Орындаған: Макенбаев Нұрдаулет Топ: жмк-211 Қабылдаған



бет2/3
Дата06.12.2023
өлшемі35.07 Kb.
#485648
1   2   3
әлеуметтану

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына негізделіп, олардың өзара қарым-қатынасы мен ықпалдасуына негізделеді. Елдің әлеум.-экон. дамуын жеке меншік пен мемлекеттік меншік арасындағы қарым-қатынас, кәсіпорындарды мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процестері жеделдетеді. Дамыған елдерде көп нысанды Аралас экономика сипаты басым және онда жеке меншік, мемлекеттік меншік нысандарымен қатар муниципиалдық, кооперативтік, жалгерлік меншік түрлері де дамыған. Аталған Аралас экономика түрлері аймақтық, ұлттық және жергілікті жағдайларды, халықтың әр түрлі әлеум. топтарының мүмкіндіктері мен мүдделерін ескеру үшін аса маңызды. Мұндай меншік түрлерінің Қазақстанда қалыптасып дамуы ел ерекшеліктері мен үрдістеріне сай нарықтық экономиканы байытып, оның икемділігін бірте-бірте арттыруда.Қазақстанда жарғылық капиталы біріккен кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар да бар. Соның әсерінен шетелдік және мемлекетаралық меншік түрлері дамуда. Аралас экономиканың басты мақсаты — өндіріс пен байналыс жүйесінде, ғылыми-техникалық, инвестициялық және сервистік салаларда дүние жүзі қауымдастық құрылымына ену. Аралас экономиканың экономикалық стратегиясына кәсіпкерлік пен жеке адамдардың еңбек белсенділігін арттыру және ынталандыру жатады. Қазақстан үшін басты стратегиялық бағытқа ел Президенті Н. Назарбаевтың “Қазақстан — 2030” Қазақстан халқына жолдауында көрсетілгендей,
Көптеген ірі рыноктар арасындағы байланыстырушы буын ретіндегі біздің жағдайымыз ашық экономика мен еркін сауда құруды талап етеді. Тұйықтық пен өз рыногын оқшаулау әрекетінен гөрі мұндай саясат елдер мен құрлықтар арасын әлдеқайда жылдам жалғайды”
Аралас экономика құрамындағы меншік иелері қызметін өзі орналасқан, елдің заңдары мен нормативті құжаттарына сәйкес жүргізеді.
Саяси экономика елдегі саяси және экономикалық нысандардың өзара әрекеттесуін білдіреді. Капитализм де, социализм де авторитарлық немеседемократиялық саяси жүйелерден көрініс табуымүмкін. Батыс Еуропаның Біріккен Корольдіктер, Швеция сияқты көптеген мемлекетінде социализм мен демократия біріктірілген. (Шведтік жүйе «Жанандық көрініс: Швециядағы демократиялық социализм» тарауында толығырақ талқыланады). Қытай мен Куба сияқты басқа мемлекеттерсоциализмді авторитарлық саяси жүйемен қиыстырып отыр. Социалистік экономикасын саясиэлита басқарып, әскери элита мәжбүрлеп отырған қоғамдарға сілтеме жасағанда, біз «коммунист» терминін жиі (тіпті шектен тыс) қолданамыз. Мұндай елдерде социализмнің мақсаттары (теңдік және тиімділік) әлі де бар, бірақ саяси басқару түрі демократиялық емес, авторитарлық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет