Орындаған: Сұлтанбекова. Н тобы: 126 ом қабылдаған: Шоныкбаева. С. С



бет2/2
Дата16.03.2023
өлшемі2.37 Mb.
#470893
1   2
Диффузды эндокринді жүйе

1.НЕЙРОЭНДОКРИНДІ ЖАСУШАЛАР
Кейінгі жылдарда қалыптасқан көзқарастарға сәйкес APUD – жүйенің жасушалары барлық ұрық жапырақшаларынан да дамиды, барлық тіндерде анықталады. Даму негізіне орай оларды жіктеуге болады:
  • нейроэктодерманың туындылары (гипоталамустың ядролары мен эпифиз, бүйрек үсті безінің боз заты);
  • терілік эктодерманың туындылары (аденогипофиздің APUD-серияға жататын жасушалары, тері эпидермисіндегі Меркель жасушасы);
  • ішектік энтодерманың туындылары – гастроэнтеропанкреаттық жүйенің жасушалары,энтероциттер(ГЭП жүйесі );
  • мезодерманың туындылары (мысалы, секреторлық кардиомиоциттер);
  • мезенхиманың туындылары – (мысалы, лаброциттер).

  • Нейроэктодерма туындылары

  • Гипоталамустың ядролары

  • Гипоталамус-эндокринді бездердің қызметін реттейтін ең маңызды нерв жүйесіндегі орталық Нерв және эндокринді жүйелердің байланысын жүзеге асырып гормондар бөлетін гипоталамустың нейросекреторлы жасушалары.Бұл жасушалар гипоталамустың нейросекреторлы ядроларының құрамында орналасады.Нейросекреторлы нейрондар гипоталамустың сұр затында орналасады.Олар алдыңғы,ортаңғы,артқы топтарға жіктеледі
  • Эпифиз-ағзадағы циклді немесе кезектесіп келіп отыратын құбылыстарды реттеп отыратын эндокринді мүше
  • Бүйрек үсті бездің боз заты –құрамында өте ірі,дөңгелек пішіндегі эндокриноциттер болады.Бұл эндокриноциттер қан тамырлармен жақсы қамтамасыз етілген.Бояу алу қабілетіне байланысты бұлар ашық және күңгірт түсті болып бөлінеді.Ашық түсті эндокриноциттер –адреналинді,ал күңгірт түсті-норадреналинді синтездейді

МЕРКЕЛЬ ЖАСУШАЛАРЫ
Терінің сезімтал жерлерінде кездеседі. Жасушалардың базальді - полюсіне афферентті нерв талшықтары келіп, жалпы эпидермисті сезімталдық - механорецепторлы қасиетке ие етеді. Меркель жасушаларының цитоплазмасында тығыз түйіршіктері болады. Бұл түйіршіктерінің құрамында бомбензин, ВИП, энкефалин және гормонға ұқсас заттар болғандықтан Меркель жасушасы эндокриндік қасиетке ие.
  • Гастроэнтеропанкреатикалық жүйенің жасушылары

  • Асқорыту жүйесін денедегі гормондардың ең үлкен өндірушісі деп атауға болады.Оның негізгі мүшелеріне:асқазан,аш және тоқ ішек,ұйқы без және диффузды орналасқан эндокриндік жүйенің бөлігі болып табылатын гастроэнтеропанкератикалық эндокриндік жүйеге біріктіріледі.Осы жүйе арқылы гастрин,секретин,соматотин,вип,мотилин гормондары өндіріледі.Гормондарды өндіретін жасушалар:G-жасуша,S- жасуша,K-жасуша,D-жасуша,D1-жасуша,L-жасуша.
  • Мезодерманың туындылары

Секреторлы кардиомиоциттер - ерекше қызмет атқарады. Оның жасушалары гормон бөліп, жиырылғыш ет жасушасының қызметіне, артериялық қан қысымына, су мен тұздың алмасуына, несептің бөлінуіне әсер көрсетеді.
  • Мезенхима туындылары

Лаброциттер-белсенді биологиялық заттар түзетін әртүрлі ұлпалардың жасушалары.
Дамуы кезінде өте тез жауап беретін негізгі реакцияларға қатысады. Олар — фибробластқа ұқсас, созыңқы келген, көптеген түйіршіктері бар жасушалар. Бұл түйіршіктердің негізгі құрамы белоктар, гепарин және гистамин, сонымен бірге аз мөлшерде — фосфолипидтер, АТФ, катехоламиндер, протеазалар.
  • Нейробласттардан дамыған жасушалар-аралас қызмет атқаратын әр түрлі жасушалар жатады.Бұған ұйқы безінің B,A,D,L,K жасушалары,аталық бездегі Лейдиг жасушалары жатады

Ұйқы безі жасушалары
В – жасушалар немесе базофильді инсулоциттер негізгі бояуларды қабылдап, көк түске боялады. Олар аралшықтың барлық жасушаларының 75% түзейді. Жасушаларда ақуызтүзеуші органеллалар жақсы дамып жетілген, ал секреторлық түйіршіктерінің сыртында жалпақ ашық жиекше анықталады. В – жасушалар инсулинді өндіреді. Инсулин жасушалардың глюкозаны сіңіруін арттыру арқылы қанның құрамындағы қанттың мөлшерін төмендетеді. Бауырда инсулин глюкозадан гликогеннің түзелуін жоғарылатады. Инсулиннің аз өндірілуі нәтижесінде қант диабеті қалыптасады.
А - жасушалардың цитоплазмасында қышқыл бояуларды қабылдайтын өнім түйіршіктері болады. Барлық ациноциттердің 20-25% құрайды. Түйіршіктердің сыртында жіңішке ашық жиекше анықталады. Жасушалардың жақсы дамып жетілген ақуызтүзеуші аппараты бар. Олар глюкагон гормонын өндіреді. Бұл гормон инсулинге қарама-қарсы әсер көрсетеді. Атап айтсақ, ол бауырдағы гликогеннің ыдырауын белсендіру арқылы қанның құрамындағы глюкозаны көбейтеді.
Д – жасушалар барлық эндокриноциттердің 5% жуығын құрайды. Жасушаның цитоплазмасында орташа тығыздықты түйіршіктер анықталады. Ашық жиекшесі жоқ түйіршіктер соматостатин гормонынан тұрады. Ол А және В жасушалардың және ациноциттердің жұмысын тежейді. Сонымен қатар соматостатин әртүрлі жасушалардың митозын тежей алады.
Лейдиг жасушалары
Лейдиг жасушаларын аталық бездегі семинарлы түтіктердің жанында табуға болады. Оларды Лейдиг интерстициальды жасушалары деп те атауға болады. Бұл жасушалардың қызметі - лютеиндеуші гормонның көмегімен тестостерон гормонын шығару. Олар көпбұрышты пішінді алады және үлкен ядро эксцентрлік түрде болады. Ядрода күңгірт түске боялған шамамен 1-3 ядролы және көптеген гетерохроматин бар.
ҚОРЫТЫНДЫ
Диффузды эндокринді жүйе жалпы эндокринді жүйенің бір бөлігі.Сол себепті эндокринді жүйенің адам организміндегі оразан зор маңызын ескере отырып,әр жерде шашырай орналасқан жоғарыда аталған жасушаларға тоқтамай өтуі мүмкін емес.Олардың әсерлері де жергілікті,дистанционды,организмнің құрылымдық қасиетін еш айырбастауға келмейді
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Гистология оқу құралы Ажаев.С.А 2004 ж
2.Цитология,эмбриология және Гистология Аяпова 2016 ж

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет