Онлайн оқушы договор қазақша docx


Білім алушы – Орындаушының ақпараттық қызметтерін тікелей алатын жеке тұлға. 1.5



бет2/17
Дата03.05.2024
өлшемі1.44 Mb.
#500429
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Келісімшарт Juz40 (2)

1.4. Білім алушы – Орындаушының ақпараттық қызметтерін тікелей алатын жеке тұлға.
1.5. Тапсырыс беруші – Орындаушының Шартына қол қойған тұлға, яғни білім алушы немесе білім алушының заңды өкілі, ата-анасы;
1.6. Тапсырыс – Тапсырыс берушінің Шарттың талаптарына сəйкес ауызша/ жазбаша немесе мессенджер арқылы ресімделген Қызметтерді көрсетуге арналған тапсырмасы;
1.7. Тараптар –Шарттың Тараптары бірлесіп Орындаушы, сондай-ақ Тапсырыс беруші мен Білім алушы (егер ол Тапсырыс беруші болмаса);
1.8. Дербес деректер – Шартпен регламенттелген, белгілі бір жеке тұлғаға қатысты, электрондық, қағаз жəне (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген мəліметтер;
1.9. Дербес деректерді жинау – дербес деректерді алуға бағытталған іс-əрекеттер;
1.10. Дербес деректерді өңдеу – дербес деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, иесіздендіруге, бұғаттауға жəне жоюға бағытталған іс-əрекеттер;
1.11. Үшінші тұлғалар – қазіргі уақытта да, болашақта да Орындаушымен Тапсырыс берушінің дербес деректерін жинау, өңдеу жəне қорғау жөніндегі мəн-жайлар немесе құқықтық қатынастар бойынша байланысты тұлғалар.
1.12. Куратор – Білім алушыларға курстарда оқуға көмектесетін маман. Үй тапсырмасын қадағалайды, сұрақтарға жауап береді, ұйымдастыру мəселелерін шешеді жəне оқу процесінде қолайлы жағдай жасайды, сондай-ақ Тапсырыс берушінің/ білім алушылардың сабақтарға деген мотивациясының төмендегенін көтермелейді, оқытуды ұйымдастыруға көмектеседі (телефон қоңырауларын соғады, сабақтарға рұқсат береді, чаттар жасайды), Тапсырыс берушілерден/ білім алушылардан кері байланыс жинайды. Куратор қызметтерін Орындаушы бонустық қызметтер түрінде ұсынады, олар Орындаушының қызметтеріне кірмейді.
1.13. Абоненттік төлем – осы Шарттың 5.1.1-тармағында көрсетілген тарифке сəйкес таңдалған, нақты тұтынылған қызмет көлеміне тəуелді емес, белгілі бір уақыт кезеңі үшін Тапсырыс берушінің төлеуге міндетті белгіленген ай сайынғы төлем мөлшері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет