8.1. Орындаушы міндетті:
8.1.1. Осы Шарттың талаптарына сəйкес сапалы, тиісті түрде, толық көлемде қызмет көрсету; 8.1.2. Қызметтер үшін төлем төлегеннен кейін Тапсырыс берушіге/білім алушыға Орындаушы платформасында қолжетімділікті қамтамасыз етуге;
8.1.3. сыпайы, ұстамды, тəртіпті болуға, Telegram, WhatsApp чатында/ тобында өзара құрмет пен бағыныстылықты сақтауға міндетті;
8.1.4. білім алушыларға жəне олардың ата-аналарына (оларды алмастыратын адамдарға) қосымша (оның ішінде ақылы) қызмет түрлерін таңдау құқығын беруге.
8.1.5. ата-аналарға (оларды алмастыратын адамдарға) ақпараттық қызметтердің барысымен жəне мазмұнымен, білім алушының үлгерімінің қорытындыларымен танысуға мүмкіндік беруге.
8.1.6. Орындаушы мұндай мəліметтерді беру заңнамада көзделген немесе білім алушының өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда, білім алушының жеке басы мен денсаулық жағдайы туралы мəліметтерді жəне осы Шартқа сəйкес Орындаушыға белгілі болған оның заңды өкілдерінің, ата-анасының жеке деректерін жария етпеуді қамтамасыз етуге міндеттенеді.
8.1.7. Орындаушы білім алушының үлгерімі мен мінез құлқына ағымдағы жəне аралық бақылауды жүзеге асыруға жəне оның ата анасы мен білім алушының нəтижелері туралы қолжетімді нысанда хабарлауға.
8.2. Орындаушы құқылы:
8.2.1. Оқыту курсы процесінде Орындаушы Тапсырыс берушінің / білім алушының оқу курсын меңгеру сапасын анықтау үшін аралық аттестаттауды, емтихандарды, сынақтарды өткізуге құқылы.
8.2.2. Орындаушы сабақ кестесін, ұзақтығын өзгертуге құқылы. Мұндай өзгеріс Орындаушының біржақты шешімі бойынша жүргізіледі жəне Тапсырыс берушіге / Білім алушыға қандай да бір алдын ала хабарлауды талап етпейді.
8.2.3. ақпараттық білім беру процесін өз бетінше жүзеге асыру, сабақ кестесін өз бетінше анықтау, курстың басталуы мен аяқталуын анықтау, оқытушыны тағайындау жəне ауыстыру, Тапсырыс берушінің / Білім алушының бағалау жүйесін, аралық аттестаттаудың, емтиханның, сынақтың нысандарын, тəртібі мен кезеңділігін таңдауға.
8.2.4. Тапсырыс беруші / Білім алушы оқыту ережелерін орындамаған /бұзған жағдайда, Тапсырыс беруші жүргізген төлемді (алдын ала төлемді) қайтармай, қызмет көрсетуді уақытша немесе толық тоқтата тұруға.
Достарыңызбен бөлісу: |