Орындаған: Султан Аружан Топ: жм-014 Қабылдаған: префессор Жумабаев У. А



бет5/5
Дата02.12.2022
өлшемі1.17 Mb.
#466264
1   2   3   4   5
TQNFZUOKGXRP01122022081523

Фитотерапия
Аққайың (Белая береза), сыртқы қабығы ақ түсті, орман ағашы. Жапырақтары үш бұрышты немесе ромб тәрізді болып келеді. Биіктігі 20 метрге дейін жетеді. Сәуір – мамыр айларында гүлдейді. Қазақстанның далалық және орманды аймақтарында өседі. Аққайынның бүйірінде шайыр, эфир майы, бетулоретин қышқылы, сапониндер, илік заттар, жүзім қанты, С витамині және фитонциттер, ал жапырағында бетулоретин қышқылы, илік заттар,сапониндер, гипотезид, тритерпен спирті,эфир майы,каротин, С витамині және фитонцидтер бар. Емдік мақсатта аққайынның бүрлері мен жапырақтары, кейде шырыны қолданылады. Аққайың бүрлерінен және жапырақтарынан жасалған қайнатынды мен тұңба халық медецинасында несеп және өт жүргізетін,қан тазартатын, тер шығаратын дәрі ретінде қолданылады.
Фитотерапия
Қырықбуын – қырықбуын тұқымдас, көп жылдық өсімдік. Сабақтары жасыл түсті, тік өседі, бұтақты. Биіктігі 15 - 30 сантиметр.Қазақстанның барлық аймақтарында, әсіресе орманды белдеулерде көп кездеседі. Ылғалды жерлерде, батпақтарда өзендер мен көлдердің аңғарларында өседі. Қырықбуынның құрамында эквизетонин сапонині, алколойдтар, кремни қышқылы, қымыздық, алма және иілік қышқылдар, белоктар, май, менералды тұздар, шайыр, каротин және С витамині бар. Ол улы өсімдік.Емдік мақсатқа қырықбуынның маусым мен тамыз айларының аралықтарында жиналатын көк тармақтарын қолданады.Қырықбуынның емдік қаситі өте ертеде белгілі болған. Ол халық медицинасында кеңінен қолданылады. Өсімдік несептің бөлінуін күшейтеді, организмдегі зат алмасуын жақсартады, қан тоқтатады, жараларды жазады.
Қорытынды
Қазіргі таңда зат алмасуының бұзылыстарына әкелетін көптеген қарапайым ұстанымдарды дұрыс ұстамауымыздың салдарынан өз ағзамыздың дерттік өзгерістеріне қолайлы жағдай жасаймыз.Бүйрек тас ауруының алдын алу үшін кермек судан,дұрыс тамақтану,А витамин құрамды тағамдарды пайдалану арқылы сақтана аламыз.Сонымен,бірге әр түрлі зәр жолдарының,горманалды аурулардан сақтануымыз керек,себебі ол бүйрек тас ауруының бірден бір себебі боуы мүмкін.Бүйректе тастар пайда болған күннің өзінде оларды дер кезінде емдетіп алдырып немесе әр түрлі физиотерапия мен диагностикалық шаралардан өтіп,тастардың ұлғаймауының алдын алуымыз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер
  • Фармакология Оқулық, 2014ж. Д.А.Харкевич. ауд. С.Б.Сламжанова.
  • Фармакология, Оқулық, 2015ж. Д.А.Харкевич. ауд. С.Б.Сламжанова.
  • Фармакология, Оқу құралы, 2016ж. Г. М. Пичхадзе, Д. М. Кадырова, И. И. Ким, М. Карбаева.
  • Фармакология кесте мен сызбада Оқу-әдістемелік құрал, 2014ж. Орманов Н.Ж., Орманова Л.Н







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет