3.Қазақ зиялыларының басапасөздегі мақалаларының деректік құндылығы.
Халық ағарту мәселесі Кеңес өкіметінің өмірге келген күнінен бастап екпінді құрылыстың біріне айнала бастады. Сондықтан ағарту мәселесі туралы баспасөз материалдарын ақтарған кезде қазақ зиялыларының көптеген құнды пікірлеріне жолығамыз. Себебі олар Кеңес өкіметінің ағарту реформасын жаппай қолдаушылар болды.
Кеңес идеологиясынада мынандай стереотип орын алды: «өкіметті қолына алған соң, жұмысшы табы мүлдем басқа принциптегі пролетарлық басылымдар құрды, кеңестік басылым - ең әділетті, ең обьективті». Дәлелдеу үшін В.И.Лениннің сөзін пайдаланды: «-басылым кеңес құрылысының қаруы ретінде қызмет етуі керек...» Бұл цитатаны кеңес басылымы туралы партияның күшті құралы,коллективтік насихаттың және коммунизм құру жолындағы күрестің ұйымдастырушысы ретінде тарихшылар мен журналистер жиі қолданды.
Олар мерзімді басылымды Кеңес құрылысының орнатудағы басты құрал ретінде пайдаланды. Лениннің өзі «журнал насихатқа, газет үгітке қызмет етуі керек» деп көрсетті.[35] Бірақ кеңес өкіметі тұсында бұл әдіс Коммунистік партия өз үстемдігін жүргізіп, өз идеологиясын басылым арқылы таратып отырды.
«Интеллигентердің ой қортындыларын аз беру керек.Өмірге жақын болу керек. Жұмысшы және шаруа бұқарасының істе, күнделікті өмірдегі қызметін көрсету керек. Бұл жаңалаудың қаншалықты коммунистік екенін тексеріп отыру керек...»- «Біздің газеттердің сипаты туралы» мақаласында ашып көрсетеді. Бұдан Кеңес өкіметінің газет-журналды әміршіл-әкімшіл жүйенің қозғаушы күші етіп, халықты коммунистік идеологияны дәріптеуге шақырғанын білеміз. Егер басында кеңес басылымдарына сенімсіздік туралы сұрақ туатын болса, онда деректің бұл тұрінің деректанулық зерттеушілік ролі көтеріледі. Деректанулық сын формалды ғана болмақ, тек деректің шынтуайттылығын ғана қалыптастырумен шектелмеу керек. Енді ғалымдардың алдында кеңес мерзімді басылымын деректанулық зерттеудің әдісін, бірінші кезекте, қоғамдағы идеологиялық стереотиптің құрылуы мен әрбір жеке адамға әсер ету механизмін анықтауды қайта жасау міндеті тұр . Бюрократиялық жүйе халықтың ең басты рухани азығы- баспасөзді идеологияландыруға тырысты. Сондықтан Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында-ақ мерзімді басылым туралы қаулылар шыға бастады. Олар: РКП /б/ YIII-съезінің «Партия және кеңес басылымдары туралы», Х1 съездің «Басылым және насихат туралы», Х11 съезінің «Үгіт, насихат, басылым мәселелері туралы», 1921 жылғы 18 қарашадағы РКП /б/ Орталық Комитетінің губерниалық комиттер мен партия облыстық комитеттеріне «Мерзімді басылымға назар аудару туралы жолдауы», 1924 жылғы 6 ақапндағы РКП/б/ Орталық Комиететінің «Басылым саласындағы партияның кезекті міндеттері туралы», 1924 жылғы 22 ақпанындағы «Басылым және баспа жұмысындағы партиялық басшылықты күшейту туралы»[36] Қаулылапдың атауынан көріп тұрғанымыздай, мерзімді басылым негізгі кеңестік саясаты жүргізуші болуына партия-кеңес органдары бар күштерін салып бақты. Бұл шаралар тек жоғары жақта бүкіл партиялық аппаратта толық жүргізілген. 1921жылдың басында партиялық жұмысты нұсқауландыру, тексеру және басқару үшін РКП /б/ Орталық Комитеінің үгіт-насихат бөлімі жанындағы басылым бөлімі құрылады: басылым бөлімдері, оның бөлімшелері партияның республикалық, облыстық және губерниялық комитеттерінде құрылады. Журналдар мен газеттер барлық уақытты белгілі бір қоғамдық топтардың идеологиясы мен іс тәжірибесінің өзара қарым-қатынастарының және пікірталастарының құралы болып келді.
Бізідің қарастырмақшы болып отырған мерзімді басылымдардың ішінде жанрға бөліп қарастырсақ, мақалаларды кешенді алып қарау кезінде олардың мазмұнына қарай, төмендегідей талдадық:
-жалпы саяси мақалалар, олар қоғамдық идеологияны сипаттайды. Ағарту реформаларының осы екпінді коммунистік құрылыстың бөлінбес бір бөлігі ретінде қаралғандықтан, бұл мақалалардың ағарту тарихын, дамуын қарау мәселесінде атқаратын ролі зор;
-үгіт-насихаттау стаьялары Кеңес өкіметінің саясатын таратыушылар болып табылады. Біз үгіт насихат мақалаларын қарау арқылы кеңестік ұлттық ойды жоюға қарсы бағытталған саясаттың мәнін ашпақпыз;
-оперативті мақалалар экономикалық және мәдени дамудың ең өзекті мәселелерін көтерді. Зерттеу жұмысымыздың негізгі осы мақалалар болып табылады, себебі қазақ ұлттық зиялы қауымының негізгі көтерген мәселелері қоғамның мәдени даму процесі еді;
А.Байтұрсынов 1913 жылы «Қазақ» газетінің бірінші нөміріндегі оқырмандарға арнау сөзінде басапасөздің қажеттілігі туралы былай айтып өткен болатын: Әуелі, газета- халықтың көзі, құлағы, һәм тілі... Екінші, газет-жұрттың уланбасына медет нәрсе. Олай болатын мәнісі жұрттың білімді, пікірлі, көргені көп көсемдері, оқығаны көп ғалым адамдары газета арқылы халықтың алдына түсіп, жол көрсетіп, жөн сілтеп басшылық етіп тұрады. Үшінші, газет – халыққа білім таратушы. Төртінші, газет-халықтың дауысы». Осыдан көріп отырғанымыздай, қазақ зиялылары мерзімді басылымның халықтың санасына әсер ете білетін қуатты күшін сезіне алды. Қазақ оқығандары бұл саясатты Кеңес өкіметі кезінде де жүргізді. Кеңес белсенділерінің қарсы тұруы оларға кедергі бола алмады. Тарихшы М.Қойгелдиев бұл кезеңді былай көрсетті: - Голощекин мен оның төңірегіндегілер алаштық интеллигенцияға қырғи қабақ танытқанымен, С.Садуақасов, жаңа жағдайға бейімделіп, олардың халықтың рухани өмірінде алатын табиғи орнына дақ түсірерлік жарты сөз айтқан емес.Керісінше, ол ескі интеллигенция өкілдеріне шамасы келгенше көмегін берді, өзі редакторлық жасайтын басылым арқылы алаштық интеллигенцияға да пікір білдіруге жағдай жасады. Өйткені, бұрын бар демократиялық мүмкіншіліктердің барған сайын өрісінің тарыла түсуі жағдайында, партияда жоқ творчестволық интеллегенцияға өз пікірлерін жариялап тұрарлық баспа орындары жоқ еді» [37] ХАК- дағы қызмет еткен зиялылар тарихын ашу үшін біз олардың газет- журналдардағы авторлық мақалаларын алдық. Жалпы авторлық мақалаларда әр түрлі материалдар талданып көрсетіледі, осының негізінде қорытынды жасалып, баға беріледі, тек ғана жақсы жақтар ғана емес, сонымен қатар жағымсыз құбылыстар, қиындықтар, жетіспеушіліктер ашылады. 1920-30 жылдарда мерзімді басылымның авторлары нақты пікірлерін білдіріп, ағарту мәселесін кең талдады. Алғашқы кезең- демократияшыл қазақ зиялы қауымының ХАК-ында қызмет еткен тұсы - 1923-30- жылдар аралығы болып табылады. Журнал-газет мақалаларының тарихи дерек құндылығы сынды, олар дәл сол уақытта жазылғандықтан қоғам өмірін, жетістіктер мен кемшіліктердің толық ашып көрсетеді. Олардың негізгі ұстаған мақсаты мерзімді басылым арқылы халыққа, оның ішінде әсіресе жастарды тәрбиелеуге назар аудару еді.
1922 жылы Ә. Байділдинге Москвадан С. Сәдуақасов жазған хатында былай дейді: «Менің пікірімше, біздің болашақтағы міндетіміз мынадай болуы тиіс, біз үкіметті қолымызға алу үшін құреспейміз, бұны бірінші орынға қоймаймыз, қойғанның өзінде қазір бұны істетпейміз. Сондықтан бар күш жастар тәрбиесіне бағыттау керек.» Сондай-ақ бұл пікірді Әлихан Бөкейханов та қолдап, Әділевке мынадай директива береді: «Жастарды тәрбиелеу, қазақ баспасөзінде қызмет істеу және өз кітаптарын шығарудан басқа, Алашқа қызмет ету жолы біз үшін жабылды» [38] Олар газет-журналдарда өз мақалаларын, соның ішінде жастарды тәрбиелеудегі рөлі зор пікірлерін жариялап отырды. Сондықтан мерзімді басылым мақалалары тарихи ақиқатты бейнелейтін, тарихи-ақпараттық құнды дерек болып табылады. Қаншама большевиктік болғанымен, 1920-30 жылдар аралығындағы баспасөзде демократиялық, Кеңес өкіметінің саясатын толық қолдамайтын, тәуелсіз мақалалар жарияланып тұрды және олардың негізгі авторлары қазақ зиялы қауымының көрнекті өкілдері болды.
Ал 1930-36 жылғы мақалаларда Кеңес өкіметінің қысымымен ағарту саласындағы жетістіктерді асыра айту орын алды. Бұл кездегі авторларда кеңес қызметкерлері еді, олардың негізгі мақсаты коммунистік құрылыстың «жаңа мәдениетін дәріптеу» болып келеді. 1930-36 жылдарға тән мәселі, авторлар мәселесі еді. Мақалалардың авторлары маманданған зерттеушілер емес, партия мен кеңес органдарының мәдени немесе ағарту мекемелерінің практикалық қызметкерлері болды. Сондықтан оларды кешенді құрылымдық жол болмады.Авторлар мақалаларында тек мәдениеттің сол кездегі дамуы мен өздерінің қызмет ететін мекемелерінің жұмысына байланысты аспектілерді аша алады. Н.Нұрмахов, Г.Береза, О.Сафро, Х. Амрин, С. Меңдешев, Г. Романов өз мақалаларында Қазақстанда жалпыға бірдей білім беруді жүзеге асырудың бірінші қорытындыларын, қалалардағы, көшпелі және жартылай көшпелі ауылдардағы бастауыш мектептерді құру спецификасын сипаттады. Ш.Әлжанов, Г. Дейнега, Ж.Сәдуақасов қазақ жастарын республика мектептері мен оқу орындарына тарту мәселесіне үлкен көңіл аударып, Қазақстан мектептерінің оқу тәрбие жұмысындағы жетіспеушіліктерін мен тәжірибелерін талдады және ашты. [39]
Бұндай тенденцияны орын алуының себебі - Кеңес үкіметі 1930 жылдарға таман әміршіл- әкімшіл саясатты күшейтіп, Өлкелік Комитеттің үгіт- насихат бөлімі цензураны толық енгізіп, партияда жоқ зиялылардың ең көп қызмет еткен саласы ХАК- ына ерекше назар аударғанннан еді. Осы уақыттығы мақалаларды да негізінен Кеңес өкіметінің ағарту саласындағы жетістіктерін көрсетуді күшейтті. Көптеген сандық көрсекіштерді дақпырттап айту мақалаларда кең орын алып, сапалық көрсетілімдер айтылмады. Алайда мақалаларды біз обьективті көзбен қарасақ, әр-бір мақаланың соңында оқу ісінің кемшіліктерін айтып өтті. Бұдан біз мақала авторларының бюрократиялық саясаттан сескеніп, кемшіліктерді елеусіз көрсетуге тырысқанын байқаймыз. Кейде жетістіктер мен кемшіліктер біріне бірі қарама-қайшы келіп жатты. Зерттеу жұмысымызда бұл қарама-қайшылықты объективті қарауға тырыстық.
Қазақ зиялыларының осы екі тобы өз мақалаларында ағарту және мәдени саладағы өзгерістерді объективті түрде аша білді.Олар ағарту мәселесінің тек жақсы жақтарын ғана көрсетіп қоймай, өмір шындығын, қоғам тынысын кең түрде көрсетті. Біз деректкерді шынтуайтылық принциптермен қарауға тырыстық. Публицистика дегеніміз- публикаға арналған еркін, ашық, жеке сөз. Онда бәрі болуы мүмкін- ғылыми аргументтен бастап индивидуалды байқау эмоцияға дейін. Ол әрқашан қоғамдық іс себебіне байланысты және қарым-қатынасқа байланысты. Мерзімді басылым материалдарының деректі құндылығы сонда- деректер ешқандай жөндеуден өтпейді, дәл сол кездегі автордың пікірін ашып көрсетіп, дәл оқиға болып жатқан кездегі көзқарасты көрсететін еді. Осыған байланысты да көптеген қазақ зиялы қауымы газет-журналдарда шыққан мақалаларға байланысты қудалауға ұшырады. Алайда сонымен қатар олар өз идеяларын қалың бұқараға таратып, белгілі бір дәрежеде ықпал етіп отырды.
1925 жылға дейін Қазақстанда баспасөз қызметі бір арнаға түспеді. Бұрынғы «Қазақ», «Айқап», «Сарыарқа» сияқты белгілі газет-журналдардың «Контрреволюциялық» болып жабылуынан кейін Қазақстанда әр түрлі басылымдар шығып тұрды. Бұл басылымдарға Кеңес өкіметі толық үстемдігін 1925 жылға дейін жүргізе алмады. Оған, әрине, алғашқы кездегі елдегі толық тұрақтылықтың орнамауы, әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілмеуі, өкіметтің толық билікті қолына алмауы себеп болды. Жалпы Ресейлік көлемде баспасөзге үлкен мән беріліп жатса да, Қазақстанг үкіметі мерзімді басылымды идеологияландыруды 1925 жылдан бастады. 1925жылы 2-мамырда РКП/б/ Ортралық Комитетінің Секриториятының мәжілісінде «Қазақ баспасөзінің жағдайы және оны жақсароту шаралары туралы » мәселе қаралды. Бұл мәселені қарау қазақ зиялыларының баспасөзіндегі қызметіне шабуыл еді. Онда саяси линияны дұрыстауда мына шаралар орын алғанын көреміз
а) Қазақ облыстық комитеті мен жергілікті партия органдары жағынан мерзімді басылымға басшылықтың нашарлауы;
б) кейбір мерзімді басылымдарда ұлттық партияда жоқ зиялылардың басшы саяси линияға әсер етуінің барлығы ( «Ақжол », «Сана », «Тілші »);
в)қызметкерлердің жетіспеушілігі және саяси дәрежесінің төмен болуы («Еңбекші қазақ», «Кедей», «Ақжол», «Сана», «Тілші », «Қызыл Қазақстан»);
Осындай кемшіліктерді көрсете отыра, Қазақ облстық комитетіне мына шараларды жасауды ұсынды:
1.Қазақ республикасында мерзімді басылымға партиялық басшылықты күшейту. Баспасөздің органдарының басына журналист-коммунистерді басқа жұмыстардан босатып қою керек.
2.Антикеңестік элементтердің ұлттық әсер етуін жою мақсатында «Ақжол», «Сана», «Тілші», журналдарында партиялық қызметкерледің құрамын күщейту. Сонымен қатар партияда жоқ қазақ зиялыларын идеялық басшылықты қамтамасыз еткен жағдайда ғана баспасөзге жұмысқа тарту керек.
3.«Ақжол», «Еңбекші қазақ» газеттерінің жанындағы оқушылар институтында журналист қазақтарды даярлау үшін курстар ұйымдастыру;
Сондай-ақ мәжіліс мына қаулыларды қабылдады:
4. «Қызыл Қазақстан» журналын (өз жұмысын атқара алмағандықтан) қайта құру қажет.Баспасөз бөліміне журанлдың мазмұны мен көрінісі туралы нақты деректива беру тапсырылды.
5.Ташкент қаласындағы ерекше ғылыми педагогикалық және әдеби «Сана» журналын шығару туралы мақсатсыз деп есептеп, Қазақ облыстық Комитетіне Орынбор қаласында ғылыми педагогикалық ауыл мұғалімдеріне арналған журнал шығаруды ұсынды.
6.Қазақ облыстық комитетіне мерзімді емес басылымдарға басшылықты күшейту ұсынылды.Оқу кітаптарының мазмұнына (хрестоматия, оқуға арналған кітап, әліппе т.б) және қоғамдық саяси және шаруа әдебиетінің сапасының артуына (тілі мен мазмұнының ыңғайлығына) назар аудару керек Қазақстан облыстық Комитетіне осылайша үлкен ескерту жасылынды.Бұл ескертуден соң Қазақ өлкелік Комитетінің басылым бөлігі мен губерниялық комитеттерінің саяси бөлімдері қазақ басапасөзін жақсарту туралы шаралар жасады.Онда өлкелік газет және журналдарға қызметкерлерді таңдауды ақтап, квалификацияны көтеруді, комсомол басылымдарын және «Қызыл Қазақстан» журналының түрін анықтап оған маманданған қызметкерлерді алуға бұйрық берілді Қазақ мерзімді басылымдарына жоғарыдан цензура басталды. Цензураның әсері ең алдымен қазақ зиялыларының сөз бостандығына, еркін ойлауына соққы болып тиді. Қазақстанға жасалынған бұл ескерту әрі қарай жалғасты. Бүкіл қазақ зиялыларын қудалауға және мерзімді басылымды қатаң бақылауға И.В.Сталиннің 1925 жылы 28 мамаырда Қазақ Өлкелік Комитетінің бюросының барлық мүшелеріне арналған хаты үлкен әсер етті. И.В.Сталин хатында «Ақжолдың» жураналымен танысқанын, журналдың «ақгвардияшыл» М.Шоқаевқа материал беріп жатқанын жазады. И.В.Сталин «...мен сынды түсінемін, коммунистердің қызметін сынауға болады. Бірақ жамандық әкелетін сын-біздің сын емес. Бұндай сынға Кеңестер елінде орын болмау керек. Сын буржуазияның қолында коммунизмге, Кеңестер Одағына қарсы құрал болуы мүмкін. Сондықтан мен өзімінің борышым ретінде сіздерден «Ақжол» журналын тез арада қайта құрып, ондағы партияда жоқ зиялыларды қуып, оны коммунистік насихаттың органы ретінде етуге шара қолдануларыңызды сұраймын». И.В.Сталиннің бұл сөзі Қазақстандағы мерзімді басылымға деген сенімсіздікті тудырып, жаппай тексеруге жол берілді. Партияда жоқ зиялылардың мақалаларын жариялау қиынға соқты. Зиялыларға жасырын түрде қуғын басталды. Саяси-ағарту бөлімдері күшейтіліп, мерзімді басылымда үгіт-насихат көзіне айналдрыу шаралары жүргізілді.
Сталиннің 1925 жылғы маусымдағы «Ақжол» газетіне байланысты жорлдаған хатындағы партияда жоқ интелиигенцияға байланысты айтылған пікірлерді өзінше түсініп, басшылыққа алған Ф.И.Голощекин қоғамдық-саяси өмірден қол үзбеген ұлттық интеллигенцияның алғашқы буын өкілерін «буржуазияшыл-ұлтшыл», «алаштық интеллигенция» деп жариялап,соңына түсіп, саяси қудалау және репрессиялық шараларды іске асырды [40] Алайда біз бұл хат дәл сол уақытта іс жүзінде жүзеге асты деп айта алмаймыз. Себебі баспасөзді идеологияландыратын зиялы қауым әлі қалыптаспаған еді. Ал баспасөз редакторлары, ұйымдастырушылары көрнекті қазақ зиялылары еді. Сондықтан 1925 жылға дейінгі аралықта коммунистік, партияның бұл саладағы қызметі толық жүзеге асқан жоқ. Тек алашордашыларды ашық қудалау ғана цензураны орнатты. Алайда, Қазақстан өкіметіне қаулылар түсіп жатты.Олардың негізгі мақсаты - қазақ баспасөзіне айтылған сынан қорытынды шығаруды талап ету. 1925жыл 23 қазанда Орталық Комитеттің Ұйымдастыру Бюросының мәжілісінде «Қазақ басылымдары туралы»арнайы мәселе қаралды. Онда мынандай жетіспеушіліктер атап өтілді:
а) РКП/б/ Қазақ Өлкелік Комитеті тарапынан қазақ басылымдарына басшылықтың нашар болуы;
б) қазақ баспасөз органдарының құрылымының ұйымдастырылу дәрежесінің төмендігі;
в) жергілікті халықтың күнделіктіқажеттігіне журнал мазмұнының сай келмеуі;
г) жалпы оқырмандарға аударма әдебиеттердің жетіспеуі;
Осы олқылықтарды жою мақсатында, Қазақ өлкелік Комитетіне тапсырылды:
1.Партиялық басшылықты күшейту.
2.Басшылық органдарды таңдау және жұмысқа назар аудару.
Сондай-ақ Орталық баспаның қазақ тіліндегі жалпы саяси басылымдарын редакциялық жөндеуден өткізуде олқылықтар болғандықтан, барлық қазақ тіліндегі басылымдарды арнайы саяси редакциядан өткізу жұмысына Ә.Бөкейхановты босату ұсынылды. [41]
Бұндай қаулылар қазақ баспасөзіне үлкен соққы болып тиді, алайда саяси үрдіске жатпайтын ағарту мәселелерін жазуға шектеу салынбады. Сондықтан көптеген қазақ зиялылары тек қана ағарту және ғылым саласымен айналысуға мәжбүр болды. Басқа салаларға қарағанда оларға жол жабылған еді. Ағарту туралы мақалаларды оқып отырсақ кейбір мақалалардың аты мен мазмұны басқа болып шығады. Бұдан мынандай қорытынды шығаруға болады, қудалау басталған соң қазақ зиялылары ағарту және ғылым туралы мақалаларға күдік түспеген соң, өз пікірлерін осы тұрғыдағы мақалалар мазмұнында елеусіз беріп отырды. Сондықтан қазақ зиялыларының саяси-экономикалық көзқарастарын жалпы ағарту туралы мақалалардан табуға болады. Бұл қазақ зиялыларының тарихының ақтаңдақ беттері. Журнал редакторлары белгілі қазақ зиялылары болғандықтан олар партияда жоқ зиялылардың мақалаларын басып отырды.
Қорытынды.
Деректік базаның кеңеюіне, ғылыми айналымға жаңа деректер тобының молынан тартылуына байланысты, нақты бір тарихи оқиғаның, құбылыстың немесе процестің әр түрлі деректерде әртүрлі бейнеленетіндігі көріне бастады. Сондықтан оларды бір-бірімен салыстырып, сыннан өткізу қажеттігі туында-ды. Эмпирикалық жолдармен жасалынған және ұзақ жылдарға созылған іс-тәжірибелік сынақтан өткен тәсілдер "дерек оқиғаны қалай бейнелейді" деген проблеманы шешуге көмектесетін, жазба деректерді зерттеу методикасына айналды. Жазба деректер заттай (археологиялык.) деректерден бөлек зерттеліне бастады. Бүгінгі күні деректану өркениетгі елдерде бірнеше сала-лардан тұратын, жан-жақты дамыған ғылымға айналды.
Тарихи деректерді белгілі бір уақыттағы тарихи және әлеуметтік жағдайда болып өткен уакиғаны немесе құбылысты бейнелейтін және өзін жасаған субъект туралы мәлімет беретін тарихи таным қүралы ретінде зерттеуге келешек тарихшыларды үйрету; студенттерге деректанулық талдаудың негізгі принциптерін, тәсілдерін және методтарын меңгеруге көмектесу.
ХАК-ының өз қаулылары ресми құжаттар болғандықтан, саны көп емес, халық ағарту ісінің барлық жұмысының мәселелерін ашып бере алмайды, бірақ олардың мазмұнын, оқу ағарту саласындағы өзгерістерді және бұндай заң актілерінің шығу себептерін анықтау белгілі бір дәрежеде қоғам өмірін көрсетіп тұрады.
ХАК-ын ондаған жылдар бойы өркендетуте үлес қосқан зиялылар кудалауға ұшырап, оларды жаңа кадрлар айырбастады. Бүкіл оқу-әдістемелік жұмысты сонау 1920 жылдағыдай қайта бастауға тура келді. Бұл Қазақстанның ағарту саласының басынан бірнеше рет кешіріп отырған рухани дағдарысын күшейтіп, барлық салада қайта құру реформаларын жасауға әкеп соқты. 1940 жылға дейін ағарту жұмысының дами алмағанының негізгі себебі осы. Аяғынан енді тұрып келе жатқан ағарту саласы он жылдан кейін қайта құруды тез игеріп кете алмады. Деректерді объективті қарау кезінде Кеңес өкіметінің идеологияландыру Коллегияның және жоғары партия орындарының хаттамалары қазақ зиялыларының тарихын терең әрі толық зерттеуге мүмкіндік береді. Әр түрлі деректердің мәліметтерін салыстыру тарихи хағдайдың дамуын бақылауға мүмкіндік береді, деректер бірін-бірі бірлесіп толықтырып, құбылыстың әр түрлілігін бейнелейді. Құжаттарды талқылау ұзақ та қиын процесс. Осыған байланысты зерттеуші үшін оларды таңдап алу принципіне, яғни оның ішінде деректе оқиғаның, не құбылыстың көрінуінің шындыққа қаншалықты сәйкестігі, деректік толықтығы, нақты құбылыстың мәнді белгілері және негізгі мазмұнының деректе бейнелену деңгейін көрсету маңызды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
1.Гумилев.Л.Н. Древние тюрки.М.1993.с.86.
2.Таукебаева Ш. Становление государственных учреждений Казахстана по образованию, культуре и науке (1917-1936 гг.):
Алматы.- 1999.-30с.
3. Сонда.
4.Ә.Бөкейханов. Таңдамалы.А.2004.
5. Источниковедение истории СССР. Под редакцией И.Д.Ковальченко.- Москва:«Высшая школа», 1981.- 496 с; Ковальченко И.Д. Исторический источник и историческое познание (методические аспекты).- Томск: Издательство Томского Университета,1973.- 208 с.
6.Доқументы и делопроизводство. Справочное пособие.- Москва :Экономика, 1991. с.3-4.
7.Тастанов Ш.Ю. Казахская советская интеллигенция.- Алма-Ата: Наука, 1982.-С. 62.
8.Меметов В.С., Данияев А.А. О месте и роли интеллигенции в политической истории общества //Интеллигенция в политической истории XX века/Сб. науч.тр.-Ивановский Государственный Университет, 1993. С. 3.
9.Тастанов Ш.Ю., Сулейменов Р.Б. Интеллигенция и перестройка // Известия АН КазССР.- 1990.- №4.-с. 3-15.
10.Сапаргалиев Г. Советское государство в борьбе за развитие
социалистической культуры в Казахстане.-Алма-Ата: Издательство Академии Наук КазССР, 1957. - 142 с
11.Чокаев М. Туркестан под властью Советов. - Алма-Ата: Ғылым,
1993. - 79 с.
12. Козыбаев М. Историография Казахстана: уроки истории.- Алма-Ата: "Рауан", 1990. с. 57.
13.Жаманбаев К. Высшая школа в Казахстане.- Алма-Ата: «Казахстан», 1972. -184 с.
14. Омарбеков Т. Мәдени құрылыс тарихы: тапшыл көзқарас сабақтары // Ақиқат.-1996.-№3.-29-32-Б.; Омарбеков Т. Сауатсыздықты жою: науканшылдық және оның салдарлары //Ақикат.- 1996.-№2.-3,0-35-Б.
15.Сулейменов Р.Б. Выступления участников юбилейной сессии общего собрания АН КазССР//Вестник АН КазССР.-1989.- №8.-С.34-38.; Сулейменов Р.Б. Историография культурной революции.//Историческая наука Советского Казахстана./Сб.науч.тр.-Алма-Ата:Гылым,1990.-206с.
16.Сулейменов Р.Б. Великий Октябрь и культурные преобразования Казахстане.- Алма-Ата: Наука КазССР, 1987.- 86 с.-С. 53.
17. Әбжанов Х.М., Әлпейісов Ә. Қазақ интеллигенциясы мен мәдениеті туралы.- Алматы: Респ. мәдениет қызметкерлерінің мамандығын арттыру. институты, 1992.-127 б.
18. Қойгелдиев М. Қазақстандағы 20-30 жылдардағы репрессиялаусаясаты және қазақ зиялыларының тағдыры. //Ураз Джандосов- выдающийся государственный деятель и просветитель./Материалы научной конференции.- Алматы,1999. С20-23.
19.Омарбеков Т. Сауатсыздықты жою: науқаншылдық және оның салдарлары.//Ақиқат.-1996.- №2.-30-35-Б.
20. Сулейменов Р.Б. Историография.культурной революции// Историческая наука Советского Казахстана / Сб. науч. тр. Алма- Ата: Гылым, 1990.-С. 209.
21.Годы работы в Казпедвуз. Ташкент.1928г.
22. Әбжанов X. Мәдени құрылыстың ақтандақгары // Қазақ тарихы.- 1993.- 47-50-Б.
23. Белышев И.С., Кузьмичев А.С. Формирование интеллигенции в вузах и техникумах в 1917-1928 годах // Интеллигенция в политической истории XX века / Сб. науч. тр. — Иваново, 1993.-102 с- С. 42.
24.Сулейменов Р., Бисенов X. Социалистический путь культурного прогресса отсталых народов.-Алма-Ата: «Наука«,1967.-422с.
25.Әбжанов X. Мәдени құрылыстың ақтандақгары // Қазақ тарихы.- 1993. 52Б.
26. Культурное строительство в Казахстане. 1933-июнь 1941 г.Сборник доқументов и материалов.- Алма-Ата: Казахстан, 1985.- 283 с.
27.Асанова С.А. К вопросу о понятии "национальная интеллигенция" //Вопросы истории, историографии и источниковедения Казахстана / Сб. статей молодых ученых. Выпуск ІУ.-,Алматы, 1993. -С. 11-12.
28.Сулейменов Р. Выступления участников юбилейной сессии общего собрания АН КазССР // Вестник АН КазССР.- 1989.-№8-34-38-Б.
29.Таукебаева Ш. Қазақстандағы халық ағарту ісі мекемелерінің қызметі (1920-1930жж.)//Ақиқат.-1998.- №6. 86 -87-Б.
30. Сулейменов Р. Т. Жургенев.-Алма-Ата: «Казахстан», 1968.-104 с.
31.Нүрпейісов К. Қазақ интеллигенциясының әкімшіл-әміршіл жүйеге ғылым мен мәдениет саласындағы қарсылығы (20-30 жылдар мысалында)
// Столичное обозрение.- 1998.- №7.
32. Қойгелдиев М.Қ., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді?-Алматы: Ана тілі, 1993.- 208 б.
33.Первый Казахский университет в Ташкенте. Сборник материалов и документов. Ташкент.2005.С.68.
34.Сонда.
35.Панфилова А.М. Советская периодическая печать как исторический источник. М.,- «Высшая школа», 1970-326с- С.2
Омарбеков Т. Мәдени құрылыс тарихы: тапшыл көзқарас сабақтары //Ақиқат-19986.-№3. -б.29-32., Сауатсыздықты жою: науқаншылдық және оның салдары // Ақиқат.-1996 №2.б.-30-35
36.Қойгелдиев М.Қ., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді? – Алматы: Ана тілі, 1993.-208 б.
37.Мендешов С. Состояние и задачи подготовки национальных кадров.// Народное хозяйство Казахстана -1933-№3 С.-41-46
38.Сулейменов Р.Б. Историография культурной революции // Историческая наука Советского Казахстана /Сб.науч.труд. Алматы:Ғылым,1990.-С.209
39.Нүрпейісов К. Қазақ интеллигенциясының әкімшіл-әміршіл жүйеге ғылым мен мәдениет саласындағы қарсылығы (20-30 жылдар мысалында) //Столичное обозрение - 1998. - №7
40.Т.Омарбеков. Ш.Омарбеков Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. А. 2004ж. 179б.
Достарыңызбен бөлісу: |