Балалар музыканың сүйемелдеуімен залға кіреді. Жүргізуші: Жасыл шырша орманнан



жүктеу 45.26 Kb.
Дата04.07.2016
өлшемі45.26 Kb.
Жаңа жыл

Балалар музыканың сүйемелдеуімен залға кіреді.

Жүргізуші: Жасыл шырша орманнан

Бізге арнай келіпті

Ойыншығын балалар

Шыршаға әсем іліпті

Тамаша, тамаша

Шыршамызға тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

Балалар (хормен) бізге шырша ұнайды!

Балалармен бірге:Сәлем, сәлем жаңа жыл

Ән:Ән салайық,қол соғайық

Ақшақар жүгіріп келеді:

Ах, балалар неткен көп:

Қыздар да, ұлдара да алып келіпті!

Сәлеметсіңдер ме!

Қыстан да, суықтан да,

Бораннан да қорықпай!

Аяз атаның немересі,

Ақшақардың өзі болам!

Шыршыға тамсана қарап, шыр айналады

Аяз ата келмеді ме? Қайда жүр екен менен бұрын кетіп еді.

Аяз атаны балалар мен бірге шақырады. Музыка арқылы аққала кіреді.

Аққала: Ау! Ау! Қазір келемін (шыршаны айналады). Не болып жатыр неге айқалап жатырсыңдар.

Ақшақар; Не болды деп таңырқайды. Сен кім боласың қайдан келдің

Аққала: Мен аққала боламын.

Үленде емес кіші де емеспін

Сәлеметтсіңдер ме!

Достарымнан естідім мен

Ормандағы жануарлардан,

Шыршаны безендірді деп,

Бәрін қонаққа шақырған!

( кейін ренішпен сөйлейді)

Бәрін, бәрін шақырған.....

Ал мені.... мені шақырмаған?

Мен сендерге ашулымын. Иә-иә

(Қорқытады)

Қәне, қәне тараңдар! (Балалрға жақындап, аяақтарын тапырлатады)

Ақшақар;


Аққала, ашуланбашы

Жан-жағыңа қарашы, қандй әдемі шырша

Көңілдірек, жымишы

Бізбен бірге билеші

«Аққала» ән- жаңа жыл мереке

Аққала: Ой мынаның іші қандай ыстық еріп кететін болдым ғой.

Ақшақар:Балалар, көмектесіңдер, аққаланы үрлеңдер.

Аққала: Залдың іші салқындады енді жақсы болып қалдым ғой. Рахымет сендерге балалар

Мыстан:

Жеттім-ау ақыры



Таптым-ау сендерді

Ух! Залдың іші ығы-жығы!

Білемін, күттіңтер бәрің мені!

Сәлеметсіңдер ме!

Жүргізуші: Бұл не тағы? Кешіріңіз, сіз қайдан шықтыңыз?

Аққала (күмәнмен): Сізге қанша қарасам да танымай тұрмын!

Мыстан: Ендеше қазір тік тұрып, сендерге өзімді таныстырайын!

Музыка ойнайды. Мыстан частушка орындайды

Мен орман Мыстанымын

Қорқыттқанды ұнатамын!

Қорықпаңдар балақайлар:

Сендерді мен қорқытпаймын.

Сәнденіп келдім мен бүгін,

Сендердің мерекелеріңе.

Сықылықтап , би билеймін,

Ақшақар болғым келеді менің де,

Жүргізіуші: Біздің ақшақарымыз бар!

Мыстан:Ол қайда, кәне? (Қолын дүрбі жасап жан-жағына қарайды)

Жүргізуші: Міне, ол осында. Нағыз ақшақар. Бізге өте ұнайды расқой балалар

Мыстан: -Айна, айтшы кім сұлу? Ақшақар ма, мен бе?

Балалар: Ақшақар сұлу

Мыстан: Ендеше Аяз атаны күтпеңдер, сендерге бүгін силықта жоқ, ата жоқ

Жүргізуші:Қалай ол бізге келуге уәде берген, силықсыз жаңа жыл бола ма?

Мыстан:Мен аяз атаны алдап құлыптап кеттім.Кілт менде атаны күтпеңдер келмейді

(музыка ойнап, мыстан шырша жанында мақтанып отырады)

Аққала:Ой, мыстан сіз не деген адамсыз. Енді не істейміз атаны қалай әкелеміз.

Ақшақар:Мыстанды ұйықтаып кілтті алып қояық

( ән айтып мыстанды ұйықтатады)

Ақшақар:-Мә, кілт! Тез атаны ертіп кел (аққала кетеді)

Ақшақар:Балалар, ау ата келе жатыр

Аяз ата:-Ау,-ау

Ақшақар: Естйсіңдер ме, ата келе жатыр.Иә дыбыстап шақырайық

Балалар: -Ау,-ау аяз ата

Аяз ата:Мен нағыз Аяз атамын,

Келдім өзім алыстан.

Арасынан шыршаның,

Бұрқыраған боранның,

Нулы-нулы орманнан,

Алыс-алыс таулардан,

Сәлем,сәлем балалар!

Тілеймін тек жақсылық!

Асықтым сендерге балалар!

Жолда тіпті құлап қалдым, қараңдар,

Уақытынан кешікпедім,

Бірақ, жарандар!

Ән:Аяз ата ақшақар,келіп кірді ортаға

Ақшақар:Ата балалар сіздермен ойын ойнағым келеді.

Ойын:Музыкамен билеу

(Осы уақытта мыстан оянады)

Мыстан:Кілтім қайда? Мені тонап кетті, көмектесіңдер

Аяз ата: Сен неге мені жауып кеттің мен сені қатырып тастаймын

Мыстан:Тоқта, тоқта ата. Сен бәрін жаңа ждылға шақырдың тек мені шақырмадың. Бар бала әдемі,мен жаманмын ба?

Ақшақар:Жоқ Мыстан сен ренжіме сен де әдемісің, сұлусың

(Балалар мақтайды)

Мыстан: Шынымен сұлумын ба, ойын ойнып, мен де ән салам.Шыршаларың неге жанбаған

Аяз ата: Қазір жағамыз 1-2-3 шырша жан

Би: «Мыстанмен» Аяз атамен,топпен

Мыстан:Мен сендерге сыпырғышпен қалай ұшатындарыңды білгім кледі.Келіңдер ойнайық

Ойын: «Сылдырмақ»

Ән:Құтты болсын жаңа жыл!


Аяз ата қолғабын жоғалтып алады. Мыстан тығып қояды. Ата іздейді.

Ата:Қолбағымды көрдіңдер ме?

Мыстан:Көрдім-көрдім тек бермейміз. Бізбен ойнасаңыз береміз.

Ата: Қандай қызық ойын болды

Аққала:Ата силықтарды ұмытқан жоқсыз ба?

Ата:Әрине ұмытқан жоқпын. Мін силықтар. (силық жоқ іздейді)

Аққала:Мүмкін силықтарды табуға музыка көмектеседі.(Ата іздейді силықтарды). (Осы уақытта Мыстан силықтарды алып келеді)

Аяз ата:Рахмет Мыстан. Сен жарадын. Мен саған ризамын.

Тақпақтар

Ата қапшықтың аузын аша алмайды.

Аққала:Кәне, балалар аяғымызбен тарсылдатайық мүмкін ашылады.

(Бәрі аяқтарын тарсылдатып, жібін ашады силықтарды таратады)

Аяз ата:Жаңа жыл келді міне жерімізге

Әкелсін құт-береке елімізге

Жақсылықпен қуаныш жыл болсын

Қиындық жолатпасын елімізге

Мыстан:Жүздеріңне көрем шаттық арайын

Болсын солай әрбір күнің, әр айың

Ақшақар:Таусылмасын жаңа жылдық думаны

Құтты болсын жаңа жылың ағайын



Бірі бірге:Сау болыңдар


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет