Екіншіден, осы тиімділік науқас үшін қаншалықты қажет және зерттеу барысында алынған нәтиже дәрігер алдын алмақ болған нәтижесіне сәйкес пе?. Осыған байланысты, ДМ-де шынайы және суррогат нәтижелерге барынша назар аударылады. «Суррогат нәтиже»-деп шынайы нәтиженің даму қаупін тудыратын факторлар болып табылатын, физиологиялық немесе биохимиялық көрсеткіштерді айтады.
D.Sackett өзінің әріптестерімен кез келген клиницист қолдана алатын жобаны ұсынды. Бұл әдіс бірнеше қарапайым қадамдардан тұрады:
1. Науқастың қалауын анықтау. Бұл сатыда науқас емдеу нәтижесінде қандай пайда алып, қандай шығынға ұшырайтындығын қай дәрежеде бағалайтындығы анықталады. Салыстырмалы бағалау үшін 1 - толық дені сау, ал 0 - өлімді білдіретін визуальды сәйкес шкала қолданылады.
2. Мүмкін болатын пайданың мүмкін болатын зиянға қатынасы есептеледі, яғни осы науқаста емнің пайдасы зиянынан жоғарырақ болуы керек.
Ғылыми зерттеу нәтижелерін қолдану:
Осы науқастың жағдайына байланысты толық қолдану;
Кейбір кері көрсеткіштердің болуына байланысты бөліктік қолдану;
Зерттеу тек ғылыми мақсатта ғана қолданылуы;
Зерттеу науқасқа зиянды болуына байланысты қолдануға жарамсыз.
Клиникалық практикалық жетекшілік(нұсқау) дегеніміз не?
Клиникалық практикалық жетекшілік (КПЖ)-күнделікті медициналық қызмет көрсетуді жақсарту, жетілдіру, сол сияқты ем-деудің нәтижесін жақсарту үшін қолданылатын құрал (жетекшілік,нұсқау, ұсыныс). Медициналық зерттеу нәтижелері дәрігерге не істеу керектігі туралы жазылған «нұсқаулар» арқылы тәжірибеге енгізіледі және оны Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді. Нұсқаулардың мақсаты-дәрігерлерге науқастарды емдегенде дұрыс әрекетті таңдауға көмектесу.