Өнімнің өзіндік құны, оның мазмұны және құрылымы


Өзіндік құнды есептеудің шетелдік тәжірибедегі әдістері



бет3/3
Дата15.12.2023
өлшемі29.25 Kb.
#486684
1   2   3
1 ЕГЖ Жақсығалиев Бекзат эконономика

1.3 Өзіндік құнды есептеудің шетелдік тәжірибедегі әдістері

Әрбір мемлекетте әр өнім өндіруші өнімнің өзіндік құнын есептеп, өндірістік шығындарды төмендетуге талпынуы қажет. Өткізетін өнімнің бағасы мен басқа да жағдайлар тұрақты болғанда, өнім бірлігіне қажетті шығындарды қысқарту табыс көлемін ұлғайтады.


Әр мемлекетте өндірістік шығындарды азайтудың әр түрлі жолдары қолданылады. Олардың барлығын төмендегідей етіп біріктіруге болады:

    1. Өндірістік-техникалық деңгейін жоғарылату шаралары:

  • өндірістік үрдістерді механизациялау мен автоматизациялауды басқарудың автоматизацияланған жүйелері мен жаңа технологияларды енгізу;

  • қолданылатын техника мен технологиялардың эксплуатациясы;

  • өнім сапасын жоғарылату, өнімдердің техникалық сипаты мен құрылымын өзгерту;

  • еңбек құралдарын жетілдіру, яғни жетілдірілген шикізат пен материалдар;

  • шикізат пен материалдарды ұтымды пайдалану;

  • өндірістің техникалық деңгейін жоғарылатушы басқа да факторлар;

  • амортизациялық аударымдарды көбейту арқылы өнімділікті жоғарылатушы құралдарды қолдану.

Жалпы, материалдар мен ресурстарды үнемдеудің түрлі жолдары бар, олардың негізгілері төмендегідей:

  1. Материал, шикізат, отын, электроэнергияны рационалды пайдалану;

  2. Бұрыс өнімді жою;

  3. Экономикалық материалдардың жаңа түрін енгізу;

  4. Шикізат пен материалдарды кешенді пайдалану.

    1. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру шаралары:

  • өндірісті басқаруды жетілдіру;

  • еңбекті ұйымдастыруды жақсарту;

  • материалдық-техникалық қамсыздандыруды жетілдіру;

  • өндірістік емес шығындарды жою;

  • өндірісті мамандандыру;

  • шығындарды жақсарту;

  • жұмысшылардың уақытын нәтижелі пайдалану;

  • өндірісті ұйымдастыруды жетілдірудің басқа да факторлары.

    1. Өндірілетін өнімнің көлемі мен құрылымын өзгерту шаралары:

  • амортизациядан басқа, тұрақты шығындарды айтарлықтай қысқарту;

  • өндірістік қорларды пайдалануды жақсарту, соған байланысты амортизациялық аударымдарды айтарлықтай қысқарту;

  • өндірілетін өнімнің құнын өзгерту.

    1. Пайдалы қорлар мен басқа да шикізаттарды қысқарту әдістері мен табиғи жағдайларды өзгерту.

Ескеретін жайт, өнімнің өзіндік құнын қысқарту – бір жолғы процесс емес, ол күнделікті кәсіпорын басшыларының алдындағы міндет болып табылады.
Өзіндік құнды төмендету дегеніміз – жүйелі әдіс-тәсілдерді және жалпы басқаруды талап ететін көп жоспарлы үрдіс.
Соңғы 34-40 жылдар ішінде дамыған мемлекеттер өндірілген өнімге кеткен шығындарды ескергенде, қысқартылған калькуляция әдісін қолданып келеді. Бұл әдіс тұрақты, ауыспалы, жалпы және шекті шығындарды анықтайды.
Шетелдік кәсіпорындарда өнімнің өзіндік құнын жоспарлағанда және бақылағанда, оның ішінде ауыспалы шығындарды зерттегенде «директ-костинг» әдісі қолданылады. Бұл әдісте негізгі қаржылық көрсеткіш ретінде маржиналды табыс және табыстың өзі алынады. Ол келесі кестеде көрсетілген:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет