Орындаған: Сабыр А. 312-топ Қабылдаған: Исаков е алматы 2023 Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет


Экскурсия методика жұмысы 2 бөліктен тұрады



бет2/3
Дата02.10.2023
өлшемі65.27 Kb.
#479504
1   2   3
Сабыр А- экскурсия

Экскурсия методика жұмысы 2 бөліктен тұрады:

1. Экскурсия дайындау методикасы;


2. Экскурсия өткізу методикасы.


Экскурсия маршрутын жасау


Экскурсия маршрутын жасағанда экскурсиялық топтың қозғалыс кезінде уақытты үнемді пайдалануды есте сақтау керек. Бірқалыпты объектілерді көрсете беруде сақ боду керек. Экскурсияның уақытын көрсетумен, әңгімелеумен және паузалармен толықтыру қажет. Көрсету мен әңгімені пайдаланудың 4 варианты бар:


1. Әңгіме мен көрсетудің бірге жүріп отыруы – экскурсанттар бейнеленіп жатқан объектіні зерттейді;


2. Тек қана әңгіме айтылады – қалаға сипаттама бергенде және тарихи оқиғалар қарастырылғанда;


3. Тек қана көрсету жүргізіледі – объектіні экскурсовод көмегімен зерттеу;


4. Көрсету де, әңгімелеу де жоқ – экскурсанттардың өзіндік жұмысы (бақылау, алған әсер мен білімді меңгеру).


Экскурсия кезінде тек қана әңгімелей берсе біраз уақыттан кейін экскурсияға деген қызығушылық төмендейді, одан кейін тіпті жоғалады. Сондықтан объектілерді көрсетудің, әңгімелеудің арасында үзілістің болуы тиіс.Экскурсия жасаған кезде маршрутқа байланысты үзілістерді жоспарлайды. Қала сыртына жасалған экскурсияла үзілістер ұзақтау болады. Үзілістерді дұрыс пайдалану керек. үзіліс кезінде пікір алысуға, көргенді талқылау дұрыс емес. Өйткені, кейіннен аудиоториялық қызығушылығы төмендейді. Лекция тыңдаушыларының зерттеуі бойынша 14-ші, 25-ші, 34-ші минуттарда тыңдаушылардың назары төмендейді екен. Сондықтан экскурсиялық методика осы уақыттарда жаңа объектті енгізеді. Одан басқа назар аударарлық тәсілдерді пайдаланылады (жазылған дыбысты тыңдау, слайдтарды көрсету)




Жаңа экскурсияны дайындау

Жаңа экскурсияны дайындау шығармашылық топқа жүктеледі. Оның құрамын экскурсияның қиындығына қарай 3-7 адам кіргізіледі. Топ жетекшісі тағайындалады. Көп жағдайда ол сол мекемелер жұмыс істеп жүрген экскурсоводтар кіреді. Кеңесші ретінде әр түрлі салалардың мамандары шақырылады. Жаңа экскурсияны дайындау 3 кезеңнен тұрады:


1. Алдан-ала жұмыс – келешек экскурсияға мәліметтер жинау және сол мәліметтерді зерттеу, сонымен қатар экскурсияда көрсетілетін объектілерді таңдау;


2. Тікелей экскурсия дайындау – бұл дегеніміз экскурсиялық маршрутты құру, нақты мәліметтерді өңдеу, бірнеше негізгі сұрақтардан тұратын экскурсияның негізгі бөлігінің мазмұнын құрастыру, бақылау мәтінін жасау, экскурсия методикасын жинақтау, әңгімелеудің, көрсетудің тиімді методикалық тәсілдерін анықтау;


3. Қорытынды кезең – экскурсияның маршрутты қабылдау мекеменің басшысымен жаңа экскурсияны бекіту және экскурсияның алдында шығармашылық топ экскурсияны қорғайды. Жаңа экскурсияны дайындаудың кезеңдерін бейнелеуге болады. Олардың өзіндік реті бар. экскурсия тәжірибесінде қалыптасқан жүйелілік бойынша қарастырамыз.


Объект болып бір оқиғамен байланысты ғимараттар, түрлі құрылыстар, археологиялық ескерткіштер, өнер туындылары саналады. Экскурсия кезінде объекті көрсету басты орын алады. Дұрыс таңдалған объектілер олардың саны, көрсетудің кезектілігі экскурсия сапасына әсер етеді.


Объектілерді келесі топтарға бөлуге болады:


1. Біздің халқының өмірінде болған тарихи оқиғалармен, қоғаммен, мемлекеттің дамуымен байланысты орындар;


2. Ғимараттар мен құрылыстар, мемориалды ескерткіштер, белгілі адамдардың өмірі мен қызметіне байланысты орындар: архитектуралық ансамбльдер, қоғамдық-инженерлік құрылыстар, мәдени саласындағы ғимараттар және т.б.;


3. Табиғи объектілер: ормандар, саябақтар, өзендер, көлдер, қорықтар мен қорықшалар және реликті өсімдіктер;


4. Мемлекеттік және халық мұражайлардың сурет экспозициясы, тұрақты және уақытша көрмелер;


5. Археология ескерткіштері: ежелгі тұрақтар, қоныстар, қорғандар, киелі орындар және т.б.;


6. Өнер ескерткіштері: бейнелеу өнерінің туындылары, қолтаңбалы өнер, мүсін және т.б.


Экскурсиялық объектілер келесі топтарға бөлінеді:


1. Мазмұны бойынша: бір жоспарлы және көп жоспарлы;


2. Функционалды белгісі бойынша: негізгі және қосымша;


3. Сақталу дәрежесі бойынша: толық сақталған, біздің уақытымызға дейін біраз өгерістермен жеткендер, жартылай сақталған және жоғалтылған.


Экскурсияға кіргізілген объектілерге баға беру үшін келесі ережелерді пайдалану ұсынылады:


1. Танымдылық құндылығы – бұл дегеніміз объектінің бір нақты оқиғамен белгілі мәдени қайраткерлердің өмері мен шығармашылығына байланысты.


2. Объекттің әйгілігі – оның халық арасында белгілігі.


3. Объектінің әдеттігіден тыс болуы – объектінің қайтланбас ерекшелігі бір аңызбен немесе оқиғамен байланыстылығы.


4. Объекттің айқын көрінуі – сыртқы айқындығы қоршаған ортамен, ғимаратпен, құрылыстармен, табиғатпен өзара байланыстылығы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет