Қорытынды. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



бет2/4
Дата18.10.2023
өлшемі35.14 Kb.
#481080
1   2   3   4
вет сан сараптау

II.Негізгі бөлім:

Сүттің орташа үлгісін алу(зерттеп талдау және сақтау, консервациялау үшін). Сүт сапасын дұрыс анықтаудағы ең маңызды шарттардың бірі оның орташа үлгісін алу болып саналады. Оны берілген сүттің мөлшеріне дәлме - дәл сәйкестіндіріп алу керек. Сүттің орташа үлгісін дұрыс алу үшін оны араластыруға көп көңіл бөледі.Сүттің орташа үлгісін алу кезінде мемлекеттік стандарттардың төменгі түрлеріне жүгінеді.


- биохимиялық талдау жасау үшін МЕМ СТ 3622 - 68 және 13928 - 68,
- микробиологиялық зерттеулер үшін МЕМ СТ 9225 - 68.
Толық биохимиялық талдау (анализ) жүргізу үшін орташа үлгінің мөлшері 200 - 250 мл болу керек, ал тек қана қышқылдығы мен майлылығын анықтауға 50 мл сүт жеткілікті деп саналады.
Сүт үлгісін цистерналардан немесе т.б. түбі терең ыдыстардан алу үшін ұзын темір түтікше (мутовка) қолданылады. Ол үшін цистернаның әрбір секциясындағы сүтті (сүт үлгісін алар бұрын) 2 минут уақыт мөлшерінде жақсылап араластыру керек. Егер алынған сүт үлгісін бірден зерттемей ертеңгі күнге қалдырса, онда оны суытып, 3-5˚С - та тоңазытқышта сақтайды.
Сүттің органолептикалық көрсеткіштерін бағалау. Сүттің органолептикалық көрсеткіштеріне баға беру үшін оның түсін, дәмін, иісін және консистенциясын анықтайды.
Сүт түсі ақ, аздап сарғыштау болады. Ол цилиндр тәріздес шыны ыдыстың ішінде табиғи күндізгі жарықта жақсы көрінеді.
Сүттің иісі әртүрлі жануарлардың өзіне тән, жағымды иісі болады.
Сүттің дәмі аздап тәтті келеді. Оны анықтау үшін бір жұтым сүтті ұрттап, тілдің ұшынан бастап түбіне дейін шайып өтеді. Содан соң ауа жұтып, ауаны жайлап мұрнымен шығарады.
Сүттің консистенциясы біркелкі, біртекті болуы керек, ол оны бір ыдыстан екінші шыны ыдысқа құйғанда жақсы байқалады.
Ветеринариялық - санитарлық сараптау ережесіне сәйкес, бөтен иісі, дәмі, түсі бар сүт және сүт тағамдарын тағамға қолдануға болмайды.
Сүттің тығыздығын анықтау. Сүттің тығыздығы оның химиялық құрамы мен темпаратурасына байланысты болады. Жаңа сауылған сүттің тығыздығы төмен болады, сондықтан сүттің тығыздығын сауып болғаннан кейін 2 сағаттан соң анықтайды.Сүттің тығыздығын ареометр аспабымен, сүт жылуы 20˚С-та болғанындаанықтайды. Ол үшін кестені пайдаланады немесе түзеу коэффициенті арқылы есептеу жолымен анықтайды.
Практика жүзінде, қабылданған ережеге сәйкес, тығыздықты ареометр градусына айналдыру қолданылады.
Анықтау тәсілі:
1. 200-250 мл шамасындағы сүтті жақсылап араластырып, тегіс жерге орналастырған цилиндр ыдысқа құяды.
2. Сүт құйылған цилиндрге жайлап таза құрғақ ареометрді батырады.
3. 1-2 минут өткеннен кейін ареометрдің төменгі көрсеткіші (шкала) бойынша тығыздығын, ал температурасын жоғары көрсеткіш арқылы өлшейді.
4.Егер сүттің жылуы 20˚С-тан жоғары немесе төмен болатын болса, онда ареометрдің көрсетуін 20˚С - қа айналдыру керек. Ол үшін, арнайы кесте немесе түзету коэффициенті пайдаланылады.
Арнайы кестенің көмегімен тік бағанасы бойынша ареометр көрсетуіне сәйкес тығыздықты табу керек, ал көлденең бағанасы бойынша сүттің температурасын табу керек. Бағаналарды қиылысқан нүктесінде сүтті 20˚С температураға түсіргендегі сүт тығыздығы табылады.
Түзету коэффициенті арқылы анықтау ( кесте жоқ болса) 20˚С –тан жоғары, не төмен әрбір жылу градусының түзету коэффициенті - 0,2 санына тең. Егер сүттің жылуы 20°С-тан төмен болса, онда 0.2 -ні температураның айырмасына көбейтіп, шыққан санды ареометрдің көрсеткішінен шегеру қажет. Ал 20˚С-тан жылу жоғары болғанында, керісінше, көбейтіндіні ареометр көрсеткен санға қосады.
Сүттің қышқылдығын анықтау. Сүт қышқылдығы Тернер градусымен өлшенеді (100 мл сүтті титрлеуге шығындалған 0,1 қалыптағы ΝаОН мөлшері).
Жаңа сауылған сиыр сүтінің қышқылдығы 16-18°Т болады. Сондықтан да, 16 - 18°Т сүт – бірінші сортқа, 19 - 20°Т – екінші сортқа жатады. Қышқылдылығы 21°Т көп болса, ол сортсыз деп есептеледі. Сүт қышқылдығының көбею себептері: мал ауруы, сүт құрамының өзгеруі, мал азығы, ветеринариялық санитария және гигиена талаптарының орындалмауы және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет