Орындаған: Аюпова М. А. Тобы: жм-109 Қабылдаған: Байзакова Б.Ү. Жоспар


Жоғары артериялық қысымдағы өкпе ісінуін азайтудың негізгі мәселесі-оны төмендету. Осы мақсатта қолданылатын дәрілер



бет2/3
Дата02.10.2023
өлшемі1.72 Mb.
#479476
1   2   3
Аюпова М.Фарм 1-бөж

Жоғары артериялық қысымдағы өкпе ісінуін азайтудың негізгі мәселесі-оны төмендету. Осы мақсатта қолданылатын дәрілер:
Ганглиоблокаторлық дәрілер(гигроний, гентамин,бензогексоний)
Тамырларды кеңейтетінмиотропты әсерлі дәрілер(натрий нитропруссии);
a-аденоблокаторлық белсенділігі бар дәрілер (фентоламин, дипразин)
Осы дәрілермен артериялық қысымның төмендеуіне байланысты жалпы гемодинамика қалыпқа келеді, жүрек жұмысының тиімділігі жоғарылайды, кіші қанайналым шеңберінде қысым төмендейді.
Өкпе ісінуін айналымдағы қан көлемінің гипотензиялық белсенділіктері бар бірқатар белсенді және жылдам әсер ететін зәр айдағыш дәрілер(фуросемид, этакрин қышқылы) көмегімен азайтуға болады.
Өкпе ісінуінде және оның қуыстарында көбік пайда болғанда шұғыл араласуды талап ететін айқын гипоксия дамиды. Көрсетілген дәрілерімен қатар көбікті басатын дәрілер қолданылады. Соңғысына ингаляциялық жолмен енгізгенде көбік көпіршіктерінің беттік керілуін төмендететін және оны аз көлем алатын сұйыққа айналдыратын этил спирті жатады.
Этил спирттің буынмен мұрын катетері немесе маска арқылы тыныс алдырады. Этил спиртінің аталған жағдайдағы кемшілігі-тыныс жолдарының шырышты қабаттын тітіркендіру.
Өкпе ісінуін емдеуде қолданылатын дәрілер кешенінің жиі қолданылатын компоненті қабынуға қарсы және иммунодепрессивті әсер көрсететін глюкокортикоидтар болып табылады. Өкпе ісінуінің барлық жағдайында емдеудің жан жақты әдісі оксигендік ем.Сонымен қатар белгілі көрсетулер бойынша өкпе ісінуін жою үшін жүрек гликозидтері қолданылады. Бірақ қос жақтаулы қақпақшаның стенозында жүрек гликозидтері мен жүрек жұмысының жоғарылауы кіші қан айналым шеңберіндегі іркілісті асқындыруы мен өкпе ісінуін күшейтуі мүмкін.

Жаңа туған нәрестелердің респираторлық дистресс синдромы жедел тыныс жетіспеушілігінің бір көрінісі болып табылады. Әдетте, өкпеде арнайы альвеолалық жасушалар өкпе сұйықтығының беттік керілуін төмендететін және альвеола ұлпаларының майысқақтығы үшін маңызды рөл атқаратын-сурфактанттарды өндіреді.
Жаңа туған нәрестеде сурфактанттардың жетімсіздігі оларда респираторлы дистресс синдромының себебі болуы мүмкін. Ол кезде газдардың альвеоларлы қылтамырлық мембрана арқылы таралуы бұзылады және жедел тыныс жетімсіздігі дамиды. Мұндай жағдайда жасанды тыныс алдыруымен қатар эндогенді сурфактанттарды жетімсіздігін қалпына келтіретін дәрілерді қолданады. Дәрілер сурфактантта тобына жататын сондай дәрінің бірі –кольфосцерил пальмитат. Дәріні кеңірдек ішіне, әдетте 2 реттен артық енгізбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет