Онтуганова шынар шералиевна


•Әрекеттің бағдарлы негізінің сызбасын құру



Pdf көрінісі
бет24/94
Дата13.04.2024
өлшемі6.99 Mb.
#498564
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   94
11.04.2023.disser

2
Әрекеттің бағдарлы негізінің сызбасын құру
•Әрекетті орындау үшін қажет бағдарлар мен нұсқаулар жүйесі анықталады: әрекетті меңгеру
барысында бұл сызба үнемі тексеріледі және нақтыланады.
3
Әрекетті материалды (материализацияланған) формада қалыптастыру
•Субъект талап етілген әрекеттерді әрекеттің сырттай көрінген бейнелеріне сүйене отырып
жасайды, атап айтсақ, әрекеттің бағдарлы негізінің сызбасына сүйенеді.
4
"Қатты әлеуметтендірілген сөйлеу"
•Әртүрлі тапсырмаларды жүйелі түрде дұрыс шешуде әрекеттің құрамын бірнеше рет бекіту
нәтижесінде бағдарлы сызбаны қолдану қажеттілігі туындамайды; оның мазмұны әрекетті
қалыптастыру үшін тірек ретінде болатын сөйлеуде көрінеді.
5
"Өздігінен сырттай сөйлеуде" әрекетті қалыптастыру
•Сөйлеудің дыбыстық, сыртқы жағының бірте-бірте жоғалуы жүзеге асады
.
6
Әрекеттің заттық мазмұны
•Сөйлеу үдерісі санадан "кетеді", онда тек соңғы нәтижені қалдырады.


40 
1. Ақыл-ой әрекетін бағыттаудың толық болуы: яғни қандай да болмасын 
дағдыны қалыптастырудың өзі балаларға бағы беру, түсіндіруден басталады. 
Оқушы осы бағытпен өздігінен орындауға кіріседі. 
2. Әрекеттің материалдық түрде қалыптасу кезеңі. Оқушы көргенін 
орындайды, бірақ бұл әлі сыртқы материалдық формада (мысалы оқушының 
таяқша салуға кірісуі: басын қисайтып, шынтағын көтеріп, саусақтарының бәрін 
бүгіп, бар күшін жұмсауы). 
3. Әрекеттің сыртқы сөйлеу ретінде көрінуі (балалар дауыстап сөйлеп 
отырады). Бұл кезеңде үрделі әрекеттер бөліп-бөіп орындалады. 
4. Әрекетті ішінен сөйлеп отырып орындайды. Яғни дағды мен шеберлікке 
саналы үйренеді, әрбір қимылды не үшін, не мақсатпен орындайтынын біледі. 
Бұл сатыда бірқатар артық қимыл-қозғалстар жойылып, жинақталады. 
5. Дағды мен біліктің толық қалыптасып бітуі оны басқа ситуацияларда 
өздіктерінен қолдана алуларынан көрінеді. Сонымен бірге оқушылардың сөйлеу, 
жазу 
дағдыларын 
қалыптастыру 
жолдарын 
санамалап 
көрсеткен 
С.Рахметованың пікірінен, «оқушы тек мұғалімнің айтқанын немесе оқулықтағы 
дайын материалды ғана меңгеріп қоймауы керек, сонымен қатар өз күшімен, 
өздігінен бақылау арқылы қорытынды ереже шығара алатындай болуы тиіс» деп 
ойлау, зейін қою, есте сақтау белсенділігін бастауыштан дамыту қажеттігін 
байқаймыз [111]. 
Бастауыш мектепте оқушылардың ойы мен тілін дамыта оқытуда осы 
жүйені сақтау қажет деп білеміз. 
Оқушыларды логикалық білімдерге үйрету барлық пәндерді оқыту 
барысында жүзеге асыру көзделген. Бастауыш мектептегі негізгі пәндерде 
оқушылардың логикалық білімдерді нәтижелі игерудің мүмкіндігі мол. 
Мектепте оқытылатын пәндердің бәріне бірдей керекті бәрін қаусырап, орын 
алатын қазақ тілі екендігінде дау жоқ. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай, өзге 
пәндерді түсіну мүмкін емес екендігі де анық. Алайда, логикалық сауаттылыққа 
игертуге бастауыш мектептегі математика сабағы тиімді. Көптеген 
педагогикалық зерттеулердің нәтижелері бастауыш мектепте негізгі пәндерді 
оқыту процесінде жалпы логикалық дағдыларды қалыптастыру орынды екенін 
көрсетеді. Сонымен қатар көптеген зерттеулерде бастауыш сынып 
оқушыларының логикалық ойлауын қалыптастырудың ең өзекті оқу пәні 
математика екені атап өтіледі [112].
Осыған байланысты, баланың логикалық ойлау мәселесін зерттеген 
П.П.Блонский балалардың логикалық ойлауы мен тіл байлықтарын дамытуында 
мектептің ерекше рөлін атай кетіп, мына екі кезеңді қарастырады: 
1. Мектеп курсының бірінші жартысында заттардың атауларын меңгеру 
және оларды жіктеу, балалардың әдетіне айналуы тиіс. 
2. Мектеп курсының екінші жартысында балаларда бақылау арқылы дұрыс 
ой қорытынды жасай алу дағдысы қалыптасуы керек [113]. 
Мұнда баланың ойы мен тілі дамуы үшін ойлау амал-тәсілдерінің 
маңыздылығы нақты көрсетіледі. Сонымен қатар, оқушы дұрыс ой қорытынды 
жасау үшін ақиқат пен жалғанды ажырата білуі керектігі айтылады. Ақиқаттық 


41 
дүние дегеніміз – бір-бірімен байланысты, тұтас, бір бүтін нәрсе. Ондағы 
нәрселер мен құбылыстар бір-біріне тәуелді, бір-бірімен шарттас және 
қозғалыста, дамуда болады. Сыртқы дүниедегі нәрселердің қозғалысы мен 
дамуы белгілі бір заңдар бойынша жүреді. Егер біздің ойымыз бұл заңдарды 
дұрыс бейнелесе, онда біз оларды игергеніміз болып табылады.
Ақыл-ой тәрбиесін берудің негізгі құралы – мектептегі оқыту. Өйткені, 
ақыл-ой тәрбиесі көздеген мақсат-міндеттер – оқыту үдерісінде жүзеге асады.
Оқушылардың логикалық ойының дұрыс қалыптасуына мұғалімнің сабақты 
түсіндіру логикасының маңызы ерекше екенін М.А.Данилов көрсеткен. Ол 
оқушылар белгілі бір ойлау деңгейінде болғандықтан, олардың соған сәйкес 
қабылдау мүмкіндіктер мен оны саналы игеру мүмкіндіктерін ескеру қажеттігін 
айтады.
М.А.Данилов [100,б. 102] оқушылардың логикалық ойлауына ықпал ететін 
мына жағдайларды атап көрсетеді (сурет 8). 
Сурет 8 – Оқушылардың логикалық ойлауына ықпал ететін жағдайлар 
Әрбір адам бала кезінен бастап, адамдармен пікірлеседі, өзінің күнбе-күнгі 
сөйлеу тәжіребесінде тілдік мағыналық жағын меңгереді, біртіндеп сөздік қоры 
молайып отырады. Алғашқы кезде бала көптеген дыбыстарды, жеке сөздерді 
үлкендерге еліктеу арқылы үйренеді. Осы кездегі сөздері көбінесе жеке-жеке, 
нақтылы болып келеді. Өсе келе өз ана тілінің негізгі сөздік қорын, сол тілдің 
ішкі заңдылықтарын үйренеді, кейін есейе келе тілдің дамуы қоғам дамуының 
көп ғасырлық тарихи кезеңдерінде қалыптасып отыратын құбылыс екенін 
аңғарады. 
А.Х. Аренова өзінің зерттеулерінде ойлау әрекетінің дербестігінің дамуына 
мүмкіндік туғызатын тапсырмалардың мынадай түрлерін ұсынған:
- өз бетімен мақсат қоюды дамытуға бағытталған тапсырмалар: мәтін 
бойынша сұрақтар қою; көрсетілген талаптарға байланысты бұл сұрақтарды 
өзгерте білу; берілген тапсырмаға ұқсас тапсырмалар құрастыра білу, т.б.
Жаңа материалды түсіндірудің нақты белгіленген, оны жүзеге асыратын логикасының 
болуы
Оқылатын зат пен құбылыстар туралы нақты елестету көріністері мен түсініктерінің 
болуы
Оқушының мұғалімнің қолданатын сөздерінің мағынасын нақты түсінуі
Оқушы санасында шешуді қажет ететін сұрақтың пайда болуы немесе үйреншікті, 
қалыптасқан көріністермен және оларға сәйкеспейтін жаңа фактілер арасындағы 
қарама-қайшылықтарды шешуі
Мұғалімнің оқушының алдындағы нақты қиындықты түсініп, оған жедел, тиімді көмек 
көрсете білуі


42 
- өз бетімен жоспарлауды дамытуға бағытталған тапсырмалар: берілген 
мәтінді бөлімдерге бөлу, оларға ат қою; мәтінді сөйлемдерге ажырату; суретке 
байланысты әңгіме жазу; мазмұндамаға жоспар құру, т.б.
- өзін-өзі бақылауды дамытатын тапсырмалар: берілген сөздерді салыстыру; 
екі есептің шешімдерін салыстыру, т.б.
- өз әрекетін бағалауды дамытатын тапсырмалар: әңгіме кейіпкерінің мінез-
құлығын шығарма авторының көзқарасымен бағалау [114].
Бастауыш сынып жасындағы баланың білім алуы ең алдымен тілден 
басталады. Бастауыш білім беру ерекшеліктерінің бірі – тілдің мүшелерін нық 
білдіріп, баланың ойы мен тілін байыту. Тіл ұғымдарының дерексіздігі 
(абстракциялығы) және ұйғарымдардың қатаң дәлелденетіндігі оқушылардың 
логикалық дайындығына табиғи мүмкіндік жасайды. Сол себепті мектепте 
оқушыларды логика элементтерімен таныстыру тілдік білімдерді меңгерумен 
тығыз байланысты жүзеге асырылады. Шындығында да, негіздеу және жүйелі 
ойлау, ой қорыту, жалпылау, талдау жасау, дедуктивті ойлау, дерексіздеу және 
нақтылау т.б. сонымен қатар өз ойын жүйелі, дәл айтып беру – бастауыштағы 
пәндерде оқушылардың күнделікті орындайтын жұмысы. Өкінішке орай, 
оқушылардың сабақтарда алған қарапайым логикалық білімі мен дағдылары 
пәндерді оқыту барысында жеткілікті түрде пайдаланылмай келеді [115].
Бұдан жаңа білімді қабылдап, оны саналы түсіну барысында және білімді 
игерудің басқа кезеңдерінде де, оқушының логикалық ойы мен тілі қарқынды 
дамиды деген қорытынды жасауға болады. 
Бастауыш білім берудің негізгі міндеттерінің бірі – оқушы тілін дамыту. 
Тілді меңгеру – сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана 
емес, тіл үйренумен бірге бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, 
сезімдерін, сұлу үлгілерін, ойлау жүйесін, ой фәлсәфәсін де меңгереді. Себебі ол 
пәннің өзіндік ерекшелігі сөйлеу. Ал сөйлеу мен ой тығыз байланысты. Сонымен 
қатар, М.Жұмабаев ойлауды өркендетудің жолдарын ұсынады [27,б. 12] (сурет 
9). 


43 
Сурет 9 – Ойлауды өркендетудің жолдары 
М.Есмұхан: «Оқушылардың математикалық білімін қалыптастыруды және 
ойлау қабілетін дамытуды құрылымдаудың дидактикалық негіздері» атты 
диссертациясында ойлауға: «Ойлау үдерісі деп ой қозғалысын айтады», - деп 
анықтама бере келе, ой қозғалысқа келу үшін ой өрісі және сол өрісте ойға әсер 
етуші күш болу және оны қозғалысқа келтіретін әдістер құрастырылу керектігін 
айтады [116].
Г.Уәйісова өзінің ғылыми еңбегінде: «Сабақта түсіндірілген әрбір жаңа 
сөздің мағынасын шәкірттердің анық ұғунуынан бастап, ол сөзді өз беттерінше 
қолдана білуіне дейінгі аралықты бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады: 
а) жаңа сөзді оқушылардың қабылдауы, дұрыс түсінуі; 
ә) ол сөздің барлық мағыналық реңктерімен түсінікті болуы; 
б) арнаулы тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың мұғалім 
түсіндірген жаңа сөзді қолдана білу икемділігі; 
в) сөйлегенде, жазу жұмысында өз беттерімен еркін қолдануға 
машықтанады» – деп [117] бала бойына әрбір ұғымды дұрыс қалыптастыруға 
қажетті кезеңдерді белгілейді. Ғалым анықтаған бұл кезеңдердің біз үшін 
маңызы бар. Себебі, ойлаудың бір қалыбы болып табылатын ұғымды дұрыс 
қалыптастыру - дұрыс ойлаудың негізі. 
А.Е. Жұмабаева: «Рефлексиялық үдеріс – талдау, жинақтау, салыстыру, 
қорытындылау сияқты кезеңдерден тұрып, соның негізінде жаңа жоспарлар құра 
алуға жеткізеді» [69,б. 87] деп тұжырым жасайды. Демек, бұл тұжырымның өзі 
логикалық амалдардың ойлау үдерісіндегі маңызды рөлінен өзге, рефлексиялық 
үдерісте де маңызын айқындайды.
Жүргізілген зерттеулерден «ой (ойлау) мен тіл (сөйлеу)», «ақыл-ой» ұғымы 
психологиялық, педагогикалық зерттеулерде орын алғандығына көз жеткізуге 
болады. Ғалымдар өз тұжырымдары мен анықтамаларын ұсынады. Әйтсе де, 
барлық анықтамалар мен пікірлер бір мазмұнға келіп тоғысады. Оған төмендегі 
кестеден көз жеткізуге болады. «Ой», «ойлау», «тіл», «сөйлеу» мен «ақыл-ой» 
1. Баланың жадында дұрыс әсерленулер, һәм ашық суреттеулердің көп болуына иждиһат қылу 
керек. Әсерленулер, суреттеулер өздері аз болып және дұрыс һәм ашық болмаса, баланың ұғым, 
хұкім жасауы һәм ой шығаруы қате болады. Ойдың өзінің терең болуы үшін әсерлену һәм 
суреттеулердің көп һәм ашық болуы керек. Қанша дегенмен адам суреттеулер бойынша ойлайды. 
Сондықтан балаға бір пікірді ұқтырмақшы болсақ, жалаңаш пікірді айтуда қасиет жоқ, бала 
пікірді суреттеудің өзінен шығарып алсын.
2. Бала заттарды, көріністерді ұқсас сындары бойынша тап-тапқа бөліп үйренсін. Мысалы, 
дыбыстарды, харіптерді бөлу, өсімдікті, жануарды тап-тапқа бөлу сықылды. Бірақ баланы 
заттарды, көріністерді тап-тапқа бөлгізіп үйреткенде, жеңілден ауырға көшуді естен 
шығармауға керек.
3. Бала көріністердің, ойлардың араларындағы байламды һәм олардың қайсысы қайсысына 
себеп екенін тауып үйренсін. Бұл балаға мысалдардан ереже – заң шығартқызып үйрету 
сықылды істермен болады 


44 
түсінігіне анықтама берген ғалымдардың пікірлеріне контент талдауды 
ұсынамыз (кесте 2).
Кесте 2 – Педагогикалық-психологиялық еңбектердегі «ой», «ойлау», «тіл», 
«сөйлеу» және «ақыл-ой» ұғымдарына контент-талдауы 
Автор 
Анықтама 
Түйінді ойлар 



Педагогикалық-
психологиялық 
сөздік 
Ой - сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары 
формасы. 
Бейнелеудің 
формасы 
Ойлау - ақиқат дүниенің мида жанама түрде 
ұғымдар арқылы барлық қасиет, байланыс 
қатынастарымен бейнеленуі». 
Мида ұғымдардың 
бейнеленуі 
Тіл - қарым-қатынас құралы», - деп анықтама 
береді.
Қарым-қатынас 
құралы 
И.Г.Песталоцций 
Ойлау мен сөйлеу бақылау негізінде жүзеге 
асырылады. 
Бақылау арқылы 
жүзеге асады 
Л.В.Рубинштейн
Ойлау іс-әрекетпен тығыз байланысты. Адам 
шындықты оған әсер ету арқылы таниды, 
дүниені өзгерту арқылы түсінеді. Ойлау тек іс-
әрекетпен, немесе әрекет ойлаумен қатар 
жүрмейді, әрекеттің бастапқы формасы ойлау. 
Ойлаудың бастапқы түрі әрекетте және 
әрекетте ойлау, әрекетте орын алып, әрекет 
арқылы ашылатын ойлау. 
Әрекеттің 
бастапқы формасы 
М.Жұмабаев 
Заттарды ұғу үшін жұмсалатын жан көрінісі 
ойлау деп аталады 
Жан көрінісі 
Л.С.Выготский 
Ойлау 

мектеп 
жасындағы 
баланың 
психикалық дамуында үлкен рөл атқаратын 
маңызды функциялардың бірі.
Психикалық 
дамудағы маңызды 
қызмет 
А.А. Люблинская 
Ойлау – қабылдау, қиял секілді адам 
танымының формасы болып табылады. 

Ж.Аймауытов 
Ой мен іс амал жүзінде адамның жүретін түзу 
жолы. 
Түзу жол 
М.Ж.Көбеев 
Тіл – ой маржаны, ойсыз тіл жоқ ... 
Ойсыз тіл жоқ! 
А.Байтұрсынов 
Сөз шумағы тіл деп аталады.
Сөз шумағы 
Ә.Алдамұратов 
Ойлану деп – мәселені шешудегі толғану 
үдерісін айтады. 
Толғану үдерісі 
Тіл көзге көрінбейтін әр адамның басында 
қалыптасқан қатынас жасау мөлшері. 
Қарым-қатынас 
жасау мөлшері 
Ал сөйлеу сол қатынас мөлшерлерін жүзеге 
асырушы адамның әрекеті. 
Адамның әрекеті 
М.Есмұхан 
Ойлау үдерісі деп ой қозғалысын айтады. 
Ой қозғалысы 
С.Б.Бапа 
Жантану ғылымында ойлау – бұл тұлғаның 
шындықты 
жалпылама 
және 
жанама 
бейнелеуге бағытталғын әрекеті. 
Жалпылама және 
жанама бейнелеу 
Тіл – сөйлесу құралдарының қатаң қалыпқа 
келтірілген жүйесі. 
Сөйлесу 
құралдарының 
жүйесі 


45 
2- кестенің жалғасы 



сөйлеу – ой мен сезімді жеткізуге арналған 
тілдің екеуара қатынасты әрекеттік қолданымы. 
Тілдің әрекеттік 
қолданымы 
Т.Тәжібаев 
Ойлау - ақиқат дүниені өзара барлық байланыс, 
қатынастарымен сәулелендіретін психикалық 
үдеріс. 
Ақиқат дүниені 
сәулелендіру 
Ойымызды басқа біреуға жеткізуде көрінетін 
жеке адамның дербес әрекетін сөйлеу деп 
атайды. 
Дербес әрекет 
Қ.Жарықбаев: 
Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен 
құбылыстарының байланыс қатынастарының 
миымызда жалпылай және жанама түрде сөз 
арқылы бейнеленуі. 
Сөз арқылы 
бейнелену 
Тіл 
– 
адам 
сана-сезімінің, 
оның 
психологиясының көрсеткіші. 
Сана-сезім 
көрсеткіші 
М.Мұқанов 
Ойлау адамның сыртқы дүние заттары мен 
құбылыстарының өздеріне тиісті қарым-
қатынастарының жалпылап сөзбен бейнеленуі. 
Сөз арқылы 
бейнелеу 
Ж.Б.Қоянбаев 
Р.М.Қоянбаев 
Ойлау - заттар мен құбылыстардың арасындағы 
табиғи байланыстарды және қатынастарды 
бейнелейтін психикалық үдеріс. 
Психикалық үдеріс 
Ақыл-ой тәрбиесі – адам зиялылығының негізі. 
Ақыл-ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып 
ойлау және ақыл-ой күштері. 
Адам 
зиялылығының 
негізі 
А.М.Матюшкин 
Ойлау 
адам меңгеретін жай білімдер 
жиынтығына 
да, 
адамның 
дағдыларына 
айналған әрекеттерге (іс-тәжірибелік және 
ақыл-ой әрекеттері) де келіп саймайды. 
Оқытудағы ойлаудың қажеті сонда, ол 
әрекеттердің игерілетін жаңа әдістері мен 
білімдерін ашуға қызмет етеді. 
Ойлау – білімдерді 
ашуда басты 
қызмет 
Б.В.Беляев 
Тіл мен ойлау үдерістері бірлікте болу керек. 
Тіл мен ойлау 
бірлікте 
Жоғарыда талданған ғалымдардың зерттеулерінің барлығы баланың ойы 
мен тілін дамыта оқыту қажеттілігінің маңызды айғағы. Сонымен қатар, ой мен 
тілді дамытуға арналған әдіс-тәсілдер зерттеу жұмысында басшылыққа 
алынады.
Ендеше, жоғарыда айтылған пікірлер және педагогикалық-психологиялық 
еңбектердегі деректер бойынша қорытынды жасай отырып, мынадай тұжырым 
жасаймыз: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет