Ұйымдастыру шаралары еңбек үрдісін оңтайлы ұйымдастыруға, жұмысшылардың жұмыс орнын, жұмыс істеу кезіндегі дене қалпын, қозғалыстарын, еңбек және демалу тәртіптерін оңтайландыруға, зиянды факторлармен қатынаста болу уақытының ұзақтығын шектеуге және т.б. бағытталған. Мысалы, рұқсат етілген шегінен аспайтын діріл деңгейінде жұмыс істеу кезінде, жұмысшының дірілмен байланыста болу уақыты жұмыс ауысымы уақытының ⅔ бөлігінен артық болмауы тиіс. Бұған демалу үшін қосымша регламенттелген үзілістерді енгізу, сонымен қатар, өзара алмасып жұмыс істей алатын мамандары бар кешенді бригадалар құру сияқты, ұйымдастыру шараларымен қол жеткізеді. Мұндай бригадаларда әрбір жұмысшы бірнеше мамандықты меңгереді, бұл оған бүкіл жұмыс ауысымы бойына, үнемі қауіпті діріл туғызатын жабдықтармен ғана жұмыс істемей, басқа жұмыс түрлерін де орындауға мүмкіндік береді.
Емдеу-алдын-алу шараларын цех дәрігері және өнеркәсіп жұмысшыларына қызмет көрсететін медицина мекемелерінің басқа да мамандары атқарады. Бұл мекемелерге медициналық-санитарлық бөлімдер, дәрігерлік және фельдшерлік денсаулық сақтау пункттері сияқты,өнеркәсіп кәсіпорындары жанындағы денсаулық сақтау мекемелерінің арнайы жүйесі және де елді мекеннің аумақтық жүйесінің медициналық мекемелері: емханалар, ауруханалар, диспансерлер - жатады.
Олардың жұмысы цехтік қағида (принцип)бойынша құрылады. Бұл дегеніміз, әрбір цехқа, емдеу-алдын алу жұмысына жауапты, дәрігер-терапевт (цехтік дәрігер) бекітіледі. Цех участкелеріне бөліп, қызмет көрсетудіңартықшылығы аурудың алдын-алу мен емдеу шараларының бірлігін қамтамасыз ету болып табылады. Цехтік терапевттік учаске – жұмысшыларға өндірістік қағида бойынша жүргізілетін емдеу-алдын-алу көмегінің негізгі және бастапқы буыны: учаскеге еңбек жағдайы және өндіріс технологиясы ұқсас цехтар іріктеліп алынады.
Медициналық-санитарлық бөлім (МСБ)өнеркәсіптік денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі буын болып табылады. Ол құрылымында, жоғары мамандандырылған арнайы медициналық жәрдем көрсететін және клиникалық, биохимиялық, функционалдық зерттеулердің толық кешені жүргізілетін емханасы мен стационары бар кешенді медициналық бірлестік болып табылады. МСБ құрамына, сондай-ақ кәсіпорын цехтарында орналасқан дәрігерлік және фельдшерлік денсаулық сақтау пункттері, профилакториялар, ингаляция жүргізетін орындар, фотарийлер кіреді. МСБ, жұмыс істеушілерінің саны 4000-нан асатын ірі кәсіпорындарда, ал химия, көмір және мұнай өңеркәсіп кәсіпорындарында жұмыс істеушілер саны 2000 және одан да артық болғанда ұйымдастырылады.
Медициналық-санитарлық бөлімдері жоқ шағын өнеркәсіп кәсіпорындарына аумақтық емханаларда қызмет көрсетіледі. Бұл кезде емхана дәрігерлерінің бірі цех дәрігері болып жұмыс істейді.
Медициналық-санитарлық бөлімнің және жұмысшыларға қызмет көрсететін басқа да денсаулық сақтау мекемелерінің негізгі міндеттері:
· жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс орнына максимальды жақындатылған мамандандырылған және арнайы медициналық көмек көрсету;
· кәсіптік және жалпы аурушаңдық себептерін талдау;
· кәсіпорынның әкімшілігімен, кәсіподақ және қоғамдық ұйымдарымен және СЭБ-пенбірлесіп еңбек және тұрмыс жағдайларын сауықтыру, жалпы және кәсіптік аурушаңдықтың, жарақаттанулардың, уақытша еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан аурушаңдықтың, мүгедектіктің алдын-алу жөнінде шаралар дайындау және жүргізу;
· өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысшылары мен қызметкерлеріне алдын-алу мақсатында (алдын ала және кезеңдік) медициналық тексерулер жүргізу; диспансерлік есепке алу;
· санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.
Бұл міндеттердің бәрі мамандығы, әдетте терапевт болып табылатын цехтің учаскелік дәрігерінің жұмысына кіреді. Цех учаскесінде бір цех терапевті 2000-ға жуық жұмысшыларға, ал таукен, химия және мұнайөңдеу кәсіпорындарында 1000-ға жуық жұмысшыларға қызмет көрсетеді Цех дәрігері цех медбикесімен бірге емдеу жұмысын да және аурудың алдын-алу жұмысын жүргізеді. Ол күнделікті емханада науқастарды қабылдайды, сонымен қатар белгілі бір сағаттарда цехтің денсаулық сақтау пунктінде жұмыс істейді.
Цех дәрігерінің жұмысында келесі бағыттарды ажыратады:
· емдеу-алдын-алу;
· санитарлық-гигиеналық;
· бұқаралық -ұйымдастырушылық-
Достарыңызбен бөлісу: |