Орындағандар: Әбдірәсілұлы Асылхан; Кенесариева Гүлдана; Алдаберген Бекжан; Давлетова Гүлфайруз; Раманқұл


Мәдениет пен өркениет арасындағы арақатынастың даму



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата19.04.2024
өлшемі1.48 Mb.
#499326
1   2   3   4   5
Мәдениет пен өркениет

Мәдениет пен өркениет арасындағы арақатынастың даму
логикасы мен тарихын қарастыру үшін бірнеше кезеңдерді
бөліп алып қарастырамыз. "Өркениет" ұғымы тұңғыш рет
алғашқы қауымдық қоғамның орнына келген тарихи
кезеңге қатысты қолданылған болатын. Мәдениет пен
өркениет арақатынжасы алғаш рет мәдениетті адамның
индивидуалдық-тұлғалық шығармашылық мүмкіндігімен, 
ал өркениетті азаматтық қоғамның тарихи процесімен
байланыстыра бастаған қайта өрлеу кезеңінен көрініс тапты. 
Ағартушылық кезеңде мәдениет өмірдің индивидуалдық-
тұлғалық және азаматтық қоғамдық құрылымы деп
қаралып , осыдан мәдениет пен өркениеттік даму процесі
бір-бірімен сәйкестендірілген болатын. "Өркениет" терминін
еркіндік, әділдік, құқықтық тәртіп орнаған азаматтық
қоғамды, яғни қоғамның белгілі бір сапалық
көрсеткіштерін, оның дамуының дәрежесін белгілеу үшін
француз ағартушылары енгізген болатын. Кейін Л. Морган
мен Ф. Энгельс өркениетті варварлықтан кейін келген, 
қоғамдық құрылыстың реттелуімен сипатталатын, 
қоғамның жоғары сапалы даму сатысы деп қарастырды.


Шпенглер Освальд (1880-1936) (spengier) - неміс философы, тарих философиясы мен мәдениет философиясының негізін
қалаушылардың бірі.
Шпенглердің циклдік тұжырымдамасы "Еуропаның іңірі" атты кітабында тұжырымдалды (1920). Циклдік тұжырымға:
тарихтың үздіксіздігі ретінде қоғамдық прогресті жоққа шығару;
мәдениет пен өркениеттің қарсы тұруы;
өркениеттік прогресті қалыпқа сай түсінуден бас тарту және Батыстың кері кетіп, азғындағанын мойындау. Шпенглер бойынша, 
мәдениет деп ағзаға ұқсас (онда да сол өмірлік кезеңдерді өткереді: балалық, жастық, ақыл тоқтату, қарттық) тарихи-мәдени тұтастық
түсініледі. Мәдениеттердің әрқайсысының әр нәрседен - тілден, өнерден, мемлекеттен, ғылымнан және т.б. көрініс табатын өз жаны
болады. Шпенглер 8 дамыған, гүлденудің шегіне жеткен мәдениетті анықтады: антикалық (аполлондық), арабтық (сиқырлы), 
египеттік, вавилондық, үнді, қытай, мексикалық және еуропалық (фаусттық). Мәдениеттен өркениетке өту ежелгі дәуірде б.д.д. IV ғ. 
болды, ал оның құлдырап, жойылуы Рим дәуіріне сәйкес келеді. Еуропа өркениет сатысына XIX ғ. өтті, Шпенглердің пікірінше, оның
құлдырауы 2000 ж. шамасына сай келеді. Шпенглердің идеялары қазіргі жаһандану процестерін зерттеуде ерекше өзекті болып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет