Файлдармен жумыс істейтін командалар
1. COPY - файлдарды көшіру командасы. Файлдарды көшіргеде файлдың бұрынғы атын сақтап (егер олар басқа каталогқа көшірелетін болса) немесе атын өзгертіп көшіруге болады. Параметр ретінде қандай файл, қайдан, қайда және қандай атпен көшірілетіні көрсетіледі. Жалпы түрде команда форматын былай көрсетуге болады:
Сору_<қайдан, нені>_<қайда>
Файл атауларында оларды топтап белгілеуге мумкіндік беретін нұсқа (* және ?) таңбаларды пайдалануға рұқсат етілген.
2. REN (RENAME) - файлдардың аттарын өзгерту командасы, параметрлері файлдардың ескі және жаңа аттары.
3. DEL (DELETE) - ағымдағы немесе көрсетілген каталогтағы файлды немесе файлдар тобын өшipy командасы. Бip немесе бірнеше файлдарды, яғни файлдар тобын жоюға команда бергенде операциялык жүйе төмендегі керсетілгендей ескертеді:
Are you sure? Y/N?
Y әpniн таңдау арқылы файлдар тобын жойғымыз келетінің,
N әpniн таңдау арқылы, жою операциясынан бас тартқанымызды білдіреміз.
4. TYPE командасы - текстен тұратын файлдың iшкi текстін экранға шығару.
5. DATE командасы - үстіміздегі ай, күн және жыл мерзімін экранға шығару және оны өзгерту.
6. TIME командасы ағымдағы уақытты экранға шығару және қайтадан өзгерту, бұл команда форматы алдыңғыға date командасына үқсас.
7. PATH (жол) командасы керекті файлдар автоматты түрде ізделетін каталогтар тізімін алдын ала көрсетуге арналған. MS DOS жүйесі қажет болған файлды ағымдағы каталогтан таба алмаса, осы команда параметрлері ретінде келтірілген каталогтардан іздейді. Бұл команда көбінесе компьютер icкe қосылғанда бірден автоматты түрде орындалуға тиіс autoexec.bat файлында болады, ол жиі қолданылатын қызмет жасау файлдары орналасқан каталогтарды көрсетеді.
8. CLS (Clear Screen — экран тазарту) экранды тазартып операциялық жүйенің жұмысқа шақыру қатарын сол жақ жоғарғы бұрышқа орналастырады. Бұл команда сls түрінде параметрсіз теріліп, соңынан Enter nepнeci басылады.
Norton Commander қабықшасымен жұмыстар
Достарыңызбен бөлісу: |