3-тарау. Бастапқы материалдарға, дайындап қойылған және жартылай дайындалған материалдарға қойылатын талаптар
35. Қорғасын және мырышты және қорғасын және мырыштан жасалған бұйымдарды, олардың сақталуына кепілдік беретін кез келген ғимараттарда және ыдыстарда сақтауға және тасымалдауға болады.
36. Қорғасын және мырыш өндіруге қолданылатын материалдар оларда көрсетілген ГОСТ, ТШ (ұйым стандарттарына) сәйкес келеді және сапа сертификаты болады.
37. Ыдыстарда (қапшық, темір жол цистерналары, бөшкелер) жеткізілетін материалдарда заттың, материалдың атауын және технологиялық өндіріске қатысты сақталуы көрсетілетін жазуы болады.
38. Бастапқы, дайындап қойылған және жартылай дайындалған материалдарды сақтау және тасымалдау:
1) қауіпсіздік құралдарын, тиеу-түсіру жұмыстарының және көлікті операцияларын;
2) қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың пайда болуына мүмкіндік бермейтін қойма әдістерді қолдана отырып, жүргізіледі.
39. Қорғасын және мырыш өндірісінің жартылай дайындалған және дайындалып қойылған барлық материалдары шаң болуға жол бермейтін ыдыстарда сақталады. Жартылай дайындалған және дайындалып қойылған барлық материалдарымен жұмыс істеу респираторда жүргізіледі.
40. Қышққылдар мен сілтілерді жеке ғимаратта сақтау қажет. Қышқылдармен және сілтілермен жұмыс істеу қышқылға шыдамды киімде, көзілдірікте, респираторда жүргізіледі.
жартылай дайындалған және дайын материалдарды сақтау және тасымалдауға қойылатын талаптар
41. Технологиялық материалдар жабдықталған ғимараттарда қоймаларда, бөліктерде, бункерлерде сақталады. Бұл кезде оларды араластыруға болмайды.
42. Технолгиялық материалдарды түсіру және тиеу, оларды әрі қарай қайта өңдеу үшін тасымалдау, жинақтау, қоймалау, дайын материалдарды түсіру механизацияланған.
43. Ұйымда қорғасын және мырыш өндірісі үшін материалдарды тасымалдау қоршаған ортаны ластауға мүмкіндік бермейтін ыдыстарда жүргізіледі.
44. Материалдарды сақтау үшін жабық түрдегі қоймалар көзделеді.
45. Шихта дайында процесі кезінде шихталы материалдарды беру және түсіруді механизациялау қажет. Негізгі және аралық қатты шаңданатын өнімдерді бір цехтан екінші цехқа тасымалдау пневотранспорт, вибротранспорт арқылы герметикалық ыдыста іске асырылады.
46. Қорғасын және мырыш өндіріс кезінде технологиялық процессте қолданылатын флюстер жеке орындарда тығыз жабылатын ыдыстарда сақталады, ал балқытуға салар алдында құрғатылады.
47. Дайын өнімдерді сақтау қоймалары жылы және құрғақ бодады. Бұл ғимараттарда жылыту пештерін қолдануға, шаңның жиналуына, жылдам жанатын материалдарды (бензин, керосин, май және басқалар) және химиялық белсенді заттарды (қышқыл, сілті және басқалар) сақтауға болмайды.
48. Өндірістік аулаларда қорғасын және мырыш өндірісінің шикізаттары мен жартылай фабрикаттарын сақтау көрсетілген өнімдерді сақтау орындарына бөтен адамдардың кіруіне, аумақтың қоршаған ортас мен атмосфералық ауасының шаң басуына және ластануына жол бермейді.
49. Өндірістік аулаларда қорғасын және мырыш өндірісінің қалдықтары мен жартылай өнімдерін сақтау, сұрыптау орындары осы орындарға адамдардың баруын, жер, жер асты атмосферасының және атмосфералық ауаның өндіріс қалдықтарымен ластануына жол бермейтін бөлінген және жабдықталған немесе оқшауланған ғимараттарда орналастарылады.
50. Өндіріс қалдықтары мен жартылай өнімдерді сақтау орындары қоршалған және қоршауларға осы орындарда бөтен адамдардың болуына тыйым салынатын тиісті плакаттар немесе белгілер ілінген.
51. Өндіріс қалдықтарын тасымалдау үшін өндіріс өнімдерімен жолдар мен өндіріс аумақтарын ластауды болдырмайтын ыдыстар мен көліктер пайдаланылады. Бұл мақсатқа жабдықталмаған көліктерді пайдалануға болмайды.
52. Қорғасын өндірісі қалдықтарын жинау негізгі және қосымша цехтардан 300 м кем емес қашықтықта орналастырылады және террикондарға қойылатын талаптарға сәйкес жабдықталады.
53. Өндірістің қатты және сұйық қалдықтары трубақұбырлары, арнайы машиналар арқылы қалдық қоймаларына апарылады.
5-тарау. Өндірістік қондырғыларға, оларды орналастыруға және жөндеуге қойылатын талаптар
54. Қорғасын және мырыш өндірісінде қолданылатын қондырғалар оңай тазартылады. Осы мақсатта оның беті тегістелген, дәнекерлеу тігістері тазартылған, үшкір, шығыңқы ұштары, қиын қол жеткізілетін орындары болмайды.
55. Қорғасын және мырыш алу жөніндегі жаңа өндірісті жобалау және қолданыстағы өндірісті реконструкциялау, өндірістік ғимараттарды жоспарлау технологиялық процесстердің бірізділігі мен ағынын ескере отырып, жүргізіледі.
56. Ұсату - тарту және қоюландыру құрылғылары мен қондырғыларын орнату және пайдалану Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын «Пайдалу қазбаларды ұсату, сұрыптау, байыту және рудалар мен концентраттарды кесектеу жөніндегі бірыңғай талаптарға» сәйкес келеді.
57. Өндірістік қондырғының құрамдас бөліктері, энергетикалық трубақұбырлары, табиғи газды, оттегін, ауаны, майды, суды беру жеңдері және электрокабельдер оларға балқытулардың тию мүмкіндігінен қорғалған.
58. Агрегаттар мен аппараттарды іске қосу, қондырғының тоқтауы және орнатылған жұмыс режимінің бұзылуы туралы хабарлайтын бақылау жүйесімен және сигнализациямен жабдықталады.
59. Күйдіру пештерін басқару жүйесінің жұмысы автоматты және қолмен басқару түрінде қамтамасыз етіледі. Көрсеткіштері бойынша технологиялық процесстерді басқаруға болатын бақылау-өлшеу приборлары жеке ғимаратта орналастырылған жалпы басқару пультына шығарылған.
60. Балқыту пештері апаттар болған жағдайда барлық балқытуларды қабылдауды қамтамасыз ететін приямкалармен және алаңдармен жабдықталған.
Балқытуды қабылдау орындары гидро оқшауланған және құрғақ.
61. Шаң дайындаушы құрылғы қондырғылары жерге қосылған және жылу оқшауланған. Жылу оқшаулаушы жанбайтын материалдан жасалады.
62. Өндірістің гидрометаллургиялық аппаратурасы еден деңгейінен 1,1 м кем емес шығып тұратын фундаментте орнатылады.
Аппараттар фундаменті қышқылға төзімді материалдардан жасалады.
63. Пайдалануы зиянды заттар тастаумен байланысты барлық технологиялық қондырғылар газ тазарту ғимараттарымен жабдықталған.
64. Өндірістік ғимараттарда ауа ластаушы болып табылатын технологиялық қондырғыларды аспирациялық жүйе құрылғыларынсыз пайдалануға жол берілмейді.
65. «Жұмыс алаңындағы ауаға қойылатын жалпы санитарлық- гигиеналық талаптар» ГОСТ 12.1.005-88 белгіленген тартпа жүйелері мен аспирациялық құрылғылар жұмыс аумағындағы зиянды заттар құрамы шектік жіберілетін концентрациялардан артық болмайтындай олардың пайда болу орнынан шаңдарды, газдарды, булар мен аэрозольдерді жоюды қамтамасыз етеді. Атмосфераға тасталатын аспирациялық құрылғылардағы ауа санитарлық нормаларға сәйкес келеді.
66. Пайдаланудағы қондырғылар іске қосу алдында:
1) қондырғының дұрыс жұмыс істеуі;
2) қоршаулардың, сигнализацияның және бақалау - өлшеу құралдарының болуы мен жағдайы;
3) жарықтандыру және желдету құрылғыларының дұрыс жұмыс істеуі.
Анықталған барлық ақауларды қондырғыны іске қосқанға дейін жою қажет. Тексеру нәтижесі журналға жазылады.
67. Агрегаттарды, машиналар мен механизмдерді іске қосу, оларды басқаруды оларға қызмет көрсететін және осыған рұқсаты бар тұлғалар жүргізеді.
68. Көру өрісінен тыс орналасқан қондырғыларды іске қосу кезінде басқару пультінде іске қосу сигнализациясы (жарық, дыбыс) көзделеді.
69. Электродвигательдің іске қосу құрылғылары қондырғының көрітнетін аумағында орналасады.
70. Жөндеу жұмысынан кейін электрдвигательдері іске қосу бақылау тұлғасының қадағалауы арқылы жүргізіледі.
71. Еден деңгейінен жоғары және 2 м биіктікте орналасқан жабу, реттеу, қоректендіру және басқа да арматуралы бақылау - өлшеу приборларына қызмет көрсету үшін стационарлық аулалармен оларға баратын сатылар орнатылады.
72. Еден бетінен 0,6 м артық биіктікте орналасқан барлық қызмет көрсетуші аулалар, өтетін өткелдер, зумпфалар мен сатылар төменгі жағынан биіктігі 0,14 м кем емес тұтастай жабылған биіктігі 1,0 м кем емес қанаттармен және биіктігі 0,5 м тіреуіштермен қоршалған.
73. Қондырғыны тұрақты қызмет көрсету кезінде жұмыс аумағының ені шығып тұратын бөліктерінен 1 м кем емес, ал мерзімді қызмет көрсету кезінде 0,8 м кем емес. Қондырғыға барлық жағынан қызмет көрсету кезінде оның айналасындағы аула ені тиісінше 1 м және 0,8 м болады.
Еденнен 0,6 м артық емес орналасқан алаңдар мен көпірлер сатылармен жабдықталған. Қызмет көрсететін аулалардың төсеніштері, көпірлері және сатылар баспалары адамдар жүрген кезде тайғанауына жол бермейді.
74. Қондырғыларға қызмет көрсетуге арналған аулаларға баратын сатылар типтік конструкцияларға сәйкес келеді. Прямики, құдықтар мен бункерлерге бару үшін тіке сатылар мен скобалар қолданылады.
75. Аулалар мен сатылар «Маршты сатылар, болат сатылар мен қоршаулар. Техникалық шарттары» ГОСТ 23120-78 сәйкес келеді.
76. Еденнен 2,2 м биіктікте орналасқан аулалар және олардың бүйір берттері «Сигнал түстері, қауіпсіздік белгілері және сигнал белгілеулер» ГОСТ 12.4.026-2002 сәйкес сигналды түстерге боялады.
77. Жұмыс ауласында жұмыс ауласына есептелген жалпы және орташалаған жүктеме көрсетілген тақтайша орнатылады.
78. Жұмыс алаңдары мен олардың металлургиялық агрегатттармен қиылысу конструкциялары жоғарғы қабаттардан төменгі қабаттарға материалдардың түсуіне жол бермейді.
79. Қоршауларды қоса алғандағы аппараттар арақашықтығы 0,8 м кем емес.
80. Жылу шығаратын апараттар арақашықтығы 1,5 м кем емес.
81. Машиналардың атқарушы органдары адамдарға қауіп туғызатын және қоршалмаған жағдайда машинаны іске қосу туралы ескертетін сигнализация, және тоқтату және энергия көзінен ажырату құралдары қарастырылады.
82. Машиналар мен механизмдердің ашық қозғалмалы бөліктерін (ремендік, тісті, тізбекті берілулер және тағы басқа) тұтас терімен немесе 2020 мм артық емес ұялары бар торлармен қоршалады.
83. Қозғалатын бөліктерді жөндеу және тазарту, қоршауларды орнату қондырғының жұмыс істеп тұрған уақытында жол берілмейді.
Агрегаттардың бөлшектерін майлау автоматты. Қауіпсіздік құралдары жоқ кезде машиналар мен механизмдерді қолмен майлауға жол берілмейді. Машиналар мен механизмдерге қызмет көрсету кезінде қолданылатын майлау және сүрту материалдары жабық металл жәшіктерде сақталады.
84. Тісті, белбеулі және тізбекті берулер үшін олардың орналасу биіктігіне және айналу жылдамдығына байланыссыз тұтас қоршаулар қажет. Шешілетін, мықты және тоттануға және механикалық әсерлерге төзімді қоршауларда пайдалану қажет.
Тісті берулер үшін құрғату пештерінің айналуы үшін оларға қызмет көрсетуге ыңғайлы жалпы қоршаулар қолданылады.
85. Агрегаттардың қиын қол жеткізілетін орындарды орналасқан қозғалмалы бөліктерін оларға қызмет көрсетуге ыңғайлы, жабылатын құрылғылармен қоршауға болады.
86. Қозғалмалы қондырғының элементтеріне баруға мүмкіндік болмайтын алынатын қоршаулар, қоршаулардың есіктері қоршаудың қорғаныс жағдайында оның жұмысын қамтамасыз ететін қондырғының іске қосу құрылғысымен автоматты түрде блокировкаланады.
Блокировкасы бар алынатын қоршаулар жобада қарастырылады.
87. Механизмдерді толық тоқтатқаннан кейін, қондырғыны жөндеу үшін қоршауларды алуға болады. Қоршауларды орнына қойып, барлық бөлшектерін бекіткеннен кейін орнынан механизмдерді жөндеуден кейін іске қосу, қарау және тазартуға болады.
88. Қондырғыны қолмен басқару органдары және ақпараттарды бейнелеу құралдары «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Отырып жұмыс істеу кезіндегі жұмыс орны. Жалпы эргономикалық талаптар» ГОСТ 12.2.032-78 және «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Тұрып жұмыс істеу кезіндегі жұмыс орны. Жалпы эргономикалық талаптар» ГОСТ 12.2.033-78 сәйкес орналастырылады.
Басқару органдары «Өндірістік қондырғыларды басқару органдарының символдары» ГОСТ 12.4.040-78 сәйкес символдармен белгіленеді.
89. Қондырғыны түсті безендіру және қауіпсіздік белгілерін орнату «Сигнал түстері, қауіпсіздік белгілері және сигнал белгілеулер» ГОСТ 12.4.026-2002 сәйкес келеді.
90. Іске қосу құрылғыларын, жабу және реттеуші арматураларды, шионсымдарды және машиналардың қозғалмалы бөліктерін ажыратушы бояулар мен маркировкаларсыз қолдануға жол берілмейді.
91. Табиғи газдарды пайдалану кезінде газ құбырлары мен газ қондырғыларын орнату, дайындау, пайдалану және жөндеу Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 4 сәуірдегі өнеркәсіптегі қауіпсіз жұмыстарды қадағалау және тау-кен қадағалау жөніндегі мемлекеттік Комитеті бекіткен «Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік талабына» сәйкес жүргізіледі.
92. Конвейерлер конструкциялары және орналасуы «Конвейерлер. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары» ГОСТ 12.2.022-80 сәйкес келеді.
93. Пневмосымдар «Пневмосымдар. Монтаждау, сынау және пайдалану қауіпсіздігінің жалпы талаптары» ГОСТ 12.3.001-85 сәйкес келеді.
94. Балқытулар болатын ғимараттарда, су құбырларын орнату мен конструкциялау балқытуларға ылғалдылықтың түсу мүмкіндігіне жол бермейді.
95. Қорғасын және мырыш өндіру жөніндегі ұйымдарда электр дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу «Электр дәнекерлеу жұмыстары» ГОСТ 12.3.003-86 және осы Талапқа сәйкес келеді.
96. Тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу «Тиеу-түсіру жұмыстары. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары» ГОСТ 12.3.009-76 сәйкес келеді.
97. Шаңдану және газ бөлетін материалдарды қайта өңдейтін айналамалы пештерді, қайнайтын қабат пештерін (әрі қарай - ҚП), СКН электр пештерін, электролиздер мен басқа да қондырғыларды пайдалану кезінде барлық люктер мен қақпақтар тығыз жабылады. Люктер мен қақпақтарды ашу қорытпаларды құю, металды алып шығу, қоқыстарды және өңделген электролиттерді алып тастау және технологиялық регламентте көзделген басқа да жұмыстарды орындау кезінде жол беріледі.
98. Аппараттардан сынамалар алу осы үшін арналған құрылғылар және орындарда сынама алу құралдары арқылы жүргізіледі.
99. Тұтынушы цехтарға берілетін қысылған ауа құрғақ болады.
Ылғалдылық құрамы минус 20° С температурада тепе-теңдігін жоғалтпайды.
100. Ауа және оттегін беру жүйесінің ауаның қысымы кенеттен түсіп кеткен жағдайда жылу, пешке оттегі мен ауа беруді тоқтататын автоматты қорғанысы болады. Оттегі – ауа қоспасында оттегінің концентрациясы автоматты түрде басқарылады.
101. Табиғи, кездейсоқ, мұнай, жасанды, аралас және сығылған көмірсутек газдарын технологиялық мақсатта қалпына келтіруші ретінде қолданған жағдайда Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 15 сәуірдегі Өнеркәсіптегі қауіпсіз жұмыстарды қадағалау және тау-кен қадағалау жөніндегі мемлекеттік Комитеті бекіткен «Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік талабына» сәйкес сақталады.
102. Барлық учаскелерде қауіпті орындарға жақын орындарда қауіпсіздік жөніндегі ескерту және нұсқаулық плакаттары (жазулар) немесе жарық немесе дыбыс сигналдары орналастырылады.
103. Ұйымдарда еденде жүретін дөңгелекті реліссіз жүретін көлікті қолдану кезінде құрылғылар мен көлік жолдарын ұстау, жүктерді тасымалдау процесстері «Кәсіпорындарда жүктерді тасымалдау процестері» ГОСТ 12.3.020-80 және осы Талапқа сәйкес келеді.
104. Қорғасын және мырыш өндірісі жөніндегі цехтарды жабдықтау ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен кестелере көзделген мерзімде қаралады және жөнделеді.
105. Қорғасын және мырыш өндірісі жөніндегі цехтардың негізгі қондырғыларын күрделі және ағымдағы жөндеуді ұйымдастыру және жүргізу «Қондырғылар мен көлік құралдарының жоспарлы – ескерту жөндеулері туралы ережеге» сәйкес келеді.
106. Әрбір цехта ұйымның техникалық жетекшісі бекітетін жұмыстарды ұйымдастыру жобасын ресімдеу арқылы наряд-рұқсат беру бойынша жүргізілетін жұмыстар тізімі жасалады.
107. Жөндеуден кейін негізгі қондырғыны қабылдауды қабылдау комиссиясы жүргізеді және тиісті актімен ресімделеді.
108. Қолданыстағы өндірістік цехтарда орындалатын жөндеу, құрылыс және монтаждау жұмыстары мердігерлік ұйымдар арқылы жасалады және наряд-рұқсат берумен ресімделеді.
109. Жөндеу жұмыстарының тәртібі мен әдістері барлық жағдайда пайдаланушы персоналмен келісіледі.
110. Механизмдерді жөндеу және тексеру жұмыстары технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
111. Барлық жөндеу жұмыстары жөндеуге жауапты бақылау тұлғасының басшылығымен жүргізіледі.
112. Жөндеу жұмыстарын бастау алдында жөндеумен айналысатын жұмыскерлерді жұмысты ұйымдастыру жобасымен таныстырылып, жөндеу жұмыстары кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау туралы нұсқаулық жүргізіледі. Нұсқаулы жүргізу наряд-рұқсат беру арқылы жүргізіледі.
Жөндеу жұмыстары немесе монтаждау жұмыстары кезінде еңбек жағдайы өзгергенде жұмыскерлер нұсқаулықпен қайта таныстырылады.
113. Жөндеуге, ішкі қарауға немесе агрегаттарды тазалауға тоқтатылған қондырғылар мен коммуникациялар қолданыстағы қондырғының барлық трубақұбырларынан және электрэнергия көздерінен ажыратылған, оларда болатын материалдардан босатылған. Электролиздердің газ соратын патрубкалары бітегіштермен сөндірілген.
Қондырғыларды электрэнергиясы көздерінен ажырату іске қосу құрылғыларынан кернеулікті алу арқылы қамтамасыз етіледі.
Іске қосу құрылғыларында «Адамдар жұмыс істеуде. Қосуға болмайды» плакаты ілінеді. Плакаттарды алу және қондырғыны іске қосу бақылау тұлғасының рұқсатымен жүргізіледі.
114. Жөндеу жүргізу орындары және барлық өтетін орындар жарықтандыру нормаларына сәйкес жарықтандырылады. Жарықтандыру құрылғысы КСРО энергетика және электрификация министрлігі 1987 жылы бекіткен «Электрқұрылғыларын орнату ережесіне (әрі қарай - ЭОЕ) сәйкес келеді.
115. Биіктікте жұмыс істеу кезінде сатыларды, ілмелі аулаларды, люлкаларды және осыған ұқсастарды орнату өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді. Көрсетілген құрылғыларды оларды орнатқаннан кейін бақылау тұлғасы қабылдап алады.
116. Сақтандырғыш белдіктерін қолдану арқылы биіктікте жұмыс істеу кезінде тізбекті (жіпті) байлау орнын жұмыс басталғанға дейін жауапты жетекші көрсетеді.
117. Құтқару белдіктері, карбин белдіктері және құтқару жіптері қоймадан алынғаннан кейін жылына екі реттен кем емес сыналады. Сынаулар актімен ресімделеді. Белдік пен жіптің келесі сынау мерзімі көрсетілген инвентарлық нөмірі болады. Құтқару белдігінің, карбин белдігінің және құтқару жібінің жарамдылық дәрежесі жұмыс алдында және әрбір қолданғаннан кейін сырттай қараумен қамтамасыз етіледі.
118. Металл конструкцияларды монтаждау және демонтаждау кезінде оларды ілінген қалыпта және тұрақсыз қалыпта қалдыруға болмайды. Демонтаждалатын конструкциялар мен қондырғылар жүретін орындар қалдыра отырып, нақты салу қажет.
Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қажет емес конструкциялар мен қондырғылар, сондай-ақ қоршаулар алынып тасталады, сақтау және желдеткіш құрылғылар толық қалпына келтіріледі. Материалдарды, қондырғыларды және басқа да заттарды жоғарыдан тастауға жол берілмейді.
119. Жөндеу және монтаждау кезінде ауыр бөлшектер мен детальдарды көтеру және қозғалтуды талап ететін қондырғылар үшін тиісті жүк көтеруші және көліктік құрылғылар көзделген.
120. Ілмекті, тросты, кран дөңгелектерін ауыстыру және кран ілмегін оқшаулау жөндеу жұмысына арналған аумақта жүргізіледі.
121. Электр көліктерін (электрокар, электртиегіш, ауыр жүк тартқыштар және тағы басқа) жөндеу ғимараттарда жүргізіледі.
122. Қорғасын және мырыш өндіріс кезінде электрқұрылғылар қондырғылар түрлерін таңдау, орналастыру, пайдалану және жөндеу КСРО энергетика және электрификация министрлігі 1987 жылы әзірлеген «Электрқұрылғыларын орнату ережесінің, электрқұрылғылар қондырғылар түрлерін таңдау, орналастыру, пайдалану және жөндеу КСРО энергетика және электрификация министрлігінің басэнергоқадағалау бастығы 1984 жылғы 21 желтоқсанда бекіткен «Тұтынушылардың электрқұрылғыларын техникалық пайдалану ережелерінің және осы Талапқа сәйкес жүргізіледі.
123. Цехтағы ток қабылдаушының қоректендіру жеке тұрған жерге тұйық қосылған нейтральды қоса салынған және ішіне орналастырылған трансформаторлық кіші станциялардан жүргізіледі.
124. Электролиздеу цехтарында тұрақты токтың электролиздері мен шиносымдардан 6 м артық қашықтықта орналасқан электр апараттары және ауыспалы токтың электр дәнекерлеуші қондырғыларынан басқа қондырғылары, құрылыс конструкцияларынан электроқшауланған және жерге қосылған.
125. Химиялық белсенді ортасы бар ғимараттарда қолданылатын электр қондырғылары осы ортаның әсерінен қорғалады. Көрсетілген ғимараттарда қолданылатын электрсымдарының барлық элементтері ортаға қатысты мықты немесе ортаның әсерінен қорғалған.
126. Қондырғыларды ұстау, тексеру және тазарту Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2001 жылғы 7 тамыздағы № 192 бұйрығымен бекітілген «Металлургиялық өнеркәсіп кәсіпорындары мен ұйымдарына арналған қауіпсіздіктің жалпы талаптарына» және осы Талапқа сәйкес жүргізіледі.
127. Биіктікте монтаждау және жөндеу жұмыстары үшін қолданылатын ағаштар, өткелдер, тасымалданатын ағаш сатылар және басқа да құралдар ГОСТ 26887-86 «Құрылыс-монтаждану жұмыстарына арналған алаңдар мен сатылар. Жалпы техникалық талаптар» және ГОСТ 27321-87 «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған тағанда қосалқы ағаштар. Техникалық шарттарға» сәйкес келеді.
Көрсетілген құралдарды қолдану кезінде электр тогымен жұмыс істейтіндердің зақымдану мүмкіндігін болдырмайтын қауіпсіздік шаралары қарастырылған.
128. Айналмалы пештер мен қайнау қабаты пештерінің хлораторлары ішін қару және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде олар барлық коммуникациядан бітеуіштер арқылы ажыратылады, және газдар, булар, шаңдар және басқа да зиянды заттардың шектік жіберілетін концентрациядан артық емес деңгейіне дейін желдетіледі.
Пештер ішіндегі ауа температурасы жөндеу кезінде 40° С артық емес.
129. Бітегіштерді орнату және алып тастау бітегішті орнатқан немесе алып тастаған тұлғаның қолы қойыла отырып, журналда белгіленеді. Барлық бітегіштер нөмірленген және белгілі бір қысымға есептелген. Нөмір және жұмыс қысымы бітегіштің артқы ілмегінде жазылады.
130. Газ өтетін орындар мен пеш көмейлері ішіндегі барлық жұмыстар оларды агрегаттан, жалпы пеш көмейін ажыратқаннан және желдеткеннен кейін жүргізіледі, соңынан ауадағы зиянды заттар мен оттегінің болуына талдау жасалады.
131. Жұмыс процессі кезінде аз мөлшердегі ауа қысымында болған апараттар, ыдыстар мен басқа да қондырғыларды ашу алдында (бітегішті алу және тағы сол сияқты) қалдық қысымның болмауына тексеріледі және ол туралы наряд-рұқсат беруде жазылады.
132. Ыстық жөндеу жұмыстары кезінде жұмыс істеушілерді жылу шағылысудан сақтау үшін экранды құрылғылар мен ауамен себезгілеу құрылғысы қолданылады.
133. Қышқылдар тасымалданатын трубақұбырлар жөндеу жұмыстары алдында қышқылдардан тазартылады.
134. Мырыш электролизі бөлімшесінде көпірлі электр крандарын жөндеу бөлінген жөндеу аумақтарында жүргізіледі.
135. Дәнекерлеу жұмыстары технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
136. Жабық металл ыдыстарда және ылғалдылығы жоғары орындарды дәнекерлеу жұмыстар өндірісі үшін электрдәнекерлеу апараттары бос жүріс кернеулігінің автоматты ажыратылу немесе оларды 0,5 с артық емес уақытқа ұстау арқылы 12 В кернеулікке дейін шектеу құрылғысымен жабдықталған.
137. Мырышты электролитикалы алу бөлімшесінде газбен кесушімен жұмыс істеу кезінде сығымды газы бар баллондар цехтан тыс орнатылады.
6-тарау. Өндірістік (технологиялық) процеске қойылатын талаптар
1-параграф. Жалпы талаптар
138. Технологиялық процестерді жобалау, ұйымдастыру және жүргізу «Өндірістік процестер, Қауіпсіздіктің жалпы талаптары» ГОСТ 12.3.002-75 сәйкес іске асырылады.
139. Қондырғыны жинақтау кезінде технологиялық процесстер, санитарлық-гигиеналық, өндірістік қондырғыларды орналастыру талаптарына сәйкес пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізу ыңғайлылығын қамтамасыз етіледі.
140. Қауіпті және зиянды заттарды қолданумен байланысты өндірістік процесстер олардың өндірістік ғимараттарға бөлінуін шектейтін технологиялық параметрлер кезінде жүргізіледі. Бұл жағдайда жұмыс операциялар қол еңбегін максимальды жою арқылы шешіледі.
141. Жобада агрегаттар мен аппараттарды іске қосу, қондырғының тоқтауы және орнатылған жұмыс режимінің бұзылуы туралы хабарлайтын бақылау жүйесімен және сигнализациясы қарастырылады.
142. Технологиялық регламентпен белгіленген шамалардан манометрикалық шамалардың ауытқуы кезінде металлургиялық агрегаттарды пайдалануға болмайды.
Металлургиялық агрегаттарға шихта материалдарын жеткізетін көлік құралдарына электр энергиясын беруге арналған троллейлік сымдар рельстер ұшынан 3,5 м кем емес биіктікте ілінеді. Төмен биіктікте ілінген жағдайда троллейлік сымдар аумағында жұмыстар технологиялық регламентті сақтай отырып, жүргізіледі.
143. Кернеулікте болатын электр пештерінің сырттары, металл конструкциялар жерге қосылады. Электр пештерінің ток жүргізуші бөлшектері оқшауланған немесе қоршалған болады.
144. Ауа және оттегін беру жүйесінің ауаның қысымы кенеттен түсіп кеткен жағдайда жылу, пешке оттегі мен ауа беруді тоқтататын автоматты қорғанысы болады. Оттегі – ауа қоспасында оттегінің концентрациясы автоматты түрде басқарылады.
145. Өндірісті автоматтандыру кезінде технологиялық параметрлер шектік жіберілетін мәнге жеткен уақытта апаттық, ескерту және технологиялық сигнализацияны және блокировкалау мен қорғаныс шараларын және технологиялыөқ қондырғының авариялық сөндірілуін қарастыру керек.
146. Мышъяк текті сутек бөлінуі мүмкін цехтарда, бөлімшелер мен учаскелерде жарық және дыбыс сигнализациясы бар автоматты газ талдаушылары арқылы ауа ортасының ахуалын бақылау іске асырылады.
Автоматты газ талдаушылар істен шыққан уақытта жұмыс аумағындағы ауада мышъяк тектес сутегі болуын және ауаны бақылау «Жұмыс аумағындағы ауада мышъяк тектес сутегі болуын анықтауға арналған бромды (сулемді) қағаздарды қолдану нұсқаулығына» сәйкес зертханалық талдаулар және индикаторлық қағаз арқылы іске асырылады.
Зертханалық талдау үшін сынама алу мерзімділігі шахтаның техникалық жетекшісі бекіткен кестеге сәйкес анықталады.
147. Негізгі және қосымша технологиялық және электротехникалық қондырғылардың конструктивті элементтерінің «жерге» қатысты оқшаулану кедергісін, жерге қосушы құрылғылардың кедергісін тексеру ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі.
Оқшаулау кедергісін, жерге қосу құрылғысының кедергісін өлшеу нәтижелері журналға жазылады.
148. Апаттық батырмалар арқылы технологиялық қондырғыларды ажырату кезінде дистанциондық ажыратуға қарсы тиісті қорғаныс қарастырылады.
149. Оттегімен байытылған үрменің қолданылуы технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
150. Оттегі құбырларында орнатылған электрсымы бар арматура қолмен басқару арматурасымен қайталанады. Оттегі құбырларында тіреу арматурасын реттеуші ретінде қолдануға, толық жабылмаған тіреу арматурасымен жұмыс істеуге болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |