Орындаған: Өтебаева Салтанат Мектепке дейінгі ата аналармен жұмыс істеудің заманауи формалары



бет4/5
Дата10.11.2023
өлшемі20.77 Kb.
#482951
1   2   3   4   5
26Өтебаева С дене шынықтыру

әрбір ата-анамен жеке жұмыс болып табылады. Бұл форманың артықшылығы, отбасын зерттеу, ата-аналармен сұхбат (әрқайсысымен жеке-жеке), ата-аналардың балалармен топта, үйдегі әңгімелесуін бақылау арқылы педагогтардың баламен біріккен іс-әрекеттің нақты жолдарын белгілеуінде.
Тәрбиешінің ата-аналармен сұхбаты – педагогтың отбасымен байланысының қолжетімді формасы. Сұхбат келесі талаптарды қамтуы қажет:
- нақты және мазмұнды болуы;
- баланы тәрбиелеу мен оқыту сұрақтары бойынша ата-аналарға жаңа білім беру;
- педагогикалық мәселелерге қызығушылығын ояту;
- бала тәрбиесіне жауапкершілік сезімін арттыру.
Жеке жұмыста тоқтай кетер бөлімнің бірі – отбасына қатынау. Басты мақсат – баламен және оның жақындарымен өзі қалыптасқан ортада танысу. Баламен ойында, оның жақындарымен сұхбатта сәби туралы көптеген қажетті ақпарат алуға болады. Қатынау ата-анаға да көп пайда әкеледі: олар тәрбиешінің баламен қалай әңгімелесетінін біледі, педагогқа баламен үйде еркін сөйлесуіне мүмкіндік береді. Педагог үйге сапарды ұйымдастыра отырып, отбасына барғанда өзін сыпайы, әдепті ұстауы керек, отбасымен сұхбатты бала кемшілігінен бастамау және ата-аналарға бала тәрбиесі туралы көп сұрақтар қойылмау қажет. Өзіңізге отбасына сапарлар ұйымдастыру бойынша жаднама әзірлеңіз және оны орындауға тырысыңыз.
Ата-аналармен дифференциалдық жұмыстың бір формасы консультацияларболып табылады. Консультациялар сұхбатқа ұқсайды. Айырмашылығы, әңгімелесу – бұл тәрбиеші мен ата-ана диалогы, ал консультация жүргізе және ата-ана сұрағына жауап бере отырып, педагог кәсіптік көмек беруге тырысады.
Ата-анамен жұмыста жеке блокноттарды да қолдануға болады. Мұнда тәрбиеші қызметтің әр түрінен баланың табыстарын жазып отырады, ата-аналар блокнотқа бала тәрбиесіндегі қызықтырған сәттерін белгілейді.
Педагогтың ата-анамен жұмыста көрнекілік насихаты да маңызды рөл атқарады. Мақсатқа бағытталған және жүйелі қолданылған көрнекі құралдар балабақшадағы тәрбиелеу әдістерімен, мазмұнымен, міндеттерімен ата-аналарды таныстыруға және отбасына практикалық көмек беруге ықпал етеді. Педагогикалық практикада көрнекіліктің әртүрлі түрлері қолданылады: натуралық, бейнелеушілік, сөздік-бейнелік, ақпараттық.
Ақпараттық насихаттаудың мысалы - 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет