Кәсіпкерлік бірнеше түрлері бар. Атқаратын қызметіне қарай былай бөлінеді: - Өндірістік;
- Коммерциялық;
- Қаржылық;
- Кеңестік;
- Делдалдық;
- Сақтандыру
Өндірістік кәсіпкерлік – сауда ұйымдарының сатып алушыларға, тұтынушыларға сату үшін еңбек құралдарын, еңбек күштерін факторларға қолдана отырып тауарлар мен қызметтер өндіретін кәсіпкерлік қызметі.
Коммерциялық – тауарларды ақшалай, тауарлы айырбас операциялар мен байланысты кәсіпкерлік түрі. Кәсіпкер саудагер рөлінде болады.
Каржылық - несиелік— бұл кәсіпкерлік ерекше формасы. Сатып алу, сату құралы ретінде: ақша, бағалы қағаздар, құнды қағаздар ретінде жүреді.
Делдалдық кәсіпкерлік –Негізгі мақсаты: қызығушылық танытқан екі жақты байланыстырады.
Сақтандыру кәсіпкерлік –қаржылық кәсіпкерліктің ерекше нысаны-кәсіпкердің сақтандыру жарнасын алуы, ол сақтандыру жағдайы басталған кезде ғана қайтарылады. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік кірісті құрайды .
Ірі кәсіпорындың бір қатар артықшылықтары 1. жаңа, қымбат бағалы жоғары өнімділікті жабдықты пайдалануға мүмкіндік 2. ірі кәсіпорындар толық маркетингтік зерттеулер жүргізуге мүмкіндік 4. жабдықтың толық қуатын пайдалануға мүмкіндік Шағын бизнес - Шағын кәсіпкерлік (шағын бизнес) — ресми түрде бірлестіктерге кірмейтін шағын фирмалардың, шағын кәсіпорындардың қызметіне сүйенетін кәсіпкерлік
- Шағын бизнес (немесе шағын кәсіпкерлік) - бұл жеке кәсіпкерлікті және шағын жеке кәсіпорындарды қамтитын экономика секторы
- Шағын бизнестің өркендеуі экономикалық өсуді ынталандырады, жергілікті нарықтардың әртүрлілігі мен қанықтылығына ықпал етеді, сонымен қатар дағдарыс, нарықтық ауытқулар, жұмыссыздық сияқты нарықтық экономиканың шығындарын өтеуге мүмкіндік береді.
- шағын кәсіпкерлік субъектілерінің әрекет етуінің үлкен еркіндігі
- қабылданатын шешімдерді қабылдау мен орындаудағы икемділік пен жеделділік
- жеке адамға өз идеяларын жүзеге асыруға, өз қабілеттерін көрсетуге үлкен мүмкіндік
- тәуекел деңгейі жоғары, сондықтан нарықтағы тұрақсыздықтың жоғары мүмкіндігі
- қосымша қаржы қаражатын қарызға алу мен кредиттер алудағы қиындықтар
- ірі клиенттерге тәуелділік
- осалдық (уязвимость)
- ірі фирмалармен бәсекелесе алмау.
Достарыңызбен бөлісу: |