"Өнімділік 2020" бағдарламасын бекіту туралы



бет1/3
Дата23.02.2016
өлшемі0.52 Mb.
#8627
  1   2   3
"Өнімділік 2020" бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысы


"Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 22 шілде № 307-308 (26702); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 31, 314-құжат


      «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына және «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.04 № 738 Қаулысымен.
      1. Қоса беріліп отырған «Өнімділік 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар және өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
      3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар (келісім бойынша) «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу, мониторингілеу қағидаларына сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы


Үкіметінің   
2011 жылғы 14 наурыздағы
№ 254 қаулысымен 
бекітілген     

«Өнімділік 2020» бағдарламасы

1. Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның       «Өнімділік 2020» бағдарламасы


атауы  

Әзірлеу үшін        «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік


негіздеме           қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012
                    жылғы 9 қаңтардағы Заңы және «Қазақстан
                    Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық
                    дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған
                    мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан
                    Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының
                    күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан
                    Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19
                    наурыздағы № 958 Жарлығы (бұдан әрі – Мемлекеттік
                    бағдарлама)

Әзірлеуші           Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа


                    технологиялар министрлігі 

Бағдарламаның        Экономиканың басым секторларында


мақсаты              еңбек өнімділігін арттыру жолымен өнеркәсіптік
                     кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Бағдарламаның        1. Кәсіпорындар қолданып жүрген басқару және


міндеттері           өндірістік технологияларды жетілдіру
                     2. Жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту
                     (техникалық қайта жарақтандыру) және бәсекеге
                     қабілетті жаңа өндірістерді құру

Іске асыру           2011 - 2020 жылдар


мерзімдері           1-кезең - 2011 - 2014 жылдар, 2011-пилоттық,
                     2-кезең - 2015 - 2020 жылдар

Нысаналы             Бағдарламада қойылған міндеттерді іске асыру


индикаторлар         мақсатында 2020 жылға дейін мынадай нысаналы
                     индикаторларға қол жеткізіледі: Бағдарламаға
                     қатысатын өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының
                     еңбек өнімділігін кемінде екі есеге ұлғайту

Қаржыландыру         2011 жылы республикалық бюджетте 15 764 910 мың


көздері              теңге, 2012 жылы – 10 133 367 мың теңге,
                     2013 жылы – 303 500 мың теңге, 2014 жылы –
                     303 500 мың теңге, 2015 жылы – 303 500 мың теңге
                     көзделген. Инновациялық гранттарға және қазiргi
                     заманғы басқару технологияларын енгізуге
                     арналған шығыстар тиiсiнше Қазақстан
                     Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 қарашадағы
                     № 1308 және 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1291
                     қаулыларымен бекiтiлген Қазақстан
                     Республикасында инновацияларды дамыту және
                     технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөнiндегi
                     2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламада және
                     Елдiң 2020 жылға дейiнгі ғылыми-технологиялық
                     дамуының салааралық жоспарында көрсетiлген.
                     Республикалық бюджеттен келесi жылдарды
                     қаржыландыру көлемi жоспарланатын кезеңге тиiстi
                     бюджеттердi қалыптастыру кезiнде нақтыланады
      Ескерту. 1-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.04 № 738, 06.03.2013 № 220 қаулыларымен.

2. Кіріспе

      «Өнімділік 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа он жылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын, Мемлекеттік бағдарламаны және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар Кеңесінің 23-ші пленарлық отырысының 2010 жылғы 4 маусымдағы № 01-8.1 хаттамасын іске  асыру шеңберінде әзірленген.


      Бағдарлама Дүниежүзілік банктің әдістемелік қолдауымен әзірленді және Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру құралдарының бірі болып табылады.
      Экономиканың жалпы өнімділігі оның айтарлықтай деңгейде бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын фактор болып табылады. Ғылымды көп қажетсінетін өнімді шығаратын өңдеуші салалар кәсіпорындары үлесінің ұлғаюы экономикадағы еңбек өнімділігінің деңгейін едәуір арттырады. Сондықтан да мемлекетке оның өнімділігін арттыруды ынталандыру, инновациялық әзірлемелерді ендіру, қазіргі заманғы басқару технологияларын ендіру және жалпы кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңғырту өмірлік маңызды. Бүгінгі күні бәсекеге қабілетті  жаңа өндірістерді құру, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және сөзсіз, қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу бірінші
дәрежелі міндет болып табылады.
      Бұл ретте, еңбек тиімділігіне бизнестің инновациялық белсенділігі, күшті бренд, персоналдың біліктілігі, өткізу нарығының тартымдылығына қол жеткізу, бәсекелі ортаның сапасы, өнімдерді немесе қызметтерді шебер жылжыту және сату қабілеттілігі де әсер етеді. Бұдан басқа, қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу мәселелерінде менеджменттің рөлі басты болып табылады.
      Қалыптасқан жағдайды есепке ала отырып, тиісті Бағдарламаны әзірлеу арқылы қазіргі заманғы басқару және энергия үнемдеуші технологияларды енгізудің, кәсіпорындарды жаңғыртудың және жаңа бәсекеге қабілетті өндірістер құрудың жүйелі құралдарын қабылдау қажет.
      Бағдарламаны іске асыру шеңберінде:
      мемлекет Бағдарлама әкімшісі (Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі) және арнайы белгіленген комиссиялар және кеңестер арқылы мемлекеттік қолдау құралдарын ұсыну мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды;
      қажет болғанда Бағдарламаны іске асыру шеңберіндегі құжаттарды мүдделі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен келісуді Бағдарлама операторы «бір терезе» қағидаты бойынша орындайтын болады;
      Бағдарлама шеңберінде оның бір қатысушысына Бағдарлама құралдарын кешенді ұсынуға жол беріледі.
      Бағдарламада пайдаланылатын ұғымдар:
      ведомствоаралық комиссия - кәсіпорындарды жаңғырту жөніндегі ведомствоаралық комиссия - орталық мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, даму институттарының өкілдері мен халықаралық сарапшылардың қатысуымен Бағдарлама әкімшісінің жанында құрылатын консультативтік-кеңесші орган;
      Бағдарлама әкімшісі - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі;
      Бағдарлама операторы - «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы;
      құрал операторы - мемлекеттік қолдау құралдарын ұсынатын, жарғылық капиталында мемлекет 100 пайыз қатысатын заңды тұлға;
      өтінім беруші - Бағдарламаға қатысуға өтінім берген және Бағдарлама шеңберінде инвестициялық жобаның іске асырылуына қызығушылығы бар кәсіпкерлік субъектісі;
      қатысушы - Бағдарламаға қатысушыларына қойылатын өлшемдерге сәйкестігі туралы Бағдарлама операторының оң сараптамалық бағалауы бар кәсіпкерлік субъектісі;
      инвестициялық жобаның кешенді жоспары - қажетті экономикалық, техникалық, басқару және өзге де құжаттама пакеті;
      басқару және өндірістік технологиялар - белгілі бір алгоритм бойынша түрлі бейінді кәсіпорындарда орындалатын немесе өндірісті және еңбек өнімділігін тиімді ұйымдастыруды арттыруға бағытталған ғылымның, техниканың және қоғамның жалпы жетістіктерін пайдалана отырып ақпараттық, есептеушілік, ұйымдастырушылық, өндірістік және логикалық іс-қимылдардан тұратын басқару және өндіріс үдерістерін орындау жөніндегі ұйымдастырушылық шаралар кешені.
      Ескерту. 2-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.09.01 № 999 Қаулысымен.

3. Ағымдағы жағдайларды талдау

      Мемлекеттік бағдарлама экономиканың әртараптануы мен бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін, оның шикізаттық емес секторларын жедел дамытуды көздейді.


      2010 жылы Қазақстанның өнеркәсібі тұрақты өсу қарқынын көрсетеді. 2010 жылдың 1 жартыжылдығында жалпы ішкі өнім (бұдан әрі - ЖІӨ) көлемі 8 733 001, 3 млн. теңгені құрады және алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 8,0%-ға өсті. 2010 жылдың 1 жартыжылдығында ЖІӨ-дегі тауарлар өндірісі мен қызметтер өндірісінің үлесі тиісінше 40,5%-ды және 56,8%-ды құрады. ЖІӨ өндірісіндегі негізгі үлесті - 32,0%-ды өнеркәсіп құрайды.
      Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2010 жылғы қаңтар-тамыздағы қолданыстағы бағаларының 7467,6 млн. теңгені құрады, бұл 2009 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 10,9 %-ға көп. Тау-кен өндірісі өнеркәсібінде өндіріс 5,8 %-ға, өңдеуші өнеркәсіпте 19,1 %-ға, электрмен қамту, газ беру, бу және ауа желдеткіші 7,6%-ға өсті. Тамақ өнімдері мен мұнайды қайта өңдеу, тоқыма бұйымдары, құрылыс материалдары, металлургия, химия өнеркәсібінің өнімдері мен машина жасау өндірісі артты. Өндірістің өсуі республиканың 15 өңірлерінде байқалады.
      Құндық мәндегі Республиканың экспорт көлемі 2005 - 2009 жылдар аралығында 55,1%-га 27,9-дан 43,2 млрд. АҚШ долларына дейін өсті, сонымен қатар 2008 жылмен салыстырғанда экспорт көлемі 2009 жылы 39,3%-ға, 71,2-ден тиісінше 43,2 млрд. АҚШ долларына дейін қысқарды. Құндық мәнде экспорт көлемінің төмендеуі ең алдымен, әлемдік нарықта тұтынушылар сұраныстарының төмендеуімен және елдің негізгі экспорттық  баптары болып табылатын негізгі энергия тасымалдаушылар мен шикізат ресурстарына бағаның төмендеуімен байланысты болды.
      Бүгінде 1000 жуық қазақстандық компания экспорттық операцияларды жүзеге асырады, олардың 750 өңделген өнімді экспорттайды. Қазақстан өнімдерінің негізгі сатып алушылары Қытай (Республиканың барлық экспортынан 15,7 %), Италия (15,7%), Франция (9,2%), Ресей (9,1%) - болып табылады.
      Өңдеуші өнеркәсіп экспортының үлесі 26,8%-ды құрайды, оның 14,9 % үлес салмағын металлургиялық өнімдер экспорты алады. Негізгі экспорттық тауар топтарына минералдық шикізаттар мен одан жасалған өнімдер, металдар мен одан жасалған бұйымдар, химия саласының, мал шаруашылығының және өсімдік шаруашылығының өнімдері жатады. 2005-2009  жылдар ішінде жоғары қосылған құны бар өңделген экспорттың басты баптары - машина мен жабдықтар, дайын азық-түлік тауарлары, барлығы 2,6-3,5% немесе 0,7- 2,5 млрд. АҚШ долларын құрайды. Өнеркәсіп өнімдері экспортының тауарлық құрылымында айрықша үлесті шикі мұнай
мен табиғи газ иемденеді (64,8%).
      Қазіргі заманғы әлемде еңбектің жоғары өнімділігі бәсекелестік артықшылық болып табылады, оны статистика да растайды. Мәселен, жоғары өнімділік арқасында өндірістік жағынан дамыған мемлекет көшбасшылығын сақтап отыр, бұл - АҚШ, Франция, Германия. Оларға
өндірістегі лайықты бәсекелестікті Ирландия, Бельгия, Люксембург, Норвегия және басқа елдер құрайды.
      Бүгінгі күні Қазақстандағы еңбек өнімділігі төменгі деңгейде қалып отыр. Орта есеппен бір адамға ол 30-40 мың АҚШ долларын құрайды, сонымен бірге дамыған елдерде бұл көрсеткіш 200 мың АҚШ долларына тең. Мәселен, Қазақстанда ең төменгі еңбек өнімділігі ауыл шаруашылығында байқалады - жылына жұмыс істейтін бір адамға 3 мың АҚШ долларына жуық, ал дамыған елдерде - 50-70 мың АҚШ доллары. Қазақстанның машина жасауында бұл көрсеткіш 10-17 мың АҚШ долларын құрайды, шетелдік бәсекелестерде -90 мың АҚШ доллары. Бұл артта қалушылық бірқатар факторлармен, солардың біреуі болып табылатын: ағымдағы қуаттылықтарының толық жүктелмеуімен, негізгі қорлардың жоғары тозуымен және менеджменттің қазіргі заманғы технологияларды енгізе және қолдана алмауымен түсіндіріледі.
      Табиғи және моральдық жағынан ескірген технологиялық жабдықтар мен жоғары шығындар көптеген отандық кәсіпорындарға толық көлемде шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеттерін шешуге мүмкіндік бермейді. Кәсіпорындар үшін өндірістік әлеуетті тек жетілдіру ғана емес сол бұрынғы деңгейде қолдау да проблема болып табылады. Осындай жағдайда қалыптасқан өндірістік әлеует толық көлемде кеңейтілген жеделдетілген шығаруға көшуді қамтамасыз ете алмайды.
      Осылайша, өнеркәсіптік кәсіпорындарда табиғи және моральдық жағынан тозған қорлардың жинақталуының қарқынды үдерісі оларды пайдалану тиімділігіне теріс әсер етеді және жаңғырту жөніндегі іс-құралдарды өткізу қажеттілігін растайды. Сонымен қатар, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы басқару технологияларын белсенді түрде ендіру қажет. Олсыз жаңғырту тұрақты бәсекеге қабілетті кәсіпорындар құруға мүмкіндік бермейтін, қымбатқа айналады.
      Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту, қайта құру немесе өндірістердің экспортқа бағыттылығын дамыту перспективасымен қазіргі заманғы өндірістерді құру арқылы орта және ірі бизнесті дамыту мемлекеттік бағдарламаның басымдықтары болып табылады. Орта және ірі бизнес халық шаруашылығын дамытуға, әлеуметтік проблемаларды шешуге, жұмыс істейтін қызметкерлердің санын арттыруға айтарлықтай әсер етеді.
      Қазақстан Республикасының өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңғыртудың жүйелі құралдарын жасау мақсатында Бағдарлама операторы Атамекен одағымен бірлесіп, 16 өңірді және 10 өнеркәсіп салаларын білдіретін 187 өнеркәсіптік кәсіпорынның технологиялық аудитін жүргізді.                Технологиялық аудит барысында өндірістердің дамуына кедергі келтіретін проблемалар анықталды, атап айтқанда:
      қарызға алынған қаражаттың жоғары құны;
      индустриялық инфрақұрылымның дамымауы;
      кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының дамымауы;
      кәсіпорында алдыңғы жылдары құрылған үлкен борыштық жүктеме олардың инвестициялық белсенділігін шектейді;
      басты түрде технологиялық жабдықтарды жаңартудағы және жаңғыртудағы, оның ішінде металлургия саласының кәсіпорындарында -58,4%, ал жекелей алғанда - 70% дейін жететін инвестициялардың төменгі деңгейімен шартталған, өндеуші өнеркәсіп салаларының көптеген  кәсіпорындарының негізгі қорларының тозуы (60% асады). Тозу машина жасау кәсіпорындарында - 56,7%, химия және фармацевтика - 45,3%, құрылыс индустриясы - 39% құрайды.
      ресурсты қажетсіну және бірінші кезекте, өнімнің энергияны көп қажетсінуі және тиісінше ресурстық-энергия үнемдейтін технологияларды, «жасыл» технологияларды және т.б. енгізудегі объективті қажеттілігі;
      өнеркәсіп құрылымында шикізат салаларының, тікелей, негізінен шетелдік инвестициялар ағынының тау-кен өндіру өнеркәсібінде басым болуы;
      қазақстандық кәсіпорындар мен экономиканың толығымен жоғары технологиялық өнім импортына тәуелділігінің күшеюі, бұл едәуір дәрежеде ұлттық қауіпсіздік көрсеткіштерін нашарлатады;
      жоғары технологиялық инвестициялық жобаларды ендіруге және іске асыруға қабілетті техникалық профилдің жоғары кәсіби басқарушы кадрларының жетіспеушілігі;
      өндірістік үдерістерді жаңғырту үдерісінде жабдықтар мен көлік құралдарына қызмет көрсететін жұмысшы персоналы біліктілігінің төмен деңгейі.
      Технологиялық аудиттің алдын ала нәтижелері жаңғырту үдерісін іске қосу үшін «пилоттық» жобаларға шоғырлануы қажеттігін, ол ерте демонстрациялық табысқа арналған мүмкіндіктерге ие екендігін көрсетті. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, «пилоттық»  жобаларды әзірлеу жұмыс істеу үшін демонстрациялық алаң болып
табылады.
      Мемлекет шикізаттық емес секторлардың экспортына толық қолдау көрсетпейді, ал ірі әлемдік көшбасшылардың кәсіпорындарын жаңғыртудың әлемдік тәжірибесінің талдауы көрсеткендей жаңғырту үдерісі мемлекеттің экономикаға және өзінің өндірушісін қолдауға ауқымды араласуымен сипатталды.
      Жаңғырту кезінде Жапонияда экономиканы инновациялық дамытудың және оларды мемлекеттік қолдаудың алуан құралдарының көмегімен іске асырудың ұзақ мерзімді жоспарлары әзірленді, ол мынадай құралдарды қамтыды:
       басым ғылыми-техникалық жобаларды мемлекеттік қаржыландыру;           саланы дамытудың ұзақ мерзімді жоспарларын және шешімдерді іске асыру;
      кәсіпорындарды экспорттық кредиттеуді жүзеге асыратын арнайы банктерді құру;
      патент беруге өтінімдерді қараудың жедел рәсімі, зияткерлік меншік құқықтарын тиімді қорғау;
      импорт тарапынан бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған саясат жүргізу;
      шетелдік технологияларды лицензиялауға көмек көрсету;
      кәсіпорындарды біріктіру саласында көмек көрсету;
      Аталған құралдарды қолдану нәтижесі әлемдегі технологиялық көшбасшылық болып табылады.
      Германияда жүргізіліп жатқан жаңғыртудың басты мақсаты - бұл ресурстарды жұмылдыру және оларды капиталды қажетсінетін жобаларға шоғырландыру. Осы мақсатпен инвестициялық банкілерді өндірістік кәсіпорындармен қаржы-өнеркәсіптік топтарға біріктірді. Үш ірі топтың басында ұлттық банктер - DеntsсhВаnk, DrеsсіеrВаnk АG тұр. Осындай өнеркәсіптік концерндердің өндірстік қызметі негізінен жоғары технологияларды қолдану негізінде ірі және жаппай өндіріс дамыған экономиканың бір ірі саласын немесе кіші саласын қамтиды.
      Жаңғырту үшін сапаларды таңдау бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
      экспорттық әлеует, бәсекелі артықшылық;
      өсу перспективасы;
      жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.
      Кәсіпорынды жаңғырту кезінде барынша ең аз салымы бар мемлекеттік қолдау құралдары мынадай құралдарды қамтыды:
      қолайлы салық режимін құру;
      валюта бағамын қолдау;
      орта және шағын кәсіпорындарды қолдау.
      Алайда, жеке бизнестің дамуына бөгет жасамай, мемлекет қатаң монополияға қарсы заңдарды және қатаң техникалық мемлекеттік стандарттарды белгіледі.
      Осылайша, Қазақстан Республикасының экономикасын индустриялық-инновациялық дамытудың маңызды бағыттарының бірі мемлекеттің қолдауы кезінде жеке амалға негізделген өнеркәсіптік жаңғырту болып табылады.
      Бағдарламаны табысты іске асыру және өнеркәсіптік кәсіпорындардың өнімділігін арттыру үшін өнеркәсіптік қаржылық және қаржылай емес қолдау саясатын қайта қарау талап етіледі.

4.Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

1. Бағдарламаның мақсаты

      Экономиканың басым салаларында өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттіліктерін еңбек өнімділіктерін арттыру арқылы өсіру.



2. Міндеттері

      Бағдарламаның міндеттері:


      кәсіпорындарда қолданылатын басқару және өндірістік технологияларды жетілдіру;
      жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру.

      
3. Бағдарламаның нысаналы индикаторлары

      2020 жылға дейінгі нысаналы индикаторлар:
      Бағдарламаға қатысушы өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарында еңбек өнімділігін кемінде 2 есеге ұлғайту;
      Бағдарлама қатысушыларының қуаттылықтарының орташа жүктемесін 80%-ға дейін ұлғайту;
      2015 жылға дейінгі нысаналы индикаторлар:
      Бағдарламаға қатысушы өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарында еңбек өнімділігін кемінде 1,5 есеге ұлғайту;
      Бағдарлама қатысушыларының қуаттылықтарының орташа жүктемесін 70%-ға дейін ұлғайту;
      15 кәсіпорында жыл сайын басқару технологияларын енгізу.

      
4. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

      Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:
      индустриялық-инновациялық дамуға бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде жеке сектор кәсіпорындары үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыру;
      экономиканың шикізат емес секторындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жеке секторды, бірінші кезекте қаржы ұйымдарының қаражатын тарту;
      өнеркәсіп кәсіпорындарының, бірінші кезекте орта және ірі бизнестің қаржы-экономикалық тұрақтылығын арттыру көзделеді.
      Бағдарламаның негізгі сандық және сапалық нәтижелері:
      Бағдарламаға қатысушы өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарында еңбек өнімділігін кемінде 2 есеге ұлғайту;
      Бағдарламаның қатысушыларының қуаттылықтарының орташа жүктемесін 80%-ға дейін ұлғайту.

5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

      Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылады:


      1-кезең - 2011 жылдан 2014 жыл аралығында жүзеге асырылатын болады, бұл ретте 2011 жыл - пилоттық болып табылады;
      2011 жылы Бағдарлама жаңа бизнес бастамаларды қолдау, жұмыс істейтін кәсіпорындарды жаңғырту және индустриялық кәсіпорындардың кадрлық әлеуетін нығайту бойынша іске асырылатын болады. Пилоттық кезеңді іске асыру нәтижелері бойынша Бағдарламаға өзгертулер мен толықтырулар, сондай-ақ қосымша мемлекеттік қолдау құралдары енгізілуі мүмкін.
      2012-2014 жылдары Бағдарлама жаңа бизнес бастамаларды қолдау және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және индустриялық кәсіпорындардың кадрлық әлеуетін нығайту бойынша іске асырылатын болады.
      2-кезең - 2015-2020 жылдар.
      2015 - 2020 жылдары Бағдарлама жаңа бизнес бастамаларды қолдау және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту бойынша іске асырылатын болады.

1. Бағдарлама қатысушысына қойылатын өлшемдер

      Мынадай өлшемдерге сәйкес келетін кәсіпкерлік субъектілері Бағдарлама қатысушылары бола алады:


      осы Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде экономиканың басым салаларында инвестициялық жобаларды іске асыратындар және (немесе) іске асыруды жоспарлайтындар;
      машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату бойынша қызмет көрсету саласында инвестициялық жобаларды іске асыратын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда (ЭҚЖК коды 33), осы Бағдарламаның 2-қосымшасында ұсынылған өнімдерді өткізетіндер және (немесе) шығаруды жоспарлайтындар;
      қаржылай тұрақты (банк(тер) немесе банк(тер) филиалы(дары) алдында барлық міндеттеме түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің және салықтық берешегінің болмауы және басқалар);
      инвестициялық жобаның кешенді жоспары бар (инвестициялық жобаның кешенді жоспарын өтінім берушінің жеке өзі немесе Бағдарлама әкімшісі бекіткен тізбеден консалтингтік компанияны тарту арқылы әзірлеуі мүмкін).
      Инвестициялық жобаның кешенді жоспары мына көрсеткіштерге қол жеткізуді көздеуі тиіс:
      инвестициялық жобаның қаржылық өтімділігі;
      еңбек өнімділігін екі есе, бірақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту жобалары бойынша салалық орташа деңгейден бір жарым еседен кем емес немесе жаңа инвестициялық жобалар бойынша салалық орташа деңгейден үш есе арттыру;
      өнімнің бәсекеге қабілеттілігі (ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие өнім).
      Ескерту. 1-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.04 № 738 Қаулысымен.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет