Тоникалық ұстама кезеңі. Дене бұлшықеттерінің титаникалық жиырылуында денесі қақиып, қатып қалады, тыныс алысы тоқтайды, беті көгереді. Бұл кезеңнің ұзақтығы 20-30 секундқа созылады. Бұл ана мен ба
2. Тоникалық ұстама кезеңі. Дене бұлшықеттерінің титаникалық жиырылуында денесі қақиып, қатып қалады, тыныс алысы тоқтайды, беті көгереді. Бұл кезеңнің ұзақтығы 20-30 секундқа созылады. Бұл ана мен балаға қауіпті кезең.
3. Клиникалық ұстама кезеңі. Беттің, дененің, аяқ-қолдың бұлшықеттері қатты тартылады. Бұл кезең 20-30 секундқа созылады. Ұстама біртіндеп әлсірей бастайды. Науқас қырылдап, тыныс алуы шулы болады. Аузынан көбік шығады, кейде тілін тістеп алуына байланысты ауызынан қан аралас көбік көрінеді.
3. Клиникалық ұстама кезеңі. Беттің, дененің, аяқ-қолдың бұлшықеттері қатты тартылады. Бұл кезең 20-30 секундқа созылады. Ұстама біртіндеп әлсірей бастайды. Науқас қырылдап, тыныс алуы шулы болады. Аузынан көбік шығады, кейде тілін тістеп алуына байланысты ауызынан қан аралас көбік көрінеді.
4. Ұстаманың шешілуі, яғни аяқталу кезеңі. Ұстама аяқталғаннан кейін науқас біраз уақыт кома жағдайында болады, есі біртіндеп кіреді, болған жайды есіне түсіре алмайды. Команың ұзақтығы әр түрлі, кейде бірнеше сағатқа созылады. Эклампсия ұстамасы кезінде дене қызуының, қан қысымының көтерілуі мүмкін.
Емі
1. Строганов принципін сақтау. Көру, есіту, сезу тітіркендіргіштерін болдырмау. Ол үшін науқасты арнайы қараңғыланған бөлмеге жатқызады, жеке аяжан кезекшілігі ұйымдастырылады. Клиникалық тексерулерді, инъекцияларды және тағы басқа емдік шараларды науқасты жансыздандыру арқылы жүзеге асырады.
2. Ұстаманы тоқтату. Ол үшін наркоз беріледі. Эфир, фторотан наркоздары, оттегі қоса азот тотығы қолданылады. Емдік, тыныштық режімін сақтау мақсатында дроперидол 1-2 мл - 0,25% ерітінді, седуксен және диазепам 2 мл - 0,5% қоса салынады. Аминазин 1-2 мл - 2,5% ерітіндісі 50 мл - 40% глюкоза ерітіндісінде көк тамырға қолданылады. Ол седативтік, ұстамаға қарсы және гипотензивтік қан қысымын төмендету әсер етеді. Бұл дәріні әйелдің жай-күйіне қарай 2-3 рет 5-6 сағат сайын қайталайды. Жаңа ұстама басталғанда 1 кезеңде азу тістердің арасына ауыз кеңейткішін салады, ол тіл тістенуінен сақтайды. Сондай-ақ болуы мүмкін жарақаттың алдын алу қажет.