Орындаған: Әлібеков Ә


Болоньяда қабылданған «Болон»



бет9/9
Дата18.02.2022
өлшемі2.79 Mb.
#455488
1   2   3   4   5   6   7   8   9
социалогия

Болоньяда қабылданған «Болон»


Болон үдерісі алғашқы еуропалық университеттің отаны Италиядағы Болонья қаласының құрметіне аталған. 1999 жылы 19 маусымда Болонья қаласында білімге жауапты жиырма тоғыз еуропалық министрдің Бірінші конференциясы өтті. Осы конференцияда «Болон» («Еуропалық жоғары білім аймағы») дек­ларациясы қабылданды. «Болон» декларациясы – Еуропа елдерінің ортақ білім беру жүйесін құруды мақсат етіп, жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастық бойынша қабылданған декларация. Болон үдерісі де осы декларациядан бастау алған. Болоньяда алғаш бас қосқан министрлер «Болон» декларациясын қабылдағаннан кейін, екі жыл сайын тұрақты түрде бас қосуды күн тәртібіне қойды. Білім министрлерінің кездесуі 2001 жылы – Прагада, 2003 жылы – Берлинде, 2005 жылы – Норвегияның Берген қаласында, 2007 жылы – Лондонда, 2009 жылы – Лувен-ла-Невада, 2010 жылы – Будапеште, 2012 жылы – Бухаресте өткен болатын. Министрлердің жыл сайынғы кездесуінен кейін Болон процесіне қосылған елдердің қатары арта бастады. 2003 жылы Берлиндегі білім министрлерінің бас қосуында Болон декларациясына қол қойған мемлекеттер саны қырыққа жетті. Араға екі жыл салып, 2005 жылы Бергенде өткен басқосуда Болон үдерісіне көшуге бұрынғы Кеңес Одағының алты елі келісім берген. Қазіргі кезде Болон үдерісіне әлемнің 47 елі қосылған.

Жалпы, Болон процесі дегеніміз – жоғары білімнің еуропалық жүйесінің құрылу процесі. Болон үдерісі еуропалық білімнің бәсекелестікке қабілеттілігін жоғарылату, ұлттық білім жүйелерін жақындастыру, көпдәрежелі жоғары білімді енгізу, академиялық кредиттер жүйесін қабылдау, білім сапасын бақылау және студенттер мен оқытушылардың мобильділігін кеңейтуді көздейді.



Болон процесінің негізгі мақсаты – ортақ білім кеңістігін құру арқылы Еуропа елдерінің ұлттық білім беру жүйесіне жоғары оқу орындарында қолданылып жүрген үздік тәжірибелер мен озық ғылыми жаңалықтарды енгізу және дарынды студенттер мен білікті мамандарды тарту.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !!!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет