Opындaғaн: Хамидулла Н.Қ Жетекші: Балмұхан Г. У opaл қaлacы, 2023 жыл


Мектепті сәтті басқаруды қамтамасыз етуші негізгі ұстанымдар



бет5/6
Дата28.05.2023
өлшемі46.53 Kb.
#474416
1   2   3   4   5   6
Курсаавой педагогика Нурай

2.2 Мектепті сәтті басқаруды қамтамасыз етуші негізгі ұстанымдар
Басшылықтың іс-тәжірибесі: жұмыс бағыттарын әзірлеу және идея – даму тұжырымдамасын (мақсатын, стратегияларын) құру; мұғалімдерді түсіну және дамыту – кәсібилік, біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу; ұйымды мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес қайта жабдықтау; оқу және оқыту бағдарламасын басқару, ұжымның кәсіби дамуы. Жақсы басқару оның осы төрт іс-тәжірибені қаншалықты меңгергендігіне байланысты. Басқарудың базалық іс-тәжірибелерін қолдану – үстемшілдікті емес, керісінше түсіністік пен қайырымдылықты көрсетеді. Табысты және табыссыз басшылар арасындағы айырмашылық мектептің ерекшеліктерін ескере отырып, осы іс-тәжірибелерді қолданудан тұрады. Жанама түрде және мұғалімдерді ынталандыру, олардың қызметіне шынайы берілуі мен еңбек жағдайын жақсарту арқылы барынша тиімді тәсілмен оқу сапасын жақсартады. Ұжым арасында міндеттерді тепе-тең бөлу арқылы жұмыс жасайды. Басқарудың барлық түрі тиімді емес. Тұлғалық қасиеттері басқару тиімділігіне ықпал етеді: басқалардан үйренуге дайын болу, жайдарлылық, ойлану, наным тұрғысынан икемділігі, өзіндік оқыту стилін енгізу. Басшы барлық деңгейде және кезеңдерде оқушылардың жетістіктерін жақсартуы; әділдікті, шындықты көтеруі (үздік нәтижелердің тепе-теңдік бағдарламасын тарату); оқыту мен оқу сапасын арттыратын мұғалімдер мен мектептің еңбек жағдайын жақсартуы және қолдауы; қоғамдастықпен жұмыс істеуі (мектеп серіктестікте жұмыс істейтіндердің бәрімен);
ХХІ ғасырдағы білім беру жүйесін жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейде дамытуға өз үлесін қосуы тиіс. Мектеп директорларына қойылатын талаптар: ұжымымен бірге мақсатқа ұмтылады; білуі және түсінуі (оқу үдерісін, балалар психологиясын түсіну, барлық жаңашылдықтарды, өз ісін білуі); тұлғалық қасиеттері мен тұлғааралық қарым-қатынас қасиеттері (келіссөздер жүргізу, оқушылармен қарым-қатынас орнату машығы), мәселені көру, теңдестіру, қалыптасқан жағдайдан шығу жолын табу.


2.3 Мектепті басқарудың заманауи технологиялары
Әлемде динамикалық өзгерістер орын алып, білім беру жүйесіне көптеген жаңа талаптар қойылып отырған қазіргі кезеңде білім беру ұйымдарын басқару ісі – өте күрделі міндет болып табылады.
Соңғы жылдары мектеп секілді ұйымдарды басқаруға, олардың басшы кадрларына, директорларына қойылатын талаптар күшейіп отыр. Осымен қатар білім беру ісі жетекшілерінің де талап-тілектері мен проблемалары көбейе түсуде.
ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Педагогика саласындағы заманауи технологиялар және кәсіби тұрғыдан өсуге, басқару дағдыларын жетілдіруге көмектесетін практикалық қадамдар жөнінде қарастырып көрейік.
Технологияларды талдауға кіріскенде, бірден оның тақырыптық аясын анықтап алу керек. Білім беру ұйымдарында команда жасақтаудың өзіндік ерекшеліктерін сипаттағанда мына мәселелер ашылуы тиіс:
• Педагогика командасы туралы ұғым және оның негізгі сипаттамалары.
• Білім беру ұйымындағы педагогикалық команданың түрі.
• Команда жасақтау технологиясы.
• Команда жасақтау тиімділігінің диагностикасы.

Педагогика командасы туралы ұғым және оның негізгі сипаттамалары:


• Педагогикалық команда – бұл білім беру ұйымдарының педагогикалық жобаны жүзеге асыруға байланысты бірлескен қызметпен шұғылданушы мамандар тобы. Бұл топ педагогикалық еңбектің мотивтеріне, мақсаттарына, құндылықтарына байланысты біріге отырып, ынтымақтаса жұмыс жүргізеді. Педагогикалық команда мүшелері өзара түсіністікке, сыйысымдылыққа кәсіби мамандықтарына деген айрықша құрмет арқылы қол жеткізе алады (А. А. Реан).
• Педагогикалық ұжым – бұл айрықша типтегі еңбек ұжымы, оның тәрбиелік мүмкіндігі аса зор. Педагогикалық ұжым мүшелеріне мына нәрселер тән:
• мотивтердің, мақсаттардың, құндылықтардың, әлеуметтік қондырғылардың ортақтығы;
• субъектілердің бүкіл ұжыммен сәйкестендірілуі, онымен тұтас бірлікте қарастырылуы;
• мұғалімдер ұжымына қарастылығын саналы түрде ұғыну;

Тұтас бір педагогикалық ұжымға тән сипаттамалар – сыйысымдылық, түсіністік, топтасқандық. Педагогикалық ұжымдағы бұл қасиеттердің заманауи көзқарас тұрғысынан жоғары дәрежеде дамуы оны команда етіп қалыптастырады.


Білім беру ұйымдарындағы педагогикалық командалардың түрлері:


Басқару командасы
Бір сыныпта жұмыс істейтін мамандар командасы
Әлеуметтік-психологиялық демеуші команда
Жобалық команда
Тәрбиелік команда
Бір пәннен сабақ беретін мамандардың командасы
• 1. Басқару командасы

Бұл білім беру ұйымының жетекшісі басқаратын, мақсатты түрде жасақталған, үш немесе одан да көп адамнан құралған тұрақты әрекет етуші команда. Мұндай команданың негізгі мақсаты – қызметтің барлық салалары бойынша білім беру ұйымының іс-әрекетін және дамуын басқару болып табылады.


• 2. Бір сыныпта жұмыс істейтін мамандар командасы


Бұл белгілі бір мерзім аясында іс-әрекет ететін, мақсатты түрде жасақталған команда. Бұл команда (10–15 адам) өзін-өзі басқаруы да не оны оқу ісінің меңгерушісі, әйтпесе сынып жетекшісі басқаратын болуы да мүмкін. Мұндай команданы жасақтаудағы басты мақсат әрбір сыныпта оқу-тәрбие процесін педагогтардың бірлескен қызметімен үйлестіре отырып ұйымдастыру болып табылады.


• 3. Әлеуметтік-психологиялық демеуші команда


Бұл білім беру ұйымдарында оқушыларды тәрбиелеу және оқытып-үйрету процестерін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан демеу үшін тұрақты іс-әрекет ететін, өзін-өзі басқаратын немесе әлеуметтік-психологиялық қызмет орынының жетекшісі тарапынан басқарылатын, мақсатты түрде жасақталған команда (7–10 адам). Бұл команданың құрамында психологтар, әлеуметтік педагогтар болады.


• 4. Жобалық команда

Белгілі бір мерзім аясында әрекет ету үшін мақсатты түрде жасақталған команда. Бұл команда өзін-өзі басқарады немесе жоба жетекшісі (ата-аналар, оқушылар, қауым өкілдері) тарапынан басқарылады.


• 5. Тәрбиелік команда

Тәрбиелік мақсаттармен жасалған әлеуметтік жобаларды жүзеге асырушы команда.


• 6. Бір пәннен сабақ беретін мамандардың командасы

Бір пәннен сабақ беруші мамандардың мақсатты түрде жасақталған, өзін-өзі басқаратын командасы.


Сонымен, идея бойынша, бүкіл педагогикалық ұжым тұлғалық және педагогикалық құндылықтар тұтастығын жүзеге асырушы команда ретінде жұмыс жүргізуі тиіс.

Команда жасақтау технологиясы


• Мұғалімдерді белсенді түрде оқытып-үйрету әдістері: тренинг-семинар; оқу-жаттығу топтары; белсенді түрде әлеуметтік тұрғыдан оқытып-үйрету; әлеуметтік-психологиялық тренинг.
• Негізгі бағыттар:
• Педагогтардың ынтымақтастық мотивациясы деңгейін арттыру.
• Педагогтардың кәсіби шеберліктері сәйкестігіне қол жеткізу.
• Ынтымақты, ортақ және дербес мақсаттардың бірлігін қалыптастыру.
• Топтағы педагогтардың рөлдік іс-әрекет ерекшеліктерін тану және оларды үйлестіру.
• Өзіңді және өзгелерді оңды тұрғыдан қабылдау, басқаларға сенім арта білу, бірлесіп жұмыс істеуге машықтану деңгейін көтеру.
• «Командалық рухты», ынтымақтастықты, өзін-өзі басқаруды, тұтас команданың және ондағы әрбір адамның жауапкершілігін арттыру.

Бұл бағыттар педагогикалық команданың негізгі көрсеткіштеріне сәйкес келеді, демек, педагогикалық ортада негізгі команда жасақтаушы факторлар болып табыла алады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет