Орындаған: Жексенбі Мөлдір Жаңа дәуір философиясы. Декарт, Спиноза, Бэкон, Лейбниц философиясы



бет2/8
Дата02.01.2022
өлшемі30.24 Kb.
#453187
1   2   3   4   5   6   7   8
Декарт, Спиноза, Лейбниц. Жексенбі ММ

Бенедикт (Барух) Спиноза (1632-1677) – европалық рационализмнің көрнекті өкілі, Р. Декарт ілімін жалғастырушы, Жаңа Заманғы жетілдірілген, толық және негізделген философиялық жүйенің авторы.

Спинозаның философиялық зерттеулерінің пәні:

1.субстанция мәселесі;

2.таным теориясы;

3.этика сұрақтары, бостандық және қажеттілік мәселелері.

Спинозаның философиядағы маңызды үлесі – болмыс мәні қарастырылатын субстанция теориясын жасауында. Негізіне Декарттың субстанция туралы теориясы алынғанымен, өзі онымен келіскенімен. Спиноза Декарттың теориясының кемшіліктерін жойын, өз жүйесін қалыптастыруға тырысты. Спиноза Декарттың субстанция туралы теориясының басты кемшілігі – оның дуализмінде деп санады. Ондағы қайшылық – өз тіршілігі үшін өзгені қажет етпейтін мән болғандарына қарамастан барлық субстанцияларды жаратқан. Жалғыз және Ең жоғарғы Ең ақиқат субстанция - Құдай болып, барлық басқа субстанциялар оған тікелей тәуелді болуында.

Субстанциялардың өзара тәуелсіздігі мен олардың бәрінің бір мезгілде басқа субстанцияға – Құдайға жаппай, бірдей тәуелділігіне.

Бұл қайшылықты Спиноза өзінің біртұтас субстанция туралы ілімінде шешуге тырысты. Спиноза теориясының мәні мынада:

1.жоғарғы субстанция – Құдай мен Ол жаратқан субстанциялар арасында айырмашылық жоқ;

2.барлығын, бүкіл тіршілікті өзі қамтып жатқан бір ғана субстанция бар;

3.ол субстанция Табиғат пен Құдайды қатар қамтиды;

4.Табиғат – Құдай – бір;

5.Табиғаттан тысқары немесе Табиғаттан жоғары тұрған Құдай жоқ;

6.Құдай Табиғаттың ішінде;

7.Тек біртұтас Табиғат + Құдай ғана жарата алады;

8.«Жаратушы әлем» біртұтас Табиғат + Құдай – «жаратылған дүниені» - жеке заттарды жасайды;

9.жеке заттар өз бетінше тіршілік етпейді, ол біртұтас субстанцияның – Табиғат + Құдайдың «модустары» - көріністері ғана;

10.модустар тіршілігінің сыртқы көрінісі – біртұтас субстанция (Табиғат + Құдай), модустар. Оған бүтіндей тәуелді. Модустар кеңістікте және уақтта қозғалады, олардың тіршілігінің басы мен аяғы бар.

Ал Субстанцияның (Табиғат + Құдай) өзінің мынадай қасиеттері бар:

1.тіршілік етеді;

2.дербес, ештеңеге тәуелді емес;

3.өз-өзінің ішкі себебі бар (модустар сияқты сыртқы емес);

4.көптеген қасиеттерге (атрибуттарға) ие, олардың негізгілері (ойлау мен дәйектілік) Декартта жеке модустардың сипаты болса, Спиноза ілімінде бүкіл субстанцияның қасиеті;

5.уақыт пен кеңістікте шексіз;

6.мәңгі (ешкім жасамайды және жойылмайды);

7.қозғалыссыз.

Гносеология мәселелерін зерттей келіп Спиноза танымның үш сатысын жіктейді:

1.тікелей адам танымынан бастау алатын және ешбір сыртқы себептерге (сезім, тән, т.б.) тәуелді болмайтын «таза түрдегі таным» - танымның жоғарғы түрі;

2.ақиқаттағы төмен, ақыл әрекеті нәтижесінде логикалық операциялар қалыптасқан таным;

3.қоршаған дүниенің санада бейнеленуі нәтижесінде қалыптасқан таным.


Спиноза пікірінше, ол білімдер айқын емес, толық емес, терең емес, дәлелмен негізделмеген. Бірақ олар ақиқат білім алуда үлкен рөл атқарады.

Спиноза этикасының өзекті мәселелері:

1. детерминизм (табиғаттағының бәрінің шарттылығы);

2. Бостандық пен қажеттілік арақатынасы.

Оларды зерттей келіп Спиноза мынадай қорытындылар түйеді:

1.субстанция бостандық пен қажеттілік тұтасып, бірігеді;

2.Құдай (Табиғат) толық бастандыққа ие, бірақ Ол қажеттілік шеңберінде ғана әрекет етеді;

3.модустарда (жеке заттарда) еркіндік жоқ және олар қажеттілікке бүтіндей тәуелді;

4.адам – модус басқа модустардан ойлауымен ерекшеленеді, демек, бостандыққа ұмтылады. Бірақ ол өзі де модус болғандықтан азат емес және қажеттіліктің құрсауында ғана әрекет етеді;

5.жаны азаттықты қалғаныме, адам қажеттілік талабына көніп, қажеттілік ағынымен жүзеді (Спиноза тілінде – «рухани автомат») болып табылады;

6.сыртқы қажеттіліктерді – ішкі қажеттілікке айналдыру – бостандыққа апаратын жол;

7.бостандық – бұл танылған қажеттілік.

Жоғары дәрежедегі бостандыққа жету үшін Спиноза пікірінше мынадай шарттар орындалуы қажет:

1.Табиғат – Құдай субстанциясы түріндегі қажеттілікті барынша (максималды) танып білу;

2.Аффектілерден (қайғы, қуаныш, әуестену, т.б.) арылу қажет, өйткені олар бостандыққа кедергі жасап, адамды қажеттілік бойынша әрекет етуге мәжбүрлейді.

Спинозаның өмірлік девизі: «Күлмеу, жыламау, қарғамау – түсіну!.»

Фр. Бэкон философиясы[өңдеу]
Жаңа Заман ағылшын философиясының көркейген кезеңіне айналды.

XVII-XVIII ғасырлардағы ағылшын философиясының жалпы сипаты:

1.Материалистік бағыттылық (ағылшын философтарының көпгшілігі басқа елдер философиясына, мысалы, осы кезеңдегі неміс филосфтарына керісінше, болмыс мәселелерін материалистік тұрғыдан түсіндіріп, идеализмді қатаң сынады);

2.Эмпиризмнің рационализмнен үстемдігі (Англия – философиядағы эмпиристік бағыт жеңіске жеткен, шешуші ақылы, рационализмге емес, тәжірибе мен сезімдік қабылдауға берілген аз санды елдер тобына енді).

3.Саяси-әлеуметтік мәселелерге үлкен қызуғышылық (ағылшын философтары болмыс пен таным мәселелерін, адамның дүниедегі рөлін түсіндіруге тырысып қана қоймай, қоғам мен мемлекеттің пайда болуының себептерін іздеп, мемлекет тіршілігін дұрыс ұйымдастыру жобаларын ұсынды).

Ағылшын философтары XVII ғ. үшін озық үлгіде дамыды. Ағылшын философиясынын қалыптасуына ықпал еткен саяси оқиғалар:

1.XVII ғ. Ортасындағы Оливер Кромвельдің революциясы (корольді құлату мен жазалау, республиканың аз мерзімді тіршілігі, индепенденттер қозғалысы);

2.1688 жылғы «даңқты революция»;

3.Протестантизмнің толық жеңісі, англикан Шіркеуінің Рим папасына тәуелсіздігі мен ішкі автономияға қол жеткізу;

4.Парламент рөлінің орнығуы;

5.Жаңа буржуазиялық қоғамдық-экономикалық қатынастардың дамуы.

Жаңа Заманға ағылшын философиясында үлкен із қалдырғандар:

1.Фр.Бэкон – философиядағы эмпиристік (тәжірибелік) бағыттың негізін қалаушы;

2.Томас Гоббс (мемлекет мәселесін зерттеп, «қоғамдық келісім» теориясын ұсынады);

3.Дж.Локк (Т.Гоббс дәстүрін жалғасырып, мәселесін зерттеді).

Фр.Бэкон (1561-1626) – философиядағы эмпириялық (тәжірибелік) бағыттың негізін қалаған ағылшын философы және саяси қайраткері (1620-1621 жж.) – Ұлыбритания лорд-канцлері, корольдан кейінгі екінші тұлғасы.

Негізгі еңбектері:

«Ғылымдар табысы»

«Жаңа Органон»

«Жаңа Атлантида».

Фр.Бэконның философиялық идеясының – эпиризмнің мәні: таным негізінде тек қана тәжірибе жататындығына. Жеке адам немесе адамзаттың тәжірибесі (теориялық, практикалық) көбейген сайын ол ақиқат білімге жақындай түседі. Бірақ ақиқат білім – түпкі мақсат емес. Білім мен тәжірибенің басты мақсаты – экономиканың дамуына, жаңа нәрселердің, адамның өз әрекетінде практикалық жетістіктерге жетуіне, адамның табиғатқа үстемдік етуіне көмектесу.

Фр.Бэконның филофиялық кредосын бейнелейтін афоризмі: «Білім - күш». Фр.Бэкон «танымның басты әдісі индукция болуға тиіс» деген новаторлық идея ұсынды.

Индукция – көптеген жеке құбылыстарды жалпылау негізінде жалпы қорытындылар жасау (мысалы, «түрлі металл түрлері балқитын болса, барлық металдар балқу касиетіне ие») деп түсіндіреді Фр.Бэкон.

Индукция әдісін Бэкон Декарт ұсынған дедукция әдісіне қарсы қойды. Фр.Бэкон пікірінше, индуция әдісінің дедукциядан артықшылығы – мүмкіндіктердің ұлғаюы мен таным процесінің күшеюінде. Индукцияның кемшілігі – оның түпкілікті айқын болмауы, болжамдық сипаты (өйткені бірнеше заттың немесе құбылыстың белгілері ортақ болса, осы тектес заттардың, құбылыстардың барлығы аталған белгіге ие дегенді білдірмейді: әрбір құбылыс әр жолы тәжірибе жүзіндегі тексеруді қажет етеді). Адамзаттың білімінің барлық салаларында барынша көп тәжірибе жинауы – индукцияның басты кемшілігін (айқынсыздығын, болжамдық сипатын) жою жолы, деп түсінді Бэкон. «Танымның басты әдісі - индукиця» деп анықтап берген философ таным әрекеті іске асатын нақты жолдарды көрсетеді. Олар:

«өрмекші жолы»

«құмырсқа жолы»

«ара жолы».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет