Қорытынды. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



бет3/4
Дата18.10.2023
өлшемі35.14 Kb.
#481080
1   2   3   4
вет сан сараптау

Аспаптар мен ерітінділер: 1, 10, 20 мл пипеткалар, 100-200 мл-лік колба, бюреткалар,1 проценттік фенолфталеин ертіндісі.
Анықтау тәсілі: (жалпы қышқылдықты анықтайды). Бұл әдіс сүтке фенолфталеин қосып 0,1 ΝаОН ертіндісімен титрлеуге негізделген. Колбаға пипеткамен 10 мл сүт, оның үстіне 20 мл дистилденген су құйып, 3-5 тамшы фенолфталеин тамызады да, шайқап отырып бюреткадағы 0,1 ΝаОН ертіндісімен шамалап әлсіз қызғылт (1-2 минут ішінде ағармайтын) түске боялғанша титрлейді. Титрлеуге кеткен ертіндісінің (сілтінің) мөлшерін 10-ға көбейткенде шыққан көрсеткіш Тернер градусымен (Т) есептегендегі сүттің қышқылдығы болып есептелінеді.
Бақылау үлгісін дайындау. Колбаға 10 мл сүт, 20 мл су және 1мл 25 %-тік күкірт қышқыл кобальт ерітіндісін қойып, жақсылап араластырады.
Сүттің тазалығын анықтау.Сүтке түсетін механикалық қоспаларға: жем - шөп қалдықтары, топырақ, малдың жүні, төсеніш заттар т.б. жатады.
Сүттің механикалық қоспалармен ластануын анықтау үшін сүзу әдісі қолданылады. Бұл әдіс сүтті сүзгенннен кейінгі сүзгіште қалған тұнбаны сүт тазалығын айқындайтын эталонмен салыстыруға негізделген. Сүзгіштен өткізілген. Бактериялармен ластану микроорганизмдердің сүтке түсу жолдарына байланысты болады. Негізгі бактериялардың көздері болып, мал терісі, қораның ауасы, сүт сауатын ыдыстар, сауыншының тазалығы, мал азығы т.б. саналады. Сондықтанда, сүттің тазалығы, оны алу кезіндегі санитарлық күйін сипаттау.
Сүттің бактериялармен ластану дәрежесін 1мл сүттегі бактериялардың санына қарап бағалайды.
Қажетті құралдар: сүттің тазалығын анықтайтын «Рекорд» аспабы негізгі- ақ дәкеден жасалған сүзгіш, тазалық дәрежесін анықтайтын үлгі (эталон) кесте.
Анықтау тәсілі: Сүтті сүзбей тұрып алдымен оны 35-40°С температураға дейін қыздырып алады, сонда қаймақ түйіршіктері еріп механикалық қоспалар анық көрінеді.
1. Құралдың темір торына дөңгелек сүзгішті орналастырып, бекітеді.
2. 250 мл сүтті жақсылап араластырып, құралдың ыдысына құяды. Сүт сүзіліп болған соң сүзгішті алып, ақ қағаздың бетіне жайып кептіреді.
3. Кепкен сүзгішті эталонмен салыстыру арқылы, сүттің тазалық дәрежесін анықтайды.
Сүт механикалық түйіршіктердің санына және көлеміне байланысты үш топқа бөлінеді:
1 топ - сүзгіде механикалық түйіршіктер жоқ.
2 топ - сүзгіде аздаған ұсақ механикалық түйіршіктер бар.
3 топ - сүзгіде көптеген ұсақ және ірі механикалық түйіршіктер болады. Механикалық ластығы өте жоғары болтын болса, онда сүттің сапасы төмен болып есептеледі, өйткені сүтке механикалық қоспалармен бірге микроорганизмдерде түседі.
Сүттегі соданы анықтау. Сүт ашымас үшін және қышқылдылығын азайту үшін оған сода қосады.Сода қосылған сүт тез бұзылады, өйткені ол өзінің бактерицидтік қасиетінен айырылады да, онда зиянды бактериялар дами бастайды. Сүтте сода бар жағын розол қышқылы арқылы анықтайды.
Розол қышқылымен анықтау.Розол қышқылы индикатор болғандықтан өзінің түсін ортаға байланысты өзгертіп отырады. Қышқыл ертіндісінде оның түсі қызғылт сары түске боялады, ал сілтілі ортада қызыл түске айналады.
Құралдар мен ерітінділер: пробиркалар, 5 мл-лік пипеткалар, розол қышқылының 0,2 % -тік ертіндісі.
Анықтау тәсілі:Пробиркада бірдей мөлшерде сүт және розол қышқылы араластырылады. Сода қосылған сүттің түсі қызылға, ал содасы жоқ сүт сарғыш қызылға боялады.
Сүттегі крахмалды анықтау.Сүттің қоюлығын арттыру үшін оған крахмал немесе ұн қосады.
Құралдар мен ерітінділер: пробиркалар, 5 мл -лік пипетка, 0,5 - тік иод ерітіндісі. Анықтау тәсілі:Пробиркаға 5 мл сүт және 3 тамшы 0,5 % - тік иод ерітіндісін құйып араластырады. Крахмал қосылған сүт көк түске, ал крахмал жоқ сүт сарғыш - жасыл түске боял

2,2. Әр түрлі аурулармен ауырған мал сүттерін ветеринария саласындағы ережелерге және де жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі нұсқауларға сәйкес бағалайды. Ережелер мен нұсқаулардың талаптарын барлық сүт өндіретін шаруашылық қызметкерлері мен жұмысшылары және сүт сататын және сатып алатын мекемелер, адамдар міндетті түрде сақтауы қажет. Сүт алынатын сиырлардың табыны үнемі ветеринария дәрігерінің бақылауында болып, бруцеллез, туберкулез, желінсау және де басқа ауруларға тексеріліп отырылуы қажет. Егерде сүт топалаң, қарасан, қатерлі ісік, лептоспироз, құтыру, оба, Ку-қызбасы, ала өкпе (өкпе мен плевраның жаппай қабынуы) желін туберкулезі, лейкоздың ( қан түзетін ұлпаның уытты ісігі) – клиникалық белгілері болғанда және желін некробактериозымен (шірік тұяқ, бақай құрт ) ауырған малдардың сүтін 30 минут қайнатқан соң жойып жібереді.


Ал егер туберкулез, бруцеллез, аусыл, листериоз Ауески ауруы ( жалған құтыру) лейкоздың клиникалық белгілері жоқ түрінде және желінсау аурулары кездессе осы аурулармен күресу жөніндегі нұсқауларға сәйкес сүтке баға беріледі. Мал сүті адамдар мен жануарларға ортақ аурулар қоздырғыштарының жақсы өсетін орта болғандықтан ауру тарататын көздің бірі деп есептелінді. Ауру тудыратын қоздырғыштар негізінен сүтке ауру малдан, сонымен қоса ауру адамдардан, жәндіктер, кеміргіштер арқылы санитарлық гигиеналық талаптарға сай емес су арқылы түсуі мүмкін.
Сібір жарасына байланысты карантинде тұрған сиыр сүтін қайнатқан соң босатуға болады. Шикі түрінде карантин алынған соң ғана пайдалануға рұқсат етіледі. СТИ вакцинасы егілген соң егер жануардың егілуден кейін қызуы көтерілмей, егілген жері ісімесе және басқа да асқынулар болмаса сүтті кедергісіз босатуға болады. Егер қандай да бір асқыну белгілері байқалса, ол сиырдан сауылған сүтті қайнатуға жібереді. Маңқамен ауырған, немесе малеинге оң нәтиже берген бие сүтін 30 минут қайнатқан соң жояды.
Туберкулез. Сүт арқылы туберкулез таяқшасының барлық түрі беріле алады. Сүттің туберкулез таяқшасымен ластануы да өте жоғары. Кейбір ауру сиырлардан 1 мл сүттен 5 млн микобактериялар бөлінеді.Туберкулез қоздырғышы тек сүт жолдары арқылы түсіп қоймайды. Қоздырғыш санитариялық – гигиеналық режим бұзылған жағдайда қоршаған ортадан және нәжістен түсуі де мүмкін. Туберкулез таяқшасының адам түрі туберкулезімен ауыратын сауыншылардың, қызметкерлерінің қолы арқылы түседі.
Сүт және сүт тағамдарында туберкулез таяқшалары өте ұзақ сақталады. Сүтте 9 -10 күн, салқындатылған сары майда - 300 күн, ірімшікте - 260 күн күн мөлшерінде сақталады. Туберкулездің өте ауыр түрінде сүттің қышқылдығы 2 есе төмендейді, сүт қанты мен майдың саны 2 есе, белок 5,5 - ке көбейеді. Егер туберкулез ошағы желінде орналасса сүт көкшіл, сұйық, үлпекті, қан болуы мүмкін. Ал оң реакция берген, бірақ клиникалық белгілері жоқ сиырлардың сүті сау малдардың сүтінен ажырату қиын.
Ветеринариялық – санитариялық бағалау. Туберкулездің клиникалық белгілері бар сиырдан алынған сүтті адамдарға, малдарға азық ретінде пайдалануға болмайды. Бұндай сүтті 5 % формальдегидпен зарарсыздандырады. Ауру малдарды саумайды.
Аурудан сауыққан малдардың сүтін шаруашылықта, 90 ° С та 5 минут не болмаса 85 ° С та 30 минут пастерленген соң, сүт заводына жібереді, ал сүт заводында 2 - ші рет пастерлеуден өткен соң, тұтынушыларға босатуға болады. Егерде пастерлеуге мүмкіндік болмаса, қайнатады.
Туберкулез ошағы қай жерде орналасқанына қарамастан ауру малдан алынған сүт үлкен эпидемиялық тұрғыдан өте қауіпті.
Туберкулезге оң реакция беріп, бірақ туберкулездің клиникалық белгілері жоқ болса, онда алынған сүтті қайнатып зарарсыздандырады да шаруашылықтың ішінде пайдаланады. Осындай малдардың сүтін тортасын айырған май дайындау үшін өңдейді.
Ауру малдардан алынған сүтті мал дәрігерінің рұқсатынсыз ( осы участокты қамтамасыз ететін) пайдалануға болмайды. Егерде шаруашылықтардан адамдар мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулар табылған кезде, осы аурулармен күресу ережелеріне сәйкес аурулардың басталып, аяқталғанына дейін сүтті шаруашылық ішінде пайдаланады және сыртқа шығаруға рұқсат етілмейді. Қаймағы айырылған сүтті ( көк сүт) де зарарсыздандырған соң тек шаруашылық ішінде ғана пайдаланылады.
Бруцеллез. Адамдарға бруцеллез малдармен жұмыс жүргізгенде, сүт тағамдарын пайдаланғанда жұғады. Сүт тағамдарының ішінде сүзбе ірімшігі, әсіресе қой ірімшігі, кілегей және сары май бруцелла қоздырғыштарының тіршілік ететін қолайлы ортасы. 1 мл ауру малдың сүтінде 10-20 мың бруцеллаға дейін болады. Бруцеллалар тек сиыр сүтімен емес, қой, бие, түйе, буйвол сүтімен де бөлінеді. Сүтте бруцеллалар өсіп өнбейді, ал бруцелланың өсуі 38 ° С – та 40 сағаттан соң, ал 20°С та 3 күннен соң бастайды. Олар төменгі температурада өте жақсы сақталады. Мысалы, 20 °С - та бруцелланың өсуі байқалған. Ал жоғары температураға төзімсіз. 70 °С - та 10 минут 80-85 °С - та 5 минуттан соң өледі, ал қайнатса өте тез арада өледі. Ал қалыптағы температурадағы өзінің өмір сүруін 10-16 күн, салқындатылған өнімде 6 - 40 күн, ал 56° С та 15 - 90 минут сақталады. Қаймақта - 10 күн, сары майда 25 - 67 күн, ірімшікте 45 күн сақталады.
Ветеринариялық – санитариялық бағалау. Бруцеллез ауруы бар сиыр шаруашылығынан сүт алуға мүлдем рұқсат етілмейді. Сүттерді шаруашылықта залалсыздандырады. Ауру малдың сүтін 70 °С температурада 30 минут немесе 85-90°С - та 20 секунд пастерлейді, не болмаса қайнатқаннан кейін ғана сүт заводына, не болмаса шаруашылық ішінде пайдалануға рұқсат етіледі. Өте сирек кейбір жағдайларда ауру малдың сүтін ауданның бас мал дәрігерімен және облыстың бас санитариялық дәрігерімен келісілген жағдайда, арнайы цистернамен, арнайы ыдыспен сүт заводына тапсыруға болады. Бұндай ыдыстар өте жақсы бекітіліп пломбы соғылғаннан этикеткаға «Сүт, бруцеллез ауруы бар малдан алынды, пастерлеу керек» деген белгі соғылады. Сүт заводында 70°С - та 30 минут , 85-90° С - та 20 секунд пастерлейді, цистерна мен ыдыстарды ережелерге сәйкес зарарсыздандырады. Ал егер сүт бруцеллез ауруының клиникалық белгілері бар сиырлардан алынса, оны шаруашылықта 5 мин. қайнатып, зарарсыздандырады.
Шаруашылықта, сүт заводында арнайы журналдар құжаттар жүргізіледі. Онда пастерленген сүттің мөлшерін, қандай әдіспен пастерлеу режимін көрсетіп жағады. Егер сүт, бруцеллездің РА (АР) және РСК реакцияларына оң нәтиже берген сиырлардан алынса, ондай сүтті де қайнатып, тек қана шаруашылық ішінде ғана пайдаланылады не болмаса тортасын айырған сары май жасауға пайдаланылады. Егер шаруашылықта бруцеллез ауруы бар болса, қой мен ешкіні сауып, сүтін пайдалануға рұқсат етілмейді. Егер де базарға түскен сүтті бруцеллез сиырлардан алынған деп күмәнданғанда сүтке сақина реакциясын қойып анықтайды. Бруцеллезге оң реакция берсе, онда сүтті сатуға рұқсат етілмейді. Әсіресе, көк сүт өте қауіпті деп есептелінеді.
Аусыл. Аусылмен ауырған сиырдың сүті ауыл шаруашылық малдардың және адамдардың арасында, әсіресе балалар үшін ауру тарататын көз болып есептелінеді. Н.Н.Розенбергтің тұжырымы бойынша адамдарға аусылдың жұғуы 95% жағдайда тек сүт арқылы , 34 % малмен жанасқанда, ал 0,5 % сүттің басқа өнімдерінен деп есептейді.Аусылдың вирусы сүтке желінде орналасқан аусыл жарасы, қабыршықтары, афтысынан түседі.
Ауру малдың сүтінің ішінде қанттың мөлшері 3,9 % - ке дейін азаяды (қалыпты жағдайда 5,04 %), альбумин мен глобулин 0,86 % және 1,20% ке дейін көбейеді (қалыпты жағдайда 0,67%). Сүтте аусыл вирусы бар екенін мына әдіспен байқауға болады. Алдын ала қырылған зертханалық теңіз шошқасының артқы аяғының табанына сынаманы жағады да, тексеруге алады, егер аусыл вирусы бар болса, 12 сааттан соң қызарып ісінеді де, 24 сағаттан соң афты пайда болады, ал 2-3 күннен соң афтылар (аусыл жарасы) ауыз қуысында пайда болады. Аусылда сүт шығымы өте тез төмендейді. Сүт 17-37° температура аралығында сақталынса, аусыл вирусы 24-27 сағат ішінде, ал 5° С - та, 13 күннен ғана белсенділігі артады. Кілегейде - 18-20°С - та 3 күннен соң, 5°С - та 11 күннен соң, ал сары майда 17°С- та 8 күннен кейін белсенділігі арта түседі. Ашытқан өнімдерде өмір сүре алмайды, ал пастерленген сүтте 35 күндей сақталады.
Аусыл вирусы 50°С- та қыздырғанда 30 минуттан соң, 60°С - та 15 минуттан соң, ал 80-100 °С- та өте тез арада залалсыздандырылады. Аусылда сүттің құрғақ заттары арта түседі, әсіресе май кейде белок, ал қалған майсыз құрғақ заттардың мөлшері төмендейді. Л.Д.Петкеевичтің қорытындылары бойынша аусылда сүттің майлығының артқаны 78 % жағдайда байқалды (бастапқы сатысында май 9,88% - ға дейін (3,04 % қалыпты жағдайда), ал витаминдер азаяды. (А, В2).
Ветеринариялық – санитариялық бағалау. Аусыл ауруы бар жерден алынған сүтті 5 минут қайнатып, не болмаса 80°С - та 30 минут залалсыздандырады. Бұндай сүтті тортасынан айырған май дайындауға пайдаланады.
Сүт заводтарында және сүт қабылдайтын пунктерде аусыл ауруы бар шаруашылықтардан келіп түскен сүтті міндетті түрде сүт тазартатын аспаптарда өңдеп, сүтті 76-80°С - та 15-20 сек. пастерлейді. Ал тазартудан кейін түскен тұнбаны жағып жібереді.
Егерде сүт қабылдау пунктерінде, заводтарында тазартқыш аспаптар (центрифуга) жоқ болса аусылға күмәнді сүтті 85 °С - та 30 минут пастерлейді немесе 5 минут қайнатады. Егерде сүтте осы ауруда жағымсыз иіс, дәм, басқа да ақаулар болса, онда сүтті міндетті түрде 5 минут қайнатқан соң жойып жібереді. Ондай сүттер базардың ветеринариялық – санитариялық сараптау зертханасында иесінің көзінше жойып жібереді және де сүт әкелінген ауданның бас мал дәрігеріне хабарлама жасайды, сүттің жойылып жіберілгені туралы 2 данада акт жасалынып, біреуі сүт иесіне, екіншісі зертханада қалдырады.
Лептоспироз. Бұл ауру желіннің ісінуімен, сүтке қан араласуымен және желінсаудың жіті түрімен сипатталады. Ауру малдың денесінен лептоспирлер әр түрлі жолдармен, оның ішінде сүт арқылы да бөлінеді. Көптеген ғалымдардың айтуына қарағанда, лептоспирлер желінсау болмаса да сүттен бөліне беруі мүмкін. Ең қауіпті деп жаңадан сауылған сүт есептелінеді. Ал бірнеше сағаттан соң сүттің қышқылдылығы және басқа факторлар (бактерицидтік қасиет) жоғарылай түседі, сондықтан да, қышқылды сүтте лептоспирлер 10 минут ішінде өледі. Ал сүтті 50-60°С - қа қыздырғанда лептоспирлер 30 минут ішінде бұзылады. Любашенко С.Я., М.Мусаевтардың тұжырымдары бойынша ауру малдың сүті аурудың 10 –шы күні 39 % - ке, ал 20- шы күні 30% - ке кемиді, кей жағдайларда сүттің бөлінуі мүлдем тоқтайды және құрамы күрт өзгереді. Сүт сары түске боялады.
Ветеринариялық – санитариялық бағалау. Ауру малдан алынған сүттің органолептикалық ақаулары болып, қан араласса, сарғайғаны байқалса оны қайнатып залалсыздандырып, малдарға азық үшін пайдаланады. Егер органолептикалық өзгерістер жоқ болса, қайнатып залалсыздандырған соң пайдалануға рұқсат береді.
Лейкоз. Ветеринариялық – санитариялық бағалау. Лейкозбен ауырған сиыр сүтін тек қана өз төлдеріне азық үшін не болмаса шошқа торайларына 30 минут қайнатқан соң азық ретінде пайдаланылады. Егерде клиникалық белгілері жоқ, бірақ та күмәнді сиырлардан алынған сүтті 85°С - та 10 минут пастерлеуден кейін не болмаса 5 минут қайнатқан соң пайдалануға рұқсат береді. Мұндай сүтті тортасынан айырған май, айран, ацидофилин дайындауда қолданады. Аурудан таза емес шаруашалықтан шыққан сүтті пастерлеу арқылы өнім шығаратын сүт зауыттарына жіберуге болады.
Листериоз. Ветеринариялық – санитариялық бағалау. Ауру малдан алынған сүтті қайнатып шаруашылық ішіндегі малдарға азық үшін пайдаланылады. Сауыққан малдардың сүтін 2 ай бойы 70°С - та 10 минут пастерлейді.
Ауески ауруы. Ветеринариялық – санитариялық бағалау. Клиникалық белгісі бар немесе күмәнді малдардан алынған сүтті қайнатып залалсыздандырады да, жойып жібереді. Кей жағдайларда күмәнді малдардан алынған сүтті адамдарға тағам ретінде 80°С - та 10 минут пастерлегеннен немесе қайнатып залалсыздандырған кейін қолдануға рұқсат етіледі.
Желінсау. Қоздырушысы стрептокок, стафилакок, сирек жағдайда ішек таяқшасы, саңырауқұлақтар немесе басқа да микроағзалар болып саналады. Сүт құрамы мен қасиеті аурудың терең бойлауына байланысты болады. Сүт құрамында стафилакок, стрептококтың болуы тағамдық улануға ұшыратады және қолданылатын залалсыздандыру әдістерінде токсиндер жойылмайды. Көбінесе, ауру мал сүтінде казеин, лактоза, май және майсыз құрғақ зат мөлшері азайып, тығыздығы мен ұю қабілеті төмендейді. Хлор, альбумин мөлшері азайып, май шарларының көлемі кішірейеді. Аурудың клиникалық белгілері бар болғанда сүт консистенциясы ірімшік тәрізді, түсі көкшіл немесе сарғыш түсті, дәмі тұз татиды. Мұндай сүттерді қайнатқан соң жояды. Маститтің созылмалы түрінде сүттің органолептикалық қасиетін ажырату қиын. Әрбір ауру сиырларды сауғаннан кейін ыдысты дезинфекциялайды.
Ветеринариялық – санитариялық бағалау. Аурудың клиникалық белгілері бар болғанда сүт консистенциясы ірімшік тәрізді, түсі көкшіл немесе сарғыш түсті болғанында сүттерді қайнатқан соң жояды. Желінсаумен ауырған сиырдың сүтінде органолептикалық ақаулар болса 10 минут қайнатқан соң жарамсыздыққа шығарады. Егерде органолептикалық өзгерістер жоқ болса, шаруашылық ішінде 850С - та 30 минут пастерлейді, не болмаса 5 минут қайнатқан соң малдарға азық үшін пайдаланылады.
Салмонеллездер. Ветеринариялық – санитариялық бағалау. Сальмонеллезді сүтті 5 минут қайнатқан соң оның қауіптілігі жоғалады деп есептелінеді. Салмонеллез ауруы болған кезде аурудан сауыққан соң 2 ай бойы сүтті 80°С - та 30 минут пастерлейді. Егер дайын тағамдарда салмонелла табылса , ондай өнімдер техникалық утилизацияға жатқызылады.
Тулеремия. Қоздырғышы сүт арқылы бөлінеді. Сүтте 8 күн, мұздатылған сүтте – 104 күн тіршілік етеді. Адам тулеремиямен ауыруға бейім келеді.
Ветеринариялық – санитариялық бағалау. Агглютинация реакциясында оң нәтиже берген сиыр сүтін тағамға қолданар алдында пастерлейді немесе қайнатады.
Қой мен ешкінің инфекциялық агалактиясы. Қоздырғышы сүт арқылы бөлінеді.Ветеринариялық – санитариялық бағалау. Егер сүттің органолептикалық қасиеттері өзгерсе және мастит белгілері байқалса, ол сүтті қайнатып жояды. Жануарларда аурудың көз немесе буынды формалары болса, ондай сүтті қайнатқан соң тағамға қолдануға рұқсат етіледі. Аурудан таза емес шаруашылықтан алынған сүтті сол шаруашылықтың өзінде пастерлеп, тағам ретінде пайдалауға босатады.
Некробактериоз. Ветеринариялық – санитариялық бағалау. Егер сүт безі зақымданбаса, сүтті қайнатқан соң тағамға қолданады.
Паратуберкулез. Ветеринариялық – санитариялық бағалауда құс туберкулиніне оң нәтиже берген сиыр сүтін 700С –да 30 минут, 900С – да 10 – 15 минут пастерлеп немесе қайнатқан соң тағам ретінде қолдануға босатады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет