Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар
Қылмыстық құқық бұзушылық туралы жеке
тұлғаның арыздары ауызша жəне жазбаша не
электрондық құжат нысанында болуы мүмкiн.
Жазбаша
арызға
не
электрондық
құжат
нысанындағы арызға оны берген адам осы
баптың екінші бөлігінде арыз иесі туралы
айтылған мəліметтерді көрсете отырып қол
қоюға тиiс.
Қылмыстық құқық бұзушылық туралы ауызша
арыз
оны
қабылдаудың
жеке
хаттамасына
енгізіледі, онда арыз иесі, оның тұрғылықты жері
немесе жұмыс орны, сондай-ақ оның жеке басын
куəландыратын
құжат
туралы
мəліметтер
қамтылуға тиіс. Хаттамаға арыз иесі жəне
арызды қабылдаған лауазымды адам қол қояды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде немесе сот
талқылауы
барысында
жасалған,
қылмыстық
құқық бұзушылық туралы ауызша арыз тиісінше
тергеу
əрекетінің
хаттамасына
немесе
сот
отырысының хаттамасына енгізіледі.
Қылмыстық
құқық
бұзушылық
туралы
мемлекеттік
органның
лауазымды
адамының
хабары жəне заңды тұлғаның арызы растайтын
құжаттар мен материалдарды қоса бере отырып,
жазбаша нысанда беріледі.
Мемлекеттік
органның
лауазымды
адамын
қоспағанда,
арыз
иесі
көрінеу
жалған
сөз
жеткізгені үшін қылмыстық жауаптылық туралы
ескертіледі, бұл туралы арызда не хаттамада белгі
жасалып,
ол
арыз
иесінің
қолымен
куəландырылады.
Адамды күдікті ретінде тану жəне оның іс-əрекетін саралау
Адамды күдікті деп тану туралы жариялау
Адамның қылмыс жасағанын көрсететін, оның ішінде ҚПК-нің 128-бабы екінші
бөлігінің 1) – 4) тармақтарында көзделген деректер болған кезде, егер бұл ретте оған
процестік ұстап алуды қолданудың қажеттігі болмаса, сондай-ақ ұстап алынған адамға
осы Кодекстің 139-бабын қолданған кезде оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру
органы оны күдікті деп тану туралы қаулы шығарады.
Адамды күдікті деп тану туралы қаулыда:
1)оның жасалған уақыты мен орны; қаулыны кімнің жасағаны; күдікті деп танылатын
адамның тегі, аты жəне əкесінің аты (ол болған кезде), оның туған күні, айы, жылы жəне
туған жері;
2)адамға қандай қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілетіні
көрсетілуге тиіс.
Назарларыңызға рақмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |