Орындаған: Бауыржанқызы альфия Тобы: тпп206 Қабылдаған: Алтенов А. Микроорганизмдерге әсер ететін жағдайларды (факторларды) негізінен үш топқа бөлуге болады: физикалық, химиялық және биологиялық факторлар



бет4/8
Дата11.03.2022
өлшемі0.98 Mb.
#456166
1   2   3   4   5   6   7   8
микробиопрактика (Al” (копия)

Көпшілік спора түзбейтін бактериялар 60° жылыда , 30—60 минут ішінде тіршілігін жояды. Ал температура жоғарылағансайын олар тез өледі. 160—170° құрғақ ыстықпен 1 —1,5 сағаттай және осымен қатар 120° ыстықпен 2 атмосферадай қысыммен қоса әсер еткенде микроорганизмдердің тек вегетативтік клеткалары емес, спораларының барлығы түгелдей қырылады. Ашытқы және зең саңырауқұлақтар қыздыруға тым төзімсіз. Олардың көпшілігі 65—80° ыстықта өледі. Бірақ зең саңырауқұлақтарының 100° градус ыстықта аз уақытқа шыдайтын түрлері де. кездеседі.




Құрғатудың микроорганизмдерге әсері.

  • Микроорганизмдер спорасы денесінде ылғал кем болғандықтан ұзақ жылдар бойына тіршілігін сақтайалады. Құрғату, әсіресе микроорганизмдердің вегетативтік клеткасына күшті әсер етеді. Әр түрлі микроорганизмдердің құрғақшылыққа қатысы да түрліше. Мәселен, сүт қышқылы бактериялары тіршілігін құрғақшылық жағдайда 10 жылдай жоймайды, туберкулез таяқшасы 3—9 айдай сақталады. Құрғатқанда микроорганизмдердің тіршілік процесі өте баяулайды, көбеюі тоқталады. Сондықтан ет, балық, сүт, түрлі көкөністер және басқа да тағамдарды құрғату арқылы сақтайды. Тіпті шөпті шауып кептіру де микроорганзимдердің осы қасиетіне негізделген.

Жарықтың микроорганизмдерге әсері.
Жарық, негізінен зат алмасу процесінде жарық энергиясын пайдаланатын микроорганизмдер үшін ғана қажет, ал басқа микроорганизмдерге тікелей әсер ететін сәуле аса зиянды.
Паразит бактерияларға қарағанда, сапрофит микрорганизмдер күн сәулесіне төзімді келеді. Туберкулез таяқшалары, сүзек және топалаң микробтары күн сәулесінен тез қырылады. Шашырап түскен күн сәулесінің, тікелей түскен сәулеге қарағандаәлсіздеу болады. Дегенмен, шашырайтүскен сәуле үзақ әсер етсе, микроорганизмдер тіршілігі тежеледі. Міне сондықтан да лаборатория жағдайында микроорганизмдерді қараңғы жерде сақтаған жөн. Күн сәулесінің осы қасиетінің гигиеналық маңызы бар. Сондықтан үй,мектеп салғанда жарықтың жақсы түсуін еске алады. Қараңғы бөлмелерге қарағанда, жарық бөлмелерде микробтар анағұрлым аз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет