Орындаған: Өтебаева Салтанат Мектепке дейінгі ата аналармен жұмыс істеудің заманауи формалары



бет5/5
Дата10.11.2023
өлшемі20.77 Kb.
#482951
1   2   3   4   5
26Өтебаева С дене шынықтыру

ата-аналар бұрышы. Ата-аналар бұрышының материалдарын мазмұны бойынша екі бөлімге бөледі:
- Ақпараттық сипаттағы материалдар (ата-аналарға арналған ереже, күн тәртібі, әртүрлі сипаттағы хабарландырулар)
- Балабақша мен отбасында бала тәрбиесі сұрақтарын жариялайтын материалдар.
Онда баланы дамыту мен тәрбиелеу бойынша ағымдағы жұмыс көрінеді. Ата-аналар балаларының бөлмесін немесе бұрышын қалай жабдықтауды көрнекі түрде көре алады, сұрақтарына жауап алып, жақын арада қандай консультациялар болатындығы туралы біле алады.
Ата-аналармен жұмыстың тиімді формасы әртүрлі көрмелер болып табылады. Мысалы, балалар жұмыстарының формасы: бала суреттері, қолдан жасалған ойыншықтар, балалар кітаптары, альбомдары және т.б. Көрмелер сонымен бірге ата-аналарға бағдарламаның маңызды тарауын жариялау үшін мысалы: «Отбасы мен балабақшада балалардың бейнелеу іс-әрекеті», «Ойыншықтар және оның тәрбиелік рөлі» тақырыбында өткізілуі мүмкін
Ақпараттық парақтардың да рөлі зор, себебі мұнда өткізілген жиналыстар туралы, оқиғалар, экскурсиялар, көмек көрсету өтініштері, ерікті көмекшілерге алғыс туралы ақпараттарды енгізуге болады.
Балабақшада бейне бақылаулар жүйесін орнату ақпараттық технологиялардың жаңа формасы. Балабақшада Оn-line бақылаудың қажеттілігі – қазіргі уақыттың шындығы. Баспа жолдарында балалармен өрескел қарым-қатынастар, қызметкерлердің жағымсыз қылықтары жиі жарық көреді және олардың қылмыс әрекеттері сот залына дейін жетіп жүргені шындық...
Мұндай жағдайда ата-аналар балаларын толық күнге педагогтарға қалдыруға сенімсіздік танытады. Қазақстандабалабақшаларға бейне бақылау камераларын орнатудың инициаторлары білім беру басқармалары болып табылады. Балабақшада бейне бақылау камераларын орнатудың көмегімен үш негізгі мәселе шешіледі:
• Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету – балабақшаның ішкі және сыртқы территорияларын бақылауға болады.
• Педагогтармен даулы жағдайларды шешу. Камерада сақталған жазбалар даулы сәттерде ата-анаға бала немесе педагог жағына шығуға мүмкіндік береді.
• Білім беру шарттарын ұсынудың сапасын бақылау. Бұл балабақшалардың көпшілігі ақылы негізде болғандықтан бүгінгі күні өзекті. Ата-аналар не үшін ақы төлейтіндігін білуге тиіс!
Ақпараттық параққа ата-аналарға арналған жаднамалар, ата-аналардың өздері көрнекілейтін қабырға газеті де жатады. Газетте ата-аналар отбасы, бала өмірінен қызықты оқиғаларды белгілейді, бала тәрбиесі туралы тәжірибелерімен бөліседі. Мысалы, «Отбасының демалыс күні», «Менің анам», «Менің әкем», «Мен үйдемін» және т.б.
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет