Орындаған: Мәтжанов Арғын. Тобы



бет4/7
Дата02.05.2023
өлшемі113.66 Kb.
#473119
1   2   3   4   5   6   7
Ð Ó Ñ жанов Ð Ñ Ò Ñ н, РРР Ð Ð Ð

«ҚазАвто жол» 2000 жылдың 8 қаңтарында Октябрск совхозы негізінде құрылған. Бұл кәсіпорын Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдесіндегі «Акционерлік қоғам туралы» заңына сәйкес, құқықтық ұйым негізінде Ашық Акцонерлік Қоғам деп құрылды. Кәсіпорынның толық аты ҚазАвто » Ашық Акцонерлік Қоғам, қазіргі қысқартылған атауы ҚазАвто жол. Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Космос ауылы, Ленин көшесі, 32.
Кәсіпорынның белгіленген жарғылық капиталы 300 000 000 (үш жүз миллион) теңге және олар 30 000 жай акцияға бөлінген, оның біреуінің номиналды құны 10 000 теңге.
Қоғамның өз балансы және басқа да банктік есептері бар, өз атауымен қазақ және орыс тілінде берілген мөрі бар. Өзінің тауарлық және символикалық белгілері, олардың үлгілері жарғылық тәртіпте тіркеліп бекітілген. Қоғам Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтін әрекеттерді істей алады. Оның негізгі қызметі болып ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және өндіру табылады.
Кәсіпорынның жалпы жер көлемі – 5616 га, оның ішінде шаруашылыққа жарамдысы – 3968 га (егістігі – 3253 га, жайылымы – 715 га).
Техникалық қамсыздануы:
1) Комбайндар:
«Енисей» комбайндары - 7 дана, іске жарамды мерзімдері 9 жыл;
К–700 А - 3 дана, іске жарамды мерзімдері 7-10 жыл;
К–701 - 3 дана, іске жарамды мерзімдері 10 жыл;
Т–150 - 3 дана, іске жарамды мерзімдері 7-10 жыл.
2) Тракторлар:
Дөңгелекті тракторлар (МТЗ, ЮМЗ, Т-16) – 41 дана, іске жарамды мерзімдері 2-7 жыл, соның ішінде:
МТЗ барлық модефикациясында – 36 дана, іске жарамды мерзімдері 2-7 жыл;
ЮМЗ – 4 дана, іске жарамды мерзімдері 2-7 жыл;
Т–16 – 1 дана, іске жарамды мерзімі 2-7 жыл.
КРАЗ негізіндегі дөңгелекті трактор – 1 дана.
Силос, жүгері жинайтыны - 6 дана, соның ішінде:
КСКУ–6 - 3 дана;
Өзі жүретін «Ягуар» - 2 дана;
«Марал» - 1 дана.
Цептегі тракторлар – 7 дана, іске жарамды мерзімдері 7 ж-дан астам, соның ішінде:
ДТ 75 А – 5 дана, іске жарамды мерзімдері 7 ж-дан астам;
Т–170 - 2 дана, іске жарамды мерзімдері 7ж-дан астам.
3) Автокөліктер:
Автокөлік барлығы - 50 дана, іске жарамды мерзімдері 1-8 жыл, соның ішінде:
Арнайылары - 39 дана, іске жарамды мерзімдері 1-8 жыл;
Ауыр жүкке арналғаны - 2 дана, іске жарамды мерзімдері 1-8 жыл;
Жеңіл автокөліктер - 9 дана, іске жарамды мерзімдері 1-8 жыл.
Кәсіпорында өнімді өткізу бөлімі бар, оның ең негізгі қызметі болып дайын өнімді Алматы қаласындағы базарлар мен дүкендерге тиімді өткізу табылады. Сонымен қатар, компанияның өзінің дистрибьютерлік жүйесі бар, ол дайын өнімді тек Алматы қаласында ғана емес, сонымен қатар оның шетіне де өткізеді.
Өнімді өткізу үшін өнімнің бағасы оның өзіндік құнына, биржа нарығында қалыптасқан бағаға және бөлшек саудаға байланысты қойылады. Баға орнатудың ең негізгі қағидасы – бұл беріктілік, өнім сапасының деңгейі, оның бәсеке қабілеттілігі.
Кәсіпорын өнімдері әр түрлі жағдайларда өткізіледі, олар:
- Еркін сауда нарығында және Алматы қаласында;
- Облыстардағы сауда нүктелерінде;
Сонымен қатар, жалақы есебінде және бартер түрінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет