Орындаған: Султан Аружан Топ: жм-014 Қабылдаған: префессор Жумабаев У. А



бет1/5
Дата02.12.2022
өлшемі1.17 Mb.
#466264
  1   2   3   4   5
TQNFZUOKGXRP01122022081523



Тақырыбы: Несеп тас ауруының дәрілік терапиясы

Орындаған: Султан Аружан
Топ: ЖМ-014
Қабылдаған: префессор Жумабаев У.А



Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Hoca Ahmet Yesevi Uluslar arası Türk-Kazak Üniversitesi
Жоспары
І. Кіріспе.
    • Бүйрек тас ауруы туралы түсінік

    • ІІ. Негізгі бөлім.
    • Бүйрек тас ауруын емдеудің негізгі бағыттары
    • Несеп қышқылының, фосфаттардың, оксалаттар-

    • дың ерігіштігін жоғарылататын дәрілер
    • Негізгі дәрілік преператтардың әсері
    • Фитотерапия

    • ІІІ. Қорытынды.
      ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Бүйрекке тас байлану ((urolіthіasіs), уролитиаз) — жиі кездесетін несеп тас ауруының бірі. Бұл ауруды кейде тынжытас деп те атайды. Бүйрекке тас байлану адам организмінде минералды тұздар мен су алмасуының және ішкі секреция бездерінің (қалқанша без, гипофиз, бүйрек үсті безі) қызметінің бұзылуы, бүйрек түтікшелерінің қабынуы, бүйрек пен қуық арасындағы түтіктің тарылуы салдарынан болады. Көбіне 20 — 50 жас арасында кездеседі. Аурудың алғашқы белгісінде науқас адамның бүйрек тұсынан шаншу қадалып, сыздап ауырады. Кейін шаншу күшейіп, науқас мазасызданады. Шаншу кіндікке, бүйрек пен қуық арасындағы түтікше бойымен шапқа да берілуі мүмкін. Бұл кезде науқас адам лоқсып құсады, іші кебеді (парез). Несепке қан араласады (гематурия), егер несепте ауру тудыратын микробтар болса, дененің қызуы көтеріліп, зәрде ірің болады (пиурия). Науқас адамның кіші дәретке отыруы жиілеп, қуық ашиды.
Негізгі бөлім
Бүйректегі тастың мөлшеріне, химиялық құрамына, несеп жүйесі жолдарында орналасуына байланысты нефролитиазды емдеу жолдары:
  • Оперативті (тас хирургиялық жолмен алынады немесе дистанционды ультрадыьбыстың әсірімен ұсақталынады);
  • Консервативті (тас несеп жолдарынан медикаментті заттардың әсерімен ерітіліп шығарылады);
  • Медикаментті емес (фитотерапия әдістері мен бальнеологикалық факторлар әсері пайдаланылады).


Көптеген несеп жолдарындағы тастар кальцийдің оксалат ,фосфат тұздарынан,зәр қышқылының тұздарынан,амин қышқылы цистиннен тұрады. Тас байлануы несепте көрсетілген тұздардың көбейіп. Тұнбаға ауысуынан болады.Оған зәрдің қышқылдығы көтерілуі, рН төмендеуі қолайлы ықпал етеді.Мәселен,қышқыл ортада зәр қышқылы тұздарының еруі азайып, олар тұнбаға ауысады.Зәрде рН төмендеуі бүйрек өзекшелерінің аммонийгенездік қызметінің бұзылыстарынан болуы мүмкін.Зәр қышқылы тұздарынан тұратын тастар қан плазмасында олардың деңгейі көтерілгенде, қан жасушалары тым артық ыдырағанда, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде, подагра кездерінде байқалады
  • Тұздардың еруі азайып,тұнуынан тас байлануын түсіндіретін қағида кристаллизациялық қағида делінеді.
  • Кальций тұздары нәруыздардан тұратын негіздерге жиналады. Бұл негіздер мукопротеидтерден,пролиннен тұрады және тас байлануында, кальций тұздарының зәрде көбеюі маңызды орын алады.
  • Кальций иондары мен лимон қышқылының арақатынасы 4:1 болғанда кальций еріген түрде болады.Бүйрекпен лимон қышқылының шығарылуы бұзылғанда кальций тұнбаға ауысады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет