Онтуганова шынар шералиевна


-суреттегі логикалық білімді ұйымдастырудың алғашқы сатысындағы  НЕ?



Pdf көрінісі
бет36/94
Дата13.04.2024
өлшемі6.99 Mb.
#498564
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   94
11.04.2023.disser

 
30-суреттегі логикалық білімді ұйымдастырудың алғашқы сатысындағы 
НЕ? дегеніміз – оқыту барысында логиканың қандай элементтерін енгізу керек; 
-ҚАЙДА? дегеніміз – іріктеліп алынған білім мазмұнын оқытылатын пән 
тақырыптарының қайсысымен байланыстыру керек; 
НЕ?
ҚАЙДА?
ҚАЛАЙ?


86 
-ҚАЛАЙ? дегеніміз – логика элементтерін оқыту амал-тәсілдерін 
оқытылатын пәндердің әдістерімен қалай ұштастыру керек дегенді білдіреді. 
Оқыту барысында қажетті деп саналатын логикалық білім мазмұнын игере 
отырып, оқушыда ойлаудың жүйелілігі, бірізділігі, пайымдаудың құрылымы 
және соны тану арқылы пайымдау жасай алу, ой қорытулар жасау жолдарын тану 
және соның нәтижесінде теориялық байламдар жасауға үйренетін қабілет 
қалыптасады, дамиды. Оқытуда ұсталынатын дидактиканың ғылымилылық 
ұстанымының бір көрінісі осындай интеграциялық-кірігу жолы арқылы 
танылады. Қадағаланып отыруы тиіс аспектіден оқыту барысында не «таза 
логиканы» оқыту болып кетпеуін немесе «таза лингвистикалық» білім беруге 
айналып кетпеу жағын атаймыз. 
Оқушылардың логикалық амалдарды дұрыс қолдана білуді үйретудің бір 
қыры – олардың логикалық қателерге ұрынбауын қадағалау, соған тәрбиелеу 
болып табылады. Мысалы, «Доғал бұрышты үшбұрыш деп – барлық бұрыштары 
доғал үшбұрышты айтады». Бұл анықтама логикалық қателіктер жасауға алып 
келеді. Өйткені, барлық бұрыштары доғал болатын үшбұрыш жоқ. Тілдегі 
заңдылық пен оның анықтамаға айналуы тепе-тең емес ережені түйіндейтін адам 
екендігін ескерсек, кей ретте логикалық қателіктердің орын алып жатуы да заңды 
болатын құбылыс деп білу керек. Оқулықты идеалданған үлгі деп қарамау, 
барлығына сыни көзқкараспен қарау – рефлексиялық жаттығулардың үйретуі 
тиіс дағдылары. Егер оқушы берілген барлық ережелерді зерттеліп аяқталған 
үдерістің нәтижесі деп қабылдайтын болса, онда білім берудің дамытушы күші 
туралы сөз етпеу керек. Ал ойды дамыту дегеннің маңызды бір ұшығы – беріліп 
отырған білім мазмұнына дейін оқушылардың сыни бағасынан, талдауынан 
өтілуі тиіс. Логикалық амалдарды үйретудің тағы бір қажетті қыры – 
оқушылардың өз ойын дәлелдей алуы мен сендіре білу қабілеттерін меңгеруі 
[154].
Ой мен тілді дамыта оқыту барысында логиканы қолданудың жолдары 
қандай болуы мүмкін? Оқыту барысында олар туралы білім мазмұнын 
меңгертуде түрлі оқу-дидактикалық құралдар пайдаланытындығы белгілі, бірақ, 
А.Уёмовтың пікірінше, оқу материалын түсіндіруде олар көп орын алғанымен, 
тиімді білім меңгертудің кепілі бола бермейді-дағы, сөйтіп, оқушылардың 
сабақты түсінбеу проблемасы шешілмей қала береді [155]. 
Н.Құрманова ұсынған жүйеге ену үшін және әрбір компонентті өзара 
байланыстыру үшін, байланыс және қатынас анықталу керек екені белгілі. Ондай 
байланыс ретінде біз оқу-танымдық қызметті алып отырмыз. Ал қатынас 
ретінде дидактикалық қатынас алынады. 
Оқу-танымдық қызмет – дидактиканың жетекші категориясы, ол 
дидактиканың заңдарына бағынады. Оқу-танымдық қызметті жақсы да нәтижелі 
ұйымдастыру үшін, ғылыми негіз болып отырған дидактиканың басты ұғымдары 
анықталады. Ол ұғымдар мыналар: оқыту, оқу-танымдық қызмет, оқытудың 
мақсаты, білім алу, оқытудың әдістері. 
Осылардың ішіндегі дидактиканың басты ұғымы – оқыту екендігі белгілі. 
Оқытудың негізгі белгілері мыналар (сурет 27). 


87 
Сурет 27 - Оқытудың негізгі белгілері 
Біздің ойымызша, оқытудың мұндай сипаттары оқу-танымдық қызметке де 
тән. Сондықтан оқыту дегенде, оқушыға дайын білімді беруді ғана емес, 
танымдық, ізденімдік, дамытушылық қызметін ұйымдастыру деп түсініледі. 
В.Оконь оқытуға мынадай анықтама береді: «Таким образом, обучение – это 
совокупность действий (внешних и внутренних), позволяющих людям узнавать 
природу, общества и культуру, принимать участие вих формировании и 
одновременно 
обеспечивающих 
многосторонее 
развитие, 
навыков, 
способностей и талантов, интересов и симпатий, убеждений и жизненных 
установок, а так же приобретение прфессиональной квалификаций» [156]. 
В.Оконь көрсеткен төмендегі сызба басқа пәндерді оқытуда да негізге 
алынады, әрине ішінара қажетті толықтырулар енгізіледі. Бірақ, дидактикалық 
қатынастың ерекшеліктері негіз болып қалады (кесте 6). 
Кесте 6 – В.Оконь ұсынған мұғалімнің оқушыға білім беруде негізге алатын 
қызметтері мен әрекеттері 
 
Мұғалімнің әрекеті 
Оқушының әрекеті 


Оқушыға пәннен білім алудың 
мақсаты мен міндеттерін 
түсіндіруге арналған қызмет 
Оқуға деген оң мотивациялардың жасалуы, 
көрсетілген мақсаттарға жету үшін тиісті әрекеттер 
жасау 
Оқушыларға жаңа нәрсе, жаңа 
оқиғаларды таныстыру
Жаңа нәрселер мен жаңа оқиғаларды тану 
Ұғымдарды меңгеру үдерісін 
басқару 
Ұғым қалыптасу үшін топтастыру үдерісін жүргізу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет