«Операциялық жүйелер» пәнінен оқу-әдістемелік кешен 5B060200 – «Информатика»мандығына арналған ОҚУ-Әдістемелік материалдар


MS - DOS операциялық жүйесінің кұрылымы



бет2/5
Дата04.03.2016
өлшемі0.49 Mb.
#39446
1   2   3   4   5

MS - DOS операциялық жүйесінің кұрылымы .

MS DOS операциялык жүйесі дискетің немесе С: дискісінің түпкі каталогында файлдар түрінде орналасады да, мынадай бөліктерден тұрады:

-BIOS модулі - компьютердің тұрақты жадында жазылған мәліметті енгізу-шығарудың неізгі жуйесі. Бұл модуль компьютер шыққан заводта жазылып өшірілмей тұрақты сақталады. Ол ЭЕМ іске қосылған сәтте кұрылғылардың жұмыс істейтінін немесе істемейтінін тексереді

-Операциялық жүйенің жүктеуіші – бұл кішкентай ғана программа операциялық жуйенің компьютердің жедел жадында тұрақты сақталатын қалған модульдерін файлдардан (IO.SYS, MSDOS.SYS) оқуды қамтамасыз етеді:

-IO.SYS файлы сыртқы кұрылғылармен (пернелік тақта, дисплей, принтер, байланыс адаптері және динамик) информация алмасудың барлық түрін атқарады;

-MSDOS.SYS файлы жалпы файлдар ашу iciн жэне де ЭЕМ жедел жадын басқарады, оған әрқашанда жедел жадта қанша бос орын бар екені белгілі болады;

-COMMAND.COM командалық процессоры әp6ip адамға қажет түрлі ic-әрекеттерді орындайды, ол ЭЕМ icкe қосылған кезден бастап ОС-тың барлық резидентті немесе ішкi командаларын орындау iciн жургізеді. Ал транзитті сыртқы командаларды орындау үшін ол дискіден соларға сәйкес программалык файлды тауып, оны оқып бірден орындауға кipiceдi. Команданы атқарып болған сон, оны жадтан өшipin, экранга әpi қарай жұмысқа даяр екендігін білдіретін, шақыру мәліметін шығарады.

-DOS-тың сыртқы немесе кipмe (транзитті) командалары — операциялық жүйемен 6ipre бөлек-бөлек файлдар түрінде бepiлeтiн программалар, кейде утилиттер деп те айтыла береді. Олар транзитті командалар ретінде әртурлі қызметтер атқарады, мысалы, дискетті форматтау, дискілерді тексеру және т.с.с.

- Құрылғылар драйвері— DOS жүйесін толықтырып, жаңадан қосылған шeткepi кұрылғьшарды басқару iciн орындайтын арнайы программалар. Драйверлер компьютердің жедел жадына операциялық жүйемен 6ipre оқылады да, олардың аттары CONFIG.SYS деген арнаулы файлда жазылып тұрады. Операциялық жүйе жедел жадқа жүктелгеннен кейін дискіден конфигурациялық файл CONFIG. SYS оқылып кұрылғылар

драйверлері де жедел жадта орналасады. Мұнан кейін командалық COMMAND.COM файлы оқылып, ол icіне кipiceдi. Бұл командалык процессор тағы 6ip командалық AUTOEXEC.BAT файлын icкe қосып, оның ішіндегі командалар мен программаларды біртіндеп орындай бастайды.

ОЖ жұмыс істегенде оның негізгі жұмыс кұралы - команда. Ол компьютерге белгілі 6ip әрекетті орындататын арнаулы программаларды шақыру ушін қолданылады.

Команда формат деп аталатын, арнаулы құрылымнан (структурадан) тұрады. Формат команданың атынан жэне параметрінен құралады.

MS-DOS барлық командалары резидентті және транзитті болып екі үлкен топқа бөлінеді. Резидентті (iшкi, 6ipre құрылған) командалар қызмет ететін COMMAND.COM файлының құрама боліп болып табылады. Олар - тез орындалатын жиі олданылатын қарапайым командалар. Бұл топқа: DIR, MD, CD, RD, TIME, DATE, REN, DEL. TYPE, COPY жэне т.б. командалар жатады.

Транзитті (сыртқы, шақырылып icкe қосылатын) кірме командаларға дискідегі программалық файлдар жатады. Оларды icқe қосып орындаудан бұрын дискіден оқу керек. Бұл топқа мына командалар жатады: FORMAT, ATTRIB, TREE, MODE, DISKCOPY жэне т.б.



Каталогтармен жұмыс істейтін командалар

1. DIR командасы - каталоггардың және файлдардың толық аттарының, көлемінің және құрылған уақыты мен мерзімінің тізімін береді. DIR командасын қарапайым параметрсіз қолданғанда экранға ағымдағы каталогтың мазмұнын шығарады.

1шкі каталогтың мазмұның карау ушін DIR командасын және iшкi каталогтьң атын жазсақ жеткілікті.

Параметр деп түпкі каталогы немесе кез келген деңгейдегі iшкi каталогты көрсететін маршрутты айтады. Каталог мазмунының тiзiмi үлкен болған жағдайда -информацияны парақтап экранға шығару үшін қосымша /Р параметрі қолданылады. Бұл жағдайда экран беті информацияға толған сон информацияны экранға беру тоқтайды, жалғастыру ушін кез келген пернені басу керек.

Информацияны экранға жинақты (6ip жолға бірнеше файл жазу) түрінде шығару ушін /W параметрі қолданылады. Бұл жағдайда файлдардың аттары мен түрлері ғана экранға шығады, мысалы,

2. MD (Make Directory - каталог жасау) - ағымдағы кез келген каталог ішінен жана каталог ашу командасы.

3. RD (Remouve Directory — каталогты жою) - iшінде файлдары жоқ бос каталогтар мен iшкi каталогтарды жою командасы.

4. CD (Change Directory - каталог ауыстыру) - 6ip каталогтан екінші каталогқа көшу командасы. Жоғары дәрежедегі каталогтарға көшу мына параметрлер "..", "/" арқылы icкe асады.

Файлдармен жумыс істейтін командалар

1. COPY - файлдарды көшіру командасы. Файлдарды көшіргеде файлдың бұрынғы атын сақтап (егер олар басқа каталогқа көшірелетін болса) немесе атын өзгертіп көшіруге болады. Параметр ретінде қандай файл, қайдан, қайда және қандай атпен көшірілетіні көрсетіледі. Жалпы түрде команда форматын былай көрсетуге болады:

Сору_<қайдан, нені>_<қайда>

Файл атауларында оларды топтап белгілеуге мумкіндік беретін нұсқа (* және ?) таңбаларды пайдалануға рұқсат етілген.

2. REN (RENAME) - файлдардың аттарын өзгерту командасы, параметрлері файлдардың ескі және жаңа аттары.

3. DEL (DELETE) - ағымдағы немесе көрсетілген каталогтағы файлды немесе файлдар тобын өшipy командасы. Бip немесе бірнеше файлдарды, яғни файлдар тобын жоюға команда бергенде операциялык жүйе төмендегі керсетілгендей ескертеді:

Are you sure? Y/N?

Y әpniн таңдау арқылы файлдар тобын жойғымыз келетінің,

N әpniн таңдау арқылы, жою операциясынан бас тартқанымызды білдіреміз.

4. TYPE командасы - текстен тұратын файлдың iшкi текстін экранға шығару.

5. DATE командасы - үстіміздегі ай, күн және жыл мерзімін экранға шығару және оны өзгерту.

6. TIME командасы ағымдағы уақытты экранға шығару және қайтадан өзгерту, бұл команда форматы алдыңғыға date командасына үқсас.

7. PATH (жол) командасы керекті файлдар автоматты түрде ізделетін каталогтар тізімін алдын ала көрсетуге арналған. MS DOS жүйесі қажет болған файлды ағымдағы каталогтан таба алмаса, осы команда параметрлері ретінде келтірілген каталогтардан іздейді. Бұл команда көбінесе компьютер icкe қосылғанда бірден автоматты түрде орындалуға тиіс autoexec.bat файлында болады, ол жиі қолданылатын қызмет жасау файлдары орналасқан каталогтарды көрсетеді.

8. CLS (Clear Screen — экран тазарту) экранды тазартып операциялық жүйенің жұмысқа шақыру қатарын сол жақ жоғарғы бұрышқа орналастырады. Бұл команда сls түрінде параметрсіз теріліп, соңынан Enter nepнeci басылады.

 Norton Commander қабықшасымен жұмыстар

F7 – каталог (директория) құру. Панельде шығарлыған каталогты тағы да бір жаңа каталогшаны құру үшін F7 пернесін басу керек. Norton Commander экранға каталогшаға ат беру сауалын шығарады. Оған ат беріп, оны енгізіп Enter пернесін басу керек.

Файл топтарын таңдау

Файлды таңдау: Жекелеген файл немесе каталогты таңдау (яғни оны топқа енгізу) Insert пернесін басу арқылы жүзеге асырылады. Insert пернесі екі рет басу файл немесе каталог таңдауын жояды.

Тышқанның (қол тетігі) көмегімен файл немесе каталогты таңдау, сондай-ақ таңдауды алып тастау файл немесе каталогтың атын тышқанның оң жақ кнопкасын шерту арқылы жүзеге асады.



Таңдалған файлдармен жүзеге асыратын әрекеттер: Функционалдық пернелердің көмегімен файлдар немесе каталогтардың таңдалған тобымен келесі әрекеттерді жүзеге асыруға болады:

 


Перне

Қызметі

F5

Басқа каталогқа көшірмесін алу

F6

Басқа каталогқа ауыстыру немесе атын өзгерту

F7

Жаңа каталог құру

F8

Алып тастау

Ctrl+F10

Таңдалған файлдарды файлға біріктіру

F10

NC-дан шығу

 

F3 пернесін басқанда NC кусормен белгіленген файлды қарап шығуға мүмкіндік береді. Текстің файлдарды, құжаттарды, әртүрлі текст редакторларының көмегімен жасалған, графикалық файлдарды, архивтік файлдарды, мәліметтер базасын көріп шығуға болады. Қарап шығып жатқан файлда ауысу үшін Page Up, Page Down пернелерін қолдануға болады. Home және End пернелері файлдың басы мен аяғын ауыстырады. Құжаттарды, мәліметтер базасын және кестелік процессордың кестелерін қарау кезінде сіз сондай-ақ F7 пернесін символдар жолын іздеу үшін қолдана аласыз.

Текстік файлдар мен құжаттарды қарау. Бұл файлдарды қарау кезінде қосымша келесі мүкіндіктер бар:

F2 – құжаттың ұзын жолдарын келесі жолға көшіру әлде көшірмеу

F4 - текстік түрде (көшіру) шығару

F8 – құжаттарды қараудың режимін таңдау

F9 – файлдарды қағазға шығару (принтер арқылы)

NC – де файлдарды редакциялау

F4 – редакциялау. Курсормен белгіленген файлды редакциялау үшін F4 –ті басу керек. Nc-ға кіріктілген (ішкі редактор) қолданыла алады.

Егер Shift пернесімен F4 пернесін бірге басқаннан кейін (-) файлдың атын енгізсе (дискте жоқ), онда жаңа файл құрылады.



Курсор (экран бетіндегі жыпындаған белгі) текістегі өтіп жатқан бағытты (қалыпты) нұсқайды. Тексте болатын барлық өзгерістер курсор көрсетіп тұрған позицияда өтеді. Курсордың тексте ауысып отыруы. Курсорды қажетті позицияға тышқанды шерту арқылы немесе пернелерінің көмегімен үстіге, астыға, оңға, солға ауыстырып отыруға болады. сонымен қоса, курсорды тексте пернелер арқылы ауыстырып отыруға болады.

Page Up, Page Down - басқа бетке (экран көлемі) үстіге және астыға.

Ctrl және Ctrl басқа оңға және солға.

Home және End жолдың басына және аяғына.

Ctrl+Homе Ctrl+End – редакцияланып отырған файлдың басына және аяғына.

Alt+F8 - белгілі номері бар жолға (номер сұралады).

Символдармен жолдарды жою. Символдар мен жолдарды жою үшін келесі пернелерді қолдануға болады:

Delete – курсордың үстіндегі символдарды жою.

Backspace – курсордың сол жағындағы символдарды жою.

Файлдармен өтетін операциялар. Редакторда файлдармен өтетін опреациялар келесі пернелердің көмегімен жүзеге асады.

F2 - редакцияланған файлды сақтау

Shift+F2 - редакцияланған файлды басқа атпен сақтау (жаңа ат сұралады).

F9 – файлды принтерге шығару (қағазға)

Alt+F5 – редакцияланушы құжатқа басқа файл мәліметтерін қою (енгізу).

F10 – немесе Esc - редакциялау режимін шығару.

Shift+F10 – редакцияланған файлды сақтау және редакциялау режимінен шығу.

NC –дің көмегімен файлдарды көшіру үшін керекті файлды бөліп алып не файлдар тобын таңдап F5–ті басу керек. Файлдарды көшіруді сұрау. F5-ті басқанда файлдарды немесе каталогтарды тышқанмен ауыстырғанда экранның ортасында файлды немесе каталогтарды қайда көшіру керектігі туралы және көшірудің өлшемдері туралы сұрау қойылады.

Қайда көшіру. Сұраулық текстік жолға Copy (көшіру) жазуының астына енгізу керек.

-                                 не көшіру керек болған каталогтың атын;

-                                 не жаңа файл немесе каталогтың атын енгізу.

Көшіруді орындау. Көшіру сауалдарына байланысты барлық өлшемдерді белгіленнен кейін зауал кнопкасы Copy (көшіру) басу керек. Егер өлшемдер дұрыс берілсе, онда программа әрбір файлдың көшіру процесін файлдың көшірілген бөлігін қарайтып, жолақты диаграма ретінде көрсетіп, файлды көшіре бастайды. Егер көшіру кезінде құру керек болатын файлдың атын көшірілу жүргізіліп жатқан каталогта болса, экранда мынандай хабарлау болады: “The file… already exit? Do you wish to write over target file?” (Файл … бар, көшіру кезінде файлдарды ауыстырайқ па?). Сіз жауаптардың біреуін таңдай аласыз.

Or erwrite (ауыстыру) – көшіруді бітіру, жол атта болған файл жойылады.

All (бәрі) – осы және басқа да келесі файлдардың көшіруін сауалдарсыз аяқтау (бір аттағы файлдар жойылады).

Ship (өткізу) – файлдың көшіруіне рұқсат бермеу және көшіру процесін тоқтату.

Cancel (алып тастау) – файлдың көшіруіне рұқсат бермеу.

Атын өзгеру. Файл, каталог немесе файлдар тобын немесе каталогтар тобының атын өзгерту үшін, аты өзгертілуші файл немесе каталогты, файл мен каталогтар тобын курсормен көрсетіп, F6-ны басамыз. NC сұрауына жауап ретінде файл немесе каталогтың жаңа атын енгізіп, сұрау кнопкасыы Rename-ні басу керек.

Жөнелту. NC басқа каталогқа файлды, каталогшаны немесе файл мен каталогшалар тобын жөнелтуге рұқсат етеді. Жөнелтудің көшіруден айырмашылығы сәтті жөнелтуден кейін бастапқы файлдар жабылады. NC-де жөнелту көшіру сияқты өтеді, бірақ төмендегідей айырмашылықтары бар:

-                                 жөнелтуді пернелік тақта көмегімен бастау үшін F5 пернесін емес, F6 басу керек;

-                                 жөнелтуді тышқанның көмегімен бастау үшін, орын ауыстыру кезінде Alt пернесін басып отыру керек. Орын ауыстыру кезінде тышқанның орын ауыстыру көшіру (Copy) емес (-) шығады;

-                                 файлдардың орын ауыстыру режимінің сауалының файлдарының атын өзгерту деген тақырыбы бар, ал ауысудың басын сауалдық бұйрықтың нүктесі программалардың ағылшын тілінде Rehame (Hore деп аталады, орыс тілінде Выполнить).

Файлды немесе каталогтарды немесе файлдар тобын белгілеп, F8-ді басу керек.

-                                 егер панельде қандай да бір файлдар немесе каталогтар таңдалған болса, онда таңдалған файлдар немесе каталогтардың таңдаған тобы жойылады.

-                                 әйтпесе ағымдағы файл немесе каталог жойылады.

-                                 егер панельде қандай да болмасын файлдар және каталогтар таңдалса, онда таңдап алынғакн файлдар және каталогтар тобы жойылып тасталады.

-                                 курсормен белгіленген файл және каталог жойылады.

Сіз белгілеген әрбір файлға программа жоюға рұқсат сұрайды. Сіз кез-келген жауаптың бәрін таңдап ала алмайсыз.



Delete (жою) – файлды жойып, әрбір жойылған файлға сұрау жүргізе отырып, жұмысты жалғастыру.

Ship (өткізу) – осы файлды жоймай, жұмысты жалғастыру.

Cancel (алып тастау) – осы файлды жоймай, жою процесін тоқтату. Осы жағдайды Esc пернесінде таңдауға болады.

Каталогтарды жою режимі қосылып тұрған жағдайда каталогтарды жою барысында программа әрбір жойылатын каталогқа сұрау жүргізіледі. Сіз келесі көрсетілген жауаптардың бірін таңдап ала аласыз:

-                                 Delete (жою) – файлды жойып, әрбір жойылған файлға сұрау жүргізе отырып, жұмысты жалғастыру.

-                                 All (барлығы) – осы және басқа да каталогтарды жою.

-                                 Ship (өткізу) – осы файлды жоймай, жұмысты жалғастыру.

-                                 Cancel (алып тастау) – осы файлды жоймай, жою процесін тоқтату.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.ОЖ даму тарихы

2. ОЖ түрлері MS DOS операциялық жүйесі туралы түсінік

3.ОЖ даму сатысын ата


Дәріс -5 «WINDOWS жүйесінде жұмыс істеу негіздері»

Дәріс жоспары

1.Windows қолданушы интерфейсі

2.                 Жұмыс столының негізгі объекттері

3.                 Терезенің жүйелік менюі (Системное меню окон)

4.                 Windows объектілерімен операциялар

Біздің Windows –пен «қатынасымызды» іске асыратын қалданушы интерфейсі объектті-бағытты түрде негізделген. Бұл қолданушының алдымен программаларға емес, құжаттар мен объекттерге көңіл бөлетінін білдіреді. (Қолданбалы программалар көмегімен өңделінген кез-келген файл құжат деп аталады.) Мысалы, егер біз суретпен жұмыс істесек, оны ашсақ, графикалық редактор автоматты түрде жүктеледі. өмірдегі кез-келген объекттің өз қасиеттері бар. әр заттың өлшемі, салмағы т.б. бар. Windows объекттерінің де, сол сияқты, өз қасиеттері бар, мысалы, файлдардың өз өлшемдері, атрибуттары және т.б. бар.



Жұмыс столы. Windows операциялық жүйесі жүктелген соң экранда Жұмыс столы (desktop) кескінделеді, онда әртүрлі графикалық объекттер орналасады. Кәдімгі жұмыс столындағы қағаздары бар папкалар тәрізді, экранда қолданушыға ыңғайлы түрде көп қолданылатын программаларды білдіретін белгілерді, құжаттарды орналастыруға болады.

Жұмыс столын күйге келтіру (настройка) – столда жиі қолданатын қосымшалар, құжаттар және принтерлерді орналастыру, және де столдың фонын, тоқтағандағы (заставка) суреттер және басқа да істерді жасау. Қосымшаны іске қосу тышқан сілтемесін сол ярлыкқа апарып, сол жақ батырмасын екі рет сырт еткізу.



Есептер тақтасы. (Панель задач) Жұмыс столының төмен (немесе жоғарғы, сол және оң) жағында Есептер тақтасы орналасқан. Онда Пуск батырмасы орнласқан, ол Негзгі менюді ашу үшін арналған (сол жақ батырманы бір рет сырт еткізу немесе Ctrl+Esc бір мезетте басу). Негізгі менюде негізгі командалар мен программалар тізімі бар. Пуск батырмасындағы міндетті командалар Настройка, Справка, Найти, Выполнить, Программы, Завершение работы.

Есептер тақтасында қосымша түрде орналасады:

               Тез жүктеу батырмалары

               Ашық және бүктеулі терезелерді кескіндеу панелі

               Шрифт индикаторы, Жүйелі уақыт белгісі, Дыбыс қаттылығы регуляторы.

Менің компьютерім. (Мой компьютер)

Менің компьютерім (Мой компьютер) компьютердің мазмұнын көрсететін жұмыс столындағы жүйелі папка. Оны ашу үшін Мой компьютер белгісін екі рет басу керек.

Портфель (Мои документы)

Бұл жерде қолданбалы программалармен құрылған құжаттар сақталады.



Себет (Корзина)

Корзина – бұл өшірілген файлдар орналасатын арнайы жүйелі папка. Кез-келген файлды өшірілмей тұрған кездегі өз орнына қайта қалпына келтіруге болады. Егер себеттен (корзинадан) өшірілсе, онда файлды қайтара алмаймыз. Очистить корзину командасымен себеттен барлық файлдарды өшіре аламыз.

Бумалар (Папки).

Құжаттар мен программалар папкаларда сақталады, құрылысын Мой компьютер немесе Проводник программасы арқылы көре аламыз. Бірінің ішіне бірі енген папкалар саны шексіз.



Файлдар

Файлдарда мәтіндік, графика, сандық мәліметтер, программалық модульдер (қосымшалар) сақталуы мүмкін. Windows –та файлдар аты мына ереже арқылы құрылады:

                    Файл аты 256 таңбаға (латын және орыс әріптері) дейін болуы мүмкін;

                    Нүкте арқылы ажыратылған аттарды пайдалануға болады, мысалы, Факультет.Курс.Группа.Фамилия.Тхt;

                    Аттарда бос орын таңбасы болуы мүмкін, бірақ ? \ * “ < > таңбалары болмауы керек;

                    Windows файлдар аттары төменгі немесе жоғарғы регистрде жазылғанын еске сақтайды, бірақ файл аттарын салыстырғанда регистрді есепке алмайды, мысалы, Асанов. tхt және АСАНОВ. tхt файлдары бір файл болып есептеледі;

                    Файлдар тобын іздегенде немесе файлдар тізімін қарағанда * және ? таңбаларын қолдануға болады.

Жанама меню (Контекстное меню (меню объектов))

Тышқанның оң батырмасын басу тышқан көрсеткіші тұрған объекттің жанама менюін кескіндейді. Бұл меню объектпен жұмыс жасау үшін керекті негізгі командалар тізімін береді. Мысалы, кез-келген файл үшін бұл менюде ашу, көшіру, өшіру сияқты командалар орналасқан.



Терезелік меню терезенің өлшемін өзгерту, оның экранда орналасу ретін көрсетуге, құжатты немесе программаны жабуға мүмкіндік береді.

Терезелік меню батырмасы терезенің сол жақ бұрышында орналасқан. Терезелік менюді белсенді еткенде командалар тізімі пайда болады.



Восстановить (Қалпына келтіру) – терезенің өлшемін осыған дейінгі қалпына келтіреді. Бұл команда терезе экранды толық алып тұрған жағдайда жұмыс істейді.

Переместить (Орнын ауыстыру) терезенің орнын пернелік арқылы өзгерту мүмкіндігін береді. Бұл команданы таңдағаннан кейін курсор төртбағытты стрелкаға айналады. Терезені жылжыту бағыттауыштар арқылы іске асады. Орнын ауыстырып болған соң, пернесін басу керек.

Размер терезе өлшемін бағыттауыштар арқылы өзгерту мүмкіндігін береді.

Свернуть (бүктеу, орау) терезені батырма өлшемінде есептер тақтасына орайды.

Развернуть (айқара ашу) терезе өлшемін ең үлкен өлшемге дейін (бүкіл экранға) үлкейтеді.

Закрыть (жабу) - терезені жауып, программамен жұмысты аяқтайды.

Жүйелік меню батырмалары (Кнопки системного меню)

Жүйелік меню батырмалары терезенің оң жағында орналасады Олар үшеу: 02r

0 батырмасы бүктеу (свернуть) деп аталады. Оның қызметі жүйелік менюдің «бүктеу» командасымен бірдей.

2 батырмасы "максималдау/минималдау" деп аталады. Бұл батырмаға басу терезенің өлшемін экрандай немесе қолданушының қойған өлшеміндей етеді.

r батырмасы жабу деп аталады. Бұның жұмысы жүйелік менюдің «жабу» командасына пара-пар.

Windows объектілерімен мынадай операциялар жасауға болады

Құру


Көшірмесін алу

Атын өзгерту

Қасиетін қарау

Қасиетін өзгерту



Файлдар және бумалар жиынымен мынадай операциялар жасауға болады

Көшіру


Таңдалған шарт бойынша реттеу

Қолданбалы программалар арқылы мазмұнын қарап және өзгартуға болады

Іздеу

Белгілер, жарлықтар (Значки, ярлыки)

Белгі (Значок) – бұл программалық элементке меншіктелетін кішкене таңба. Қолданушы сурет бойынша файлдың қандай программалық қосымшада жасалғанын анықтай алады.

Жарлық (Ярлык) – бұл программалық элементке немесе файлға жасалған сілтеме. Ол бұл программалық элементтің толық адресінен тұратын командадан тұрады. Белгіден жарлықтың айырмашылығы оның ақ стрелкасы бар, жарлықтың орнын өзгерту немесе оны өшіру программа жұмысына еш кедергісін келтірмейді. Файлдың немесе папканың белгісін өшіру файлдың немесе папаканың өзін өшіреді.

Жиі қолданылатын файлдарға жарлықтар құру

1 әдіс:

1.                       Объектті белгілеу (файл, программа, папка және т.б.)



2.                       Ерекшеленген объектте тышқанның оң батырмасын басу. Создать ярлык

2 әдіс

1.                       Объектті белгілеу (файл, программа, папка және т.б.)

2.                       Ерекшеленген объектте тышқанның оң батырмасын басу. Отправить-Рабочий стол командасын орындау.

Жарлықтың параметрлерін өзгерту үшін тышқанның оң батырмасымен жанама менюін таңдап, Свойства командасын таңдау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет