Қорларды басқару теориясының элементтері



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата13.10.2022
өлшемі145.3 Kb.
#462608
1   2   3   4
7,1

Материалдық қорларды құру себептері. Материалдық қорларды құру 
кезінде кәсіпкерлер басшылыққа алатын негізгі себептер: 
1 белгіленген жеткізу кестесінің бұзылу ықтималдығы (кіретін 
материалдық ағымның қарқындылығының төмендеуі). Бұл жағдайда қор 
өндірістік процесс тоқтап қалмас үшін, әсіресе өндірісі үзіліссіз циклды 
кәсіпорынға қажет;
2 сұраныстың ауытқу мүмкіндігі (шығатын ағынның қарқындылығының 
артуы);
3 тауардың кейбір түрлерінің өндірісінің маусымдық ауытқуы. Оған 
ауыл шаруашылығының өнімдері жатады;
4 тауардың ірі партиясын жеңілдікпен сатып алу; 
5 алыпсатарлық. Кей тауарларға бағаның күрт көтерілуі. Тауарға деген 
бағаның өсуін болжай алатын кәсіпорын пайда табу мақсатында қор жинайды;
6 тапсырысты ресімдеумен байланысты шығындар. Әр тапсырысты 
ресімдеу процесі әкімшілік сипаттағы шығындарды талап етеді (жеткізушіні 
іздеу, онымен келіссөздер жүргізу, іссапарлар, қалааралық келіссөздер, т.с.с.). 
Бұл шығындарды тапсырыс беретін партияның көлемін арттыру есебінен 
қысқартуға болады; 
7 өндіру мен тарату бойынша операцияларды бірқалыпты жүзеге асыру 
мүмкіндігі. Әрекеттің осы екі түрі өзара тығыз байланысты, өндірілген тауар 
таратылады. Қор болмаған жағдайда тарату жүйесінде материалдық ағымның 
қарқындылығы өндіріс қарқындылығының өзгеруімен сәйкес келеді. Бөлу 
жүйесінде қордың болуы өндіріс жағдайынан тәуелсіз тарату процесін 
бірқалыпты таратуға мүмкіндік береді. Өндірістік қордың болуы шикізат пен 
жартылай фабрикаттарды еткізуде болатын ауытқуларды білдіртпей, өндіріс 
процесінің бірқалыптылығын қамтамасыз етеді;

тұтынушыға 
жедел 
түрде 
қызмет 
көрсету 
мүмкіндігі. 
Тұтынушылардың тапсырысын келесі тәсілдердің бірін орындау арқылы 
жүзеге асыруға болады:
- тапсырыс берілген тауарды өндіру; 
- тапсырыс берілген тауарды сатып алу; 
- тапсырыс берілген тауарды бар қордан беру.


9 қосалқы бөлшектердің болмауынан өндірістің тұрып қалуын 
минимумға келтіру;
10 өндірісті басқару процесін оңтайландыру. Кәсіпорынның ішінде 
өндіріс процесінің әртүрлі сатыларында жартылай фабрикаттардың қорын 
құру. Бұндай қордың болуы әртүрлі учаскелерде өндірістік процестерді келісу 
дәрежесіне қойылатын талаптарды төмендетуге мүмкіндік береді.
Аталған себептер саудадағы, өнеркәсіптегі кәсіпкерлер қорларды 
құрулары қажет, олай болмаған жағдайда айнылыс шығындары артып, пайда 
төмендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет