Opындaғaн: Хамидулла Н.Қ Жетекші: Балмұхан Г. У opaл қaлacы, 2023 жыл


II ТAPAУ. МЕКТЕПТІ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ



бет4/6
Дата28.05.2023
өлшемі46.53 Kb.
#474416
1   2   3   4   5   6
Курсаавой педагогика Нурай

II ТAPAУ. МЕКТЕПТІ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ
2.1 Мекемені басқару стильдері

Басқару стилі - бұл жеке адамдарға және ұжымға әсер ететін әдістер мен тәсілдердің жиынтығы


Әлеуметтік психология және мектепті басқару теориясына сүйеніп, басқару стилінің үш түрін атауға болады : өктемдік (авторитарлық) стиль, демократиялық стиль, ымырашылдық (либералдық) стиль.
Өктемдік стиль (авторитарлық) стиль - бұл әкімдікке құмар, шексіз билеуге, құрғақ беделге ие болу, басшының ролін көтеру, ұжымының мүмкіншіліктерін бағаламау. Мұндай басшы қарамағындағы қызметкерлерімен құрғақ ресми сөйлеседі, сынды көтермейді, өз пікірін зорлап міндеттейді.
Демократиялық стиль - бұл стильмен өз жұмысын басқаратын мектеп директоры басқару міндеттерін өзара орынбасарларымен бөліседі, ұжым мүшелерінің кәсіби өсуіне жағдай жасайды, оқу-тәрбие процесін жетілдірудің негізгі жолдарын іздестіруді, жұмысты нақты жоспар бойынша істеп, ұжым мүшелерінің қатысуымен мәселелерді шешу үшін дәлелді шешімдер қабылдайды.
Ымырашылдық стиль (либералдық) - мектеп басшысының өз қызметіне жауапкершілігінің төмендігі, кемшіліктерді көрсе де, көрмеген болуы.
Авторитарлық стиль – нұсқауларды басшы іскер, қысқаша, тура және ашық түрде береді, ықшамды командалық тіл, көбіне суық қабылдау тән, мақтау мен мадақтау субъективті. Басшы «топтан кейін» болады. Іс-шаралар алдын ала жоспарланады, әдетте тек алдағы іс-қимылдар көрсетіледі, болашағы педагогтерге беймәлім, басшының пікірі – шешуші. Педагогикалық ұжым бастамашылдық танытудан қорқады, себебі ол үшін жазалануы мүмкін. Мұндай жағдайда педагогтердің өздерінің ұйымдастырушылық, көшбасшылық қасиеттерін көрсету мүмкіндігі жоқ. Сырттай тәртіп орнаған секілді көрінеді, бірақ педагогикалық ұжым эмоционалды шиеленісте болады. Либералды стиль – конвенциалды сарын, мадақтаудың, жазғырудың, ұсыныстың жоқтығы, тыйымдар немесе өкімдер айтылмайды, керісінше енгізілуімен алмастырылады, серіктестік жоқ, басшының ұстанымы – топтан тыс. Негізінде басшы ауызша нұсқаулар мен ұсыныстар жасамайды, тек өзінің қатысуымен ықпал етеді, жұмыс жеке мүдделерден құралады. Егер басшы болмаса, педагогтер өз ісімен айналысуға немесе жұмыстан кетіп қалуға тырысады, себебі оларды бірлескен қызметтің соңғы нәтижесі қызықтырмайды. Мұндай педагогикалық ұжымда автономдық түрдегі шағын топтар бар, істің мүддесі де осыдан зардап шегеді. Қызметтің либералды стилін енжар деп те атайды.
Демократиялық стиль – барлық іс-шаралар ізгі сарынмен айтылған ұсыныстар формасына енеді, мадақтаулар мен жазғырулар бағыныштылардың пікірлерін ескере отырып айтылады, тыйымдар ұсыныс және пікірсайыс формасында енгізіледі. Бірлескен қызмет орын алады, басшының позициясы – «топпен». Негізінде көптеген іс-шаралар жоспарланады және талқыланады, оның жүзеге асырылуына барлық қатысушылар жауапты, басшы өз дауысының шешуші ықпалын пайдалануға тырыспайды. Педагогикалық ұжым бірлескен қызметтің соңғы нәтижесіне қызығушылық танытады, ұжымда бастамашылдық басым, жұмысқа деген саналы көзқарас қалыптасады. Мұндай педагогикалық ұжымда кадрлардың тұрақсыздығы төмен, педагогтердің өз қабілеттерін қолдану мүмкіндіктері бар. Қазіргі кезеңдегі басқарудың барынша тиімді стильдерінің бірі – коучинг – адамның өз мақсаты мен оған жету жолдарын түсінуіне мүмкіндік беретін әңгіме. Мұндай әңгіменің нәтижесі созылмалы, себебі мұндай түсінік пен пікір сәйкес сұхбаттасулар барысында адамда өздігінен туындайды. Коучингті басқаруда қолдану қызметкерлердің тікелей жұмыс орындарындағы, әдеттегі лауазымдық қызметі барысының тиімділігін арттыруға бағытталған ресми немесе бейреси коус-сессиялар өткізуді болжайды. Басшы өзі өткізген коучинг нәтижесінде қызметкердің алдына қойылған міндетті дұрыс түсінгеніне, оны шешуге қажеттілердің барлығымен қамтамасыз етілгеніне, және де ең маңыздысы – міндеттердің шешімін табу жауапкершілігін өзіне қабылдағандығына сенімді бола алады. Бұл үнемі жұмыс барысын қадағалаудың, ал кейде тіпті одан да нашары – атқарылған жұмысты өз бетімен қайта орындаудың және болашақта барлық міндеттерді өз мойныңа артып, уәкілеттіліктерді табыстаудан қашқақтаудың орнына өзіңнің тікелей міндеттеріңді атқаруыңа мүмкіндік береді. Қызметкерлерге бұл тек алдына қойылған міндеттерді толық деңгейде және белгіленген мерзімде орындауға ғана емес, сонымен қатар болашақта осы тектес міндеттерді шешудегі өз әлеуетін ашуға, сонымен қатар жұмыстан ләззат алуға мүмкіндік береді. Көшбасшы – бұл өкілдік бейімділіктері мен қабілеттеріне ие адам, ұжымға ортақ позицияны жеткізуші. Міне, сондықтан да адамдар оның жанына жиналады және ол көтерген мәселелер тікелей олардың жеке мүдделеріне қатысты болмағанда оның бағытымен жүреді. Адам адамдардың мүдделерін жеткізуге қабілетті әрі бейім болғандықтан ғана көшбасшыға айналмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет