- Гендер хромосомада бір сызықтың бойымен тізбектеле орналасқан. Әр геннің хромосомада нақтылы орны (локус) болады.
- Бір хромосомада орналасқан гендер тіркесу топтарын құрайды. Тіркесу топтарының саны сол организмге тән хромосомалардың гаплоидты санына сәйкес келеді.
- Ұқсас хромосомалардың арасында аллельді гендердің алмасуы жүреді.
- Хромосомадағы гендердің ара қашықтығы айқасу жиілігіне тура пропорционал.
- Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы "тірі организмдерге тән тұқым қуалаушылық белгілер, яғни организмнің нәсілдік қасиеттері ұрпақтан ұрпаққа жасуша ядросы хромосомаларындағы гендер арқылы беріледі" деп тұжырымдайды. Хромосомалық теорияны тәжірибе жүзінде дәлелдеп, ХХ ғасырдың басында ашқан американ биологі Томас Хант Морган (1866-1945) мен оның шәкірттері Г. Меллер, А. Стертевант және т.б. еді. Т.Морган мектебінің ғалымдары жасуша ядросы хромосомаларындағы гендердің орналасу зандылығын зерттеу нәтижесінде Г. Мендель зандарының цитологиялық механизін ашып, табиғи сұрыптау теориясының генетикалық негізін жасады.
- Гендер хромосома сызық бойымен орналасады. гомологты емес хромосомаларда гендер әртүрлі болады, гомологты хромосомаларда гендер жиынтығы бірдей болады
- Бір хромосомада орналасқан гендер тіркесіп тұқым қуалайды, тіркесу тобын құрайды.тіркесу тобының саны гаплоидты хромосома жиынтығына тең;
- Гендердің тіркесу күші олардың apa қашықтығына кері пропорционал болады;
- Гендер ара қашықтығының өлшем бірлігі сантиморганидпен өлшенеді. 1 снтиморганид 1% кроссинговерге тең.
- Eгеp гендердің apa қашықтығы 50 сантиморганидтен кем болса онда олар тіркес тұқым қуалайды, 50 сантирморганидтен артық болса онда олар Мендель заңына сәйкес тәуелсіз тұқым қуалайды.
- Ұқсас жұп хромосомаларды бойлай бірнеше аллельді гендердің орналасатындығы анықталған. Кейде осы жұп хромосомалар айқасып, нәтижесінде Х тәрізді фигуралар (пішіндер) - хиазмалар пайда болады. 1911 жылы Морган ашқан бұл құбылысты хромосомалардың айқасуы немесе кроссинговер деп атады.
Достарыңызбен бөлісу: |