Тырмалардың жіктемесі мынадай. Жұмыс органдарының құрылысы бойынша тырмаларды тісті, серіппелі және дискіліге бөледі. Ауыр тісті ты- рмаларда әрбір тісі топыраққа 20Н және одан көп, орташада 15Н, жеңілде 10Н күшімен топырақты басады. Тістер әртүрлі формада болады (1.8-су- рет). Домалақ тіс дөңес жағымен топырақты басады, жеңіл мыжиды және жұмыс кезінде бөлшектерді шаңға айналдырып, ұнтақтайды. Сондықтан домалақ тісті тырманы себілген тыңайтқыштармен топырақ бөлшектерін араластыру үшін, бұрын айдалған егістіктерде пайдаланады.
Дискілі тырмаларды мақсатына қарай егістік, бақша және саз ты- рмалары деп бөледі. Ал егістік және бақша тырмалары жеңіл және ауыр болады. Жеңіл егістік және бақша тырмаларын шар тәрізді дискілермен, ал ауыр егістік, бақша және саз тырмаларын ойық шар тәрізді дискілермен жарақтайды. Ойықтар дискілердің топыраққа жақсы тереңдеуіне, өсімдіктердің тамырларын ойып алуға және қыр- тыстарды ұсатуға ықпал етеді.
Культиваторлар - Культиваторлардың жіктемесі мынадай. следующая. Мақсаты бойынша культиваторларды топырақты тұтастай өңдеуге арналған және жер жыртатын деп бөледі. Трактормен агрегаттау тәсілі бойын- ша культиваторлар аспалы және тіркемелі болып бөлінеді. Мұнда тек топырақты тұтастай өңдеуге арналған культиваторлар ғана қаралған. Агротехникалық тааптар мынадай. Топырақты тұтастай өңдеуге арналған культиваторлар топырақты шаңдатпай қопсытуы; топырақты тығыздауы және оның ылғалды қабаттарын үстіге шығаруы; арамшөп- терді түгелдей ойып алуы; берілген өңдеу тереңдігін ұстап тұруы (жол берілетін ауытқу ±1 см аспайды); өңделетін егістіктің бетін тегістеуі(қиыршықтарға, дөңестерге және атыздарға жол берілмейді) тиіс.Біріздендірілген гидрофикацияланған КПС-4 культиваторын тастар- мен ластанбаған топырақты 12 км/сағ дейінгі жұмыс жылдамдығымен егіс алдында және парлық тұтастай өңдеу үшін қолданады. КПС-4 куль- тиваторы БЗСС-1,0 типті орташа тісті тырмалардың немесе серіппелі тырмалардың буындарын ілуге арналған құралмен жарақталған.Машинаны аспалы және тіркемелі нұсқада да шығарады. Қамту ені 4м болатын бір КПС-4 культиваторын тікемелі және аспалы нұсқада МТЗ-80 және 6-АКЛ тракторларымен агрегаттайды. Әрқай- сысы тіркемелі нұсқадағы, қамту ені 4 м болатын екі культиваторды СП-11А гидрофикацияланған тіркеуішінің көмегімен Т-153 тракто- рымен агрегаттайды.Культиватордың жинақтық бірліктері: жақтау 7 (1.11-сурет), сни- ца, дөңгелектер (6) жұмыс органдарының жүру тереңдігін реттеу ме- ханизмі, арқалықтар (8, 11), ауыстырмалы жұмыс органдары, тырма- ларды ілуге арналған құрал.
Достарыңызбен бөлісу: |