0,01 – 0,025 % төмен емес деңгейде сақталып тұрады.
128. Циандау және цианды ерітіндіні дайындау бөлімшелерінен ауа ғимараттың жоғарғы зонасынын тарту желдеткішімен алыстатылады.
Жұмыс орындарына арынды тарту желдеткіші жүйелерінен ауа белгіленген жұмыс орындары мен өту жолдарына беріледі.
129. Вакуум-сорғымен сорылып алынатын газ-ауа қоспасы оны атмосфераға шығарар алдында зиянды компоненттер мен майдан тазартылады; оның арынды желдету жүйелерінің ауа жинау құрылғыларына түсіп кетуіне жол берілмейді.
130. Сүзгі қаптамалары (орамалдары) мөлдір ететін және тұндыру қондырғыларының сүзгілерінен алынар алдында цианидті толық кетіргенге дейін сумен жуылады.
131. Сүзгі матасын қайта жаңғырту бойынша барлық жұмыстар (қышқылдық өңдеу, жуу, кептіру) максималды механикалындырылады.
Сүзгі матасын қышқылдық жууды тікелей сүзгіде өткізу тек сүзгіні пульпадан босатқаннан кейін және цианидті сумен жуып толық кетіргенге дейін ерекше жағдайларда ғана рұқсат етіледі.
132. Цианид тұнбаларын кептіру, ұсақтау, сынамадан өткізу және қаттауға арналған ғимарат циандау бөлімшесінен оқшауланады және қалдықтарды технологиялық және санитарлық тазартумен және жалпы айналымдағы желдеткішпен жабдықталады.
Ашық тақтайларда цинкті тұнбаларды кептіруге жол берілмейді; кептіру тығыздалған кептіру шкафтарында (пештерде) вакуумда жүргізіледі.
133. Кептірілген цинкты тұнбалары бар қаңылтыр табаларды суыту тығыздалған кептіру шкафтарында вакуумда жүргізіледі.
134. Цианы бар өнеркәсіптік ағындарды залалсыздандыруға арналған ғимарат кәсіпорынның басқа ғимараттарынан оқшауландырылады және дистанциондық басқарылатын жалпы айналымы бар және апаттық желдеткішпен жабдықталады.
135. Цианы бар өнеркәсіптік ағындарды нан өнімдері және басқа да реагенттермен (сутегі, озон тотықтар, тағы басқа) залалсыздандыруды тек ауа сорғыштармен, бақылау аспаптарымен және дистанциондық басқарумен жарақталған тығыш оқшауланған құрал-жабдықта ғана іске асыруға рұқсат етіледі.
136. Кәсіпорын аумағынан улы заттардан залалсыздандырылмаған арнайы киімді алып кетуге және арнайы киіммен оның сыртына шығуға жол берілмейді.
Арнайы киім алдын ала залалсыздандырылғаннан кейін жуылады және жөнделеді.
Цианды ерітінділермен (пульпамен) жұмыс тек резина қолғаптармен, фартукпен және етікпен, жүргізіледі; шалбар етіктің сыртына шығарылады. Цианды ерітіндімен жұмыс жасау орындары жергілікті тарту желдеткіштерімен жабдықталады.
137. Циандаудың барлық жасау бөлімшелерінде шұғыл көмек көрсету үшін профилактикалық пункттер қойылады. Пункттер барлық жұмыс алаңдарында олардан цианы бар құрал-жабдыққа дейінгі ара-қашықтық 25 м аспайтындай етіп орналастырылады.
Пункттерге өту жолдары жырықтандырылады, құрал – жабдықтар мен коммуникациямен кедергісіз, еркін қол жетерлік етіп жасалады.
Профилактикалық пункт улануға қарсы, қажетті ыдыстармен, улануға қарсы нұсқаулықпен, басқа да медикаменттер мен таңу құралдарымен алғашқы көмек аптечкасымен жарақтандырылады.
Профилактикалық пунктке еденнен 2 м деңгейде орнатылған пайдалану түтігіне араластырғыш арқылы берілетін суық және жылы су келтіріледі.
Пайдалану түтіктерінде шашыратқыштар орнатуға жол берілмейді.
3-параграф. Сорбция, десорбция, қайта жаңғырту және электролиз бөлімшелері
138. Жұмыс ғимараты атмосферасына улылығы жоғары заттардың түсінің алдын алу үшін бөлімшедегі құрал-жабдықтар (пачуктер, колонкалар, електер) толығымен саңылаусызданады, ал газдар сорғысы тікелей бөлектенген орыннан іске асырылады.
139. Десорбция және қайта жаңғырту үрдістерін бақылау және басқару автоматтандырылған.
Сорбция, десорбция, қайта жаңғырту, реагенттерді сақтау және дайындау ғимараттары ауа ортасын бақылауды үздіксіз істеп тұратын автоматты аспаптарымен жабдықталады, синиль қышқылы буларының шекті рұқсат концентрация мөлшерінің жұмыс орындарында асып кеткендігі туралы хабарландыратын дабыл бергіштер жүйесімен (дыбыстық, жарықты) жалғанған.
140. Десорбция, қайта жаңғырту және электролиз ғимарттарындағы жұмыс тек жалпы айналымдағы үздіксіз істеп тұрған желдеткіш болған кезде ғана іске асырылады. Желдету жүйесі істемей қалған жағдайда қызмет көрсететін қызметкерлер тез арада ғимараттан шығарылады. Ғимаратқа кіргізу жалпы айналымдағы желдеткішті жаңартқаннан кейін және шекті рұқсат концентрациясы бойынша ғимарат атмосферасындағы зиянды қоспалар (синиль қышқылы, тағы басқа) мөлшері төмендетілгеннен кейін іске асырылады.
141. Шайырды колонкалар бойынша араластырған кезде бақылау терезелері мен колонкалар қақпақтары саңылаусыз жабылады.
Шайырды басқа ортасы бар құрамды колонкаға (сілтіден қышқылға немесе керісінше) тасымалдау үрдісінде ерітінділер толығымен бөлектенеді. Ерітінділерді шайырмен бірге тасымалдауға жол берілмейді.
142. Колонкалардан ерітінділер мен шайырдан сынама алу тек қақпақтардағы люктер немесе колонкалардың бүйіріндегі есіктер арқылы алынады. Сынама алу үшін колонкалардың қапақтарын ашуға жол берілмейді.
143. Цианды үрдіске десорбцияның және қайта жаңғыртудың қышқылды шаю ерітінділерін қайтаруға тек оларды алдын ала сілтілермен (ізбеспен, күйдіргіш натриймен) бейтараптандырғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.
144. Тауарлық регенератты электролиздеу ғимараты жалпы айналыстағы және апаттық желдеткіш жүйесімен, шекті рұқсат концентрациясынан асып кететін концентрациядағы сутегі мен қышқыл буларының мөлшері туралы дабыл беретін аспаптармен жабдықталады.
145. Катод бөлігінде электролизді айырбастау жұмыстарында жұмысшылар арнайы резеңке киімдерін, етіктер, алжапқыштар, қолғаптар, қорғаныс көзілдіріктерін киеді.
4-параграф. Құмдарды байыту
146. Конвейер-скрубберлік жуу аспаптарында жұмыс жасау кезінде қызмет көрсетуші қызметкерлер (оператор, бункерші және сорғы станциясының машинисі) араларында екі жақты және қайталама байланыс қамтамасыз етіледі.
147. Жуу аспабының конвейер таспасынан шомбал тастарды лақтыру үшін арнайы тартпалар жабдықталады.
Шомбал тастарды жинау орны қоршалады.
148. Өнеркәсіптік аспаптар бункерлеріндегі ілінісулерді жою арындау сумен немесе арнайы құралдармен жүргізіледі.
Бункерлерден шомбал тастарды жинау тек қоректендіргіш және конвейерді тоқтатқаннан кейін арнайы құрылғы (блок, тросс тағы сол сияқты) немесе кранның көмегімен іске асырылады.
149. Гидромониторщиктің жұмыс орны құмды дезинтеграциялау орны, гидровашгерд тартпасы, төгінді және гидроэлеватор маңайында орналасқан құрал-жабдықтың жақсы көрінуі қамтамасыз етілетіндей етіп орналастырылады.
150. Қыс мезгілінде жұмыс жасауға арналған жылытылған өнеркәсіптік аспаптарды пайдалану кезінде әрбір бөлек жағдайда қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар қаралады.
8-тарау. Реагент бөлімшесі және реагенттер қоймалары
1-параграф. Жалпы талаптар
151. Реагенттерді сақтау немесе олармен жұмыс істейтін ғимараттар шекті рұқсат концентрациясынан аспайтын деңгейде сол ғимараттардың ауа қабатындағы зиянды заттарды жоюмен қамтамасыз ететін желдеткіштермен жабдықталады. Реагент ғимаратынан алыстатылған ауа ауа қабатына шығарылар алдында бейтарапталып тазартуға ұшырайды.
152. Реагент бөлімшесінде желдеткіштер жұмысын тоқтату туралы хабар беретін дыбыстық немесе жарықты дабыл бергіштер қаралады.
Желдету қондырғысы тоқтап қалғанда немесе ауа ортасындағы зиянды заттар мөлшері шекті рұқсат концентрациядан асып кеткенде ғимараттағы жұмыс тез арада тоқтатылады, ал жұмыскерлер таза ауаға шығарылады.
Ғимаратқа кіруге тек жалпы айналымдағы желдеткішті қалпына келтіргеннен кейін және жұмыс зонасы ауасындағы зиянды заттар мөлшерін шекті рұқсат концентрациясына дейін төмендеткеннен кейін ғана рұқсат етіледі.
153. Жалпы желдетуден басқа ғимараттар, реагенттерді түсіру орындары, ыдысты ашу орындары (ерітінді чандары, тұндырғыштар және зиянды заттар бөліп шығарытын басқа аппараттар) тығыздалуы және сорғыш бөлмесі бар жергілікті тарту құрлғыларымен жабдықталады.
154. Реагенттермен жұмыс жасау кезінде олардың шашырауы, шаңдануы, топыраққа, еденге, құрал-жабдыққа, ыдыстарға және киімге төгілуі мүмкіншілігіне жол бермейтін шаралар қабылданады.
Еденге немесе аппаратураға түскен реагенттер тез арада жиналады, бейтараптандырылады және технологиялық регламентке сәйкес сумен шайылады.
Реагенттерді сақтау, тиеу және түсіру орындарында міндетті түрде төгілген және сусып аққан реагенттерді залалсыздандыру үшін жеткілікті мөлшерде қажетті құралдар болады.
Реагент бөлімшелерінде химикаттарды тері бетінен тез арада кетіру үшін апаттық душ немесе суы бар ванна орнату қарастырылады, көзді шаю үшін су бұрқақтарымен жабдықталады. Аталған құрылғылар тек тікелей тағайындалуы бойынша пайдаланылады.
155. Желдету жүйелерін және реагент өткізгіштерді жөндеу жұмыстарына, тазартуға, тексеруге, реагенттер бөлімшелері мен қоймаларда ыдыстарды тазарту және залалсыздандыру жұмыстарына жіберілген тұлғалар жұмыстар басшысынан алдын ала нұсқаулық алады және жұмыстар көлемі мен қауіпсіздік шаралары көрсетілген арнайы наряд-шақтама бар.
Реагенттер сақталатын және олармен жұмыс жасалатын ғимаратқа бөгде адамдардың болуына жол берілмейді.
156. Орындарда пайдаланылған сүрту материалдарын тастауға болмайды. Барлық пайдаланылған сүрту материалдары жиналады және жойылады.
157. Реагенттері бар ғимараттарда жеке киім мен тамақ өнімдерін сақтауға, темекі тартуға және қызметкерлердің тамақтануына жол берілмейді.
158. Флотогеагенттер сақтау, ерітінділерін дайындау, тасымалдау және пайдалану кәсіпорынның басшысымен (техникалық басшысымен) бекітілген) әрбір реагент үшін әзірленген технологиялық регламентке сәйкес іске асырылады.
159. Реагент қалдықтарының пайдалануға жарамсыз ластанған және реагент бөлімшесінің ағындарын химиялық тазарту немесе залалсыздандыру технологиялық циклдің басқа ғимараттарынан бөлектенген ғимаратта іске асырады. Бұл ғимараттарға адамдардың жіберілуіне жол берілмейді.
Өзара әрекеттескен кезде улы заттар (күкіртсутегі, цианды сутегі, мышьякті сутегі тағы басқа) түзетін ағындардың қосылуына немесе құбырлы өткізгіштерге кептетіліп қалатын ерімейтін тұнбаларды жіберуге жол берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |