Орал қаласы №1кл физика-информатика пәнінің оқытушысы


ACTIVstudio программалық жабдығы



бет2/5
Дата06.07.2022
өлшемі277.56 Kb.
#459614
1   2   3   4   5
актив студио

ACTIVstudio программалық жабдығы
Интерактивтік тақта ХХІ ғасырдың сыныптарындағы жұмысты жеңілдетіп, сабақтар, тұсаукесерлер, конференциялар, көрмелер жəне т.б. құру үшін арнайы құралдарды игеруге мүмкіндік береді. Интерактивтік оқыту – ақпаратпен алмасуды, оқытуды ұйымдастыруды, əр сабақта оқыту сапасын бағалауды ұйымдастыруға көмектеседі.
Интерактивтік тақтаны құрастырушы ағылшын «PROMETHEAN» компаниясы.

“Activ studio Professional Edition” оқытушыларға “Activ” – тақтаны пайдаланып, тамаша интерактивтік сабақтарды құруға көмек үшін қолайлы аспап ретінде шығарылған болатын. Егер мониторда өзіңіз көріп тұрғаныңызбен жəне осы басшылықтағы бейнелер арасында кішкене айырмашылықтар болса, мазаланбаңыз, осында сипатталған негізгі ерекшеліктер, өзгеріссіз қалады.
Интерактивті тақтамен жұмысқа кіріспес бұрын, ең алдымен мыналарға көз жеткізу керек:

  • компьютеріңіздің қосылып тұрғанына;

  • жұмыс панелінде иконканы көрінгеніне, егер ол пайдаланылса, онда интерактивті тақта калибрленген.

ACTIVboard интерактивті тақтасын пайдаланып, ACTIVstudio бағдарламасымен қамтамасыз етуді іс жүзінде қолдану бойынша əдістемелік ұсыныстар 2007 жылдың маусымында Қазақстан Республикасының Білім жəне Ғылым министрлігімен бекітілген «Кəсіптік білімде интерактивтік технологияларды пайдалану» оқыту курсының бағдарламасына сəйкес құрастырылған.
ACTIVstudio бағдарламасымен қамтамасыз ету – презентацияларды өткізу үшін жəне оқу барысында пайдалану үшін арнайы шығарылған. Ол ACTIVboard жүйесін жəне “ACTIVpen” қаламын пайдалану үшін жасалды.
ACTIVstudio көптеген функциялардан тұрады, олар презентацияларды құруға жəне өткізуге мүмкіндік береді, мəліметтерге арнайы тиімділіктерді қосуға, негізгі сəттерді көрсетуге, қосымша ақпараттарды кіргізетін немесе дəрісханаға берілетін түсініктемелерді, белгілер мен сілтемелерді қосуға, сонымен қатар басқа да көптеген мүмкіндіктері бар. Əрі қарай осы мүмкіндіктер толық сипатталған.
«ACTIVboard»-ты іске қосу:
1. Проекторды қосу үшін компьютерді желіге қосып, пультті алып проекторға дəлдеңіз, содан соң сол жақ жоғарғы бұрыштағы батырманы екі рет басыңыз, F4 батырмасын басыңыз. Пайдаланушының атын теріңіз, мысалы: “BOARD” жəне пароль мысалы 111111.
2 . Қаламмен екі рет интерактивтік тақтаның жұмыс панелінде орналасқан AV-белгісін ( ) басыңыз. Экранда екі хабарлама шығуы мүмкін, ОК басыңыз. Жұмыс үстелінде келесі құралдар панелі пайда болады.
Флипчартты құру (таза бетті білдіреді):
1. Басты аспаптар панелінде орналасқан AV- белгісін қаламмен 1
рет басыңыз.
2. 1-ші бетпен жұмыс аяқталған соң, қаламмен менюді басыңыз,
содан соң «Сақтау» батырмасын басыңыз .
3. Келесі бетке өту үшін интерактивтік тақтаның функционалды панелдегі оң жағындағы жуан көрсеткішті басыңыз.
Интерактивтік тақтаның басты панелімен жұмыс істеу:
1. «Қалам» – бұл құралды белсенді ету үшін қалам белгісін басыңыз. Ол басты панелдің оң жағында орналасқан.
2. Басты панелдегі таңдалған түске қаламды апарамыз, мысалы: көк. Қаламды тақтадан алмай сөзді жазыңыз.
Қалам – құрал, ол жазу мен суреттерді салу кезіндегі белгілерді көрсету үшін қолданылады. Қалам оң жəне сол жақ батырмалардан тұрады. Сол жақ батырма мəліметтерді жазу үшін арналған. Оң жақ батырма қызғылт түске ие, оны басқан кезде көмек алуға болады. Онымен жұмыс жасаған кезде қаламды тақтадан 1 мм қашықтықта ұстау керек.
“ACTIVstudio” белгілер қосуға, нысаналар құруға, арнайы тиімділіктерді қолдануға жəне презентацияда интерактивтік элементтерді пайдалануға мүмкіндік беретін бір қатар аспаптардан тұрады. Бұл аспаптарға рұқсат аспаптар панелінің көмегі арқылы жүзеге асырылады.
ACTIVboard немесе “proACTIVboard”-ты қолдану кезінде, егер экран немесе проектор қандай да бір себептермен орын ауыстырса, мүмкін, калибровканы қайта орындау керек болады. Осы жағдайда ACTIVpen қаламының ұшы экрандағы курсормен қосылады.
Калибровканың сəйкес процедурасы жайында қосымша мəліметтер алу үшін, тез жұмыс бастау бойынша басшылықты қарау керек, ол белгілі экранның жиынтығына кіреді.
Жүйенің калибровкасын орындағаннан кейін экрандағы курсордың жағдайымен, “ACTIVpen” қаламының ұшы сай келетініне көзіңізді жеткізіңіз.
«Басқару панельдерін» пайдалану:
Көмек – бағдарламаның кез-келген элементіне тақаған кезде, қаламды тақтадан 1 мм қашықтықта қаламның сары нүктесіне басып ұстаңыз, сонда жылжымалы көмек шығады.
Флипчартбасты жұмыс аумағы, оны AV белгісі көмегімен құрады.

«Меню» (мəзір) - батырмасы “ACTIV Studio” қызметіне рұқсат алу үшін қызмет етеді.
Бағыттауыш – еркімен таңдау құралы. Нысананы таңдауға, онымен манипуляциялауға, орын ауыстыруға, өлшемін өзгертуге жəне тағы басқа қызметтерді орындауға мүмкіндік береді.
Қалам – белгілерді, жазу мен суреттерді салу үшін қолданылады.
Маркер – мəтіннің, бейненің үстінен сурет салуға арналған.
Өшіргіш – парақ бетіндегі қателерді немесе керек емес нысаналарды өшіру үшін қызмет етеді.
Болдырмау - алдындағы кездейсоқ əрекеттерді болдырмау үшін қызмет етеді.
Қалпына келтіру – абайсызда өшірілген əрекетті қайтару үшін қызмет етеді.
Енінің селекторы – пернетақтадан, қаламның көлемінен жəне т.б. енгізілген мəтіннің өлшемін өзгертуге арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет