6.2 Табиғи судың санитарлық жағдайын бағалау бойынша тапсырма
Егер құрамында келесілер айқындалса, табиғи судың санитарлық жағдайын анықтау және бағалау:
1) азот бойынша нитраттардың құрамы – 5 мг/л;
2) мұнай өнімдері – 0,4 мг/л;
3) РШК сәйкесінше 10, 0,3 және 0,5 болғанда толуол – 0,1 мг/л.
Бақылау сұрақтары
1 Қоршаған орта объектілерінің сапасы деген не?
2 Өзеннің ластану деңгейіне қандай көрсеткіштер әсер етеді?
3 Зиянды заттардың тасталымы бойынша табиғи су қандай талаптарды қанағаттандыру қажет?
7 Шаруашылық әрекеттің әр түрлілігінде мониторингті ұйымдастырудың ерекшеліктері
Мақсаты: Шаруашылық әрекеттің әр түрлілігінде мониторингті ұйымдастырудың схемаларын зерттеу. Жеке кәсіпорындардың мониторинг бағдарламаларын құрастыруды үйрену.
7.1 Өндірістік мониторинг бағдарламасы
Осы тақырып бойынша мысал ретінде «Алюминий Казахстан» АҚ өндірістік бірлестігін қарастырайық.
Павлодар Алюминий зауытында Орталық Қазақстанда (Краснооктябрь мен Торғай көздері) пайда болған төмен сапалы бокситтердің өңделуі жүргізіледі. ПАЗ негізгі түрі болып алюминий өндірі үшін шикізат қызметін атқаратын металлургиялық саз балшық табылады. Саз балшық ерітіндісін өңдеу барысында металлдық галлийді алады. Сонымен бірге, суды тазартудың реагенті – алюминий сульфатының өндірісі жақсартылған.
Зауытта атмосфераға зиянды заттардың тасталым көздері болып табылады:
- кальцинацийдің түтін құбырлары;
- біріктіру цехының құбырлары.
Гидрометаллургиялық цехта кальцинаций пештері жоғары тиімді үш қадамды тазартқышпен жабдықталған. Бірінші және екінші қадам –батареялы циклондардың блоктарындағы механикалық тазарту, үшіншісі – электрофильтрлер. Кальцинаций пештерінен кейін шаң газды қоспаның тазарту дәрежесі 99,98% құрайды.
Біріктіру цехында 7 пеш тазартудың екі қадамды жүйесімен жабдықталған. Біріншісі өзіне механикалық тазартудың циклондарын қосады, екіншісі – көлденен электрофильтрлер. Тазарту дәрежесі 99,1-99,5% құрайды. Атмосфераға шаң, күкіртті ангидриді, азот және көмірсутек оттегісі 13000 т/ жыл шегінде.
Шығындардың сипаттамасы
Параллельді схема «Байер-біріктіру» бойынша саз балшықтың өндірісінде қалыптасудың жылдық көлемі 3500000 тонна.
Шығындарды жинау, тасымалдау және сақтау жүйесінің сипаттамасы: гидротранспорт. Шығындардың құрамы –алюминий, темір, кремний, титан, кальций, натрий – 4-ші класс қауіпті оксидтері.
Шығындарды сақтау – қоқыс жинағыш (№ 2 карта) «Алюминий Казахстана» АҚ. Шығындардың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына зиянды әсер ету жағдайларын болдырмау (қарсы сүзгіш экран, шаңсыздандыру жүйесі, суды жинау және тазар), қоқыстар қоймалануда йементтеледі және тозанданбайды. Жер асты суларды қорғау үшін бүкіл перимитр бойынша «Жердегі қабырға» қарсы сүзгіш карталар шымылдығы қарастырылған.
Производственный мониторинг окружающей среды «Алюминий Казахстана» АҚ-ның қоршаған ортаның өндірістік мониторингі облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасымен келісілген бағдарлама бойынша жүргізіледі.
7.1.1 Өндірістің атмосфералық ауа мониторингі
Зауыттың территориясында және санитарлы-қорғалған аймағында атмосфералық ауаның жағдайын бақылау орталық зауыттық зертхананың құрылымына кіретін еңбекті қорғау лабораториясымен іске асырылады. Ауа ортасының жағдайын бақылау қадағалаудың графигіне сәйкес асырылады. Сонымен бірге бақылау графигіне сәйкес газ тазартқыш құрылғылардың жұмысына бақылау іске асырылады. Қадағалау графиктері Вице-президентпен бекітілген және облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасымен келісілген.
7.1.2 Су ресурстарының мониторингі
«Алюминий Казахстана» АҚ ағызынсыз сұлба бойынша жұмыс істейді. Өнеркәсіптік ағызындылар өзінің су айналымын суландыру үшін қолданылады. Шаруашылық ағызындыларды өткізу қалалық тазарту үймереттерінің иелігінде. Кәсіпорынның ағызынды сулардың құрамында мұнайөнімдердің және рН болуына талдауы айына 1 рет орталық химиялық лабораторияның «Қалалықсуканал» лабораториясымен бірге өткізіледі.
«Алюминий Казахстана» АҚ шығындарын жинақтаушылардың айналасында химиялық құрамды және жер асты сулардың деңгейін талдау үшін қадағалау барлаудың желісі жабдықталған. Қоқыс жинаушылардың орналасу ауданында жер асты сулардың жағдайын бақылау барлаулар бойынша жүргізіледі. Құрамында улы заттардың (мышьяктың, кадмийдің, сынаптың, кобальттың, мыстың, молибденнің және т.б. компоненттердің) болуына жер суларының деңгейін өлшеу және кескінің сұрыптау жылына 3 рет өткізіледі. Қадағалау ауданында бірқатар жылдарда жер сулары деңгейінің елеулі ауытқулары белгіленбеген .
7.1.3 Жер ресурстарының мониторингі
«Алюминий Казахстана» АҚ-ның шығындардың жинақтағыштары маңайында жердің кескінің талдау орталық химиялық зертханасымен жылына 1 рет іске асырылады. Жер кескіндерін сұрыптау әдістемесі және оларды талдауға дайындау ГОСТ 17.4.3.01-83, ГОСТ 17.4.4.02-84. сәйкес жүргізіледі. Барлық зиянды заттардың құрамы РШК шегінде болады.
7.2 Мұнайды қайта өңдеуші зауыт пен ферроқорытпа зауытының мониторингі
Студенттерге мұнайды қайта өңдеуші зауыт пен ферроқорытпа зауытының өндірістік мониторингін зерттеуге және бағдарламаларын өздік зерттеуге, сонымен қатар олардың Павлодар қаласының қоршаған орта жағдайына әсер етуін анықтауға ұсынылады. Жұмысты есеп-қисап түрінде орындау.
8 «Зерно Прииртышья» ЖШС-нің қоршаған ортаға әсер етуін бағалау
Жұмыстың мақсаты: студенттерді: а) ластану көздерімен; б) «Зерно Прииртышья» ЖШС кәсіпорнының ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған тастауларының есептерімен; в) жер ресурстарын қорғау мен сумен қамтамассыз етуді ұйымдастырумен таныстыру.
«Зерно Прииртышья» ЖШС орналасқан өндірістік ауданның климаттық шарттары мен қысқаша физико – географиялық сипаттамасы.
Зерно Прииртышья» ЖШС-нің өндірістік ауданы Павлодар облысы, Ертіс ауылының шығыс бөлігінде орналасқан. Орналасу ауданы құрғақ ыстық жаз бен ұзақ аз қарлы қыс тән лезде континенталды климатпен сипатталады. Едәуір жылы ай – шілде, ауаның орташа көпжылдық максималды температурасы 27,7 °С. Ең суық ай – қаңтар, оның орташа көпжылдық минималды температурасы – 23,3 °С. Басыңқы желдің бағыты оңтүстік – батыстық және батыстық.
Атмосферада ластаушы заттардың сейілу шарттарын анықтайтын коэффициенттер мен метеорологиялық сипаттамалар ДГП «Павлодар гидрометеорология орталығы» 28.03.02 ж. №103 және РНД 211.2.01 - 97 берілгендеріне сәйкес 10 кестеде көрсетілген.
Кесте 10 - Коэффициенттер мен метеорологиялық сипаттамалар
Сипаттамалар атауы
|
Өлшемі
|
1
|
2
|
Атмосфераның стратификациясынан тәуелді коэффициент
|
200
|
Жергілікті орынның рельеф коэффициенті
|
1
|
Желдің орташа жылдық көрсеткіштері : С
СШ
Ш
ОШ
О
ОБ
Б
СБ
Штиль
|
8
8
10
10
10
23
19
12
6
|
Жоғарылауының қайталануы 5% құрайтын (көп жылдық көрсеткіштер бойынша) желдің жылдамдығы, м/сек
|
9
|
Тұрақты қар жамылғысы бар периодтың орташа ұзақтылығы, күндер
|
137
|
Едәуір ыстық айдағы сыртқы ауаның орташа максималды температурасы , °С (VII)
|
+27,7
|
Едәуір суық айдағы сыртқы ауаның орташа максималды температурасы , °С
|
-23,3
|
«Зерно Прииртышья» ЖШС ластауларының қайнар көздерінен атмосфераға келесідей ингредиенттер шығарылады:
Код Қоспа
0143 марганец тотығы
0342 пісіру аэрозолі
2908 Майкүбі көмірінің күлі
0301 азот тотықтары
2909 фторсутегі
2931 астық шаңы
2936 ағаш шаңы
2902 күкірт ангидриді
2930 абразивті шаң
0330 металл шаңы
Атмосфераға зиянды заттарды бөлетін негізгі көздерге: элеватордың технологиялық және көліктік жабдықтары, астықты кептірушілер жатады. Аталмыш жабдықтың астық шаңы бөліну орнында (пункты пересыпки, тасымалдауыштар, нориялар, таразылар) ауаны шаңдандыру жүйесі орнатылған.
Шаңұстағыштар ретінде тазартудың жобалы дәрежесі 98,0% құрайтын ЦОЛ маркалы циклондар қолданылады. Қысқы уақытта негізгі ластау көздеріне әкімшілік ғимараттар мен гараждарды жылыту үшін орнатылатын қолдан жасалған тұрмыстық агрегаттар (жағылатын пештер) жатады.
Кәсіпорында стационарлы ластау көздерінен ауаның аспирация жүйесі. Тазартуға дейін және кейінгі астық шаңы тастаулары бойынша берілгендер құрал – саймандық өлшемдер нәтижелері негізінде көрестілген (г/сек), шаңның мөлшері (г/сек, т/жыл) келесі формулалармен анықталған
G = (Gі × 1000) / 3600 г/сек (17),
M = 10-6 × Gі × t × 3600 т/жыл (18)
мұнда Gі – і – көзден шығарылатын шаң мөлшері, кг/сағ;
Gі – і – көзден шығарылатын шаң мөлшері, г/сек;
t – бір жыл ішінде қондырғының жұмыс уақыты, сағ/жыл.
8.1 Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған көздердің аспирация жүйесін есептеу
Ұйымдастырылған көз. АУ-30 аспирация жүйесі.
СОБ - 2. АУ-30 аспирация жүйесі «ДСП -50» астық кептіргішінде орнатылған. Уақыттың жылдық қоры - 30 сағат. Дизель отының жағудан түсетін тастауларды есептеу «Өнімділігі 30т/сағ дейінгі қазандықтарда отынды жағу кезінде бөлінетін ластаушы заттардың тасталуын есептеу бойынша әдістемелік нұсқау» бойынша жүргізіледі [Ә. 17]. Астық шаңының тастаулары бойынша берілгендер күйе тастауларының есептеулері есептелмеген өлшем нәтижелері бойынша көрсетілген.
Дизель отынының шығыны: Вт = 11,38 т/год; ВG = 105,3 г/сек.
Жағылу жылулығы: QР - 42,75 МДж
Отынның күлділігі: АР = 0,025 %
Отынның күкірттілігі: SР = 0,3 %
Қоспа - 0301 Диоксид тотығы
Астық кептіргіштің номиналды жылулық қуаты: QN = 4730 кВт.
Астық кептіргіштің фактылы жылулық қуаты: QF = 4050 кВт.
Азот тотығының мөлшері, КNО = 0,0987 кг/1ГДж жылу
Техникалық шешулер нәтижесінде азот тастауларын төмендету коэффициенті В = 0.
Азот тотығының мөлшері
КNО = КNО × (QF /QN)0,25 = 0,0987 × (4050/4730)0,25 = 0,095 кг/1 ГДж жылу.
Азот тотығының тастауы
М = 0,001 * Вт * QР * КNО * (1 - В) = 0,001 * 11,38 * 42,75 * 0,095 *(1-0)=0,04622 т/жыл.
Азот тотығының тастауы
G = 0,001 * ВG * QР * КNО * (1 - В) =
= 0,001 * 105,3 * 42,75 * 0,095 * (1 - 0) = 0,42765 г/сек.
Қоспа_–_0143_Марганец_және_оның_қосылыстары_(_марганец_тотығына_қайта_есептегенде_)'>Қоспа_-_0330_Күкіртті_ангидрид_(күкірт_диоксиді)'>Қоспа - 0330 Күкіртті ангидрид (күкірт диоксиді)
Отынның ұшпалы күлімен байланысты күкірт тотығының бөлігі, NSO2 = 0,02. Отындағы күкіртті сутегі, H2S = 0 %.
Күкірт тотығының тастаулары
М = 0,02 * Вт * SР * (1 - N SO2) + 0,0188 + Н2 S * Вт = 0,02 * 11,38 * 0,3 * (1 - 0,02) + 0,0188 * 0 * 11,38 = 0,06691 т/жыл.
Күкірт тотығының тастаулары
G = 0,02 * В G * SР * (1 - N SO2) + 0,0188 + Н2 S * В G = 0,02 * 105,3 * 0,3 * (1 - 0,02) + 0,0188 * 0 * 105,3 = 0,61916 г/сек.
Қоспа – 0337 Көміртек тотығы
Толық емес механикалық жағудан болатын жылу жоғалту Q4 = 0,5 % ,
Толық емес химиялық жағудан болатын жылу жоғалту Q3= 0,5%,
Жылу жоғалту бөлігін ескеретін, коэффициент R = 0,65,
Көміртек тотығының шығысы, кг/тонна
ССО = Q3 * R * QР = 0,5 * 0,65 * 42,75 = 13,894
Көміртек тотығының тастаулары
М = 0,001 * Вт * ССО * (1 – Q4/100) = 0,001 * 11,38 * 13,894 * (1 - 0,5/100) = 0,15732 т/жыл.
Көміртек тотығының тастаулары
G = 0,001 * В G * ССО * (1 - Q4/100) = 0,001 * 105,3 * 13,894 * (1 - 0,5/100) = 1,45572 г/сек.
Қоспа - 0328 Күйе (қара көміртек)
Коэффициент F = 0,01
Қатты заттардың тастауы
М = Вт * АР * F = 11,38 * 0,025 * 0,01 = 0,00285 т/жыл.
Қатты заттардың тастауы
М = В G * АР * F = 105,3 * 0,025 * 0,01 = 0,02633 г/сек.
Тазарту дәрежесі 97,82 % құрайды.
Тазарту ескерткенде
М = 0,00285 * (1 - 0,9782) = 0,00006 т/жыл.
G = 0,02633 * (1 - 0,9782) = 0,00057 г/сек.
Кесте 11 – АУ-30 аспирация жүйесін есептеу нәтижесі
Код
|
Қоспа
|
Тазартуға дейінгі тастаулар
|
Тазартудан кейінгі тастаулар
|
|
|
г/сек
|
т/жыл
|
г/сек
|
т/жыл
|
0301
|
Азот диоксиді
|
0,42765
|
0,04622
|
0,42765
|
0,04622
|
0330
|
Күкіртті ангидрид
|
0,61916
|
0,06691
|
0,61916
|
0,06691
|
0337
|
Көміртек тотығы
|
1,45572
|
0,15732
|
1,45572
|
0,15732
|
0328
|
Күйе
|
0,02633
|
0,00285
|
0,00057
|
0,00006
|
Ұйымдастырылмаған көз № 6037. САК-ТС-500 қозғалмалы пісіру посты
Пісіру жұмыстары кезінде ластаушы заттардың тасталуын есептеу (жеке көрсеткіштер негізінде) [Ә. 17].
Пісіру түрі: МР-4 маркалы даналы электродтармен қолмен доға пісіру.
Электродтар шығыны: В = 600 кг/жыл.
Бір күндегі электродтардың максималды шығыны: Вмах = 5 кг
Пісіру жабдығының жұмыс уақыты: S = 3 сағат/тәуілік; Т = 765 сағ/жыл.
Қоспа – 0143 Марганец және оның қосылыстары (марганец тотығына қайта есептегенде)
Шығындалатын материалдың Gis = 1,1 ластаушы заттарының г/кг үлесті тастауы
Ластаушы заттардың жалпы тастаулары
М = Gis * В/10-6 = 1,1 * 600/10-6 = 0,00066 т/жыл.
Максималды бірлік тастау
М = Gis * Вмах/3600/S = 1,1 * 5/3600/3 = 0,00051 г/сек.
Қоспа – 0342 Фторлы сутегі (фтор-гидрофторидқа қайта есептегенде фторлы газтәрізді қосылыстар).
Шығындалатын материалдың Gis =1,53 ластаушы заттарының г/кг үлесті тастауы
Ластаушы заттардың жалпы тастаулары
М = Gis * В/10-6 = 1,53 * 600/10-6 = 0,00092 т/жыл.
Максималды бірлік тастау
Gis = Gis * Вмах/3600/ S = 1,53 * 5/3600/3 = 0,00071 г/сек.
Қоспа - 2909 Пісіру аэрозолі
Шығындалатын материалдың Gis =9,7 ластаушы заттарының г/кг үлесті тастауы
Ластаушы заттардың жалпы тастаулары
М = Gis * В/10-6 = 9,7 * 600/10-6 = 0,00582 т/жыл.
Максималды бірлік тастау
Gis = Gis * Вмах /3600/S = 9,7 * 5/3600/3 = 0,00449 г/сек.
Кесте 12 –САК-ТС-500 қозғалмалы пісіру постын есептеу нәтижесі
Код
|
Қоспа
|
Тастау, г/сек
|
Тастау, т/жыл
|
0143
|
Марганец және оның қосылыстары
(марганец тотығына қайта есептегенде)
|
0,00051
|
0,00066
|
0342
|
Фторлы сутегі (фтор-гидрофторидқа қайта есептегенде фторлы газтәрізді қосылыстар)
|
0,00071
|
0,00092
|
12909
|
Пісіру аэрозолі
|
0,00449
|
0,00582
|
Ұйымдастырылмаған көз № 6040. Астық кептіргіш «ДСП – 32»
Уақыттың жылдық қоры – 110 сағат. Дизель отының жағудан түсетін тастауларды есептеу «Өнімділігі 30т/сағ дейінгі қазандықтарда отынды жағу кезінде бөлінетін ластаушы заттардың тасталуын есептеу бойынша әдістемелік нұсқау» бойынша жүргізіледі [Ә. 17].
Дизель отынының шығыны: Вт = 26,55 т/жыл; ВG = 67,04 г/сек.
Жану жылуы: QР= 42,75 МДж
Отынның күлділігі: АР= 0,025 %
Отынның күкірттілігі: SР = 0,3 %
Қоспа - 0301 Азот диоксиді.
Астық кептіргіштің номиналды жылулық қуаты: QN = 3030 кВт
Астық кептіргіштің фактылы жылулық қуаты: QF = 2580 кВт
Азот тотықтарының мөлшері, КNО = 0,0968 кг/1 ГДж жылу.
Техникалық шешулер нәтижесінде азот тастауларын төмендету коэффициенті В = 0.
Азот тотықтарының мөлшері
КNО = КNО * (QF / QN)0,25 = 0,0968 * (2580/3030)0,25 = 0,093 кг/1ГДж жылу.
Азот тотықтарының тастауы
М = 0,001 * Вт * QР * КNО * (1 - В) = 0,001 * 26,55 * 42,75 * 0,093 * (1 - 0) = 0,10556 т/жыл.
Азот тотықтарының тастауы
G = 0,001 * ВG * QР * КNО * (1 - В) = 0,001 * 67,04 * 42,75 * 0,093 * (1 - 0) = 0,26653 г/сек.
Қоспа - 0330 Күкіртті ангидрид (күкірт диоксиді).
Отынның ұшпалы күлімен байланысқан күкірт тотығының долясы, NS02=0,02
Отындағы күкірт сутегінің құрамы, Н2S = 0 %.
Күкірт тотығының тастауы
М = 0,02 * Вт * SР * (1 - NS02) + 0,0188 + Н2S * Вт = 0,02 * 26,55 * 0,3 * (1 - 0,02) + 0,0188 * 0 * 26,55 - 0,15611т/жыл.
Күкірт тотығының тастауы
G = 0,02 * ВG * SР * (1 - NS02) + 0,0188 + Н2S * ВG = 0,02 * 67,04 * 0,3 * (1 - 0,02) + 0,0188 * 0 * 67,04 = 0,39420 г/сек.
Қоспа - 0337 Көміртегі тотығы.
Механикалық толық емес жанудан жылуды жоғалту, Q4 = 0,5 %
Химиялық толық емес жанудан жылуды жоғалту, Q3 = 0,5 %
Жылу жоғалту долясын ескеретін коэффициент, R = 0,65
Көміртегі тотығының кг/тоннадағы шығысы
ССО = Q3* R * QР = 0,5 * 0,65 * 42,75 = 13,894
Көміртегі тотығының тастауы
М = 0,001 * ВТ * ССО * (1-Q4 /100) = 0,001 * 26,55 * 13,894 * (1 - 0,5/100) = 0,36704 т/жыл.
Көміртегі тотығының тастауы
G = 0,001 * ВG * ССО* (1-Q4 /100) = 0,001 * 67,04 * 13,894 * (1 - 0,5/100) = 0,92680 г/сек.
Қоспа – 0328 Күйе (қара көміртегі).
Коэффициент F = 0,01
Қатты заттардың тастауы
М = Вт * АР * F = 26,55 * 0,025 * 0,01 = 0,00664 т/жыл.
Қатты заттардың тастауы
М = ВG * Ар * F = 67,04 * 0,025 * 0,01 = 0,01676 г/сек.
Қоспа – 2931 Астық шаңы.
Пневмогазды және газрециркуляционды астық кептіргіштердің астықты суыту шахталары мен астық кептіргіштердің шахталы коробтарынан шығатын шаңның мөлшері [Ә. 7] келесі формуламен анықталады
Мас = ПС *W* t *10-4
мұнда ПС =32 т/сағ. – кептірудің өнімділігі;
t =110 ч/год – бір жыл ішіндегі жұмыс уақыты;
w = 1,2 % – астықтың қоқыстануы.
ДСП – 32 түрінде жасалған және тұндырғыш камералары бар шахталы астық кептіргіштер үшін тастаулардың мөлшері [Ә.7] келесі формуламен анықталады
Мтас = 0,6 * Мас
Мтас = 0,6*32*1,2*110* 10-4 = 0,2534 т/жыл
G = Мтас * 106/3600/t = 0,2534 * 106/3600/110 = 0,64 г/сек
Кесте 13 – «ДСП – 32» астық кептіргішті есептеу нәтижесі
Код
|
Қоспа
|
Тастау, г/сек
|
Тастау , т/жыл
|
0301
|
Азот диоксиді
|
0,26653
|
0,10556
|
0330
|
Күкіртті ангидрид
|
0,39420
|
0,15611
|
0337
|
Көміртегі тотығы
|
0,92680
|
0,36704
|
0328
|
Күйе
|
0,01676
|
0,00664
|
2931
|
Астық шаңы
|
0,64
|
0,2534
|
Достарыңызбен бөлісу: |