Қорытынды мемлекеттік аттестация жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы



Дата01.07.2016
өлшемі111.52 Kb.
#169458


Қорытынды мемлекеттік аттестация жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/21


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қаржы кафедрасы

050509 – Қаржы мамандығының студенттеріне арналған қорытынды мемлекетік аттестация бойынша



ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСЌАУЛАР

Павлодар


Қорытынды мемлекеттік аттестация жөніндегі әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/27





Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті
БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

_____________ Н.Э. Пфейфер

«___» _________ 20__ ж.


050509 – Қаржы мамандығының студенттеріне арналған қорытынды мемлекеттік бақылау жөніндегі

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Әдістемелік нұсқау Мемлекеттік жалпыға міндеті білім беру стандарты мамандықтың ҚР МЖМБС 6.08.008 – 2008, Ағымдағы үлгерімге бақылау жүргізудің типтік ережелері, жоғары оқу орындарындағы білім алушыларды

Аралық и және қорытынды аттестациялау және «Жоғары оқу орындарында дипломдық жұмысты (жобаны) орындаудың ережелері. Негізгі ережелер» атты ҚР МЖМБС 5.03.016 – 2009 негізінде әзірленеді


Құрастырушылар: кафедра меңгерушісі, э.ғ.к., доцент Н.С. Кафтункина_______

э.ғ.к., доцент А.Р. Салихова ________________


Қаржы кафедрасы

Кафедра отырысында ұсынылған, 20__ ж. «___» _______ № __ хаттамасы


Кафедра меңгерушісі _____ Н.С. Кафтункина 20__ ж. «___»__________

Қаржы-экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20__ ж. «___» _______ № __ хаттамасы
ОӘК төрайымы ______А.Б. Темиргалиева 20__ ж. «___»__________

КЕЛІСІЛДІ
ҚЭФ деканы _______________ Эрназаров Т.Я. 20__ ж. «___»__________

мақұлданды:

ОҮСМБ бастығы_______________ Крюкова Е.В. 20__ ж. «___»__________
ОҮжжӘҚБ бастығы______________Варакута А.А. «___»__________20__ ж.
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ ж. «___»______________№____хаттамасы


1 Жалпы ережелер
Жоғары білім беру ұйымдарында білім алушылардың қорытынды мемлекеттік аттестациясы жоғары кәсіби оқу мекемелерінің оқу үрдісі кестесімен (академиялық күнтізбемен) және жұмыс оқу жоспарларымен қарастырылған мерзімде жүргізіледі.

Қорытынды мемлекеттік аттестацияны жүргізудің мақсаты түлектің арнайы теориялық білімдер деңгейін және таңдалған мамандық бойынша тәжірибелік құызметке дайындығын анықтау болып табылады.

Қойылған мақсат келесі міндеттерді шешу қажеттігін жорамалдайды:


  • студенттер үшін мемлекеттік емтихан пәндерінің тізімі мен құрамын, оны ұйымдастыру мен өткізу тәртібін анықтау;

  • студенттер үшін дипломдық жұмыстарды орындау мен оларды қорғау бойынша міндетті талаптарды, ережелер мен ұсыныстарды анықтау;

  • түлек жұмыстары тақырыптарының өзектілігін қамтамасыз ету, олардың ғылыми деңгейі мен орындау сапасын жүйелі түрде жоғарылаты, сонымен қатар айқын тәжірибелік маңыздылығымен сипатталатын жұмыстардың үлесін ұлғайту;

  • алдындағы оқу үрдісіндегі өздік студенттік жұмыстарының орнын басуын дамытуды ынталандыру;

  • түлек жұмыстарының өз уақытындағы және сапалы дайындау дағдыларын, өз ойларын мазмұндау, негізгі ұсыныстарын, қорытындылары мен ұсыныстарын нақты ұсыну дағдыларын қалыптастыру.

Студенттер-түлектердің қорытынды мемлекеттік аттестациясы мамандық бойынша кешенді мемлекеттік емтиханды тапсыру мен дипломдық жұмысты қорғауды жорамалдайды.

Мемлекеттік емтихан 050509 «Қаржы» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан бағдарламасына сәйкес.

Дипломдық жұмысты қорғау шығарушы кафедраның оқытушыларының, студенттерінің болуымен ашық нысанда ұйымдастырылады. Қорғауға сонымен бірге ғылыми жетекші, дипломдық зерттеу жүргізілген ұйымның өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар шақыртылуы мүмкін.
2 Мемлекеттік емтиханды ұйымдастыру мен өткізу
Мемлекеттік емтихан алдында пәндер бойынша дәрістер шолуын жүргізу қарастырылған. Әрбір пән бойынша дәрістер шолуының көлемі 4 сағатты құрайды.

Мемелекеттік емтиханға дайындалу үшін 5-7 күн беріледі.

Мемелекеттік емтиханға шығарылатын төрт пәннен екеуі - тесттік түрде, екеуі - жазбаша түрде. Тест тапсырмаларының әрбір нұсқасы екі пән бойынша тест тапсырмаларының жалпы базасынан еркін тәртіпте қалыптастырылған, 50 сұрақтан тұрады.

Мамандық бойынша мемлекеттік емтиханның ұзақтығы 200 минут (4 академиялық сағат) құрайды, оның ішінде тесттік тапсырмаларға 100 минут (2 академиялық сағат), және жазбаша емтиханға 100 минут (2 академиялық сағат).

Мемлекеттік емтиханды 4 адам құрамындағы мемлекеттік аттестациялау комиссиясы өткізеді.

Қорытынды мемлекеттік аттестацияға оқу жоспары мен оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес білім беру үрдісін аяқтаған білім алушылар жіберіледі.

Бакалавриат мамандығының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес теориялық курстың қажетті көлемін білім алушылармен меңгеруі білім беру үрдісін аяқтаудың негізгі критерийі болып табылады.

Білім алушылардың қорытынды мемлекеттік аттестацияға жіберілуі білім алушылардың тізімі бойынша факультет деканының өкімімен рәсімделеді және мемлекеттік аттестациялау комиссиясына тапсырылады.

Факультет деканына мемлекеттік аттестациялау комиссиясының жұмыс кестесін құрастыру бойынша жауапкершілік артылады.

Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының жұмыс кестесі ректормен бекітіледі және мемлекеттік аттестациялау комиссиясының жұмысының басталуына дейін екі апта бұрын жалпыға жарияланады. Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының отырыстарының ұзақтығы күніне 6 сағаттан аспауы тиіс.


3 Түлек жұмыстарын қорғау тәртібі
Дипломдық жұмыстардың тақырыптар тізімін анықтау кезінде өндірістің, білім берудің, ғылым мен мәдениеттің шындық міндеттері мен мәселелерін ескеру ұсынылады. Дипломдық жұмыстардың тақырыптар тізімі мамандыққа және мамандарды дайындаудың профиліне сәйкес келуі қажет.

Дипломдық жұмыстардың тақырыптар тізімі шығарушы кафедрамен әзірленеді, факультет кеңесімен қарастырылады және бекітіледі. Студент дипломдық жұмыстың тақырыбын бекітілген тақырыптар тізімінен таңдайды.

Студентке бекітілген тақырыптар тізімінде жоқ тақырыпқа дипломдық жұмысты орындау құқығы ұсынылады. Бұл жағдайда студент кафедраға ұсынылатын тақырыпты өңдеудің мақсатқа сәйкестігінің толық негіздемесін ұсынады.

Дипломдық жобалау бойынша кеңес берулер өндірістік тәжірибенің және түлек жұмысын орындаудың бүкіл кезеңі бойы оқытушының – берілген жұмыстың жетекшісінің ағымдағы кеңестерінің кестесі бойынша жүзеге асырылады.

Дипломдық жұмысқа тапсырма оны аяқтау мерзімі көрсетіле оытырып, кафедра меңгерушісімен бекітіледі. Жұмыстың күнтізбелік кестесі жеке бөлімдерді орындаудың кезектілігін көрсете отырып, бүкіл кезеңге құрастырылады және ғылыми жетекшімен келісіледі. Кафедра меңгерушісі дипломдық жұмысты орындау бойынша студенттің периодтық есеп беру мерзімін анықтайды. Бұл мерзімдерде студент ғылыми жетекшісі мен кафедра меңгерушісі алдында есеп береді, олар өз кезегінде дипломдық жұмыстың дайындық дәрежесін тіркейді және бұл жөнінде факультет деканына хабарлайды.

Дипломдық жұмысты жазу мен қорғау үшін төрт кредитті немесе күнтізбелік уақыттың бес аптасын бөлу қарастырылған. Сонымен бірге диплом алды (өндірістік) тәжірибеде білім алушымен жинақталған материалдар дипломдық жұмыстың екінші (аналитикалық) бөлімін жазу үшін негіз болып табылуы қажет.

Дипломдық жұмыс өндірістік (диплом алды) тәжірибенің аяқталуынан кейін бірінші аптада қорғау алды процедурасын өту үшін кафедраға ұсынылады.

Дипломдық жұмысты алдын ала қорғау студенттердің қатысуымен және ғылыми жетекшісінің міндетті болуымен, қажет жағдайда ғылыми кеңесшілерінің болуымен кафедраның ашық отырысында жүргізіледі.

Алдын ала қорғау кафедра отырысының хаттамасымен рәсімделеді.

Дипломдық жұмысты қорғау мемлекеттік аттестациялау комиссиясының ашық отырысында оның мүшелерінің жартысынан кем емес мүшелерінің қатысуымен жүргізіледі.

Дипломдық жұмысты қорғау келесі кезектілікте өткізіледі:


  • қорғау алдында МАК хатшысы дипломдық жұмысты комиссия төрағасына тапсырады, студенттің аты-жөні мен дипломдық жұмыстың тақырыбын жарияланады;

  • дипломшының баяндамасы ұзақтығы 5-15 минуттан асырылмай тыңдалады;

  • баяндама аяқталған соң комиссия мүшелері сұрақтар қояды, оларға дипломшы нақты, дәлелді және қысқа жауаптар беруі қажет;

  • сұрақтарға жауап берген соң МАК хатшысы ғылыми жетекшінің, рецензенттің пікірлерін оқиды және ескертулерге жауап беру үшін дипломшыға қорытынды сөз беріледі.

Дипломдық жұмысты қорғау студенттердің, шығарушы кафедраның оқытушыларының қатысуымен ашық нысанда ұйымдастырылады. Қорғауға сонымен бірге ғылыми жетекші, дипломдық зерттеу жүргізілген ұйымның өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар шақыртылуы мүмкін.

Дипломдық жұмысты талқылауда сұрақтар немесе сөз сөйлеу нысанында қатысушылардың барлығы қатысуы мүмкін.

Бір дипломдық жұмысты қорғаудың ұзақтығы, әдетте, бір студентке 30 минуттан аспауы қажет. Бір күнде қорғалатындардың жалпы саны – 10 адамнан артқ емес.

Студенттер қорытынды мемлекеттік аттестацияға жіберілу рұқсатын алуы тиіс, бұл қажетті есептік құжаттамаларды рәсімдеумен оқу үрдісінің барлық алда өткен сатыларын кезекті сәтті аяқтауын жорамалдайды. Барлық шолу дәрістері мен кеңестерге қатысу, мемлекеттік емтиханға дайындалу және сәтті тапсыру, сонымен қатар барлық талаптарды орындау және дипломдық жұмысты қорғау.



4 Мемлекеттік емтихан мен түлек жұмыстарын бағалау тәртібі
Мемлекеттік емтиханның тапсырмасы «Банк ісі» және «Қаржы» пәндер бойынша 50 тесттік сұрақтан тұрады, максималды балл 40. Әр бір дұрыс жауап 0,8 баллмен бағаланады. Жазбаша емтихан «Қаржы менеджмент» және «Инвестицияларды қаржыландыру және несиелендіру» пәндер бойынша билеттері 2 сұрақтан тұрады, максималды балл 60. Әр бір сұрақ 30 баллмен бағаланады Мемлекеттік емтихан нәтижелерінің бағасы 1 кестеге сәйкес анықталады.
1-кесте – Студенттердің білімін бағалау критерийлері

Қрытынды баға баллдарда (Қ)

Балладрдың сандық эквиваленті (С)

Әріптік жүйедегі баға (Ә)

Дәстүрлі жүйе бойынша баға (Д)

95-100

4

А

өте жақсы

90-94

3,67

А-

85-89

3,33

В+

жақсы

80-84

3

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

қанағат

65-69

2

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1

D

0-49

0

F

қанағатсыз

Мамандық бойынша мемлекеттік емтиханды тапсыру нәтижелері емтиханды өткізген күні Мемлекеттік аттестациялау комиссиясы отырысының хаттамаларын рәсімдегеннен кейін жарияланады.

Дипломдық жұмысты қорғау нәтижелері де баллдық-рейтингтік және әріптік жүйе бойынша (1-кесте) бағаланады. Сонымен бірге теориялық, ғылыми және тәжірибелік дайындығының деңгейі, ғылыми жетекшінің пікірі мен рецензенттің бағасы есепке алынады.

Дипломдық жұмысты бағалаудың негізгі сапалық критерийлері болып табылады:



  • тақырыптың өзектілігі мен жаңашылдығы;

  • тақырып бойынша пайдаланылған отандық және шетел әдебиетінің жеткіліктігі;

  • дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы;

  • дипломдық жұмыста алға қойылған міндеттерді орындау үшін жиналған эмпирикалық мәліметтердің жеткіліктігі;

  • алынған нәтижелерді талдау мен интерпретациялаудың тереңдігі мен негізделгендігі;

  • материалды баяндаудың нақтылығы мен сауаттылығы, жұмысты рәсімдеудің сапалығы;

  • дипломдық жұмыстың теориялық және тәжірибелік сұрақтары бойынша пікір-талас жүргізе білуі, МАК мүшелерінің сұрақтарына жауаптардың тереңдігі мен дұрыстығы және рецензенттердің ескертулері.

Дипломдық жұмысты қорғаудың нәтижелері жеке әрбір студент бойынша мемлекенттік аттестациялау комиссиясы отырысының хаттамасымен рәсімделеді және оны жүргізген күні жарияланады.
5 Қайта аттестациялауды өту тәртібі
Оң бағаны жоғарылату мақсатында мемлекеттік емтиханды қайта тапсыруға және дипломдық жұмысты қорғауға тыйым салынады.

«Қанағатсыз» деген баға алған тұлғаларға мемлекеттік емтиханды қайта тапсыру және/немесе дипломдық жұмысты қайта қорғау қорытынды мемлекеттік аттестациялаудың берілген кезеңінде рұқсат берілмейді.

Дипломдық жұмысты қорғау қанағатсыз деп танылған жағдайда мемлекеттік аттестациялау комиссиясы білім алушының қайта қорғауға комиссиямен анықталатын түзетулерді жасай отырып сол жұмысты ұсыну мүмкіндігін немесе түлек шығарушы кафедрамен анықталатын жаңа тақырыпты әзірлеу мүмкіндігін анықтайды.

Білім алушының қайта қорытынды мемлекеттік аттестациясы алда өткен қорытынды мемлекеттік аттестацияда қанағатсыз баға алынған нысандар бойынша ғана қорытынды мемлекеттік аттестацияның келесі кезеңінде жүзеге асырылады.

Сонымен бірге мемлекеттік емтиханға енгізілетін пәндер тізімі білім алушының теориялық курсты аяқтау жылында әрекет ететін оқу жоспарымен анықталады.

Қорытынды мемлекеттік аттестациялау кезінде қанағатсыз баға алған білім алушы бекітілген үлгідегі анықтаманы ала отырып, ректордың бұйрығымен жоғары оқу орнынан оқудан шығарылады.


6 Университетті бітіру жөнінде құжаттарды рәсімдеу мен беру тәртібі
Мемлекеттік емтиханды тапсырған және дипломдық жұмысты қорғаған білім алушыға мемлекеттік аттестациялау комиссиясының шешімімен «Қаржы бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Диплом қосымшасы білім алушымен оқу жоспарын орындау жөнінде факультет деканының анықтамасы негізінде, барлық пәндер бойынша және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен қарастырылған көлемде, тапсырылған курстық жобалар (жұмыстар) бойынша, тәжірибе түрлері бойынша алған бағалары негізінде және қорытынды мемлекеттік аттестацияның нәтижелері негізінде толтырылады.

Оқу жоспарының барлық пәндері бойынша емтихандар мен дифференциалды сынақтарды 75 пайыздан кем емес «өте жақсы» бағаға, ал қалған пәндер бойынша «жақсы» деген бағаға тапсырған және мемлекеттік емтихан мен дипломдық жұмысты «өте жақсы» бағаға қорғаған білім алушыға үздік диплом беріледі.

Түлекке құжаттар университеттің студенттік кадрлар бөлімінде беріледі.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет