Интерактивті тақтада графиктермен жəне мəтінмен жұмыс
Графиктің суретін салу
«Кітапхананы» ашып торға басыңыз, эскиздер панелінен торды таңдап оны флипчарттың басты бетіне апарыңыз. Кітапхананы жабыңыз. Қаламды басты менюдегі «Қалам» құралына апарыңыз, ACTIVpen бұрышында қызғылт батырма бар. Осы батырманы «Қалам» сөзіне тигізбей басыңыз. Бұл аспаптардың жаңа кешені ашылуына əкеледі.
Қызыл түс пен сызудың негізгі енін таңдаңыз. Модификатор тізімінен – көлденең сызықты құралын таңдаңыз. Бұл құралдың көмегімен сіз біздің графиктің абциссасының осін сыза аласыз:
1. Сіздің сызығыңыз басталатын жерді басыңыз.
2. Қаламды тақта үстінде ұстай отырып, сіздің сызығыңыз бітетін жерге апарыңыз.
3. Аяқтау үшін қаламды жіберіңіз.
4. Енді “Тік сызық” құралына басыңыз жəне сіздің графигіңіздің ординатының осін сызыңыз.
5. «Тікбұрыш» құралын басыңыз. Осы құралды пайдаланып бағандық диаграмма салуға болады.
6. Көлденең жəне тігінен қиылысатын нүктені басыңыз.
7. Диаграмманың бағанын салу үшін қаламды тақтада ұстай отырып, оны жоғары көтеріңіз. Көшіру кезінде бағанды көруге болады. Сіз қалаған баған болмайынша қаламды жібермеңіз.
8. Сіз кез-келген уақытта ұнамаған əрекеттеріңізді болдыртпауыңызға болады, ол үшін мына - құралды қолданады.
9. Жоғарыда көрсетілгендей, өзіңіздің диаграммаңызға тағы үш баған қосыңыз.
10. Барлық əрекеттерден кейін қаламның модификаторлар терімін жабыңыз.
«Флипчарт» себетін пайдалану
Ості алып тастаудың жақсы тəсілі, флипчарт себетін пайдалану.
1. Басты панелде орналасқан белгілеу құралын басыңыз.
2. Оны белгілеу үшін тігінен сызықты екі рет басыңыз.
3. Сызыққа қайта басыңыз, “ACTIVpen” - ді тақтада ұстай отырып, флипчарт себетіне апарыңыз. Сіз оған курсормен себетке жеткен кезде, флипчарт себеті ашылады.
4. “ACTIVpen” - ді жіберген кезде сурет парақ бетінен жоғалады.
«Құю» құралын пайдалану
Таңдалған фигураны белгілі бір түспен бояу үшін құю құралы пайдаланылады.
1. «Құю» батырмасын басыңыз. Қызғылт түсті таңдаңыз, бірінші бағанның ішінде басыңыз. Ол қызғылт түске боялады.
2. Басқа түстерді таңдап, қалған түстерді бояңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |