Онтуганова шынар шералиевна



Pdf көрінісі
бет33/94
Дата13.04.2024
өлшемі6.99 Mb.
#498564
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   94
11.04.2023.disser

Логика элементтері» мазмұндағы тапсырмалардың жалпы саны – 78. Бұл 
оқулықтағы барлық тапсырмалар санының 9% -ын ғана құрайды. 
Бастауыш сынып математика оқулығына бұл жасалған талдау олардың 
оқулықтарға қойылатын талаптарға сәйкес екендігін және олардың 
оқушылардың, ойлау, салыстыру, есеп шығару және т.б. дағдысын дамытуға 
бағытталғанын көрсетіп отыр. Алайда, логика элементтері бар есептердің төмен 
пайызы логикалық амал-тәсілдер арқылы ойы мен тілін дамыта оқытуды жүзеге 
асыру үшін есептердің жеткіліксіз екендігін көрсетіп отыр.
Мысалы, математика пәнінің 96-шы сабағындаағы «Кеңістіктік фигуралар» 
бөлімінде «Текше (куб)» тақырыбы берілген. Оқушылар текшенің қандай 
кеңістіктік фигура екендігін, оның жазбасын танып, моделін жинауды үйренуі 
тиіс. Осы мақсатты жүзеге асыруда оқулықта мынадай тапсырмалар берілген 
(сурет 22):
Сурет 22 – «Текше» тақырыбы материалдары 
Алайда, тақырыптағы «текше» ұғымын ашып, аталған мақсатқа жетуге, 
берілген тапсырманы орындау ғана жеткіліксіз екені анық. Осыған байланысты, 


74 
оқулықтағы тапсырмалар жүйесіне логикалық амал-тәсілдер арқылы 
оқушылардың ойы мен тілін дамыта оқытуға логика элементтері 
қарастырылатын тапсырмалармен толықтыру қажеттілігі артады. 
2. Келесі кезекте, бастауыш сыныптағы «Жаратылыстану» оқу пәнін 
қарастырсақ.
Оқу пәні қоршаған әлемнің күрделілігі мен көпқырлылығын, сондай-ақ 
табиғи құбылыстар мен процестердің өзара байланысын; жанды және жансыз 
табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен процестердің себептерін; 
жаратылыстану-ғылыми білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін 
маңыздылығын; алуан түрлі практикалық және зерттеу әрекеттері арқылы 
алынған білімнің күнделікті өмірмен байланысын түсіндіруге бағытталған.
Жаратылыстану оқушыларды объективті дүниемен таныстырады, соын 
үйретеді, сол туралы білім береді. Ала объективті дүние адам санасында 
сәулеленеді, ойын байытады. Себебі, «Жаратылыстану» оқу пәні негізгі мектепте 
«Биология», «Физика», «География» және «Химия» пәндерінен білім берудің 
негізі және пропедевтикалық курсы болып табылады. Бастауыш мектепте білім 
алушылар негізгі мектептің барлық жаратылыстану-ғылыми пәндері 
курстарынан алғашқы түсініктер алады.
Бұл 
пәннің 
оқулығындағы 
берілген 
тапсырмалардың 
көпшілігі 
оқушылардың өмірлік тәжірибесімен байланысты немесе тәжірибеден алынған, 
олардың жастарына сәйкес түсінікті ұғымдар негізінде түсіндірілген және 
оқушылардың ойлау қабілеттері мен тілін дамытуға бағытталған, суреттер көп 
қолданылады, оқулықтағы айдарлар шартты белгілермен берілген. 
3-сыныпқа арналған «Жаратылыстану» (1 бөлім) оқулығының мазмұнын 
қарастаратын болсақ, оқулықта төрт бөлім қарастырлады. Олар: «Өсімдіктер», 
«Жануарлар», «Адам» және «Заттар және олардың қасиеттері. Ауа мен су». Осы 
бөлімдер бойынша мына тақырыптар қарастырылған: Өсімдіктер: Ғажайып 
фабрика. Фотосинтез үдерісі. Өсімдікке жарық қалай әсер етеді? Өсімдік 
тіршілігіне жылудың әсері. Өсімдік тіршілігіне судың әсері. Өсімдіктер қашан 
«ұйықтайды»? Табиғи бірлестіктің қандай түрлері болады? Табиғи бірлестіктер 
қалай өзгереді? Өсімдік әлемінің досы мен дұшпаны. Өсімдікті қорғаймыз! 
Жануарлар: Өсімдіктер мен жануар-лардың өзара байланысы. Омыртқалы және 
омыртқасыз жануарлар. Жануарлар қайда тіршілік етеді? Жануарлар тіршілік 
ортасын қалай анықтайды? Жануарлар арасында қарым-қатынас. Жануарлар 
тіршілік ортасының өзгеруі. Жануарлар саны неге азаяды? Адам: Ас не үшін 
қажет? Ас қайда қорытылады? Асқорыту жүйесі. Тыныс алу мүшелері. Тыныс 
алу құпиялары. Өкпені шынықтыру. Қанайналым жүйесі. Қанайналым жүйесінің 
жұмысы. Ағза ауырудан қалай қорғанады? Заттар және олардың қасиеттері. Ауа 
мен су: Заттар қандай болады? Қатты, сұйық және газ тәрізді заттар. Ауа неден 
құралады? Суды қайдан таба аламыз? Судың тіршілік үшін маңызы. Суды қалай 
тазартады? Су құбырдың қызметі. Осы бөлімдер бойынша оқулықтағы берілген 
тапсырмаларға тоқталайық (кесте 4): 


75 
Кесте 4 – «Жаратылыстану» оқулығындағы тапсырма мазмұндарына талдау
Оқулықтағы айдарлар 
М
әті
н 
талд
ау
Б
ақ
ы
ла
у 
тап
сы
рм
ас
ы
Зе
ртт
еу 
тап
сы
рм
ас
ы
М
од
ель
ж
ас
ау
Ой
ла
нуғ
а 
бе
ріл
ге
н 
тап
сы
рм
ала
р 
Қ
ы
зы
қты
де
ре
ктер
Тапсырмалар саны 
39 
70 
29 

33 
33 
Тапсырмалар пайызы 
19 % 
35% 
14% 
1% 
16% 
16% 
Жалпы беретін 3 сынып оқушыларына арналған «Жаратылыстану» (1 бөлім) 
оқулығында барлығы – 201 тапсырма берілген. 84 жаңа ұғым кездеседі. 
Оқулықта берілген мәтіндер саны - 39, ол жалпы оқулықта берілген 
тапсырманың 19% құрайды. Оқулықтағы бақылау жасауға арналған 
тапсырмалар саны 70, ол барлық тапсырмалардың 35% құрайды. Зертттеуге 
берілген тапсырмалар саны – 29, ол барлық тапсырманың 14% құрайды. Модель 
жасауға берілген тапсырмалар оқулықтағы барлық тапсырмалардың 1% 
құрайды, демек 4-ке тең. Ал ойлануға берілген тапсырмалар саны асаны – 33, ол 
барлық тапсырманың 16 пайызын көрсетеді. Сонымен қатар, оқулықта қызықты 
деректер берілген. Олардың жалпы саны – 33. Ол барлық тапсырмалардың 16 
пайызын құрайды. 3 сыныптың «Жаратылыстану» пәні оқулығында ойлау
дағдыларын қалыптастыратын ақпараттарды салыстыру, өз бетінше талдау, ой-
қорытындысын жасай алуға бағытталған тапсырмалар бар екенін аңғардық. 
Оқулықтағы ұғымдарды меңгеруде өзіндік ой-қорытынды жасауға мүмкіндік 
беретін тапсырмалардың болуы логикалық амал-тәсілдер көрініс тапқанын 
көрсетеді.
Мысалы, жаратылыстану оқулығының 10-11 беттеріндегі 3 сабақта өтілетін 
«Өсімдіктер» бөліміндегі «Ғажайып фабрика» тақырыбын қарастырайық. 
Тақырыпты оқу барысында оқушылар өсімдіктің не екенін, өсімдіктің жасыл 
түсті мүшелерінде қандай үдерістер жүретінін білуі тиіс. Сонымен қатар, 
оқушылар осы тақырыпта «оттек, көмірқышқыл газ, глюкоза, фотосинтез» деген 
жаңа ұғымдармен танысып, оларды меңгереді. Осы жаңа ұғымдар мен 
үдерістерді меңгеруде оқушыларға мынадай тапсырмалар ұсынылады (сурет 23): 
Сурет 23 – «Ғажайып фабрика» тақырыбы тапсырмалары 


76 
Мәтінді оқи отырып оқушылар жаңа ұғымдармен танысады. Соның 
негізінде пайым шығарып, ой қорытындылайды. Осы тақырыпта меңгерілетін 
жаңа ұғымдарды қалыптастыруға бұл тапсырмалар толық жағдай жасау үшін 
ұғымдардың мәнді, мәнсіз белгілерін, тегін ажырату, қажеттігі туындайды. 
Сондықтан мұнда логикалық қалыптар болып табылатын: ұғым, пайым, ой 
қорытынды жасауға арналған тапсырмалармен толықтыру қажеттілігі 
туындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет