Өнеркәсіптік ғимараттарға қойылатын талаптар


Өндірістік ғимараттардың жіктелуі



бет3/6
Дата05.12.2022
өлшемі1.5 Mb.
#466534
1   2   3   4   5   6
т7

1.2 Өндірістік ғимараттардың жіктелуі

Өндірістік ғимараттар келесі белгілері бойынша жіктеледі:
1) Қолданылуы бойынша:
негізгі (өндірістік), сол өнеркәсіптің өнімін дайындайтын цехтарды орналастыруға арналған (механикалық жинақтайтын, құю, тамақ, тоқу және сол сияқты);

  • қосалқы (көмешкі)-өндірістік, негізгі өндіріске қызмет көрсететін (жөндеу-механикалық, аспаптық, жәшіктер цехтары және соған ұқсас);

  • қоймалық, дайын өнімді, шикі затты, жартылай дайын өнімді және басқа материалдарды сақтауға арналған;

  • энергетикалық, (ЖЭО, транс­форматорлық қосалқы станция, қазандықтар, компрессорлық станциялар және с.ұ.);

  • көліктік (локомотив депосы, гараждар, көлік жөндеу шеберханалары және т.б.);

  • санитарлы-техникалық (сорғыш станциялары, айдау станциялары) цехтардың орналасуына арналған;

  • қосалқы (көмекші) (әкімшілік-тұрмыстық) зауытпен, зертханамен, асханамен, тұрмыстық бөлмелермен және басқалармен басқаруды орналастыруға арналған;

2) Мықтылық дәрежесі бойынша (құрылымдық элементтің ұзақ уақыттылығына және отқа төзімділігіне, технологиялық қондырғы құнына байланысты) өндірістік ғимараттар төрт класқа бөлінеді (I, II, III и IV). I классқа жоғарлатылған талаптарды, ал IV клас­сқа төменгі талаптарды қанағаттандыратын құрылыстарды жатқызады.
3) Құрылыс шешімі ерекшеліктеріне байланысты өндірістік ғимараттар төмендегідей жіктеледі:

  • қабат саны бойынша (бір қабатты, екі қабатты, көп қабатты және араласқан (әртүрлі) қабатты);

  • аралық саны бойынша (бір және көп аралықты, сурет 1). Аралық дегеніміз бағананың (тіректің) бойлық қатарларымен шектелген ғимарат көлемі;

  • көтеріп-тасымалдау қондырғысының болуына байланысты (крансыз немесе көпірлі және аспалы крандармен);

  • жабын пішіні (профиль) бойынша (фонармен, фонарсыз) (сурет 1);

  • құрылымдық түрі бойыншау (қаңқалы, көтергіш қабырғалармен, толық емес қаңқалы);

  • жылыту жүйесі және температуралық жағдай бойынша өндірістік ғимараттар төмендегідей ажыратылады: «суық» ішкі температураның реттелуін қажет етпейтін (жылытылмайтын қоймалар, сақтау орындары және т.б.);

  • жылытылатын қысқы мерзімде жұмыс істеу аймағында ауа температурасын 8-25 0С, жылудың бөлінуі 24 Вт\м (20 ккал\м3сағ)-қа дейін, ауа температурасы жұмыс істеу аймағында 18-25 0С болуды талап етеді;

  • ыстық цехтар жұмыс істеу аймағында ауа температурасы 16-25 0С кезінде артылған жылудың бөліну 24 Вт/м3-тан артық;

  • ауа алмасу жағдайы бойынша: терезелер арқылы табиғи желдетумен, жасанды (желдеткіштер және ауа өткізу жүйесі көмегімен), ауаны баптаумен;

  • жасанды желдетумен, бөлмедегі берілген көрсеткіштер температура, ылғалдылық және ауаның тазалық дәрежесі автоматты түрде ұстап тұрылады;

  • жарықтандыру жүйесі бойынша: табиғи (терезе және шамдар арқылы), жасанды және араласқан.

Өндірістік ғимараттардың жіктелуі құрылыс объектісін толық және анық сипаттауға ықпал етеді және жобалау кезінде экономикалық тиімді шешімдерді таңдауда қажет етеді.




а) бір қабатты, көп аралықты, көпірлі кранды, фонары бар ғимарат , б) екі қабатты, көп аралықты, в) бір қабатты, екі аралықты, аспалы кранды, ішкі суағармен, г) бір аралықты, бір қабатты, 1-көпірлі кран;
Сурет 1 - Өндірістік ғимараттардың түрлері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет