- Үш октавалық жолақтағы ортагеометриялық жиіліктер, кГц
| | - 12,5
- 16,0
- 20,0
- 25,0
- 31,5-100,0
| | Инфрадыбыс - Инфрадыбыс деп жиілігі 20 Гц төмен дыбыстық тербелістерді немесе тербелістер жиынтығын айтады. Адамның есту мүшесі мұндай жиіліктегі тербелістерді қабылдай алмайды.
- Инфрадыбыс - 20 Гц жиілік диапазонындағы, адам құлағымен естілмейтін акустикалық тербелістер және олардың жиынтығы. Өндірістік инфрадыбысты гигиеналық бағалау үшін орташагеометриялық жиіліктері 2,4,8, және 16 Гц төрт октава жолақтарын қамтитын 1,6-дан 20 Гц-қа дейінгі жиілік диапазоны маңызды болып табылады.
- Инфрадыбыстық шулар спектрі бойынша:
- - кеңжолақты, жиіліктік спектрі бір немесе одан көп октавалы инфрадыбыстық жолақтар;
- - тоналды, спектрінде айқын дискретті үндері бар. Шудың үндестілік сипаты жиіліктің октавалық жолақтарында бір жолақтағы шу деңгейінің көршілес жолақтан 10 дБ кем емес жоғарылауы бойынша өлшеумен анықталатын болып бөлінеді.
- Қазіргі кезде инфрады-быстың ағзаға әсерінің патогенетикалық үлгісі анықталған. Оның ішінен кейбір буындарды бөліп алуға болады. Бұл үрдістің негізгі патогенетикалық буыны, мый сұйығы (ликвор) гемодинамикалық және микроциркуляторлы бұзылыстарға байланысты, церебралды гипертен-зияның әсерінен тіндік гипоксияның дамуы болып табылады. Гипоксияның әмбебапты салдарларына, мембраналардың бей берекеттігі (дезор-ганизация) жатады, ол ферменттердің жасушадан және жасуша аралық құрылымдардан, тіндік сұйықтықтарға және қанға шығуына алып келеді. Бұл өз кезегінде, тіндердің екіншілік гипоксиялық ауысып тұруын (альтер-ациясын) туындатады.
Достарыңызбен бөлісу: |