Переделкино, 1977 ж.
ӨЛІАРА
Қайсыбір жылдың қоңыр күзі. алтайдың қара суығы әлі
түсе қойған жоқ еді. алтайдың қызық шақтары болады.
Сыпыра тауды жиектей батысқа жылыстар күн сәулесі
қызусыз болса да, сүйек балқытар қуаты бар – өз-өзіңнен
маужырап өң мен түстің арасында есеңгіреп жүресің. Не
ыстық, не жылы емес дүбара жылымық күнді шуақтап, киіз
үйдің іргесінде отыра бергің келеді. Кейде жыланша
ирелеңдеген жалғыз аяқ сүрлеумен бүлк-бүлк желіп келе
жатқан жолаушы көрінер ме деп, көз талдыра ұзақ қарайсың;
кейде жалғыз аяқ ирелеңдеген соқпаққа түсіп жапырақтары
әлі сарғаймай, сары жасылданып тұрған орманға беттегің
келеді. аспанға қарайсың: көкпеңбек болып тұнып тұр. Сол
379
тұнып тұрған аспанның төсінде таспиық – қайтуға беттеген
тырналар тізбегі. «Құс биыл жай қайтты. Қыс ерте түспейді»,
– дейді ақсақалдар. ақсақалдар айтады: «Биыл астық шығымы
жақсы, пішенді де ерте бастан маялап алдық, табиғат
жарықтыққа өкпеміз қане». ақсақалдар айтады: «Өлара ашық
қой әзірше. Қазан айы биыл тыныш өтер». Тағы да ақсақалдар
айтады: «Құдайдың құдіреті, өкімет орнағанына да біраз
болып қалған екен-ау; зымырап бара жатқан заман-ай
десеңші; бұрыңғы кезде шалдар күнім өтіп барады деп
жылаушы еді, ендігі жас күнім өтпейді деп жылап жүр.
Қарқынымыз қатты, қайда барар екенбіз?!». ақсақалдарды
тыңдай бергің келеді, бір-ақ олар осы күні аз сөйлеп,
тақыстанып алған, кәрі қойдай тартқыншақ. Көңілі шаппаса,
жаратпай кіржіңдейді-ай. Бұрынғыдай «Тәйт әрі, тек отыр»
деп зекуге батылы бармайды. Осы күнгі шалдар біртүрлі
қызық, әрі барған сайын жұмбақтанып, барған сайын,
қазымырланып барады; барған сайын, азайып барады. Олар
барған сайын, дүниені дүр сілкіндер әр жаңалықтан іштей
сескеніп, бүгінім тынышты өтсе екен деп тілейді. Ие, олар көп
дүние тілемейді де, тыныштық тілейді болғаны.
Таудың қара суығы түспеген соң, қыс қыстауларына
мінбелемей, күземде отыр қойшылар. Келер қыстан олар да
жақсылық, кең пейіл дәмелі. Қойшы атына міне салып, шауып
қыстағына барады. Есік терезесін айқыш-ұйқыш тақтаймен
шегелеп тастаған иесіз үйді айналып шығады. Түтіні сөнген
мұржаға қонып отырған сауысқанға тас дәлдеп ұшырып
жібереді де, жүрегі сазып ауыр күрсінеді. Оның есіне, соғыс
кезінде талай тамның дәл осылай иесіз қаңырап қалғаны
түседі. Сосын қыстағынан күз күземіне бет түзеген қойшы көп
нәрсе жайында ойлайды. Биыл үш баласының бірдей мектепке
баруы керек, олардың қағаз-қарындашы мен киімін сайлау –
жеке шаруа. Бәріне де үлгеру керек. Соңғы күндері әйелінің
аяғы ауырлап жүр. Қыстаққа көше алмай босанып қалса, ол –
бір әуре. Ол күбірлеп ұзақ ойға батып отырып, қосына қалай
жеткенін сезбей де қалатын. Оны бәрінен бұрын ала мойнақ
қарсы алады. Сосын бес баласы, бес баласының екеуі егіз,
бауырын жаңа көтерген, сосын әйелі шығады үйінен.
Бағанадан бергі ауыр ойдан серпіліп, көңіліне жылу
тарағандай болады. Бес бала әкелеп тізгініне оралады. Сол
380
сәтте барып қойнықонышын қарманады. Қойны-қонышын
қарманып
барып,
ауылдан
ала
шыққан
кәмпит,
ойыншықтарын үлестіреді-ай рақаттанып. Енді әлгінде ғана
әкелеп бас салған балаларының қуана жүгіріп, алақайлап,
аларын шын алған соң, бірте-бірте суси жылыстап, ал әйелі
шелекті даңғыр еткізіп, суға кетіп бара жатар, шай қайнатып
берем дегені. Құрт салған шайды бұлар қарама-қарсы отырып,
ұзақ ішісетін, ләм деспей, әрқайсысы өз ойымен болып, оңаза
ішілетін.
Таудың қара суығы хабар-ошарсыз жатқан соң, арқаны
кеңге сала бастайтындардаың бірі – Қойшы. Қар жауғанша
біртіндеп, жел өтпестей етіп қамсаулап алармын қыстақты деп
ойлағаны ғой. Ұзын арқан , кең тұсаумен жүріп, талай-талай
қапы қалып, сан соққаны есінде, ылайым ертеңін бүгіннен
ойлау қадетінде онша жоқ та еді. Дегенмен, осы жылы әр
нәрсеге асығыс, бір түрлі құлқында жоқ бөтен құнттылық
аңғарылған. Ежелден жайбасар, саспас адамның жоқтан өзгеге
қоқшаңдап, қалайда, осы қылығы өзіне аққа қара басқандай
үйлеспей тұратын. Дәл биыл да болған бөлекше мінездің
салдарын таба алмай сандалған әйелі «ес кірейін дегені
шығар, байғұсқа» деп жорыды. Бірақ ерінің есі бұрыннан
барын, ежелден ақылды, бірақ сол ақылды ағыл-тегіл
рәсуаламай, тізгіндеп ұстарын он жыл отасса да сезген емес.
Әлгінде шайды сораптап ұзақ ішкені ындыны кеуіп шөлдегені
емес, бағана ат үстінде мазалаған ойдың ұшығын әлі де таба
алмай мыж-мыж болып бас қатырған. Күн қағып, тотыққан
қара күрең жағы пышақ жанығандай етсіз қудай. Әуреге
түсіретін сақал-мұрты жоқ, тықыр көсе еді; иегінің әр жерінен
бес-алты тал қыл сепсейе қалса, өсіріп барып жұлып
тастайтын; ол құрғырды дәл осылай ауыр ойға шомғанда,
ширатып, үлкен ермек етуші еді, қазір де бір-бірлеп жұлып
отыр. Ерінің ауылдан онша олжалы оралмағанына жыны
ұстап кеседегі шайын тауыспастан жерошаққа шаша салып еді
әйелі, бұрқ етіп күлі аспанға көтерілді:
– Ерінбей-ақ бір қап ұн ала келер едің ғой, бейшара.
Иегіңдегі бес-алты қылыңмен алыс та отыр солай омпиып, –
деді де, ызылдап тұрған самаурынды бұлан-талан ала
жөнеліп, суын сар еткізіп шелекке құйды да, шоғын қағып
бақанның басына іле салды. Қойшы шүңірек көзінің қырымен
381
міз бақпай қадала қарады. Тағы да бір-екі кесе ішкісі бар-ды,
бірақ үндеген жоқ, үндесе үдетіп алатынын ойлады; ал әйелі
барып тұрған көк пері екенін біледі; ал әйелі шынында бір
ашуға мініп долданса , айын аспаннан келтіріп, бала-
шағасымен қоса бықпырт тигендей айдап шығарына кәнік-ті,
бастан талай-талай өткен сыралғы оқиғалар. Ол ләм деместен
орнынан тұрды, іргеде жатқан қамшысын алып қостан шығып
кетті. Дастарқанның кеспірі тым жайсыз қадаушабыр болған
соң, көп айналмай, бағана ойнап кетіп еді балалар. атқа қона
берген әкесіне тұра ұмтылысып: «Қайда баласың, тағы да
ауылға баласың ба, кәмпит әкелесің бе?» – десіп қалды.
– Әкеледі ғой, әкеледі, – деді босағаға сүйеніп, көзі
шатынап тұрған әйелі, әйтсе де, ұрты солбырап атқа мініп
жатқан күйеуін аяп. Қойшы ең кішкенесін жерден көтеріп,
бауырына басып, маңдайынан сүйді. Сосын еппен жерге
қойып: «Жоқ шырақтарым, қойды болжаймын», деді де,
шолақ торысын сауырлай бір салып, бүлкең-бүлкең желе
жөнелді. артынан ала мойнақ ерді. Босағаға әлі де мұңая
сүйеніп тұрған әйелі: «Құдайай, қой соңында сандалтып
қойған. Қандай ғана қазақтың тасы өрге домалап, үлде мен
бүлдеге оранып отырады. Қандай ғана қатындар қарағайдай
күйеу тауып алады, сорым-ай, сорым-ай», – деп, тұлан тұтып
жылап отыра кетті. Бірақ бұл сөзді абиыр болғанда күйеуі
естіген жоқ-ты. аспан айнадай таза, кірбеңсіз-бұлтсыз.
Жомарт күздің балдырап, бабында тұрған шағы еді. Әне, бір
топ тырналар жылы мекендеріне ұшып барады, ұшы қиырсыз
тізбек, таусылар емес. Егер құс болса, Қойшының әйелі
баяғыда-ақ безіп кетер еді-ау жылы жаққа. Жазған қос қанат
бермей, даңғарадай бас пен шұбатылған қол-аяқ беріп қойған
соң, не лаж...
Отар ұзамапты. Салық салғанның қалың күреңселі иығына
бөгіп жатыр. Биыл жер отты ғой, қойлар қатты тойынып,
жардай болып семірген. Семіздікті тек өздері ғана көтере
алатындақтан да найқалып, ұялғаннан ғана қозғалғандай.
Отардың бағдары дұрыс, қарасы түгел секілді болған соң,
қиқайып Тас шоқыға қарап аяңдап еді; Шоқының қыр
желкесіне шыға келгенде, алдынан керімсал есе жөнелді. Күні
бойы екі иінінен зіл болып басқан сары уайым ой, қытымыр
әйелдің теперіші ада болып, мына тас шоқының майда қоңыр
382
самалы шаршаған жанын жадырата бастаған-тын. атын
самырсынға байлап, қыздың жасауындай текше-текше тасқа
тырмысып шыға бастады. Шоқы бұрынғыдан әлдеқайда
заңғар тартып биіктеп кеткен бе, көп әуреге салып, қинап еді
кеп. Бала кезінде лақтай секіріпсекіріп оңай-ақ шыға келетін.
Кісі дегенің, жас ұлғайған сайын, су жүрек қорқақ, әрі
қорғаншақ ат, сақ тарта берері несі екен. Иә, қартайған сайын,
жан тәтті... Тас шоқының иығына шығып, сонау етекке
қарағанда басы айналғандай болып, зеңіп бір сәт отырып
қалды. Қайта көзін ашқанда, ойда сұлап жатқан сап-сары
жөргектей даланы көрді; егінін орып әкеткен дала өзі отырған
таудың етегінен басталып, барып-барып.., анау жапжасыл
орманға тұйықталар; қалың қайыңды орманының ені үш
шақырымдай, ортасын қақ тіліп бұраңдай еркелеп Бұқтырма
ағар, бұраңдап аққан Бұқтырма алтай арудың ұмыт қалдырған
күміс шашбауы іспетті; сосын орманның ар жақ жағалауынан
тағы да сары жағал дала басталады да, тағы да тауға тұмсық
тірейді. Бірақ, Бұқтырманың сол жағындағы дала бірыңғай
сыпыра жазаң емес, қыземшектенген дөңсең. Сол қалың шилі
төбешіктердің ық-ығын қуалай, қыстақ салынған. Қойшының
қыстағы тау мен шоқаттарға бай, ойлы-қырлы әрі шақпақ қой
тасты теке тіресіп жатар жонды жотаның арғы бетінде. Ол
жота бәрінен еңселі, қыстың қызыл желі аз тиетін дала. Сол
жота қазір де қою мұнардың арасында алғашқы боп көзге
шалынады. Қойшы күні ертең көшіп барар мекені – жалбиған
жаппа қара үй көрінер ме деп, көз сата ұзақ қарады. Бірақ
шаңқай түс, күздің келте түсі, мұнарлы келеді екен,
бұлаңытып жота ғана елес бергені болмаса, қораның сүлдесі
болжанбады. Тек ауыл ғана жер тағандай бытырап жатыр.
ауыл бұрынғыдан әлдеқайда далиып үлкейген. Далиып
үлкейген сайын, үркердей үйірілмей қадайлана бытырап
барады... біріне-бірі іргелес отырудан безгені шығар...
Қож-қож қына басқан жақпар тастың үстінде отыған
Қойшы қарманып қалтасын қаранып еді, шылым таппады.
Қаңсып қатты шөліркегендей болды. Ол ендігі сәтте не
ойларын білмеді. Сырғақсып, әр нәрсенің басын бір шалып,
қиялын тиянақтана алмайды. Сосын шырт түкірмек болып еді,
құрғыр таңдайы таңдайына жабысып, түкірік шықсашы.
Кеберсіген ернін дүрдитіп ептеп ысқырды. Бағана таман
383
арадай анталаған мазасыз уайым-қайғы, ертеңнің қам-қарекет
ойы ұшпалана ыдырап-ақ кетіпті; әредікте «балаларға кітап-
сітапты қайдан табамын, қыстауды қашан қамсаулаймын,
әйелім босанып қалса, қайтемін» секілді темірдің тотындай
жанын жеп жүрген ойдың етегіне жармасып көрді, бәрібір
тереңдей бойлап, үңги сары уайымдай алған жоқ. Қоңыр
күздің маужыраңқы шуағы буын-буынды алып, ұйқы
шақырған соң, қалғып кетуге болмайтын болған соң, еріксіз
дел-сал мәңгірген кейіпті бастан кешеді. Қойшы қымыз
ішкенде осылайша бейжай үнсіз балбырап тым ұзақ отырып
алатын. ал қымыз ішпей, ақ жауын сыбыр-сыбыр тәулігімен
жауып тұрса да, тонға бүркеніп алып, бұйығып күн демей, түн
демей жата бергісі келер. Ол өстіп өң мен түстің арасында
бұйығып жатып, алтайдың ақ жауынын іштей алқайтын-ай –
қай-қайдағы қиялын тербеп, өз-өзімен оңаша қалдырғанына,
мазаң дүниенің айқай-сүреңінен бір сәт болса да, қашаңқы
тартып дем алдырғаны үшін алқайтын. Бүгін күн ашық, ал көп
ұзамай сол ақ жауын да басталар. ақ жауын! Қойшы үстіндегі
бар киімін сыпырып тастап, жалаң аяқ, жалаң бас аспан
нұрының астында тұрып, ақ жауынға шомылғысы келетін.
Сол секіріп, билеп тұрған әр тамшыдан баяғыда, тым ертеде
жоғалтқан қайран балалық шағын іздер... бірақ нөсер әсіресе
ағыл-тегіл сорғалаған көз жасын еске салатын еді... Шоқының
үстінде отырған Қойшы сол ақ нөсердің иісін сезгендей болды
ма, селк етіп есін жиып, жерге тас кенедей жабысып, өріп бара
жатқан отарға қарады. Қаперсіз – мәңгі бақи қаперсіз қойлар.
– айналдырып келгенде, – деп ойлады ол, – осы
қойлардан көп озықтығы жоқ-ау пенде дегеннің. – Ол осынау
күйреуік сезімге, күйреуік пиғылға не... не итермелеп мәжбүр
еткенін білген жоқ. Және ежіктей-тежіктей ақылға салғысы
келмеді. Тағы да сонау ойдағы сары ала далаға естен айрыла
ұзақ қарады; бірақ қанша көз сата тесілгенімен, ештеңе көріп
те отырған жоқ; әйтеуір бұлың-бұлың бірдеңелер, бұлдыр-
бұлдыр дүниелер; тайғақ тағдырдың өзіндей кейуана
құбылыстар; ажарын анық танытпайтын қияли сүлделер...
Былтыр да, алдыңғы жылы да, тіпті бұдан он жыл бұрын не
көрсе, соны көреді. ал Қойшы бала кезде, немесе алғаш шопан
болып келген шақтарында анау аспан, анау дала мен тау,
орман мен өзен басқаша, мүлдем басқаша секілді еді ғой.
384
Онда бәрі-бәрі айқын, бедерлі әрі көркем көріністі, әсемсал
сипатта еді. Сонда Қойшы осынау өлкенің бар бітіміне аса
ынтызар көңілмен сонырқайтын. Бүкіл әлемді құшағына
сыйдырардай екі қолын жая қасқая қарап тұрар еді де: «туған
жер неткен ыстық едің», деп бар даусымен жар салар еді. Жар
салған үнін тау-тас үздіксоздық қайталап жаңғырар...
жаңғырыр.., ал қазір ше, қазір неге олай емес, басқаша...
ешнәрсе көре алмай отырғаны несі? Неге көзінің алдында
кербез керілген дала, тәкаппар тау, ойлы орман, асау өзен
көріністенбей буалдыр бірдемелер тұманыта береді... Тек қана
түтін, түтін көріп отыр. Шынымен-ақ осы кәсіп, осы суреттер
жалықтырғаны ма? мүмкін жер өзгеріп бара жатқан шығар,
мүмкін ел өзгеріп бара жатқан шығар...
Буалдыр дүние, маужыраған тыныштық. Әне: дала, ауыл,
өзен, орман; тау, күреңсе, қой, өзінің жарбиған қосы. Былтыр
да сол, ертең де сол.... Сосын қыс келеді қылышын сүйретіп,
ағаштар қуарып, орман жалаңаш қалады; өзен су алып, көк
мұздың астында ыңырсиды; тау ақ сұр бұлттың, аппақ қардың
астында іштей егіледі; ақ дала ақ тонды айқара жамылады да
өлі ұйқыға кетеді; іштей тынып Қойшы жүреді күйбеңдеп.
Оның есіне өткен қыстың қалай өткені түседі.
Осы жылдың қысында:
– Қар қалың түскен жоқ. Бірақ қар суығы қатты болды.
Әсіресе, ақпан айының ортасынан бастап құбыладан сұп-суық
жел соқты да тұрды. Сыпыра таудың желкесінен піспек бойы
биіктей ғана батысқа жылжитын күн жансыз, өлімсіреген
сәуле шашады. Кейде сықастырып қара сұр бұлт торласа, сол
қара сұр бұлттың астында қалған күннің қашан шығып, қашан
батқанын ажырату қиын-ақ. Өңі құлазып, тоң болып қатып,
шыт-шыт айырылып кеткен жер салқын сазарады. ал қойлар
болса, сол мелшиген жерді жұқана жапқан қырбақ қардың әр
тұсынан қылтанақтанған сояудың басын шалып, салдақы
желмен итінген шидің түбін жұлқылап талмау жасар. Киіктің
жонындай тұрықты дөңнің ықтасынында отырған Қойшының
қыстағы анау көп тобырлы ауылдан адасып қалған жалғыз үй
дейтін. Немесе бір кезде тобынан көз жазып қалып, енді
жеуге, енді көруге бар ділімен құштар болған азаматтың туған
жер, өскен еліне асығуындайтын; немесе ер азаматтың ел
жұртына бір жола көңілі қалып, қамықты жүрек, құрдымды
385
тілекпен жалғыз тірлік, жалғыз түтін жалғыз мақсұтты таңдап,
соны кешуіндей-тін. Қалай десек те, шақшадай басы шарадай
болып жүрер Қойшыға сиымды еді. Ол өзі шындығында да
осы саяқ тірлікті ол бастан қалап алған. Қалап алғанда: үлкен
бір арман жолына түскені, құрмет атаққа ие болайын дегені
ме, жо-жоқ, өзінің пешенесіне тек қойшы болу ғана
жазылғанын көргендіктен түсініп, қой бақпаса арам
қататындай, уайымшыл сезімде жүретін.
Қойшы өмір жолын мүлдем басқаша бастағысы келген.
Табиғат сараңдық жасапты. Табиғаттың берген там-тұм
дарыны жоқ емес те еді. амал не, ерте жоғалтты, машықтай
алмай ерте... тым-тым ерте рәсуалады. Көмескі болса да, әлі
есінде, мектепте оқып жүрген шағында тәмам баладан мұның
алабөтен ерекшелігі – байқағыштығы еді. Әр нәрсені тез
аңғарып, көрген сезгенін ұмытпай жадына түйетін. Бертін
келе сурет салуға әуестенді. Қолына не түссе, сонымен әр
жерді сызғылап, көп заттың нобайын шимайлай беретін.
Жоғары класқа келгенде әжептәуір талабы бар танымал
суретші болды. мектептің бүкіл әлем-жәлем қағазы өз
қолынан өтіп жүрді. Қабырға газетінің редакторы болып
сайланды.Бір күні әдебиеттен сабақ беретін мұғалім балаларға
«Кім болам?» деген тақырыпта шығарма жаздырды. Қойшы
сонда бас қатырып, көп ойланбай-ақ қолына қалам алып еді,
бірақ не жазарын білмеді. ақ парақтың басын «Суретші
болам» деп жазды да, жарты сағат ойланып отырды. Бұл – бір-
ақ сөз, ал шығармаға кемінде үш-төрт парақ жазу керек. Тек
мұғалім: «Жазып болсаңдар тапсырыңдар», – дегенде ғана
есін жиып, қиялын жинақтаған. Не жазу керек? Сосын ол ақ
бетке бір-біріне иек сүйеген шоқтықты таулар, сол таудың ар
жағына күлгін тартып батар күн, сол таудың етегінде тігілген
жалғыз киіз үй, жалғыз ат, жалғыз еркектің суретін асығыс
салып шықты да, апыл-ғұпыл тапсыра салды мұғалімге.
мұғалім екі қоймапты. мұның бетіне қадала қарап: «мынау
суретші болам дегенің шығар» деп ұқтым да, төрт қойдым.
Бірақ суретің тым-тым мұңдылау ма, қалай. Әсіресе,
жалғыздыққа әуес екенсің. Жалғыздың аты, жаяудың шаңы
шыққан емес, қалқам», – деді. Бала түсінген жоқ, шын талант
жетекшісіз-ақ мұратына жетер болар... Сол суретшілікті
армандаған Қойшы әнеу төбенің басында қой өрбітіп тұрған.
386
Шолақ торысы басқа ұрғандай, иесі икемдемесе, күні бойы
табандап, сүлкиіп тұра беруге бар. Және басын жерге салып,
оттамай мүлгитін-ай. Оты сөнген көзі кіртиіп, құлағы
салпиып, құйрығын қой жеп, шолтиған торы ат қысы-жазы
үстінен ер түспесе де, күйінен таймайтын ересен мес, етке
мықты көнбіс те еді. Иесінің итіңіне көніп, борт-борт желіп
келіп жүргені. Кейде, бейілі түссе, шоқырақтап шабатыны
бар, ондайда түні бойы жегенін тастап алып, рақаттана
жағымсыз иіс шығаратын; немесе тілектен тыс теперішке
істер амалы жоқ жануардың лажсыз тыраң-тыраң шабысы,
дүңк-дүңк желісі жалықтыра ма, иесі тізгінін оқыс тартып,
ілбіген аяңға түсіретін; иесі кейде мұны бытырлатып
сабайтын, бірақ шапқыламайтын, шапқыламаса, неге
сабайтынын әсте түсінбейтін торы құйрығын шыжбақтатып,
қаншама шығырандаса да тағы... тағы да ырықсыз тақымға
түсіретін адам құдіретінің мәңгі құлы екенін сезіп, көндімге
көшетін. Бірақ жануар иесінің де иесі бар, ол да әлдекімнің
әсіресе өмірдің мініс аты екенін, иесінің де арқа басы жауыр
сортақым пенде екенін сезбеуші еді... атқа Қойшының қазіргі
мінезі әсіресе ұнайтын, шаппай да, желмей де, сабамай да
қалғып тұра берсе, шіркін..., әй, өйтпейді ғой, ол адам ғой, ал
екі аяқтылардың қай-қайсысы да тынышсыз, мазасыз, бір
нәрсені бүлдіріп, бір нәрсені шұқыламай жүрсе, іші
ауыратындай көреді.
Құбыладан соққан суық жел бар. Торы үнемі сол желге
артын беріп, теріс тұратын. Бұл тұрысты иесі де ұнатушы еді.
Шолақ қара тонының жағасына иегін тығып, тас мүсіндей
қатып тұрған Қойшы мынау иен-тегін өңірдің қалт етпес
сақшысындай сонадайдан көзге ұратын. Бірақ бұл дала
күзетшісі де, қойшылар құрметіне орнатылатын салт атты
ескерткіш те емес, кеудесінде жүрегі бар, қуана да, қайғыра да
білетін мәңгі мазасыз адам еді. Ол адам екенін, оның ішінде
қақ-соғы жоқ қажырлы да, қайғылы Қойшы екенін екінің бірі
біледі. Оны қойшы деп біледі, әсіресе қой бағатынын біледі.
Ең өкініштісі сол - қандай адам екенін білмейтін.
Ол осы жерде, дәл осына мәңгі мылқау таулардың
ортасында, дүние есігін ашты: әр бұта, әр дөңесі таныс, ат
үстінде аппақ адырға қарап тұрып: « Туған жер ыстық дейді,
несімен, неге ыстық?» – деп ойлайтын, әрі осы ойдың
387
ұшығын іздеп сарсаң болатын. Ол туған жердің ыстықтығын
осы жасына дейін сезіне алған жоқ. Өне бойы қарға адым
қашаң шықпай итаршылап, өзінде жүрген соң шығар, кіндік
кескен жері жалықтырғандай да болатын. лағып басқа ел,
басқа жұртты аңсаған күндері осы оспадар ойынан шошынып,
өз-өзін кінәлайтын кеп. Әйтсе де, Қойшы мынау қазақтың тау
мен даласынан азар да безер болып көрген жоқ; қабырғасын
қайыстырар ауыртпалығы түссе, әйелі құсап қарғап-сілеген де
емес. аз күнгі азып-тозуға шыдамай, алтайды асып кеткен
жансаулығының иелері тіпті баяғы апалас-төпелес зар
заманында да болғанын естіген. Сонда Қойшы ойлайтын:
«бәрібір туған жер – алтын бесігін сағынатын шығар. алтын
бесік! адам туады , айқайлап жар салып дүниеге келеді. Сосын
бесікке, жөргек салған бесікке бөленеді. Жас нәрестенің көзін
ашқанда көрері – ана мен бесік. Сондықтан да осы екеуіне дақ
түсірмей, ардақ тұтып өтер де. ал енді осы алтын бесікті
тіршіліктің көп-көп кәсіби жемтігіне саудалап кететіндер де
бар ғой. Ең ғажабы сол – олар бәрібір күндердің күні басына
қатер төніп, қыспаққа қалғанда, немесе өзге жұрт қаны
басқалыған бетіне басып, қыл бұрау салғанда, алдымен есіне
сол алтын бесік пен ардақ ана оралар. алтын бесік! Оның
ыстықтығы әсіресе алыста... тым-тым шалғайда жүргенде
білінер», деп еститін Қойшы. ғұмырдағы ең жаман нәрсе –
сағыныш, сол сағыныштың сарғайған суын жұту. Сол
сағынышта мүбада, туған жерді аңсаудан өлген адамның
аянышы жоқ, сірә өзге жердің сауғасы үшін бөтен топырақ
бұйырғаннан бейшаралық жоқ, сірә; ендеше қазақтар, бала бір
жасқа толғанда «жершіл» болсын деп, туған жеріне аунатып
алатыны бекершілік емес, төл топыраққа деген ала бөтен
махаббат-ау». Қой бағып жүрген Қойшының ермегі – кітап
оқу. Оның жимаған кітабы жоқ, әсіресе, суретшілер жайлы
томтом әдебиеттер бар. Ол алдыңғы жылы Тургенев деген
орыс жазушысының «Дворяндар ұясын» оқыған. Биыл әдейі
іздеп барып, киносын көріп қайтты. Кинода үйір-үйір қайың
өскен жазира дала мен қырмызы гүлді бел-белесті бірнеше
минут көрсетіп тұрып алғанда, ол: «Дворяндар ұясын» киноға
түсірген адамның өз жеріне деген махаббаты Тургеневтен
артық болмаса, кем соқпас», – деп ойлаған. Сонсоң:
388
«Осындай үлкен жүректі ұлы ілтипат менің жамиғатымда бар
ма осы», деп күбірледі.
Сонда ғана ол туған жердің топырағына аунатып алмағанда,
қандай күйге түсетінін шындап сезінген. Өзге жұртқа қашу
қайсыбір елде де көп болатынын ол бұрыннан да білетұғын.
Өз жұртының қадірін білу үшін, өзге жұртта өмір сүр! Енді
мынау Иван Сергеевич деген әдемі шал әсемдеп-ақ жазған
екен; тегі өзі де көп қаңғырған-ау деп ойлаған. ал дүние,
мынау өмір тек әдеміліктен ғана тұрмаса керек. Құбылыстың,
болмыстың нағыз ащы шындығы мен тірлігі, қарапайым
адамның күйінішсүйініші аз жазылған... қай-қай заманда да
қораш жазылған... жоқ, олар – бәрібір өз Отанын, ең абзалы,
өз халқын, орыс жұртын, көкке көтере мадақтап өткен сүйегі
асыл адамдар ғой. меніңше, – деп ойлайтын Қойшы, - менің
дүниедегі ең пайғамбар жазушым – өз ана тілінде жазып-ақ
әлеми аспанға көтерілу – өз ұлтының жілікті де сіңірлі дәстүрі
мен бар керемет қасиетін, кесапат мінезін тарамыстап, қайып
суреттеу. Өйткені менің ұлтым арқылы-ақ жалпы адамдық
қадери-халдерді паш етуге болады ғой, өйткені олар да –
адам! Өйткені мен өзге халықтың классиктері өз тілінде
тудырған шығармаларды жатсынып, жатырқамай оқып
отырмын. мен рембрандт, рафаэль, Тициан, левитан, Суриков
суреттерінен өзімді, өз жұртымның көп-көп қадір-қасиетін,
жоқ-жұтаңдығын, алып бейнесін, өзен-су, орман-тоғайын
танимын. Сондықтан жақсы көремін. Әсіресе, анау бір
суретті... «Провода покойника». Қойшы әзірше сағыныштың
не екенін білмейді, әйтсе де өзі әлі байыбына барып,
парықтамаған жұмбақ нәрсені сағынатындай әсерде жүретін
кезі бар. Не ол? Кейде жүрегінің сыздап, көзіне себепсіз жас
толатыны несі? Кей ретте екі иінінен албасты басқандай өз-
өзінен еріксіз өксіп, кеуде кере күрсінетіні несі? Жә, мұны да
қойшы, кейде, мынау тау мен далаға, анау қар тепкілеп
жүрген қойға қараса болды, көңілі құлазып, жүрегі неге
сыздайды; бәрі-бәрін, тіпті әйел мен баласын да талақ тастап,
басы ауған жаққа, торы шолаққа мініп, безіп-ақ кеткісі
келетіні қалай? міне қазір ол аттың үстінде үн-түнсіз мүлгіп
тұр. Ойламай, төрткүл дүниенің деміккен тынысын тыңдамай,
елінің, жерінің амандығын тілемей, сағымдай бұлдырап, бұл
жақындаған сайын, жылыстап кете беретін шұғыла арманын
389
сағынбай тұр дейсіз бе? Суретші болмай, қой бағып кеткеніне
өкінбей тұр дейсіз бе? Әлемде қойшыдан көп ойлайтын ешкім
де жоқ та шығар. Өйткені ол жалғыз, сұқбаттасып,
пікірлесетін пендесі жоқ жалғыз. Не керек, адамды ой жа
жалықтырады екен. рас, ол кеше тор шолақпен тұңғыш рет
сырласты. Байғұс тор шолақ құлағын салпитып, бар пейілмен
тыңдаған соң, іштегі запыран болып жиналған көкейкесті
сұрақтарын ағылтегіл ақтарып еді.., ақтарып еді.
«Торы шолақ! Сорлы шолақ! Хайуан боп жаралғаның
қандай бақыт. Еш нәрсе ойламай, уайымдамай, оттай бересің,
бірақ сенде ішіңді тартып күрсінесің... Неге күрсінесің? Әлде,
әлде сенде де сана бар ма?
Ей, торы шолақ! Сауырыңа қамшы батқанда қияңқыланып
мені неге мөңкіп-мөңкіп жығып, басқа бір теуіп кетпейсің?
Әлде аяйсың ба? Әлде намыстан жұрдайсың ба?
Ей, торы шолақ! Сен маған мынаны айтшы: айғыр болып
көрдің бе? Әлде, үйірге қарап, арқырап бір кісіней алмай, тай
кезіңнен тартылып кеттің бе? Әлде, сенің де көкейіңде
мұғалима қыз елес беріп жүр ме?» Не керек, жануар бірде-бір
сұрағына жауап бере алмай, кіртиген қоңыр көзін төңкеріп
қараған да, солпиып тұра берген. Онысы «былжыраймын деп
отырып, отарыңнан айрылып қалма» дегені сықылды еді.
«Қазақта жылқы мінезді дейтіні тегі рас», – деп басын
шайқаған сонда Қойшы. – Шыбын-шіркей қаптап, мазалап
жүрсе, еш қайратсыз, сиыр құсап пана іздеп, оқыралап кетпей,
«өзің біл, өзің біл» деп басын изектеп, миземей тұра берер,
бұл төзімділік пе, әлде көнбістік пе... шыдамның шет-шегі
болмай ма?!
Қойшы бүгін тосын түйсініс пайда болғандай өзін бөтенше
сезінді. Таңертең отарды тебінге шағарарда әйелі бұған күле
қарап: «сақалыңды сапситпай, алсаңшы, онсыз да жетісіп
тұрған жоқсың, құдды бір жыл үйдің бетін көрмеген қашқын
секілдісің», – деген. Иегін сипап еді, шынында да қадау-қадау
қылдар шұбатылып саусағына ілікті. Сосын әдетінше
ширатып, ермек етті. Кешегідей емес, көңілі көншімді,
шымшымдап жылу тарағандай. «Бейшара қатынға да обал, –
деді күбірлеп. – Он жылда бес бала табу оңай ма. Өткенде:
«Биыл бойыма тағы да бала бітсе, алдырып тастаймын», – деп
, тас-талқан болды. Енді қайтсін, бала бағамыз ба, мал
390
бағамыз ба... Екеуін де бақпай жүргендер де бар ғой. Екеуі де
керек. Бірақ өзі қимады ғой». Есіне әйелімен қалай үйленгені
түсті.
Он жылдықты екеуі бірге бітірді, бірге бітірді де, бірдей
жұмысқа қалды. Қойшының жұмысқа қалғысы жоқ-тын.
Класс бойынша, бастама көтергізіп, газетке суреттерін басып
дабыралады-ай. Сонсоң тайлы-таяғы қалмай, жеке брига- да
құрып, пішен дайындауға кірісті. Ұл-қыз аралас отыз оқушы
тауда қос тігіп, аралас-құралас мәре-сәре боп, қойындаса
жатты. Не керек, шөбін де үйді, армансыз ойнап-күлді де.
Жуастау Қойшының икеміне көніп, үлесіне тиген осы әйелі
болды. Қойшы оны емес, ол Қойшыны айналдырғандай еді.
Бір күні жеңінен тартып былайырақ шығарып апарды да,
бетіне бақырайып қарап тұрып: «Сен әкесің!» – дегенде, не
күлерін, не жыларын білмей сасқалақтаған. «Енді әке болсам,
дүниеде бір-ақ қызбен қыдырып, бәрін тындыр- ған екенмін»,
– деді де, жеке итарқа жасап, түтін шығарған. Сол жылы күзде
тойдың ырымын жасап, қосылып, тұңғыш ұлын тауып та
үлгерді. Содан бері тоғыз жыл өткен, биыл оныншы жылдың
қысы. Сол жылы оқуға бармай ауылға жұмысқа қалған отыз
қыз бен жігіт түгелдей бір-бірін алып, семья құрып тынған.
Тек бастама көтеріп алып, өзі алматыға қашып кеткен қулау
бір жігіт қана жоғары оқу орнын бітіріп, осы бөлімшеге
зоотехник болып оралды. Етегіне намаз оқып, көп жүріп сұр
бойдақ болып барып үйленді. Қойшының әйелі зоотехникті
көрген сайын күрсініп алатын. Әйтеуір бір жүрген қара
мысықша тырмалаған сансоқты өкініші барын қаншама
сездірмейін, білдірмейін-ақ дейтін, амал не қимыл-қыбыры
мен көзқарасы аңғартып қояр еді. Ол қандай өкініш, ненің
уайымы? Оның сырын ері біле алмай дал. Көбінесе: «Біздің
осы зоотехник құсап оқи алмағанымызға налитын шығар», –
деп түйетін. Бірақ әнеугүнгі уақиға болмаса... әнеугүнгі
уақиға... Қойшының денесі тітіркенгендей болды. астында
қалғып тұрған торы шолақты бауырға бір салып қалғанда,
оқыс атып кетіп, әрең-әрең ауып түспей қалды. Бұдан соң
торыны шықпыртты-ай, шықпыртты-ай, төпеледі-ай... ат аң-
таң...
Қыстың күні қарғаның тұмсығындай-ақ бабымен піскен
етті алдыңа ала берсең қас қараятын: ымырт үйірілуге
391
тақалғанда суырыла суси, жер бауырлап жаяу борасын
тұратын. Дәл осы мезгілде қойды қоралап үлгеру керек.
Әйтпесе, қарсыдан соққан боранға арық-тұрақ баспай қоятын.
Қойшы қамдана бастады. Бытырай қар теуіп, күрт-күрт еткізіп
жер тістелеп жүрген қойдың жан-жағына шығып кіш-кіштеп
әрең дегенде иіріп алды да, қыстаққа қарай дүркірете қуды.
ағаштан қиылған дара үйдің жеңдібілектей сорайған
мұржасынан қисайып түтін шығады. Қараға жақындағанда,
әйелі шығып есік ашты. Таңертеңгі оқыс күлкі ақ сұр
келбетінде әлі де үйіріліп, айырыла қоймағанына таң-тамаша
қалды Қойшы. Бұлар екі жақтан қойды қотандай бергенде,
дүрдиген дөңнің жонынан салт аттының нобайы көрінді.
астындағы тұрықты қара кердің танауынан будақ-будақ дем
шығара деміктіріп қатты жүріспен тебініп келеді. «Бұған не
көрінді, екі кештің арасында. Суыт жүргені несі, мені шауып
алатындай», – деп мырс етіп күліп, теріс айнала берді Қойшы.
Зоотехник едіреңдеп кеп, қара кердің басын кілт тартып,
селтиіп тұра қалды да: – Жақсымысың, құрдас, – деді
Қойшыға.
– Жаман емеспін, төре. – Қойшы неге екенін қайдам, әлі
де басын көтерместен күңк етті де, қораның қақпасын
сықырла- тып бекіте берді.
Зоотехник Әйелге қарады. Әйел бұған жалт етіп бір
бұрылып, ыржиған күйі үйге сып етіп кіріп кетті.
– Қойды кеш әкелдің ғой, – деді аттан дік етіп түсе
қалған Зоотехник. Қанжығасындағы қоржыншасын шешіп,
былай қойды. Шолақ торының ерін алып, шөпке қоймаққа
икемдеген Қойшы Зоотехниктің сөзін қарусыз тастады да,
ішінен: «сенің келетініңді біліп, кеш әкелгенім ғой, қорқып»,
– деп ойлады. Сосын бетіне қарамаған қалпы: – Қонатын
шығарсың, атыңды шөпке қояйын, – деді. Әдейі тақыстанып
сұрады.
– Жоқ, құрдас. Ол не дегенің. Иек астындағы ауылға
қайта қайтпай жатсақ, ел-жұрттан ұят-та... ха... ха... – Күлді.
Қоржыншасын алып, үйге беттеді.
«Үйге менен бұрын кіріп, қатынымның мықынын мытып
қалмақсың-ау жазған. Иек астындағы жерге әнеугүні неге
түнедің, ел-жұрттан ұялмай». – Бірақ Қойшы бұл ойын тағы
да ішке бүгіп жасырып қалған. Ол әмәнда іштегі болжаған
392
ойдың бәр-бәрін ақтара салса, тыныш өмір сүре алмайтынын,
соңынан шам алып түсетінін білетін. Әр нәрсені түрткілеп,
әдейі күйбеңдеп көп жүрді сыртта.
Шам жанды. Сонда да кірген жоқ. Торының жалын
тарамдап, көп тұрды жанында. аузы отқа жаңа тиген шолақ
торы иесінен мұншалық мекіреніс күтпеп еді, жақсы көріп
тұрғаны-ау
дегендей,
тотияйындай
көкпеңбек
шөпті
күртілдетті-ай. Сығырайған терезенің пердесіз әйнегіне көз
тастап еді, Зоотехник қоржынынан бір бөтелке арақ шығарып,
Әйелге көрсетіп, әлденені айтып сөйлеп тұр екен. Сосын
шөлмекті Әйелге ұстата салып, қап-қара шашын сипамаққа
ұмтылып еді, ыржалақтаған келіншек әйтеуір берер затын
жорта бұлдағандай бұраң қағып жасқап жіберді. Қойшы қатты
ұялды. аттан ба, өзінен бе, жоқ болмаса анау үйдегілерден бе,
оны біле алған жоқ. Әйтеуір жерге шырт түкіріп, теріс
айналып кетті. Теріс айналып еді, қораның қыр желкесіндегі
дөңнің тұсындағы өрім-өрім жабағы бұлттардың арасында
сығалап тұрған «Қойшы жұлдызға» көзі түсті. Жаңа шыққан,
әрі ең алдымен шыққан осы жұлдыз ғой. Жүрегі суып ұзақ
қарады.
«Қойшы жұлдызға» жүрегі суып ұзақ қарап тұрған ол:
«Егер қазір үйге барып, зоотехниктің жағасынан ала түссем,
әкесін танытып сабасам, менің үстімнен арыз түсіріп, қойдан
шығарар еді, өйткені менің куәм де, қағазға қатталған дерегім
де жоқ; әйеліме қырындады деп кімге шағынайын, айналып
келгенде өзің күлкіге қалып, ынжық атанасың. ал, әйеліңнен
айрылып көр, шиеттей бес баланы шулатып... несіне сандалып
тұрмын, әншейін қалжыңдасатын шығар... ие, құрдас болған
соң уәждеседі.., – деп ойлаған. Әнеугүні...»
Әнеугүні Қойшы суық тиіп қатты сырқаттанды.
Құлындаған даусы құдайға жетіп, шыбын жанын қоярға жер
таппай шырқырап жатқанда, тағы да осы зоотехник келе
қалып, «жалғыз құрдасымнан айрылып қалам ба» деп, ауылға
қайта шауып дәрігер шақыртқан. Жергілікті дәрігер ары
қарап, бері қарап «біздің қолымыздан келмейді, жедел жәрдем
шақыртып, ауданға жіберу керек» десті де, үш сом ақша алып,
«тетрациклин» деген дәрі тастап кетісті. Жедел жәрдем үш
күннен кейін келіп, «аздап тәуірленіп қалдым, түк етпес» деп
азар да безер болған Қойшыны машиналарына салып алып,
393
аудан қайдасың деп, боздақтата жөнелген. Сонда осы
зоотехник бәйек болып, «үйбай-ау, қайта ауырып қалады,
апарып, біржола қаратып диагнозын қойып жіберіңдер» деген
соң, дәрігерлер иланғандай алып кетісіп еді. Бақса осының
бәрі шын жан ашырлық емес, бақай есептен туған жалған
көлгірсулер екенау. Қойшы екі-үш күн тексеріліп қайтып
оралғанда Әйелі тұлан тұтып, абалай қарсы алды:
– Осы күнге дейін неғып жүрсің сайраңдап? мал-жан
болса мынау у-шу етіп омалып тұрған. Әлгі досың
қарайласпағанда өлетін едік. Он жыл бірге оқып, біте
қайнасып өскен соң, қимайды екен... – ызың-ызың
бірдемелерді тағы көп айтып еді. мойнына су кетіп,
мойындағандай, күмілжіп отырғанда, мектепке биыл барып
жүрген ұлы: – Кеше біздің үйге зоотехник қонды, – деді
түйеден түскендей. Қойшы селк етіп, әйеліне жалт қарап еді,
қып-қызыл болып теріс айнала берді:
– Е, қонса несі бар екен, қонған да. Үш баланы мектепке
кім апарады таңертең. Бір күн емес, екі күн қонды, қылшы
қылатыныңды. Немене, менің ойнасым деп тұрсың ба? Үйтіп
күнәға батпа. Елдің бәрі бірдей ақымақ емес, досының көзіне
шөп салып, опасыздық жасамайды. Шырағым... шын тілесе
күл ала шығып-ақ жасап келеді...
– Пішту, менің сенен қорыққаным – қара қойдан
үріккенім, пішту. – Қыңыраң қағып үйден шығып кетті.
Қойшы балаларын құшақтап, ләм деместен мелшиіп ұзақ
отырды төр алдында. Сонан соң қойдың күзетіне кетті.
Қойдың қүзетінде жүріп, іштей арпалысып, алай-дүлей
көңілін байыздата алмай, тыпыршыды. Сенерін де, сенбесін
де білмейді. ал енді, сенді делік, бәрі рас болды – не істер
еді?.. «мұндай жетесіз туармын ба. Оқығандар- дың қулығы
бір мысқал артық-ау осы. Көзбен көрмеген соң бәрі өтірік». ал
шын болғанда не істер еді, айтшы не істер еді? «Бекер секем
аламын: жай, әншейін әзілдеседі, құрдас болған соң...»
– Неғып көкке қарап қалшиып тұрсың ұлыған иттей.
Тамағыңды іш, әрі! – деген Әйелінің даусы шыққанда ғана,
үйге беттеді. Зоотехник құрдасы төсекке сүйеніп, қызара-
бөртіп шалқайып отыр. Балалардың алды жата бастапты.
Темір пешке жағылған от аядай үй ішін қапырықтап, ысытып-
394
ақ жіберген. Досы ақ тер, қара тер. Әйелінің мұрнының ұшы
ғана жыбырлап жіпсіпті.
– Газетіңді ала келдім. мұншама көп жазылармысың, –
деп , бір буда газет-журналды Қойшының алдына тастай
берді. Қойшы газеттерді бас-басына саралап қарап, бір-бір
шолып шықты да, «Боранмен айқас» деген очеркті сұқтана
оқи бастады.
– Әне, – деді Әйелі, – бұл енді осы газеттегіні түгел
оқып шықпай, көңілі көншімейді. Құның қалған жоқ, суытпай
шайыңды іш, әрі.
– Тағы да «Боранмен айқасқан» шопан туралы ма?
Әкесінің ақ таяғын алған шығар... Егер боранда қалған Қойшы
газетке шығып мақтала беретін болса, ей, сен де бір рет
ықтатып алсаңшы қойыңды, атыңды шығарайын, – деді
зоотехник қарққарқ күліп.
– Жақсы Қойшы отарын боранға ықтатпайды. Ол –
бейқам-сыздығы. Жақсы Қойшы өз жерінің табиғатын,
нөсерінің қашан жауып, боранының қашан соғатынын күні
бұрын біледі. ал мақтау үшін де (ойланып)... мақтау үшін
тамыр-таныстық керек шығар... Қол-аяғым үсіп, ауруханаға
түссін демесең... – Зоотехник сазарып үндеген жоқ, Әйелі,
жүзі күйгендей, қызараң қақты.
Ендігі сәтте бәрі үнсіз отырды. Үнсіздікке шыдамы
жетпеді білем, тағы да Зоотехник бұзды.
– Газетің не айтады? «Жемшөбі мол, қыстан күйлі
шықты малы» дейтіндері бар-ау. Жемшөбі мол болса,кез
келген ақымақ күйлі шығарады малын қыстан. Вот, мына сен
секілді жемшөпсіз тебінмен күйлі шығарса...
– Өзің оқыған жоқ па едің, ескі газеттер ғой. Бүгінгі
номер жоқ.
– Бәрі-бәрін қайдан оқисың, уақыт бар ма? Оқисың-ау,
есте тұрмайды сапсем. Бәрі палшива...
– Қалайша, – деді Қойшы мырс етіп күліп. – Вьетнамды
бомба- лауда, Үндіқытайдағы жағдай шиеленісе түсуде, –
деген де жалған ба, сеніңше?
– американыкі – баланың ойыны, әйтпесе, осы
облыстың көлеміне жетпейтін Вьетнамға әлі келмей ме,
мүмкін бізден сескенетін шығар. Давай, құрдас, саясат
екеуміздің не теңіміз, партсекретарь емеспіз, мына бір
395
жартыны бөле-жарып ішіп алайық. «айға бата қылып отырмыз
ба» депті ғой баяғыда біреу. Әй, осыны айтқан кісі –
данышпан. Әй, Қойшының қатыны, қырлы стакан әкелші.
Әншейін, бір жартымды үйде отырып өле ішкенше,
құрдасыма барып бөле ішейін деп, өзімсініп шауып келгенім
ғой, жақын жер болған соң. аузыңа уақып бол тегінде...
Бастығы мен малшысы әмпей-жәмпей деп қалар.
Қойшы үндеген жоқ. Газетін оқи берді. Сосын облыстық
газетті досына ұсынып:
– мына жерде бір зоотехник іс-тәжірибесін жазыпты,
оқып алсаңшы, – деді.
– Әй, әкесінің аузын. мен өзімнен басқа ешкімге
сенбеймін, – деді.
«Егер мен сенбесемші... Әй, дегенмен ештеңеге, ешкімге
сен- бейтіндер жалғанды жалпағынан басып жүр-ау. Әйтпесе,
бір сөзден қате жіберсе, басы кетпей ме газеттегілердің», –
деп ойлады Қойшы. Бірақ ол ойын тағы да іркіп қалды. Не
екені беймәлім, бұрынғыдай емес, Әйелі де салғырт, салқын
жүрді. Ондық шамының жарығымен жалт-жұлт еткен
зоотехниктің омырауындағы ромбикке қызыға көз тастап
күрсінді. Бір болымсыз сәуле (не қызғаныш, не үміт сәулесі
болар) жүрегін шабақтады-ай... Қойшы жүз грамнан ары
ішкен жоқ, ұйықтап қалып, күзетке шыға алмайтынын айтты.
– Іш, – деп тақымдады зоотехник, – қасқыр шапса, өлсе
акт жасаймыз. мына жаман досың тұрғанда неден сасасың.
– малға сен ғана ие емес, басқа да сұраушылар табылады
ғой.
– Олар менің сөзімнен шықпайды.
– Бір қарғаның көзін бір қарға шұқымайды дегенің ғой.
Қасқыр тигенге емес, аурудан өлгенге арақ сұрамай қағаз
жазып берсең, көп олжа мен үшін.
Олар үнсіз тағы отырды.
– Баяғыда сен бекер оқымай қалдың, – деді зоотехник. –
Құдай біледі, әжептәуір суретші болып шығар едің. Үлкен
ұлыңның аздап икемі бар ма деймін. Әнеугүні салғандарын
көріп едім...
– машықтанып жүргені рас. Өмір көрсетер. Кисті емес,
таяқ ұстап кетпесе мен секілді.
– мен секілді қашып кетсін оқуға.
396
Олар тағы да біразға дейін ләм деспей отырды. Зоотехник:
«Қона кетсем қайтеді?» – деп ойлады. Оның ойын дөп
басқандай, Қойшы: – Түннің бір уағы болды білем, қайтқаның
жөн шығар, - деді. Әйелі жақтырмай еріне қарады. Бұл сәтте
ол тұрайық дегендей орнынан көтеріле берген. Зоотехник те
еріксіз ілесті.
Екі дос – ескі дос тысқа шыққанда, аспан ала бұлт екен.
Бірақ жер бауырлай сусып жатар жаяу борасын бәсеңдеп, тау
жақтан ежелгі ызғар еседі. ағараңдаған ойпат, қыраттар
сонадайдан бір-бірін қуа жарыса жалғасып кете барған... кете
барған. Қойшы зоотехниктің атын әкеліп, айылын мықтап
тартып, қолтығынан демеп мінгізіп жіберді. Жылы үйден
бірден суыққа шыққандікі ме, тітіреніп тісі сақылдап кетті.
Зоотехник аздап қызу еді, сезген жоқ. Қара кердің үстінде
шұлғып тұрып айтты, ойындағысын айтты:
– Сен маған ренжіп жүрген секілдісің.
– Неге?
– Біле тұрып, әдейі сұрайсың. Сен үндемей жүріп, бәрін
сезесің, бәтір. Сен – данышпансың! Қайтесің, тек қолыңда
менікі секілді бір жапырақ қағазың жоқ. Қатының екеуіңді
шақырып шай да бере алмадық. Қаладағылар қазымыр
келетінін өзің де білесің. Балаң біздің үйде тұрып оқыса да,
жарар еді, үй жетеді ғой, әйелім бірдеме деп күңкілдеп жүре
ме деп қорқамын. ал осы күні әйеліңе ажырая алмай, арманда
кетесің-ау. ләм десең, шауып кеңсеңе барады, оның үстіне
партияда барсың. Осы күні қатыннан басқа жау қалды ма...
Қатын тастаған жақсы атақ па?
– рас, біздікінің мінезі де шатақ. Бәріміз де бір-бір аю
асырап отырмыз ғой.
– Уаһ! – деді Зоотехник қарқ етіп күліп, – біздің үйдегі
аю кісі жейді ғой, кісі жейді. Әй, осы сенің де таппайтының
жоқ.
аю асырап отырмыз дедің, ә.
Қамшысымен Қойшыны нұқыды, сүйсінгені білем.
– ал қайт енді, тоңып қаларсың, – деді әлі де тісі сақ-сақ
етіп көйлекшең дірілдеп тұрған Қойшы.
– Қондырмадың, қорқасың. Кет десең, кетейін. –
атының басын оқыс бұрып шаба жөнелді. – Қорқасың! – деп
айқайлап кетті.
397
Ертеңінде елең-алаңнан тұрған Қойшы үш баласын жайдақ
шанаға салып, тұлыпқа салып алып, ауылға тартты. Оқуға
әкетіп бара жатқаны. Сағат тоғызға үлгеруі керек. Түсте
сабақтары біткен соң, қыстағына алып қайтады. Қыстайғы
әрекеті – осы. Оқысын, жетсін дегені ғой. Баяғыда әкесі
Қойшыны да өстіп қыстау мен екі ортада арқалап жүріп
оқытқан: үміті адыра қалды. Ол ауыл мен қора арасындағы
жолды таптап, таптаған сайын, асыл уақыттың да қоса
рәсуаланып босқа өтіп жатқанын сезетін. Егер ауылда
малшылардың баласы тұрып оқитын жатақхана болса, бүйтіп
сандалмай шаруасын алаңсыз істей берер еді ғой. ал
Қойшының істер шаруасынан көп не бар. Түнде Зоотехник:
«Сенің уақытың көп, мендей емес, оқып аласың ғой», – деп
кетті. мұрынға су жетпей жүргенін біле тұра, қылымсығаны
несі, кекеткені де. Егер шын құлық қойса, айналдырған бес-
алты газетті оқып шығуға уақыт табуға болады. Құр кеудеге
салатын еріншек-ақ. Оқымайды-ау, оқымайды. Қойдың
санағын алып, өлген-жіткенін түгендегенге мәз. Пенде дегенің
өзін-өзі, бірін-бірі алдап өмір сүреді екен ғой. алдау керек,
алдануың керек. Бойыңды болымсыз үміт және елестеп жүруі
керек... Қойшы тұлыпқа оранып жатқан үш баласына қарады.
Тұңғыш ұлы, Бұқтырманы қуалай қаптап өскен қалың
қайыңды орманға телміріп, ашық аласы көп қара көзі
мөлдіреп үнсіз жатыр екен. Балаң, уыз бетінде алаңсыздық
байқалғанымен, әр нәрсеге әуестік басым. Қойшы еріксіз ұлы
қараған орманға көз тастады. аппақ жамылғы киген қайыңдар
шала ұйыған айрандай кілкиді. Бергі шеттегі бәйтеректің
басында бір топ қарғалар отыр қарқ-қарқ етіп.
– «Қарқ-қарқ», қарық болсаң, сендер қарықсыңдар, қой
бақпайсың, балаңды оқытпайсың, әйелің жоқ құлақ етіңді
жейтін, мүмкін сендер біз құсап алдап-арбап ғұмыр кешпейтін
де шығарсыңдар. айтыңдаршы, мен неменеге қарықпын. –
Қойшының даусы шығып кетті білем, ұлы басын көтеріп: – О
не, әке? – деді.
– Әншейін. Өзім ғой қарғалармен ұрсысып отырған.
Тоңған жоқсың ба? – Балаларын қымтап жауып қойды. Торы
шолақ шананы қасат қармен мықшия әрең тартып келеді.
Жолдың шетіндегі әлі бұзылмаған қардың үсті айқыш-ұйқыш
398
ақ тышқанның ізіне толы. Әлдекім таяқтың ұшымен атын
жазыпты.
– Балам, – деді Қойшы ойын жинақтап.
– О не, әке?
– Сабағыңды жақсы оқы.
– Тырысамын ғой, әке... Сенің куәлігіңді сандықтан
тауып алып көргенмін, – деді сонсоң ұлы әуестікпен. – Сен де
жақсы бітіріпсің мектепті, үш-ақ төртің бар, қалғаны – бес,
тәртібің де... – Қойшы жымиды. «Иә, менің тәртібім алты
болатын». Оның есіне тағы да мектептегі өмірі түсті.
Шынында да жақсы оқыдым ғой. Суретті қалай салушы едім...
Әкесінің ойындағысын ұлы дәл басып: – Әке, атамның төр
алдындағы суретін сен салдың емес пе, – деді. «Иә, мен
салдым. атамның қырық жыл қой баққан өмірінен осы мен
салған сурет қана қалды. мақтады, москваға көрмеге жіберді,
бір сандық мақтау грамоталары бар еді. Бірақ оның қай-
қайсысы да маған әке болмайды ғой. Жарықтық малдан басқа
еш нәрсе ойламайтын. ары – малының садағасы еді. Қара
тынымайтын сауатсыз болатын. Сонда менің әкемнен
айырмам... он жылдықты бітіргенім ғана. ал қойды бәрібір сол
сауатсыз кісідей баға алмай жүрмін. Сонда менің әкемнен
озған жерім бар ма? Әй, білмеймін, жоқ та-ау. Өйткені...
өйткені әкемнің әкесінен озған жері жоқ еді». Тағы да ұлына
қарады. Ұлы енді аспандағы алашабыр бұлттарға тесіліп ауыр
ойда жатыр екен. «мүмкін сен озық туарсың бізден». Кірпік
қақпастан аспанға қарап жатқан ұлы: – Әке, атамның әкесі қой
баққан ба? – деді.
– Қой баққан. Бірақ ол байдың малы-тын. Онан да анау
бөктерге қарашы, қандай әдемі. Тура осы тұстан қарағанда
сиырдың бүйрегі секілді буылтық-буылтық. Қарашы... Әне...
қамшысымен мінгесіп-ұшқасқан аппақ адырларды нұсқады.
– Жоқ, әке, – деді баласы мойнын созып алға қараған
күйі. Сиырдың бүйрегі екеу-ақ, әрі түсі келмейді. маған жусап
жатқан қойға, немесе қар басқан бабалардың қабіріне көбірек
оқшасатындай.
– рас, – деп , мойындай күліп жіберді Қойшы. – менен
гөрі сенің суретшілік түйсігің күшті екен. Бәлкім озарсың!
Үйдегі дүние жүзі суретшілері жайлы кітаптарды оқи бер.
Тағы-тағы сатып әперемін, оқи бер, тек оқи бер.
399
Тор шолақ сыпыра еңіске тұяғы ілінгенде сау желе
жөнелді: ауылға қарай Қойшының ендігі қалған бар үмітін
сүйреп барады.
Қойшы бір баласын бірінші, екінші баласын екінші,
үшінші баласын үшінші класқа тапсырды. Тұңғышы болған
соң ба, осы үшінші оқитын ұлының сабағын қадағалап,
қайтақайта пысықтап сұрайды мұғалімінен. мұғалімі былтыр
ғана институтты бітіріп келген қыз болатын. Елгезек, сыпайы
өзі. Бүгін де Қойшыны өзгеше хош көңілмен күлімсірей қарсы
алды. Әсіресе, қарағаны бір түрлі ғажап. Көзін төңкеріп,
қаймықпай тіке қарайтын. Табиғатынан жуас Қойшы бір
қырындай тұрып: «айналайын, осы ұлымның тағдырын
тапсырдым өзіңе», – деп еді. Бүгін де сол сөзін қайталады. ал
ол, Қойшы, бір адамның тағдыры әмәнда бір адамның
қолында жүре- тінін білетін.
– Сіз сондай жұмбақты, қызық адамсыз, – деді мұғалім
қыз. - Балаңыз зерек. Сонан соң суретті де жақсы салады. Сіз
үйреткенсіз-ау... – Қойшы не дерін білмей, сасқалақтап қалды.
Бар айтқаны:
– Таздан тарақ қалғалы қашан. Сурет біздің не теңіміз, –
деді де, шанасына отырды.
– Түсте келесіз ғой, аға, – деді қыз ере түсіп. Үнінен
өзгеше өзімсінер жылылық сезілді. Бұл үн Қойшының алысқа,
тым-тым алысқа жолаушылап кеткен махаббатынан хабар
жеткізгендей болды.
– Келемін. – Қойшы енді жалт қарағанда мұғалима
қыздың сол орнында әлі тұрғанын көрді...
Қойшы көңілді қайтты. Неге көңілді қайтқанын әлі
білмейді. Өн бойында бір сәуле кезіп жүретін. Қазір де
жүрегін маздатып келеді. Сол бір болар -болмас сәуле мүмкін
мұғалім қыздың жанарынан тараған шығар. Бұл кезде қыстың
шағырмақ күні басталып еді.
...Тасшоқының үстінде отырған Қойшы өткен қыстың бір
тәулігін осылайша еске түсірді де, ауыр күрсінді: Сосын көз
алдына тағы да мұғалима қыз елестеді. «Күлкісі жақсы, – деді
күбірлеп. – Қадала қарап жымияды да тұрады. Толстой деген
қауға сақалдың Наташасына ұқсас секілді. Бірақ одан гөрі
ақылдырақ па қалай. Наташа ұшқалақ еді ғой. Тойып секіретін
ол... Сонда артымнан неге қарап қалды екен... жас киік алғаш
400
оғаш аң көрсе, осылайша қызықтар бәлкім». Енді қыздың
бейнесі жоғалып, көз алдын қалың мұнар басты, тым қою
мұнар. Сол қою мұнар арасынан мұғалима қызды көп іздеді,
тағы бір елестер, тағы бір «не деген жұмбақ адамсыз, аға» деп,
күлімсіреп, жанарын жалт еткізер деп іздеді, таба алмады;
ендігі сәтте сезімін сипалаған жанашыр сәуле, қыз көзінен
тараған сәуле де адастырып, мәңгі бақи ұстатпайтын сағымға
айналды. Ол дәл осылай отыра берсе, енді бірер минуттан
кейін бұл дүниеден аттанып кететіндей сезінді өзін. ал Қойшы
о дүние жайында ойлаған емес, тіпті қолы тимейтін.
айтпақшы, жазғытұрым өзін-өзі сынағаны бар.
Қой төлдейтін науқан – Қойшының ең бір азапты шағы.
Күндіз-түні қозысы туып, өліп қалады екен деп, әр қойдың
артын аңдып кеп жүргенің. алғашқы он күн бойы сақпаншы
шықпай, жалғыз өзі зыр жүгіргені бар. Күніне қырдан
қоржынқоржын қозы тасып, әуреге түседі. Көбісі ақсыз туып,
ашығып жатса, кейбірі жеріп, оны теліп, басы қатты. Көзі
қарайып, белі талып үйіне келсе әйелі бажылдайды. Сөйтіп
жүріп, әбден кетеуі кете итырықтады. Таң атқанша қойдың
күзетінде отырып, тұңғыш рет ойлады, осы мен өмірге неге
келдім деп, тұңғыш рет көңілі босап, жылап алды, еңіреп
тұрып қатты жылады. Сосын ит қорлығын тартқанша өлейін-
ай деп ойлады. Белбеуін шешіп қораның арқалығына байлады
ды, тұзақтап басын сұқты. Буынын босатып отыра кеткісі кеп
бір тұрды. Көзі дәл қазіргідей мұнарланғандай болды да, сол
мұнардың арасын жарып, мұғалім қыздың сүлдесі болжанды.
Оның жанында тұңғыш ұлы мұңайып төмен қарап тұрғандай.
Олар болашақ үмітін сәулелендірді де, ақылға келтірді.
Белбеуін шешіп, тағынып алды. Осынау ауыртпалық артта
қалып, жарқырап жаз шыққан. Жарқырап жаз шыққан соң,
бәрі ұмытылды.
О, жаз!
Жаз жарықтық ессіз ғой. Жан-жануарды масайратып,
тыраңтыраң күйге түсіретін. Ескі-құсқыны өртеп, ауланы
аластап, жаңа шуаққа, жаңа игілікке қарық болған ауыл
адамдары енді қайтып күз туып, қыс келмейтіндей
одыраңдасушы еді. арқа-басы кеңейген жер мұртынан күліп,
барын киініп жасанатын. алтай жазы ерекше көркем ғой. Бірақ
осыншалық ғажап сұлулыққа да бой үйреніп кетеді екен.
401
Әсіресе, Қойшы шаруасының қамымен жүріп, көп-көп
қызықтан құралақан қалатын. Тіпті бұл өмірде қызық барына
сенбейтін ондайда. Сосын жаратқан жаздың келтелігі
сықылды өз ғұмырың да осынау қабағат ғасырмен мінтеліп,
ұрланып босқа өтіп жатқанын ойлар. Қырда қой өргізіп
тұрсаң, күн ұзын, қой күзетсең, түн ұзын, ал осы таусылмас
күйбең тірлікте келте, аса келте өмірі өрілгенін бағымдамай да
қалар. Өйткені әрбір тірескен қарекеттер, кейінге ірке тұруға
болмас істер кимелеп, кеңінен ойлатпай, өз-өзінен есеп
алғызбай, ағыстың (уақыт деген ағыстың) жал толқынында
қалқан қағып, қармануға тал таппай, Қойшы ағып бара жатыр.
Кейде осы кейпінде өзі дән риза секілді боп көрінетін. Кең
пейілді жаздай жайлауға шыға сала, аздап сергіп, серпілетіні
рас. Кейде Әйелінен ұрланып, көрші шопандарға барып,
жылқышы ауыл жаққа қыдырыстап қайтатын. Тегінде Қойшы
қымызды өте жақсы көруші еді (әрине, табылса). Кенезесі
кеуіп келіп бір шарасын тартып жібергенде, маңдайынан тер
бұрқ ете түседі. Сонсоң отардың шетіне келіп қисаятын,
қисайып жатып, қалғып кетер еді. Қалғып отырып қойын
талай-талай бытыратып та алған. Бытырап кеткен қой,
бытыратып алған қиялындай, екеуін де жиып-тере алмай, әуре
болатын.
Тасшоқының үстінде отырған Қойшы етекте тұнып жатқан
қою мұнардан көзін тайдырып қосқа қарады. Жүрегі
шайлығып, одан да көзін жылыстатып әкете беріп еді, қосқа
қарай беттеп барған сыбай атты жолаушыны көрді. атқа
отырысы Тасшоқының теріскейінде отырған Қойшы №2-ге
ұқсайтын. Ол қостан шыққан әйелге бірдеңелерді айтып еді,
әйел Қойшыны №1 отырған шоқыны нұсқады. Ол бері
аяңдады. Бір қызығы бұл кісінің бүлк етіп желгенін көрмеуші
еді. Үнемі ішіндегі баласы түсетіндей ілбіп кеп жүргені. Осы
өңірде одан өткен бай жоқ. Кассада он мың сом ақшасы барын
естіген. Оны өзі ешкімге айтпайды, ешкімге сырын шашып
араласпайды да. Оқта-текте №1 Қойшыға келіп, есендесіп
қайтатын. Оны бұл ауылдың адамдары әсте өз есімімен
атамай, «Шығайбай» деуші еді. Кейінгі туған балалар да шын
атын естімеген соң, «Шығайбай, Шықбермес Шығайбай» деп,
ит қосып шуласатын.
402
Оның елден ерек тайға таңба басты бөлекшелігі және бар.
Керіскедей ғып жүкті жиып қояды да, үй-іші, қатын-
баласымен бір-бір тонға оранып жерге жата кетер еді. мұнысы
жиюлы тұрған жасауды бұзып қайтеміз, кірлеп-тозып қалар
дегенітұғын. Қойшы «Шығайбайдың» ауыз жарытып ас
ішкенін де, жібі түзу таза киім кигенін де көрген емес. Бала-
шағасын ірке тұрғанда, дардайларына дейін құйрықтары
жылтырап, қара ала, торы ала болып жүргені. ал тапқан
таянғанын, мал сатып ақшасын, шып-шырғасын шығармай
кассаға сала берер... сала берер... Оны неге тыраштанып
жиятынын, көзі тірісінде игілігін неге көрмейтінін еш пенде
білмейді. Өлім-жетімге жиналған көмекке бес сом бермей
қойды деп іштерін тартып, бастарын шайқасатын жұрт. Кейін
келе – «Шығайбайдың» жер басып, қыбырлап жүргенін
ұмытысып да кетіп еді. Иә, бүкіл ауыл-аймақ бұл өмірде бар
екенін ұмытты! Ол бұл ауылдың адамдары үшін әлдеқашан
өлген.
– Оу, неге қонақтап отырсың, – деді етектен жоғары
сығырая қарап. – Бағана почтаға бұрылмай, ұмытып кетіпсің
ғой, газетіңді ала келдім. – Қолындағы бір буда газетті аттан
түсіп, тастың үстіне қоды. Қойшы шоқыдан секіріп-секіріп
құлдилай бастады.
– Құлап кетсең игі еді, – деді «Шығайбай». – апыр-ай,
ешкі секілді секиіп шықпайтын жерің болсашы.
Қойшы «Шығайбай» қатарласа отырды да, темекі сұрап
еді, төс қалтасынан махорка алып ұсынып: – андағы газеттің
бір шетінен жыртып ала сал, менде қағаз жоқ, – деді. Сосын
өзі Қойшының бармақтай қып орап алған шылымына қимай
қинала қарап отырды да:
– маған жартысын қалдыр, – деді. Қойшы ләм деген
жоқ. Ішінен: «Жаның шығып кетсе де қалдырмаспын», – деді.
Сосын осы газеттерді бір-бірлеп ақтара бастады. «Шығайбай»
ойға қарап отырып айтты: – Ей, мына тұстан етек
алақандағыдай көрінеді екен ғой, – деді басын шайқап
таңданып.
– Соны жаңа көрдіңіз бе, отағасы?
– ары-бері жүріп, бір байқасамшы тіпті. анау дөңестің ар
жағында сенің қыстағың бар емес пе?
– Ие, бар.
403
– Әй, сенің қораң жақсы осы. айырбастайсың ба?
– Жоқ, отағасы. Бар артықшылығым – қыстауды
қалқалап тұрған жалғыз дөң еді, соны да көре алмай
қызғанасыңдар-ау.
– Неге, білімің артық. мен секілді үш-ақ класс бітірген
жоқсың. айналдыратының ала қағаз. Есіңде болсын,
шырағым, қойшыға қой бағуға білім, қағаз керегі жоқ, таяқ
керек.
– Сіздің айналдыратыныңыз да сары ала қағаз ғой...
– Әй, осы неге былшылдай бересіңдер, бір емес, екі
емес. мен жайып жүрген қойды сен де бағып жүрсің. аузыңды
қу шөппен сүртесің де отырасың. Құдай біледі деп айтайын,
күні ертең, жаман айтпай жақсы жоқ, қойдан шыға
қалайыншы бірің бір үзім нан беремісің. мен сен емес, алдағы
он жылымды ойлаймын.
– Қойдым, қойдым, отағасы. Жапан түзде шал да
құрдас, – деді Қойшы, «Шығайбайдың» қызарақтап ашуға
міне бастағанын көріп. – Бірақ шыныңызды айтыңызшы, осы
заңғар тауда екеумізден өзге тірі пенде жоқ қой. Неше
мыңыңыз бар?
– Әй, қу бала-ай, жанымды қоймадың-ау. ақша деген
құрғырың су емес пе, жоқтан өзгеге ұсталып кете береді.
Саған сенейін, тісіңнен шығарма. Он жарым мың бары рас. –
Сосын Қойшының қолындағы газетті қамшысымен түртіп: –
мына немеге де талай сомыңды шығындаған шығарсың,
несіне әуре болып жазыласың осы. Жан алқымнан алған соң
аудандық «бірдеме туы» деген газетке жазылып едім, бір
жапырақ болып-ап, ол шіркін де удай қымбат екен, екі сомнан
аса алып қойғаны. Оны біздің үйде оқитын кісі бар ма, тәйірі.
Қол сүрткенге болмаса... ал шырақ, газетің не деп жатыр. Оқи
бересің... білемін деп айқайламайсың да ел құсап, бір кітап
оқыса, кісімсініп, дардай боп дабырлап, ақыл айтуға әуес
тұратындар бар... Әйтеуір, ұстаз көбейген, шәкірт азайған шақ
болды ғой. Есіңде болсын, көп білсең өзіңе де, өмірге де риза
болмайсың.
Қойшы неге екені белгісіз Зоотехникті есіне алды .
– Қазақстанның елу жылдығы тойланыпты, – деді.
– Қашан?! апырай, зулаған заман-ай, оны неге бізге
хабар- ламады. мұндайда сыйлық, пәдәріктер беруші еді.
404
Шынымен-ақ бұлан-талан болып ашуланды-ай!
– Газет бүгін жеткені болмаса, той жарты ай бұрын өтіп
кеткен, отағасы. Газет- журнал оқымаған адам керең болады
деген тегі рас та...
– Әй, қайдам, сөйтсе де совхоздың барған сайын
қуланып, танауы қусырылып барады-ау. Баяғыда, колхоз
болып тұрған кезде, ақ түйенің қарны жарылып, ұлы дүбір той
жасап, бәрімізді кекіретіп тастаушы еді. Енді міне... енді міне
өлгенде көрген бақытымыздың жарты ғасыры өтіп кеткенін
иен тауда, қой соңында жүріп байқамай да қалдық. Сөйтсе де
осы жердің басшылары тым енжар, тым салақ. Әлгі сенің
досың Зоотехник, жоқ дегенде, актісін жасап болса да бір
малын жеп, шым-шым сорпасын ішіп, ойбай, тойлап
жатырмыз деп кетсе ғой, тым құрығанда адал малымыздың
басын мүжір едік.
Басын шайқады. Күрсінгендей болды.
Қойшы күлді, күлді де батуға тақалған күнге қарады. Дәл
батар жерінде сіңірдей созылған бұлт пайда болыпты. Қызыл
күреңденіп сұлап жатыр. Күн осы бұлтқа сіңе берді.
Бағанағыдай емес, тау барқындады да, ойдағы көрініс
буалдыр мұнар пердесі- нен арылып, ашық ажарын танытты.
Енді табиғаттың бүкіл пер- десін сыпырған арудай іңір
алдындағы шуаққа шомып, бүгінгі күннің ақырғы тойын
тойлап, жасанып еді. Дәл осы мезетте қойлар да шабыттана
оттайтын. Таудың күн қабылдар кенересі ойық еді. Сол
ойықты бұлт шалмай, түзу созылған да аспан мен жердің
едәуірі бөлекше шымқай, көкшіл ашық тұрған. Бұлттан
сырғып түскен күн ендігі сәтте сол ойыққа кептелді, үстін
көлегейлеген бұлт қып-қызыл болып, тозақ отына өртеніп, ал
бұлар тұрған Тасшоқы отты шапақтың астында қалды. Сеңдей
сірескен қиықша бұлт өз дәрменсіздігіне опынғандай, бетінен
оты шығып ұялды. Қойшы батып бара жатқан күнге қарап
отырып: «Біздің ел анау шуақты Күн болса, оның бетінде
«Шығайбай» іспетті сұлап жатып алып, алтын нұрға
малынғысы келетін қара сұр бұлттар бар-ау», деп ойлады.
Бірақ олар жалғанда өздерін «бұлтпын» деп ойламайды,
ойлайтыны – ақша! Сосын көршісіне қарап:
– Отағасы, отарыңызды кім бағып жүр? – деп сұрады.
– Қатын...
405
Сосын атына міне беріп: – Әй, сенің қатының бір көк
періау. Дұрыс жауап ала алмай-ақ келемін. Егер қаладағы
секілді телефоны мен милициясы дайын болса, екі күннің
бірінде он бес күнге қамалып шашыңды алдырып, моншаңа
түсіп демалып шығар едің... Тегінде мынау тауда екеумізден
басқа адам жоқ ара түсер, ал мен көрмегенсиін, қатыныңды
қарағайға байлап қойып сойып алсаң, тәубесі есіне түседі,
бойындағы жын-шайтанды қуып шығасың. мына менің сары
ала сапты қамшымды ал. Бұлар, біздің әйелдер, қаладағыдай,
балаларын детсадқа бере салып, алиментін төлетіп, үй де
менікі, күй де менікі деп, байын қуып шыға алмайды. Неге
десең, бұларға еркектің күші керек, қаладағыдай отын- суы
дайын тұрған жоқ, – деді екіленіп. Шоқыта жөнеліп, атының
басын қайта бұрды:
– Әй, көрші, саспа, қатындарға көрсетпей армансыз бір
ішеміз. мен сөзімде тұратын адаммын. Сендей жігітпен, – деді
сонсоң қамшысымен нұсқап, – сендей жігітпен періштенің өзі
ішсе де, қауіпсіз... ішеміз... ішеміз.
Қойшы сары ала қамшысының жезі күнмен шағылысып
жарқырап шоқырақтап бара жатқан «Шығайбайдың» ту
сыртынан қарап тұрып:
– мүмкін ішетін шығар. мың күн сынбас шөлмектің бір
күні сынары хақ қой, – деп күбірледі.
Отарды иіре бастады.
Қойшы көпке дейін ұйықтай алған жоқ. Күндізгі тоңтеріс,
өкпе-наз ымырт жабыла ұмытыла беретіні бар. Біздің көпкөп
кінәміз түнде жасалады, сол түнде қайта кешіріледі. Түн
көрпесі сандаған баукеспе ұры-қарылық пен сандаған ұятсыз
қылықтарды бүркеп тұрады ғой. Егер түн болмаса, – деп
ойлайтын Қойшы, – түн болмаса. Түн адамдарға бір сәт шын
еркіндік беріп, есіртіп алар. Жүректің басына дерт болып
байланған өкпесі, секемі мол зілді өкпе, кінәмшіл еркектік
намыс жібіместей-тін, бағанағы ұрыс-керіс байыздағандай
болған соң, Әйелінің жанына барып еді, «кетші әрі, сасымай»
деп, итеріп тастады. Сол кезде барып әйелінің айы-күні жетіп,
аузы-мұрнынан шыққан екіқабат екені есіне түсті. Сүйретіле
тұрып, тонын жамылып жалаң аяқ сыртқа шықты. Көзге
түртсе көргісіз, тас қараңғы. Бағанағы күнді күргейлеп тұрған
ұзынша бұлт едәуір ұлғайып, күн батыс жақты торлап алған.
406
Қойлар пырдай болып жусап жатыр. Тасшоқының
теріскейінен мылтықтың тарс еткен даусы естілді.
«Шығайбай» болар деді Қойшы күбірлеп. – Тым сақ адам.
Әйтеуір арам өлмейді. Есесін ешкімге жібермейді. Бірақ
соншама мол ақшаны не істейді екен? машина сатып алып
жатқан ол емес, курортқа барып жатқан ол емес, қызық
әйтеуір... Еш нәрсе құштар етпейді, еш нәрсе алаңдатпайды.
мүмкін соның өмірі менен гөрі жеңілдеу шығар. Ойлай
бергеннен келер пайда не? – Сосын өзі үй іргесіндегі ер-
тоқымға отыра кетті де, жұқалаң ақ сәуле тарағандай болған
батысқа қарады. Қостың сырт жағынан шолақ торының
пысқырғаны естілді. Әлдеқайдан ешкішек маңырады,
әлдеқайдан елік әупілдеді, жаңбыр жауып жатса керек, тап-
таза әуе оқта-текте сіріңке жаққандай жарқ етіп қалады.
Қойшының жүрегін дәл осындай бір беймәлім сәуле
шабақтап өткендей болған. Сол сәулені оқыстан тауып,
қапияда жоғалтып алғандай ма... Сол сәуле болымсыз бір
алдамшы үміт секілді басы ауырып, балтыры сыздағанда дем
беріп қалып, дәметтіріп жүр де. Әйтеуір... әйтеуір
бірдемелер... тіпті тілмен түсіндіру қиын, тек жүрекпен
сезетін бірдемелер... дүние быжынаған бірдемелерге толы...
Қойшы жүрегінде дәл сәуледей сенім оты да тұтана
жүретін. Әзірше берік емес, сөніп-жанып жыпылықтап тұрар.
Сол сенім мұны әйелімен, анау жусаған қоймен әлі отастырып
келеді.
Ол ойлады: «Күндердің күні осы екеуі де – болымсыз үміт,
болымсыз сенім жоғалса, қайтер еді... мүмкін көнетін
шығармын, мүмкін өлетін шығармын. Егер мен шынында да
осы екеуінен айырылсам, онда... білмеймін, ай, білмеймін,
құдайға рас, білмеймін... екі қолымды төбеме қойып безіп
кетермін де. Қайда? Барар жер, басар тауым бар ма?!»
Қойшының есіне тағы да «Дворяндар ұясындағы» кейіпкер
түсті. «жо-жоқ, ол әншейін зерігіп еді. Оның байлықтан басы
айналғанда, ойлап тапқан ермегі ғой. Ол – мен емес, мен – ол
емес. Ол қайда барса да, дүниенің төрт бұрышын айналып
шығам десе де, қағанағы қарқ, мүмкіндігі мен еркіндігі бар. ал
мен... Қойдан қашып қайда ғана бара аламын. айталық мен
осынау иен тауда жалғыз отырмын, ай дейтін әже, қой дейтін
407
қожа жоқ. Бірақ еркін емеспін, өз білгенімді істей алмаймын
ғой.
Жер бетінде алакөз адамдар, бір-бірін бөліп тұрар
шекаралар қаптап кетті. Жер беті неге ғана сан сұмдыққа, сан
уайымқайғыға, жылап-сықтаулар мен жетпей жүрген
жетімдердің зарына толы. Жер, айналайын жер, қасиеті күшті
жер, құдіретті жер неге ғана онсыз да өзі күндердің күні
қойнына жасырынар екі аяқтыларын қырқыстырып қояды.
мәселен, мен шолақ торыға мініп, анау алтайды асып әрі... әрі,
алысқа... жүре берсем... маған ешкім мынау өзге жұрт, өзге
халықтың жері деп аластап кеудемнен итермесе. мен
Тасшоқының
үстіне
шығып
алып,
«Ей,
әлем!
ассалаумағалейкум!» деп, өз тілімде жар салсам; білем, қой
қайырып үйренген даусым зор-ақ. Әттең, Тасшоқының
кезеңінен аспайды. Өмірге алғаш келгенде бәріміз бірдейміз,
жауыз болып ешкім тумайды. Тұсауын кесе салып,
жамандыққа үйрететін адамдардың тағы өзі. Сонсоң
жаманжақсы болып екіге бөлінеді: қара жерге кіргенше
ырылдасып өтеді. Дүниені бүлдірген осы екеуі – шеті мен
шегі жоқ бақилық екеуі. Бұл екеуінен екі тап, екі қоғам, екі
система пайды болды. міне, олар жер жарықтықты қақпақыл
қып ойнауда. ал мен көксеген шын еріктілік қолдарына тисе,
осы жұмыр жерді қайтер еді!.. Құдай-ау, қайтер еді...
Білмеймін, осыны ойласам, құлағым шыңылдап, басым
айналады. мен өзімді жер де бұрынғыдан әлдеқайда тез
айналып, егер ол осылай айнала берсе, қирап қалатындай
сезінемін. мен осыны ойлағанда жер жарықтықты қанаттыға
қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, қойныма тығып сипап
ұйықтап кеткім келеді.
Қойшы созалаңдай белін ұстап орнынан тұрды, белі
шойыр- ылғандай ұйып қалған екен. Еңкең қағып, аяғын
сүйрете басып, жусаған қойдың арғы жағына шықты. Орағыта
шықты да, таудың артын жап-жарық қылып найқалып,
көтеріле алмай тұрған буаз айға қарағыса келді-ақ, ай әлі
тумаған өліара мезгіл есіне түсті. Сағынғаны ғой. Ол сағынған
сайын, жарықтық айдың нұрына іңкәр болатын. Оның ең бір
жек көретіні – айсыз қараңғы өліара мезгіл. Тағы да аспан
жарқ етті де, құс жолы шаңытып кеткен сықылданды.
Батыстағы бағана пайда болған қап-қара бұлт бірте-бірте
408
далия ұлғайып, жаудыркөз жұлдыздарды қымтай, балалап
келеді. «ғажап, жұлдыздар секіріп-секіріп жерге түсіп жатқан
секілді». Уа, құдай-ау, жұлдыздар жауып жатқан секілді.
алақанымды тосайыншы, бірі түсер ме екен. Әй, түспейді ғой.
Қатты бір нөсердің ұшығын аңғартқандай, теріскейден жел
тұрды. Қосқа құлап кетердей мінбелеп тұрған орманнан
қарақұс сұңқылдады. Күрт-күрт оттап жүрген шолақ торы
ішінен тартты. ай жарықтық бұлт бүркемей жарқ етіп,
ажарымды танытып қалайын деді ме, әп-сәтте шелейе
дөңгеленіп шыға келгендей сезілді. Қойшыға: «Бұл елес қой,
жарық дүниені сағына сыздаған жүрекке тараған нұр ғой. ай
жоқ қой әлі, өліара ғой, есіңді жи, Қойшы. алғашқы нұрлы
шуақтан әлсіз болса да, әр нәрсенің нобайын бұлдыратып, тау
ішіне жан бітіргендей-ау. Сүттей ұйыған жарық... шіркін
жарық сәуле, есіңді жи, Қойшы, қазір өліара жоқ... жарық жоқ.
ай жазған әлдеқашан өлген. Тасшоқы ұйқыда». Бұлт иектеп,
жел тұрып, найзағай шақырған табиғат үлкен бір жынды
сойқанды көп кешікпей бастап жіберуі хақ еді. Ол қысыр
ойдан шығар пайданың жоғын оқыс сезінгендей, селк етіп есін
жиды да, асығыс басып қосқа беттеді. Ондағы ойы осындай
аласапыран сәтте ит-құстың қаптап кететіндігіне кәнікті басы
запы болып, тез киініп мылтығын алып қайта шықты далаға.
Қосқа кірсе, әйелі ыңқылдап, аунақшып, ұйықтай алмай
жатыр екен, дүрсе қоя берді:
– Қайда жүрсің, бейшара. айға қарап бір есінеп
келмесең, дәретің бұзыла ма. Толғақ келеді ғой деймін, ішім
бұрап жатқаны.
– аспанның да толғағы келіп тұр. Көп кешікпей қатты
нөсер болатын сыңайы бар. Қойға бас-көз болмаса, ит-құсы
көп қой бұл Төрқуыстың.
– И-и... малда басың қалғыр, Төрқуыс емес – көрқуыс
болды ғой... – деп кіжінді де, іргеге аунап ыңқылы күшейе
түсті. Қойшы аз-кем қимай, аялдады да, далаға шықты.
мылқау қараңғылық меңдеп алған, бұлт қаптап келеді. Жер
бауырлай соққан теріскей желі күшейе түскен. Қойшы
мылтығын алып, отарын шыр айнала бастады. аса
шапшаңдықпен қоғамдасқан бұлт ал қара аспанның
Қойшының қосына дейінгі жартысын қымтап еді, енді
күншығыс жартысы әлі де ашық, жұлдыздары жайнап тұрған.
409
Ілкіде тек шолақ сәулесі ғана оқта-текте жалт етіп жоғалып,
таудың арғы жағында арбасын сүйреп жүрген найзағай бергі
бетке ауысып, оттығын тұтатып, көзге түртсе көргісіз қара
жерден шам жағып әлдене іздегендей болады. Ендігі сәтте
жан шошырлық гүрілмен күн күркіреген. Жел күшейе түсті.
– Әттең, – деді Қойшы опынып, – шығыстан жел тұрса
ғой, мынау қара құрым бұлтты тықсыра айдап әкетер еді.
Бірақ шығыс ұйқыда.
Желіккен жел үдей соғып дауылға айналғанда, Қойшы
отарды тастай беріп дедектеп қосқа жеткен. Ең сұмдығы сол –
қос орнында жоқ, дауыл жығып кеткен де... құлаққа
құлындаған дауысы шыққан үн келді. Балалардың үні. Қостың
омыраған орнында шырқырап бес бала жатыр. Бес баланың
жанында ішін басып дөңбекшіп, алтыншы сәбиді дүниеге
әкелгелі қасіретін шегіп, Әйел жатыр. Не істеу керек? Еске
оралатын алғашқы сұрақ осы болса да, тәуекелшіл жүрек
жауабын іздеп, сандалтпай қан құйлы қимылға бастайтыны
бар-ды. Сипалап жүріп, бір өзін шолақ торы әрең теңдеп
жүретін сырма текеметті қопарып алды да, бес баласының
үстіне айқара бүркей жапты. – Тырп етпей жатыңдар,
текеметтен су өтпейді, – деп әмір берді. Енді өзі құстай ұшып
отарға жетті. Дес берді де қойлар өре түрегеліп боспастан,
үркердей үйіріліп тұр екен. Ішінен «а, құдай, а, құдайды» сан
қайталаған қалпы қосқа қайыра дедектеді. Өмірі алла дегеннің
қай ел екенін білмейтін Қойшының өз құдайы бар еді. Ол – өз
қайраты! Ол соған сенді. Безек қағып, отарды шырқ айналып
шықты да, ит айтақтап дыбыстады, қанша айтақтаса да, ала
мойнақ маңқ етіт үрмеді, өз жанынан ұзаған жоқ, өз жанынан
ұзаған жоқ, қыңсылап аяғына орлғы болды. Сосын Әйеліне
безектеді. Найзағай енді жарқ еткенде, аппақ боп жайрап,
шашы қобырап жатқан Әйелін көрді. Қолына көтеріп алды да
қалың теріске беттеді. Орман іші тымықтау екен, бірақ
қарағай басы шулап, ағаш сықырлап, бұтақ сынып азан-қазан
болғанда, үрей үстіне үрей қосады. Әйелін самырсынның
түбіне жатқызды да, өзі бөстек, көрпе-жастық тауып әкелуге
қос орнына жүгірді. алтайда бұтағы айгөйлектене бітетін
салба-салба самырсындар мол. Сібір самырсындары секілді
оның басына балқарағай шығады. Оның бұтақтарының жиілігі
сондай, бір ай нөсер жауса да, түбіне тамшы тамбайтын.
410
Қылқандары түсе-түсе, жылдар бойы тапталып, жұп-жұмсақ
болып үлпілдеп жатады. Жұп-жұмсақ қылқанының арасына
қол жүгіртсең, жып-жылы. Құшақтап келген бөстекті әйелінің
астына төсеп, үстіне көрпе жапты, қымтап «ал, бір құдайға
тапсырдым» деді де, отарға жүгірді. Көзінің отындай жарқ ете
қалған найзағай қарға адым жер көруге мүмкіндік жоқ
қараңғылықта майдан қылшық суырғандай жиіжиі тілгілеп,
Қойшыға жол сілтейді. Ол ентігіп жеткенде, отар дүркіреп
желдің ығымен жылыстай бастаған екен, басы-көзге төпелеп
айғайлап, барқ-барқ мылтық атып, орманға бұрды. Өз
жанынан қақпа болып қыңсылаған ит иесінің мүшкіл халін
енді ғана түсінгендей, маңқ-маңқ үріп, отарды орманға қуып
тықты. Бұдан соң ебелектеп балаларына жүгірді. Бес бала
текеметтің астында дір-дір етіп жатыр. «Қорықпаңдар, – деді
Қойшы. Үні жарықшақтанып, әрең шықты. Бұл – өз үрейін
жасырғандағысы еді. – Текеметтен жауын өтпейді.
Қыбырламай жатыңдар. Қарағым, сен ересексің ғой, ес бол
балаларға. мен... мен осыдан келе алмай қалсам, жігіт
емеспісің, пана бол». – Сосын үлкен ұлының бетінен сүйіп еді
көзі ашып, кеңсірігі жыбырлап кетті. атып тұрып, орманға
жүгірді. Ол әлі ой тоқтатып еш нәрсе парықтап жүрген жоқ.
Әйтеуір, бір тылсым күш сүйрелейді кеп. Ол осы жасына
дейін күзді күні күн күркіреп, найзағай ойнағанын көрген жоқ.
Баяғыда соғыс басталар жылы бір рет болғанын естіген.
Табиғат та өзгереді екен-ау. Не көрінді? «Өліара тынышсыз,
жауынды болды, бүкіл қазан айы мазасыз өтер» деп ойлаған
Қойшы Әйелінің басын ұстап отырып. Күн тағы бір жарқ
еткенде Әйелінің дидарына үңіліп еді, жүзі аппақ боп,
алқынып жатыр екен, дәл осындай сұлу кейіпте көрген жоқ,
ол он жыл отасқанда, дәл осындай езіліп жақсы көрген де жоқ,
ол Әйелі қанша бая-шая болып, ғайбаттап жатса да, қайырып
тілдемей көп-көп кешірім жасайтын. Он жылдың жүзінде «әй,
ит сені ме?» деп бетіне ажырая қарап тап берген емес, болмаса
көзіне шөп салып, ақ жаулықтының бетіне қарады ма. Жоқ-
жоқ, Қойшы Әйелін құлай сүймесе де, балаларының анасы
ретінде шыншыл көңіл, ақ ниетпен сыйлап, әлінше
еркінсітуге, еркін ұстауға тырысты. махаббат деген
аласапыран сезімнің құшағында тұншықпаса да, елең-алаңда –
зерігіп, көңіл шіркін болымсыз жүдегендей болғанда – әзәзіл
411
ой әлгі бір өткір көз мұғалима қызды есіне оралтса, сонда ол
қарадай қысылып, кешірілмес күнә жасап алғандай, қарып
түсер шоқ басып алғандай, әйеліне қыз кезінде айлы түндер
мен абат бақтарда сейіл жасап, тізе түйістіріп, қол қысып,
театр кинода қатар отырған жоқ, халайық; ол Әйелімен он
жыл далақтап, балалықтың желегімен қолдан тартысып, я сия
шашысқаны болмаса, бозбалалықтың базына сырларын
ашысып, жүректерінің «сендікпін» деп дүрс-дүрс соққанын
тыңдады ма, жоқ, халайық; қыз бен жігіт арасында өтер
таңғажайып қылық, масаты жүріс-тұрыстың бірде-бірін
бастан кешпей, ерін тиістіріп сүйіспей, бірден тар төсекте
табысты, халайық. Кейде, кейде ішқұса болып, осы тәтті
қылықтарды сағынатын, бір-бірінен жасқана жасырып,
сағынысатын; кейде, күнәлі болсақ та айтайық, бет-аузы
жұмбақ, сүлделеген әлдекімді жеке-дара іздеп, сананың
сандал көгін ақ тер, көк тер қылар еді. Кім төзімді, кімнің
сезімі сірне, жүрегі халал, сол ғана адал жардың адал жібін
аттамайды. «Дүниедегі ең мықты, керемет Әйел, – деп
ойлайтын Қойшы, – қаншалықты қорлық-зорлық көріп, өзегі
талып өртенсе де, жер басып тірі жүрген күйеуінің –
азаматтың көзіне шөп салмаған әйел». Қойшы жанталасып
ықылық атқан Әйелінің кеберсіген ернін осы сәтте тұңғыш
рет сүйді де: «мен саған сенемін, – деді күбірлеп, – менің екі-
ақ асыл дүнием бар, үшіншісінің тағдыры соған байланысты.
Бірі – сенім, ол – сен; екіншісі – үміт, ол – тұңғыш ұлым;
үшіншісі – төзім; алғашқының бірі жоғалса, төзімім де
құрымақ. маған бәрібір, ұшып ұшпаққа шығып жатқан емен.
арық қойдай тыртысып жүріп – балаларымды оқытып,
жеткізсем болғаны. айнам, біз бақытты ғұмыр кешпеген
шығармыз. Өйткені, біз өліара кезінде табысып едік. Бірақ,
маған тағдырдың осы берген сыйы да – мол олжа; семьям,
таусылмас шаруам, балашағам бар. Қай-қайсысы да
ішқұсалап, мезі етпеске керек. Әрине, қой жайып, қаққан
қазықтай қалшиып тұрғаныңда қай-жайдағы қиялға беріліп,
шала бүлінесің; бәрібір өз үйірің – өз ошағыңнан аспайсың.
Жаным, сен көп кейіп, жоқтан өзгеге жүйкеңді тоздырып,
ашулана берер едің, кейде менен жеккөрінішті лағынет адам
жоқ секілді болатын да тұратын. Жанында мен емес, басқа
біреу жатқандай, көзіңді тас қып жұмып, сипалап, аһылап-
412
уһілегеніңде де, «қайтсін, жалғыздық жалықтырар» деп
ойлайтынмын, әрі иланатынмын. Бәрі ештеңе емес... бәрі
ештеңе емес, ұмытылады, уақыт ұмыттырады, сен есен-сау
босанасың, ол ұл болса, есімін Әділ, қыз болса ақерке қоямыз.
менің Әділ есімді ұлым шыншыл болып өседі, менің
балаларым бір-біріне тек шынын, әділін ғана айтатын болады.
Дүниедегі ең жаман нәрсе, ең жиіркенішті нәрсе – алдау! мен
сені алданыш, ермек үшін алғаным жоқ, жұрт қатарына
қадірлі семья құрып, әулетімді жалғау үшін, әкеден қалған
түтінді шығару үшін алдым. Жапанда жалғыз қой бағып
жүрген Қойшының бар сенері, бар сүйенері, бар ермегі – әйелі
ғана. Біз екеуміз кино көріп отырамыз ба, театрға барамыз ба,
құдайау, алтайдан басқа жер, «Шығайбайдан» өзге жөні түзу
көрші көрдік пе? ал сен шүйіркелесіп, шай ішуден
қашқалақтар едің. айнам, сенен басқа кімім бар, айтшы? Кімім
бар, алда аға, артта інім жоқ; бәрін кешіремін. мойныма мініп
екі өкпеме тепкілеп отыр, – кешіремін; сулы жерде асып,
сусыз жерде қуыр, – кешіремін; тек... тек... күндіз-түні жалғыз
қалғанда, ащы іздеп ауылға, ауырып ауруханаға түскендей
болсам, көлденең өткен көк аттының, көп аттының, арбауына
түсіп, жанымды жаралама. Онда мен өлгенім, ал өлгенім –
әлемнен әділдік таба алмағаным, әлеми дүниеде тірі пендеге
сенбегенім!»
Найзағай жарқ етіп, сатыр-сұтыр ете қалды. Әлемнің
әйнегі быт-шыт болып сынғандай болды. Қойшының Әйелі
қатты, аса қатты шыңғырды... Жаны сірне Қойшы бұған да
шыдады. Енді қайтсін, телефонды ала салып жедел жәрдем
шақыратын емес, ауыл іргесіндегі қыстаққа екі күн дегенде
жететін «жедел жәрдем» Тасшоқыға қайдан келсін. ал самолет
түсіне ғана кіріп, кейде қой бағып жүргенде үстінен дүрілдеп
вертолет өтетін; рас, аспанға адам ұшып жатыр деп еститін;
рас, жүрек орнына жүрек ауыстырып жүр деп еститін; рас,
қазіргі ғылым мен техниканың қол жетпеген табысы жоқ деп
еститін, тек еститін... еститін.
Қойшы әйелін аман-есен босандырды.
Өліарада дүниеге келген жас нәрестені іш көйлегіне орап,
қолына алғанда, дүние жап-жарық боп, найзағай отына
өртеніп еді, қызылшақа сәбидің қызыл иек аузы ашылып
жылаған сықпытын жалқы сәт көрсетті де, сөніп тынды. Бұдан
413
соң найзағай ойнап, күн күркіреген жоқ, қойдың
құмалағындай бұршақ біртіндеп бастап тасырлатып төпеді-ай.
Баланың дидарын енді бір көрмекке зар болған әке, баланың
ұл екенін білген әке бағанадан бермен зәре-құтты алған
қызылсапай найзағай отын аңсады.
Неге екені белгісіз, қара тас қолқасын суырып бара
жатқандай. Бойды талдырған ауыр жүктен арылған ана
талықсып мызғып кетіп еді, ұйқысырағаны ма, жоқ болмаса
есінен шатасып жатыр ма, күбірлеп әрең дегенде,
«құдайымай, Қойшыға... Оған не бетімді айтамын» дегендей
болды. Қойшы жылан шағып алғандай орнынан атып тұрды.
Орнынан атып тұрды да, Әйелін жұлқылап оятып, мең-зең
мәңгірген Әйеліне – Не дедің? Қайталашы тағы да... не бетіңді
айтқаның қалай? Көмейіңде не тұр? айт, айт жаныңның
барында! Әлде... әлде... жо-жоқ, үндемес, жуас адамның ашуы
түспейді, ал түссе... – Қойшы Әйелінің алқымынан алып, зар
еңіреп сөзін жалғастырды: – мен саған сенгенмін, менің сенен
басқа кімім бар еді, менде қалған жалғыз қуат сол еді ғой –
сенім еді ғой, оны да тас-талқан еткенің бе?!Өлтіремін,
шыныңды айт, ағың- нан жарыл; әне, құдай бәрібір төбеңнен
ұрады, мынау жылбысқа нәресте кімнің ұлы, менікі болса,
атын Әділет қоямын, менікі болмаса Әбілет қоямын! ақтық
рет ағыңнан жарылшы, мені сүйіп пе едің, маған не үшін
тидің? Әлде қой аузынан шөп алмас маубас, не істесем де
еркіме көне берер дедің бе? Әлде менен аттың үстінде ханға
сәлем бермей шіреніп тұрмақ төре шығар дедің бе? Әлде анау
текеметтің астында бұршақтан паналап жатқан көген көздерде
де менің қаным жоқ шығар. айтшы, айналайын, анасың ғой,
өлім аузында жатырсың ғой, айналаңа қарашы, мынау махшар
сәті ғой, мынау кімнің баласы? Тегінде Қойшының намысы
асау, ол да ашулана алады. Ей, құдай, көзің бар ма, айтшы
әділдігіңді, жақсылықтан басқа тілемегім жоқ еді ғой, неге
ғана кәріңді тіктің, неге ғана мынау болып жатқан сұмдықты
көрмейсің, неге ғана еркек өліп, әйел қалады.
Әйелінен әлсіз ыңыранған үн шықты. Өз арымен өзі ол да
арпалыста жатса керек, әділет алдында бас иді; бәрібір қашып
құтыла алмайтынын, тірі куәсі барын білді. Сыбырлап:
– «Құрдасыңның көңілін қимап едім», – деді.
414
Бұршақ үдей түсті. мылқау
қараңғылық. аспанның түбі тесіліп
кеткен секілді.
Қойшы қанын ішіне тартып, баланы бауырына басқан күйі
үнсіз отырды. Үнсіз отырса да, қабырғасы сөгіліп, қан жылап,
қан сиіп егіліп отыр. Әйелінің ішін айқара ұстап жатқан
қолына сырт-сырт көз жасы тамады. Қойшы бауырында бала
емес, бір кесек мұз жатқандай қалшылдады, бірақ безінген де,
жерінген де жоқ, әкесі басқа болса да, шешесі – өз әйелі, тегі
қазақ. ақтық шешімге келгендей, ауыр күрсінді де, нәрестені
«бісміллә» деп, шешесінің қойнына салды. Сонсоң быршып
терлеп жатқан жұбайының маңдайынан сүйіп, аш иттей
сүйретіліп тұрып кетті... көп кешікпей күркіреген күннің
гүрілін сыналап естүссіз қарқылдап күлген күлкі естіліп
қалғандай... Табиғат па, адам ба... Не болса да бүкіл әлемді
мазақ етіп күледі-ай...
– Ха... ха... ха... ха...
Өліараның сол бұршақты түні Қойшы сенімін іздеп, ұзақ
сонарға аттанды.
Әйелі Қойшыны дауыстап көп шақырды. Тұруға дәрмені
жоқ, жас босанған. Ешкім аузына су тамызып, қол ұшын
берген жоқ. Ері шынымен қатты өкпелеген бе, маңына қайтып
жоламады. Қанша ғайбаттаса да, сүмиіп жанынан шығып, өз
ырқынан озбауға қадеттеніп қалған Әйел «қайда барар дейсің,
әне келеді, міне келедімен» көп тосты. Келмеді. Сонсоң
«қолмен істегенді мойныңмен көтер дегені шығар,
шыдайыншы, қайтер екен» деп жата берген. Бұршақ басылып,
таң қылаң бергенде, ересек ұлы келіп, «әкем қайда?» дегенде
ғана сасқалақтайын деген. Күн шыға: қосағын мәңгі жоғалтып
алғанына, тек қойнындағы алданышпен ғана өзін-өзі алдап
ғұмыр кешетініне,енді қой қайырған Қойшы- ның қоңыр
даусын естімейтініне, енді қайтып ызыңдап құлақ етін жер
көнбіс күйеу табылмайтынына, енді бұдан былай тіпті де...
тіпті де... еш еркек шын көңіл, адал ниет, ақ тілекпен
иіскемейті- ніне, енді қайтып жалғанда жаны Қойшыдан
темір, қайсар да қайғылы жан жолдас таба алмайтынына, енді
бес бала мәңгілікке әкесін іздеп өтетініне, енді қайтып ол
екеуі тобылғы шайды қарама-қарсы сораптап, ұзақ іше алмай,
ішкені – ірің, жегені – желім болатынына, енді алты баланы
415
кәмелетке келтіріп, жеткізгенше асырап-сақтау талша
мойнына түсеріне, енді бұдан былай мұны көрген байы тірі
қатындар қырындап, табалап өтеріне, енді жалғыздықтың, тірі
жесірліктің зарын тартып, иттен қадірсіз болған күйеуін енді
ғана... енді ғана жатса-тұрса қаза қылмай, есіне алып, ағыл-
тегіл жыларын түсінген – әттең, кеш түсінген Әйел, әмсе көзі
жетіп, иллахи иланған Әйел ботадай боздады, ұдайы үш күн
боздады, амал не, Қойшыдан хабар-ошар болмады, ізім-қайым
жоғалды... Үш-ақ күнде өзгеріп салған Әйел қатындық
қарызын орындап, дауыс қылып болған соң, өз-өзіне келіп
есін жиды. Есін жиған соң: «Бірақ, – деді белін бекем буып, –
бірақ сенің тентіреп кетуіңе мен ғана кінәлімін бе? мені
қағанағы қарық деп кім айта алады... менің де арман –
мақсұтым, таңдаған өмір жолым болған, менің де жарық
дүние туралы өз көзқарасым, түйсіктүсінігім болған, рас, ерте
үйлендік, мектеп бітіре салып, бірден жұмысқа кіріп, бірден
тар төсекте табыстық; көзімізді ашып көргеніміз – оқу, қой;
адамға, жас адамға керегі осы ғана ма... біз көп нәрсені,көп
қымбаттарымызды күлкітоқтықпен ерте жоғалттық; сені
мектепте оқып жүрген кезіңде елеп-ескермей, бұла боп өскен
ерке басым, ерігіп жасаған қылығымнан жапа шектім; кешір,
жаным , мен сені сүймейтін едім; ал сен болсаң балаларыңның
шешесі ретінде қатты сыйлайтынсың; қайтейін, оқушы
кезімде қой бағамын, қойшыға тұрмысқа шығамын деген үш
ұйықтасам, түсіме кіріп пе; жо-жоқ, «мен кім болам?» деген
шығармаға дәрігер боламын деп жазғанмын; өзің де білуші
едің ғой, орта мектепті мен төрт пен беске бітірдім, айтып-
айтпай не керек, егер мединститутқа барсам, тапсырып
кетуіме құдайдай сенетінмін; бізді әлі жас деген жоқ, бірден
ауыр жұмысқа салды; отызымыздың бірдей суретіміз
аудандық газетке қос бет болып жарқ ете түскенде,
мақтаныштан есіміз шығып кетсе керек, тәттіге алданған
баладай далақтай беріппіз ғой, бақсақ, әркім өз арманының, өз
жүрек қалауының құлы екен; есеймей семген мақсұт
күндердің күнінде мерт етері хақ; білем, сенің сурет салуға
талабың ғана емес, талантың да бар еді, сол талантыңның ерте
тапталып қалғанына тіпті де мен кінәлі емеспін; алматыға
аттансаң... құрдасыңнан қай жерің кем, оқып та шығар едің,
бір әулеттен бір оқымысты шықса сөкет пе; құрдасың
416
демекші, арамыздағы ең жылпосымыз еді, жұмысқа қалмай,
оқуға қашып, ақыл тапқан сол болды, ақыры көрмейсің бе,
бәрімізден нашар оқыса да, зоотехник болып оралды; есебін
саған шығартып алушы еді ғой, әнеки саған келіп бастық
болды, айтыңдаршы зердесіздің сақасы алшысынан түсе бере
ме солай, жоқ, омақасар күні туа ма; мен оны әсте де ұнатып
көргенім жоқ, өзі құлағалы тұрған таудың үстіне қой жайды
да, тағы да менің осалдығымды, сенің жуастығыңды
пайдаланып кетті, әрі осындай адамдардың уайым-қайғы, ой-
мақсатсыз ғұмыр кешетініне таңым бар; біз не көрдік – сен
баланы таптырасың да, тау-тас кезіп қой өргізіп кетесің, ал
мен шиеттей балалармен алысып, ертеден қара кешке дейін
екі көзім төрт болып, омалып отырамын; сенің келуіңді ғана
күтсем де, білдірмеуге тырысып тосыраңдап өкпелер едім;
ішіңнен жақсы көріп, бетіме қарамасаң да, еркектің
қытықшыл қылығын көксеп, таң атқанша аунақшитынмын, ал
сен қой күзетуге кетесің, одан таң қылаң бере оралып, қор-қор
ұйықтайсың; білем, сен талығып қатты шаршар едің, ал мен
үйде ерігіп отырмын ғой, мүмкін содан шығар жайымыз
жарасқан емес, ылғи күрең қабақ жүретінбіз, бес емес он бала
болса да қиюы қашқан семьяға дәнекер бола алмайтынына
көзім жетті; қойға шыққалы не кино, ойын көріп сергіп-
серпілген, қабағымды ашып еңсемді көтерген күнім бар ма,
қайта өзің менен ұрланып кино көріп келер едің, онда да
айында, жылында; сені жалықтырып іш пысты етпейтіні – көп
оқитынсың, ал мен о бастан кітап-журнал оқуға өгей едім ғой;
мен өз-өзімнен қысылып жылар едім; екі қолым алдыма
сыймай, балаларды шықпыртатынмын, оның үстіне бірде бар,
бірде жоқ дүние; жұртқа қарайсың, бәрі жақсы, жарасты өмір
сүріп жатқан секілді, ең қоры біз секілді, сосын бәрін саған
теліп, ынжық деп ғайбаттап та жүрдім; сіркемді су
көтермейтін көк пері болдым; бәрібір Қойшы менен кете
алмайды, сенде ондай отты намыс жоқ деген әзәзіл сенім
жеңді де, арсыз досыңның – төре досыңның қыңқылдап,
қырындап болмаған соң, қолқасын орындадым; қанша
дегенмен сен осалдық жасадың, бізден безгенде қайда
барасың, кімді пана тұтасың; апыр-ау, момын кісінің ашуы,
момын кісінің намысы қандай қатты, білсемші, жоқ сенің
үйден кетуіңе мен ғана кінәлі емеспін, қош, он жыл отасқан
417
күйеуім (ие, сен күйеуім ғана едің). Қайда жүрсең де есен
бол».
Бұл – Әйелдің өз кінәсін жуып-шайғаны еді. алтайдың
алтын күзінде, ескі айдың дәурені бітіп, жаңа- ламай, өліара
туған шақта, аспанда шүйкедей бұлт жоқ, табиғат
жаратқанның маужыраған ұйқылы-ояу әсем мезгілінде, жұма
күні Қойшының үйіне жиналып, оны қайдан іздеу керектігін
ақылдасқан ауылдастары биыл астықтың бітік, пішені мол,
ырысты жыл болғанын айтып, кеу-кеу сөз қозғады. – мүмкін
Қойшы білім қуып кеткен шығар, – десті олар. – мүмкін
Берлин түбінде қаза тапқан ағасының сүйегін алып қайтуға
аттанған шығар...
Тек анау қырдың басында бірін-бірі құшақтап, екеу жылап
тұрды, ол – Қойшының тұңғыш ұлы мен мұғалима қыз –
сенімін іздеп кеткен Қойшының сөнбей қалған үміті еді.
ғұмырда қалтасынан бір тиын шығарып, елге жақсылық
жасамайтын
таскескір
«Шығайбай»
Қойшыны
іздеу
қаражатына 21 сом 7 тиын қосқан көрінеді. Бірақ өзі осы
оқиғадан кейін салынып, оңдырмай ішіп жүр деген сөз және
бар; әйтсе де бұрынғы пақырлығынан көп түзеліпті деседі. Ол
айтады дейді: «Пақыр басым, дүниенің құны беш тиын екенін
білсемші...»
...Әйел қойдан шығып, ауылға көшіп кеткен. Өліарада
туған ұлының атын алданыш қойыпты. Кеше дүкеннен бір
жарты алып тұр, оны кіміне береді екен зәнталақ, – деп
қатындар пыш-пыш өсектеп жүр. Тұңғыш ұлы сурет салып,
бәйгеге ие болыпты... мұғалима мұғалімге тиген... Зоотехник...
Бағана екі кештің арасында атқа қонды... ақсақалдар дәл осы
айда қателесті: өліара жауын-шашынды жайсыз болды, туар
ай... туар ай мазаң өтеді...
Достарыңызбен бөлісу: |