Медициналық қызметкерінің тиімді ара қатынасы дегеніміз - ол ауру адамды дұрыс түсінуі және науқастың ойы мен көңіл-күйіне, сөзіне сәйкес әрекеттесуі. Науқастың көңіл-күйіне қарамай, оның ашулы, ызалы, қайғылы, қобалжу және өкінішті жағдайлыболуында да, медициналық қызметкер онымен әрекет жасай білу және қарым-қатынас құруға даяр болып, өз мамандық мәселелерін шешеді. Осыған байланысты медициналық қызметкерінің ең маңызды кәсіби қасиетіне жататыны-оның коммуникативтік төзімділігі (толеранттығы).
Коммуникативтік потенциал - бұл медициналық қызметкердің мүмкіндігі туралы сипаттама, ол оның қатынасының сапасын білдіреді. Қарым – қатынаста медициналық қызметкердің компеттентілігі екі құрама бөліктен тұрады: тұлғаның коммуникативтік қасиеті - қарым-қатынасқа қажеттілігін сипаттайды, сұхбаттасуға және коммуникация жасауға қабілеттілігі – науқаспен сұхбаттасу, жанасу кезінде жағдайды өз қолында ұстай білу қасиеті, белсенділікті көрсете білу қабілеттілігі, науқас жағдайына эмоционалды көмектесе алуы, өзінің алдындағы жекеше іс-әрекетінің бағдарламасын орындай білуі. Медициналық қызметкердің ең негізгі қасиеттерінің бірі болып науқастарға нақтылы әсер ете алуы саналады. Бұл - маманның коммуникативтік қасиеттеріне тікелей байланысты.
Коммуникативтік қабілеттілік - медициналық қызметкер мен науқастың сұхбаттасуы кезінде байқалады.
Медициналық қызметкердің негізгі коммуникативтік шеберлігі келесі түрде болады:
Медицина қызметкерінің тұлға аралық коммуникативтік шеберлігін келесілер қарастырады:
·мәліметті бере алу шеберлігі
·мәліметті беру кезінде вербальды және вербальды емес тәсілдерді қолдана білу шеберлігі
·науқасты белсенді тыңдай алу шеберлігі
Достарыңызбен бөлісу: |